Библиографический список:
1.
www.unesco.kz/ci/projects/omrc/pechbillalmatr/pubister10.htm/
Экономическая ситуация в Казахстане и перспективы развития (содержание доклада) М.
Торгаев.
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ: ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ӨЗЕКТІЛІГІ
Мəрсəлі Раушан Өмірбекқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік
қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты,
«Деңгейлік бағдарламалар орталығының» тренері, магистрант
Қазіргі серпінді дамып отырған əлем педагогикалық кадрларды даярлауға сапалы жаңа
талаптар қоюда. Маманнан жоғары кəсібилік пен құзыреттілік, ұтқырлық, кəсіби бейімделуге,
үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік талп етілуде.
Қазақстандық педагогикалық білім берудің мақсаты – оның тиімді жəне серпінді қызмет
ету тетігін құру болып табылады. Мұндай жаңарудың нəтижесі қоғамның педагогикалық
қызметкерлерге қоятын талаптарына жауап беретін педагогтарды даярлау, қайта даярлау жəне
біліктілігін арттырудың жаңарған жүйесі болмақ. Серпінді дамып отырған қоғам жоғары
208
біліктілікті маманды қажет етеді. Жоғары біліктілікті педагогтарды даярлау жауаптылық, таңдаған
мамандығына құрметпен қарау сезімдерін тəрбиелеу, ең бастысы оларда педагог мамандығына
деген икемділікті дарытудан басталуы керек, ол үшін педагогикалық білімнің гуманитарлық
бастауын жетілдіру қажет. Білім беруді жаңарту мен жаңғырту жағдайында педагогикалық
үдерістің ізгіліктік бағыттылығын инновациялық педагогика көрінісі деп есептеуге болады.
Зерттеудің көкейкестілігі əрбір білім алушының жеке-даралығын дамыту мəселесіне
белсене қатысатын қазіргі жоғарғы мектептің қажеттіліктерімен шартталған. берілген мəселеге
жіті назар аударылып отыр. Білім берудегі тұлғаны қалыптастыруға бағыт алу əрбір студенттің
бағыттылығын дамытуды маңызды міндеттердің қатарына қойып отыр.
Əлеуметтік жəне экономикалық жаңарулармен, жаңа инновациялық технологияларды
қолданумен сипатталатын қазақстандық қоғамның дамуының бүгінгі таңдағы даму жағдайлары
отандық жоғарғы білім бағдарларын өзгерту қажеттігін анықтап отыр. Дегенмен жоғарғы оқу
орнындағы студенттерді оқыту сапасы үнемі əлемдегі жоғарғы білімнің дамуындағы жетекші
тенденцияларға, Болонье Конвенциясының талаптарына жəне Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңының талаптарына жауап бере бермейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты қазақстандықтарға Жолдауында: «... Біздің болашаққа
барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты...
ХХI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді жəне денсаулығы мықты азаматтар. Бұл
үшін біз не істеуіміз керек?…Оларды оқыту нəтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік
ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс...»,-деп атап қткен болатын. [1]
Сондықтан, қазіргі білім беру білім алушыларға тек білім ғана емес, оларды күнделікті өмірде
қолдану білігін де меңгертуі тиіс.
Қазіргі адам бай əрі белсенді ақпараттық орта жағдайында өмір сүруде, сондықтан оны осы
ағында өмір сүруге, үздіксіз өздігінен білім алуға қажетті алғышарттар мен жағдайлар құруға,
ғылым мен техниканың дамуының кіріктірілген ұстанымдарын назарда ұстай білуге, ғылыми
сауаттылықтың жаңа деңгейіне деген қажеттілікті түйсінуге, кəсіби қызметтің іргелес салаларына
тез ауысуға мүмкіндік беретін кең іргелі білім алуға қажетті жағдайларды ескеруге үйретудің
маңызы зор. Жас ерекшелігі əртүрлі ортадағы қарым-қатынасқа, шынайы мақсаттар құра білуге
оқыту, шығармашылыққы деген қажеттілігін қалыптастыру, проблемалық жағдаяттар құру
жолымен интеллектуалды деңгейін арттыру, түрлі оқыту құралдарының үйлесімі – мұның
барлығы адамдарда əдеттен тыс өмірлік жағдайлардағы нақты жүріс-тұрыста, мінез-құлықта
көрінетін сындарлы ойлаудың дағдысын жасап шығаруға көмектеседі жəне оларды қазіргі қоғамда
өмір сүрудің айтарлықтай белсенді деңгейіне шығарады.
