Conclusion
Contamination of pastures with invasive parasites remains an important
part of the environmental problem. Intermediate hosts of dicroceliasis
(terrestrial mollusks) and additional hosts (ants) are widespread in all pastoral
areas of Naryn region, intensively infected by parthenites dicroceliasis,
providing high pathogen population size and constant infection of animals
with dicroceliasis.
145
References:
1.
Dementev IS. (1979). The role of abiotic ants from the genus Formica
in the epizootiology of dicrocoeliasis].Materialy respublikanskogo seminara
po bor 'be sparazitarnymi boleznyami sel 'skokhozyaistvennykh zhivotnykh,
posvyashchennogo 100-letiyu so dnyarozhdeniya Akademika K.I. Skryabina.
Alma-Ata, USSR, 42-47.
2.
Eckert J., Hertzberg H. (1994). Parasite control in transhumant situations.
Veterinary Parasitology 54, 103-125.
3.
Kotelnikov GА,(1974). Diagnostics of animal helminthiasis - М., – S. 57-233.
4.
Lukin, AK. (1980). (The prevalence and economic lossdue to dicrocoeliasis
in ruminants). Trudy Saratovskoi Nauchno-Issledovatel'skoi veterinarnoi
Stantsii 14, 76-79.
5.
Manga-Gonzalez MY, Gonzalez-Lanza C, Cabanas E, Campo R. (2001).
Contributions to and review of dicrocoeliosis, with special reference
to the intermediate hosts of Dicrocoelium dendriticum. Parasitology 123, 91-114.
6.
Method of research of parasitological situation and control of parasites
of agricultural animals. (1957). — Kiev: Edition АН Ukrainian Soviet Socialist
Republic, –207 s.
7.
Cavani C., Losi G., Manfredini M., Pavoncelli R. M., Pietrobelli M. , Restani R.
(1982). Ricerche sull 'in¯uenza della dicroceliasi sulle caratteristiche quantitative
e qualitative della produzione di latte in pecore. Obiettivi e Documenti
Veterinari 3, 59±63.
8.
Otranto D, Traversa D. (2002). A review of dicrocoeliosis of ruminants
including recent advances in the diagnosis and treatment. Vet Parasitol 107,
317-335.
9.
Otranto D, Traversa D. (2003). Dicrocoeliosis of ruminants: a little known
fluke disease. Trends Parasitol 19, 12-15.
10.
Skryabin КI.(1928). Method of full helmintological opening of vertebrates
including man. // Edition I Moscow university, 1-45.
11.
Shermatov S. (2008). Ecological monitoring of highland pastures in the Kyrgyz
Republic //NEOBIOTA: Towards a Synthesis. Praque (Czech Republic), s. 244.
146
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯ
БАЯНДАМАЛАРЫ
БӨЛІМ 1.
ИНЖЕНЕРЛІК
ЗАМАНАУИ БАЙЛАНЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Ержанова Мира Едигеевна
т.ғ.к., доцент М.Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы
Орманбекова Айнур Алибековна
магистр, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы
Шакенова Асель Сарсенбаевна
студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Байсымақов Ислам Әлi Талапбекұлы
студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы
Уразбаев Уалихан Онгарбекулы
студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы
Арынбай Ильяс Қанатұлы
студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы
147
Пайда болғаннан бастап және бүгінгі күнге дейін, мобильді
байланыс желісі үлкен даму жолын өтті, тұтынушылар құрылғыларының
жаңа түрлері пайда болды – ақылды телефондар (смартфон) мен
планшеттер. Бүгін мобильді технологиялар көрсететін мүмкіндіктер,
дыбыстық қызммет көрсету шеңберінен тыс шығып кетті, олар бүгін
қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін және ақпарат алмасудың жаңа
түрлері мен бизнес – модельдерін ұсынады. Қазіргі радиоқатынау
технологияларына қосымша, 3G/4G технологиялары көмегімен
шешілмейтін мәселелерді шешетін, жаңа технологиялар пайда болып
жатыр. Қолданыстағы және жаңа технологияларды айқын біріктіру
тұтынушылық тәжірибе сапасының жоғарлауына және жаңа қызметтер
түрінің пайда болуына жетілдіреді.
Ұзақ мерзімді келешекте, мұндай дамуда 5G деп аталатын,
интегралданған радиоқатынау технологиясы пайда болады. LTE –
бұл мобильді байланыс технологиясының эволюциялық даму қадамы,
және де HSPA мен Wi-Fi дамуы. GSM технологиясы да болашақта
маңызды рөлдерді атқарып, өзінің беделін жоғалтпайды. Себебі,
5G технологиясы қазіргі технологияларды ауыстыру үшін емес,
оларды дамыту мен жаңа технологиялармен қамтамасыздандыру және
бір байланысқа біріктіру технологиясы болып саналады.
Технологиялық көз қараста 5G желілеріне қойылған
талаптар
Технологиялық көз қараста 5G желілеріне қойылған талаптарды
келесідей домендерге бөлуге болады, себебі бүгінгі танда ол әлі даму
кезеңінде [3]. 5G желісінің талаптары төрт негізгі доменмен
белгіленген:
Кіші ұялармен жаңа радиоинтерфейс (New Air Interface
(Small Cells)) толқынның жаңа түрлерінде негізделуі керек;
Радиожиіліктік ресур (Radio Frequency) – жаңа жоғары жиілік
жолағы қолдануы керек, онымен қоса милиметрлік толқын (Millimeter
wave) жолағы;
Интелектуалды және адаптивті желілер (Intelligent & Adaptive
Networks);
Радиоқатынау желісінің жаңа архитектурасы (New NW
Architecture).
Жалпы көрініс бойынша, 5G жүйелері 2020 жылы жазылып,
ақпарат көзіне әр жерде, әр кезде шексіз қол жеткізеді. 5G концепциясы –
қарапайым байланыс желісімен салыстырған әлдеқайда күрделі жүйе.
5G жүйесін сымсыз байланыс қатынауының, адамдардың қарым-
қатынасының және құрылғылар арасында ақпарат алмасудың қоршаған
ортасы болады. 5G адамдардың көзқарас шеңберінен
148
Ғаламтор – заттары
≪ (IoT – the Internet of Things),
Желілік қоғам
≪ (the Networked Society) және машинабағытталған
байланыс (М2М – machine-to-machine, D2D – device-to-device) түрі
кепілінде шығады.
5G қосымшалар жиынтығынан тұратын болғандықтан, бұл
технология әртүрлі радиотехнологиялар комбинациясы болады.
Сол себебті 5G технологиясы алдыңғы технологияларды ауыстырмайды,
ал оларды біріктіріп жаңартады. 5G = қолданыстағы стандартты дамыту +
жаңа технологиялар.
5G концепциясының жалпы көрсетілімі
Қазіргі ұялы байланыс желісі 4G жаппай қамту мен берік
байланысты төмен жиілік арқасында қамтамасыз етеді деген пікірде.
1.1 суретте көрсетілгендей, 4G-