Əлеуметтік обьектілерді тəрбиелеуші жүйелерді құрылымдау мен болжаудағы
əдіснамалық тəсілдердің негіздеуші рөлін қабылдай отырып, тану жəне жаңарту үдерістерінде
қолданылатын түсініктер, идеялар мен тəсілдердің жиынтығын меңгеру педагогикалық
теорияларды байыту жəне педагогикалық тəжірибені оны нақты құрылымдау жағдайында
жетілдірудің маңызды шарты болады.
Білім беру əр уақытта да қоғамның əлеуметтік-экономикалық, интеллектуалды жəне
рухани дамуының, сондай-ақ біздің қоғамның тірі қалу жəне қауіпсіздігінің басты негізқалаушы
факторы болы жəне болып қала береді. Оның басты міндеті адамдарды болашаққа даярлау болып
табылады. Бүгінгі таңда білім беру мен іргелі ғылымды интеграциялау жүйесін құрылымдау
мəселесі басымдық рөлге ие болып, жаңаша аталуда.
Перспективті білім беру жүйесі ауқымды ақпараттық ағындарды, технологиялық та,
мазмұндық та тұрғыда сөзсіз бағдар алу жəне қолдана білуі тиіс. Білім беру жүйесі адамдарды
белгісіздік жағдайларында сындарлы шешімдер жəне дағдарысты жағдайларда сындарлы
əрекеттер жасауға даярлауы тиіс, өйткені адамдар жақын болашақта нақ осындай жағдайларда
өмір сүретін болады. Бүгінгі жалпыұлттық міндет – білім беруді дамытуда сындарлы тəсіл
арқылы оның оза оқыту сипатына қол жеткізу.
Сындарлылық үшін педагогикалық шығармашылықта сындарлы мақсаттылық,
ұтымдылық, функционалды əділдік, үнемділік талаптарын жүзеге асыруға деген ұмтылыс тəн.
Сындарлылық тұжырым-дамасының күші, ол салдарларын не есептеуге, не бақылауға болмайтын
шешімдерді шығарған кезде қолданылатын билікті көруге итермелейді, сол күшті көру жəне сол
үшін өзіңе жауаптылық алуда. Бұл тұжырымдама сонымен бірге, қалыптасқан əлеуметтік, діни
жəне идеологиялық құрылым-дарды, социумдардың жаңа түрлерін, мейлі олар мінсіздіктен алыс
209
болсын, жасай отырып жəне ақиқаттың жаңа тұжырымдарын іздеу арқылы, мейлі олар абсалютті
жетілген ақиқаттан алыс болса, өзгерту қажеттігін білдіреді.
Педагогикалық сындарлылықтағы барлық дидактикалық ізденістердің мазмұнында,
олар жайлы айтатын білімдік философиялар мен парадигма-лардың атауларының əртүрлілігіне
қарамастан, түрлі идеялардың, мысалы, проблемалық, дамыта, тұлғаға бағытталған оқыту жəне
т.б. түйісуі байқалады. Егер «сындарлылық» ұғымы əдеттен тыс естілетін болар, дегенмен оның
артында тұрған мəн-мағына қызықты əрі назар аударуға тұрады.
Қазақша түсіндірме сөздікте «конструктивті оқыту – сындарлы оқыту деп белгіленген.
Оқытудың сындарлы теориясы (сonstructivist theory of education) – білім алушылардың ойлауын
дамыту олардың бұрынғы алған білімдері немесе сыныпта түрлі дереккөздерден (оқытушы,
оқулықтар, құрбылары) алған білімдерімен астастырыла, сындарлы өзараəрекетте жүзеге асады
деген тұжырымға негізделген теория.
Жоғарғы мектептегі сындарлы өзараəрекет философия, психология, педагогикасияқты
түрлі ғылым өкілдерімен зерттелуде. Олардың қатарында М.М. Бахтин, И.Ф. Гербарт, М.С. Каган,
Ж.Ж. Руссоның филосо-фиялық еңбектерін атауға болады.
Сындарлылық – басты идеясы білім алушыға білімді дайын күйінде беруге болмайды
дейтін педагогикалық философия. Сондықтан білім алушылардың білімдерін табысты өздігінен
құрылымдау жəне өздігінен байытуға арналған педагогикалық жағдайларды жасау маңызды жəне
мүмкін. Жалпы ұстанымдар тұрғысынан сындарлылық қарапайым ақиқатты білдіреді, яғни біздің
əрқайсысымыз өмір бойы өзінің қоршаған ортаны туралы түсінігін құрылымдайды. Міне,
сондықтан біздің əрқайсысымыз əлем туралы көзқарасымен, өзінің сенімдерімен бірегейміз.
Сондықтан бізге басқа адамның өзіндік пікірі қызықты, сондықтан əркімнің өзімен өзі, өз
қолтаңбасы мен өз стилімен қалғаны өте маңызды.
Сындарлы оқыту білім берудегі педагогикалық философия ретінде ең бастысы, білім
алушының сол сəттегі, қанша «шикі» болса да, көзқарасын маңызды деп есептейді. Ж. Пиаже
бойынша нақ осы ұстаным - білім алушыдағы іштей қалыптасқан құрылым (тəжірибе) мен
сыртқы беймəлім ақиқат арасындағы когнитивті сəйкессіздікті еңсеру жолымен жаңа білімді
құрылымдау басталатын бастапқы ұстаным болып табылады. Осы сəйкессіздікті жою бұрынғы
когнитивті құрылым негізінде құрылымдалған біліммен сипатталатын уақытша когнитивті
тұрақтылықты (немесе когнитивті тепе-теңдік) қалпына келтіреді.
Сындарлы оқыту жүйесінде ақиқаттан гөрі, ақиқатқа қарай қозғалу үдерісі
бағаланады. «Ғылыми білім –статикалық құбылыс емес, - деп жазады Ж.Пиаже өзінің бір
жұмысында, - бұл барынша нақты үдеріс, үздіксіз құрылымдау жəне қайта жасау үдерісі» [2].
Оқытудың сындарлы моделі оқытудың Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, С. Пайперт сияқты
теоретиктердің зерттеулерінің негізінде пайда болды. Бүгінгі таңда оқытуға қатысты
сындарлылықтың үш ірі бағыты бар – когнитивті, əлеуметтік, демократиялық.
Когнитивті-сындарлы бағыт Ж. Пиаженің генетикалық эпистемио-логиясын,
операционалды тұжырымдамасын немесе психиканы зерттеудің синтетикалық тəсілін негізге
алады. Оқыту саласында когнитивті-сындарлы бағыттың аса танымал теоретигі С. Пейперт болып
табылады, ол ол сындарлы тəсілді «кешенді тəсіл» деп сипаттайды, өйткені материалдың
тұтастығы мен интеграциялылығын қарастырады.
Сындарлы оқыту теориялық тұрғыда көбіне-көп Л.С. Выготскийдің, П.Я.
Гальпериннің, В.Т. Кудрявцевтің, Т.В. Кудрявцевтің, В.В. Давыдовтың, Б.М.Бим-Бадтың,
Д.В.Элькониннің, М.И.Махмутовтың, С. Пейперттің (2001) практикалық-бағдарланған
еңбектерінде қозғалады.
Компьютерлік техниканы ендіру жəне өзіндік мотивацияны ерте жастан
қалыптастыружинақталған тəжірибенің кіріктірілуіне жəне оларды қазіргі шындықтарда
сындарлы қолдануға жағдай жасайтын білімдік тəсілдерге жаңа көзқарастарды талап етеді.
Болашақ мамандарды кəсіби даярлаудағы сындарлы қарым-қатынастың психологиялық
аспектілері Б.Г. Ананьев, Р. Бернс, А.А. Бодалев, Л.И. Божович, Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин,
А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, B.C. Мерлин, В.Н. Мясищев, Р.С. Немов, А.В. Петровский, С.Л.
Рубинштейн, Д.И. Фельдштейн, В.Д. Шадриковтың еңбектерінде де көрініс табады.
Педагогикалық зерттеулер мəнмəтінінде сындарлы оқытудағы өзараəрекет мəселелері
И.А. Зимняя, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, П.И.
Пидкасистый, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызиналардың еңбектерінде де ашып көрсетілген.
Тұлғаға бағытталған, ізгіліктілік, іс-əрекеттік, мəнмəтіндік тəсілдер аясында (А.В.
Барабанщиков, Ю.К. Бабанский, Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, С.Л. Рубинштейн, В.В. Сериков,
210
Д.Б. Эльконин жəне басқалар) оқытушылар мен білім алушылардың сындарлы өзараəрекеттерінің
мазмұнын, нəтижелілігін түсінуге бағдарланған ережелер əзірленген. Ал, А.А. Вербицкий, М.В.
Буланова-Топоркова, Г.К. Селевко, Л.М. Фридман болса, жоғарғы оқу орындарындағы
өзараəрекет үдерісі оқу-танымдық сипатқа ие, сондықтан оқыту сапасы көбіне-көп
оқытушылардың білім алушылардың шығармашылық əлеуетін ашатын жəне олардың тұлғасының
қалыптасуына əсер ететін танымдық-ынталандырушы мотивтерді белсендендіру білігімен
анықталады.
Білімнің сындарлылық тəсілінің тарихи тамыры терең. Философиялық шығармалардың
талдауы сындарлылық тұжырымдамасы өзінің қалыптасу жəне даму үдерісінде айтарлықтай
өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді. Сындарлылық көркем-идеологиялық өмірдің айрықша белгісі
ретінде ХХ ғас. бірінші жартысында өзінің басты мақсатын – өмірді, адами қарым-қатынастардың
бүкіл құрылымын өзгерту деп белгіледі.
Ерте замандарда конструктивистер теософияға тікелей қатысты болды. Баухауз –
білімге деген сындарлы көзқарасқа сай келетін оқу орында-рының бірі. Баухаузда біртұтас жəне
жаңаша қызмет ететін кеңістік құру құпталды. Баухауз түлектері есепшіл əрі байсалды мамандар
деп есептелді. Шығармашыл адам идеалы əлемдік үйлесім мен тəртіп заңдарын білетін білімді
адам идеалымен алмастырылды. Сол замандардың конструктивистері жаңа адамдар үшін жаңа
өмір жасағысы келді. Конструктивистер білім беру жүйесіндегі «оқытушы» ұғымын «шебер»
сөзімен ауыстырды, ал ең басты кəсіби санаттар деп:
технологиялылық;
сындарлылық;
функционалдық;
ұтымдылық;
іскерлік;
сырт-келбет сапалары танылды.
XX ғас. басында ғылыми өмірде, сындарлылықты көркем-идеология-лық
түсініктемесінің дамуы тұрғысында нақты обьектіні оны құрастыру үдерісі барысында танудың
əлеуетті мүмкіндігі идеясы қалыптаса бастады. Соңыра сындарлылық деп аталған бұл тəсілдің
негізін қалаған Г.Беркли мен И.Кант болып табылады.
Ғылымда сындарлылық екі ірі құрамдас бөліктен тұрады:
бастапқы элементтер;
құрылу қағидаттары.
Ол кездері сындарлылық тек екі түйінді бағытта қарастырылды:
психологиялық;
ресми-логистикалық.
Психологиялық сындарлылық ілімін іргесін қалаушылар деп Э.Мах пен Х.Файхингер
танылады. Олардың ғылыми жұмыстарының талдауынан, затты əлдебір ойлау заңымен
біріктірілген психикалық компоненттерден шығатын нəрсе деп түсіну қажет. Танымның өзінің
қызметінің заттылығы шартты нəрсе, яғни зат туралы ұғымдар ойда, олардың бар екендігі туралы
болжамдарға сүйеніп құрылады. Бұл жағдайда танымның мақсаты өзгергенде дүниенің заттың
құрылымы да өзгереді.
П.Наторп пен Г.Когеннің неоканттықтың марбургтық пайымдағы ғылыми жұмыстары
ресми-логистикалық сындарлылық көрінісі болып табылады. Мысалы, олардың жұмыстарында
математикалық физика мəселелері логика заңдары бойынша оның ұғымдары мен соларға сəйкес
обьектілердің сындарлы пайда болуы идеясы берілген.
Білім берудегі сындарлылықтың эпистемологиясы мен тарихында бүгінгі таңда түрлі
оқыту теорияларын қолдану тұрғысында анағұрлым жиі жəне табысты қолданылып жатқан екі
философиялық-психологиялық тұжырымдамалардың басымдығы байқалады:
бихевиористік;
сындарлылық.
Олар барынша сыни, оптимистік теориялар, əлемдегі көптеген елдерінің ғылыми
мектептерімен əзірленіп, даярлануда. Бүгінгі таңда біздің елімізде білім беруде сындарлылық
тұрғысынан түсіндіруді қажет ететін бихевиористік оқытудың оң тəжірибесі жинақталған.
Түрлі қайнар көздерде бихевиоризмнің негізін қалаушылардың қатарында Д. Уотсон
(1878-1958 жж.) аталады. Оның ғылыми жұмыс-тарында адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс
реакцияларының басты себебіне, ол алатын стимулдар жатады делінген. Кейінірек Д. Уотсонның
211
бихевиоризмді зерттеудегі ғылыми бағыттар біршама өзгертіліп, білім беру кеңістігінде Э.
Толменнің (1886-1961 жж.), К. Халлдың (1884-1952 жж.), Б. Скиннердің (1904-1990 жж.) жəне
басқалардың еңбектерімен толықтырылды. Бірқатар танымал ғалымдарды көрсете отырып,
бихевиоризм теориясына ерекше көңіл С. Прессидің (1926 ж.) еңбектерінен кейін, оларды оқыту
үдерісіне бейімдеу кезінде арта түстіне ендіру кезеңінің арқасында С. Прессидің ғылыми пікірі
қоғамдастықтың қоладуына ие болды. Б. Скиннер 1958 ж. алғаш рет білім алушы үшін
репетиторды алмастыратын техникалық дидактикалық құралын жасап шығару арқылы
бихевиоризм теориясын айтарлықтай толықтырды. Ол өзінің оқыту құралдары үшін критерийлер
де белгіледі. Кейіннен осы критерийлер дидактикалық сипаттағы оқу бағдарламаларын құру
қағидаттарына негіз болды:
интерактивтілік қағидаты: сұрақтардың көптігі жəне қате болған жағдайда көмекші
сөзді шығару негізделген бағдарлама мен қолданушы арасындағы тұрақты байланысты
ынталандыру;
педагогикалық шеберлік қағидаты: білім алушының өтілген материал-ды терең
түсінуін анықтауға арналған мəтінді құрастыруда белгілі бір педагогикалық шеберлікті талап ету;
модульдік қағидаты: материалдың мазмұнын кішігірім бөліктермен (құрылымдармен)
баяндау;
мотивациялық қағидаты: əрбір табысты қадамды əлдебір мақтау əдісімен бекіту» [3].
Жоғарыда аталған қағидаттар бүгінгі таңға дейін өзекті жəне сұранысқа ие.
Посткеңестік кеңістікте туған демократиялық конструктивизмнің бастамашысы əлеуметтік
сындарлылық болды. Білім беру жүйесі үшін зерттеушілерше ол барынша қызығушылық
тудырды. Əлеуметтік сындарлылықтың іргелі негізін В.Т.Кудрявцев əлеуметтік құрылымдардың
пайда болуындағы тірі адами субьекттің авторлығы идеясынан көреді, ол жайлы философтар да,
əлеуметтанушылар да, тарихшылар да, мысалы, К. Маркс, Т. Лукман, А. Турен, П. Бергерлер
түрліше қалам қозғаған.
Алайда авторлықты ғылыми ортада «Өнер психологиясы» атты еңбегін жариялаған
Л.С. Выготскийге береді. Дегенмен, дамыта оқытуды ұстанушылар Л.С. Выготскийдің бүкіл
шығармашылығы сындарлы мəнге ие деп атап көрсетеді. Өзінің танымдық түсіндіру үдерісінде
мəдениетті дамытушы жəне жасаушы адам теориясын құрылымдаған соның өзі. Мəнқұраушы
сюжеттер адамның жəне оның қоғамдастығының əлеуметтік-мəдени өмірінің авторлық сипатын
ашуға мүмкіндік береді. «Ғылыми проблема қоғамға «əлеуметтік өндіруші ретінде» қарау тоқтаған
жəне тарихтағы жəне жеке өмірбаяндағы адами əлеуметтіліктің белгілі бір феномендерінің
қалыптасу жəне орнауының шығармашыл, авторлық сипатын игеруге ұмтылған жерде, əлеуметтік
əрекеттің авторлары мен жолданым иелері арасындағы күрделі өзара қарым-қатынас аясы
простираться етіп жатқан жерде басталады» [4].
Л.С. Выготский, социум адамға таным құралын күштеп таңбайды деп жазады. Бұл
құралдың екі бағыты бар. Олардың бірі əлеуметтік-мəдени шындыққа бағытталған, əрі бірмезгілде
адамның субьективті əлемінің проблемаларының психологиялық кілті болып табылады. Келесі
бағыт тұлғалық тұрғыда жан-жақты күйзелетін адамның іштей түрлену құралы болып табылады.
Л.С. Выготскийдің теорияларына деген қазіргі таңда шет елдердегі аса қызығушылық
оның еңбектерінің аудармаларына деген сілтемелермен, сондай-ақ, оның теорияларының ондаған
зерттеулерімен жəне интерпретациялармен дəлелденіп отыр.
Осылайша, əлеуметтік сындарлылық сындарлылық идеяларын қолдану саласында танымал
болып отыр. Сындарлылық идеологиясының əдіснамалық негізі тұрғысынан əлеуметтік
сындарлылықта екі бағыт бар екенін атап өткен жөн:
орташа сындарлылық – танымды ұйымдастырудың жалпы шарттары, қағидалары мен
құралдары ретінде;
түбегейлі сындарлылық – əлемнің ұйымдастырылуының жалпы шарт-тары, қағидалары
мен құралдары ретінде;
О. Яницкийдің еңбектерінде əлеуметтік сындарлылықтың негізгі ережелері былайша
анықталады:
1. Ғылыми құралдың мақсаты болуы тиіс. Егер ғылыми құралдың тетіктері болмаса,
əлеуметтік механизмдерді қозғалысқа келтірмесе, онда бұл құралдар қажетсіз.
2. Егер мəдени шектерді толық болдырмау мүмкін болмаса, онда оларға толық
бағынуға да болмайды. Яғни, сындарлылық мəдениетпен қандай да бір қызу қатынаста.
212
3. Кез келген ғалымдық (тезис білімнің əлеуметтануынан алынған) практиктер
қаласын-қаламасын өзгерістер жасайды;
4. Конструктивистер мəдениет пен тілді адамдар əлемді қалай интер-претациялап,
құрылымдайтындығының негіздейтін əлеуметтік құрастырылым деп қарастырады;
5. Объективті шындық деген болмайды. Əлеуметтік сындарлылық адепттерінің бірі
Каплан оны объективті реализм десе, оның замандасы Юджин Роза – жаңадан құрылымдалған
реализм деп атаған. Егер объек-тивистер үшін эпистемология мен онтологияның арасындағы
айырмашылық қалай да қорғалатын болса, радикалды сындарлылық үшін олардың еш айырмасы
жоқ. Екі бағытта мəнмəтіндік, нақты міндеттерді шешу үшін құрылымдалған.
6. Алдыңғы білімге жəне дəстүрлерге құрал-саймандарға арналған жəшікте сақтауға
тиіс құралдар ретінде қатынасы. Дегенмен осы құрал-саймандар топтамасы бұған дейін
болғандарға қарағанда анағұрлым пайдалырақ, мəнмəтінге сəйкес модельдер құрылымдауға
мүмкіндік береді. Осыдан модельге арналған басты критерий – салдарлары бойынша тестілеу
шығады. Егер болжанған салдарлар орын алса, онда модель жұмыс істейді деген сөз. [5]
Классикалық əлеуметтану мен əлеуметтік сындарлылықтың кейбір ұғымдарын
қарастыра жəне салыстыра отырып, конструктивистер ақиқатты зерделей отырыпғ өздерінің
назарын нақты жағдайды сыни түсіндіруге аударатынын атап өтуге болады. Əлеуметтік
тəжірибені конструктивистер рефлексивті қайта бағалау арқылы жетілдіру деп бағалайды, мұнда
жапы қағидаттар жарамдылыққа бағалаудан өтеді. Ақиқатты конструктивистер уақыт пен
кеңістіктегі ерекшеленген əлдебір нəрсе деп анықтайды. Əлеуметтік шынайылық тұрғысынан
əлеуметтанушылар іргелі негіздердің бірі деп –əлеуметтік тəртіпті келтірсе, конструктивистер
іргелі негізге уақыт барысындағы өзгеріс пен даму үдерісін жатқызады.
Дегенмен, сындарлылық əлеуметтанудағы бағыттардың бірі ғана емес. Ол тек
философиялық ағынмен ғана емес, сондай-ақ, қоғамдағы белгілі бір құндылықтармен де тығыз
байланысқан. Таным пəнінің онтологиялық статусын түсіндіруде сындарлылықтың барлық
бағыттары оның құрылымдалатын-дығынан шығады.
Білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан өзгерістер, оның күннен күнге артып
жатқан дифференциациясы, сондай-ақ, көпдеңгейлі құрылымға көшу жоғарғы оқу орындары мен
мектептердің өзараəрекетіне жаңа мүмкіндіктер ашуда, үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру мен
дамытуға жағдай жасауда. Жоғарғы жəне орта білімнің өзараəрекеті тұжырымдамасының негізін
ЖОО мен мектеп жайлы қоғамның білімділігінің жалпы проблемаларын шешуге бағытталған екі
теңқұқылы əріптестер ретіндегі түсініктер құрауы тиіс. Білімділік мəселесі барлық заманда да
қоғамның ұлы ойшылдарын толғандырып келген. Мектеп, өзінің интеграциялық түсінігінде
(мектеп + ЖОО, немесе ОАОО, немесе ....) басынан бастап əрекеттік-кəсіптік мзмұнға бағытталған
бірыңғай мақсатты көздейді.
Бүгінгі таңда жоғарғы мектепте əрбір студенттің ұтқырлығын дамыту, сонымен бірге оны
болашақ кəсібіне бəсекеге қабілетті, таңдау жағдаяттарында əрекет етуге қабілетті, кез келген
мəселелерді шеше білуге дайын маман ретінде даярлау қажет. Болашақ мамандарды даярлау,
педагогикалық қызметкерлердің, білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру
жүйелерін жетілдіру қазақстандық ғалымдармен (К.Нəрібаев, Б. Əлмұхамбетов, З.А.Исаева,
А.А.Жайтапова, З.М.Садвакасова жəне т.б.) жалпыұлттық басымдық ретінде қарастырылады.
Болашақ педагогтардың кəсіби құзыреттілігінің мəні ғалымдармен педагогикалық
қызметтің ерекшелігімен түсіндіріледі. М.В Семенова [6] болашақ педагогтардың кəсіби
құзыреттілігі деп тұлғаның бағдарлылығын негізгі ала отырып, болашақ педагогтардың
тұлғасының сапалық сипаттамасын практикалық қызмет тəжірибесіне кіріктірілген гностикалық,
процессуалды, коммуникативті, тұлғалық, шығармашылық жəне рефлексивті компоненттерде
көрінетін кəсіби қызмет субьектісі ретінде түсінеді. Іс-əрекеттік тəсіл өкілдері (С.Я. Ожегов, В.А.
Сластенин, Л.И. Мищенко, Г.М. Коджаспирова, Н.А. Кузьмина жəне т.б.) құзыреттіліктің негізгі
критерийлері деп білім, білік жəне тəжірибенің түрлі үйлесімінде көрінетін маманның даярлық
жəне біліктілік деңгейін бөліп көрсетеді. Тұлғалық-əрекеттік тəсілді құзыреттілікті білім мен
біліктен тұратын тұлғалық сапалар, мүмкіндіктер мен біліктіліктің жиынтығы ретінде анықтайтын
ғалымдар (Б.С.Гершунский, Л.Г.Лаптев, Г.Ж.Меңлібекова, Б.Т. Кенжебеков, Е.Ю. Рубинштейн,
С.И. Ферхо жəне т.б.) ұстанады.
Негізінде тұлға құндылығы жатқан инновациялық білім беру жолдарының бірі –
оқытушылар мен студенттердің арасындағы сындарлы өзара əрекетті қамтамасыз ету, болашақ
мамандарды кəсіби даярлауда сындарлы оқыту негіздерін қолдану болып табылады. Мұнда мақсат
пен міндеттер оқытушылар жəне студенттермен бірлесе əзірленіп, қабылданады, оларға қол
213
жеткізу үдерісі əркімнің тұлғалық тəжірибесін белсендендіруге мүмкіндік беретін бірлескен
əрекет ретінде ұйымдастырылады (П. Вацлавик, В.Я. Ляудис, Г.И. Щукина).
Жоғарғы оқу орнындағы оқыту сапасын арттыруға ықпал ететін оқытушылар мен
студенттердің тиімді өзараəрекеті үшін конструктивті түрі тиімдірек, өйткені ол тұлғаның
толыққанды өмір сүруін іске асыруға қажетті біртұтастықты етеді қамтамасыз етеді; оны ары
қарай дамытуға қажетті жағдайларды жасайды. Сондықтан болашақ мамандарды кəсіби даярлауда
оқытушылар мен студенттердің конструктивті өзараəрекетін жоғарғы оқу орнында оқыту сапасын
арттыру факторы ретінде ашу қажеттілігі өзекті болып табылады.
Қазіргі заманда əрбір адам шығармашылық үдерісіне тартылған. Сындарлы оқыту, сөзсіз,
шығармашылық үдерісінен тұрады. Шығармашыл сындарлылық – бұл ғылыми мəліметтер
жинақтау, зерттеушілік белсенділік, функционалдылық, жаңа технологиялық шешімдер жасау
жылдамдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |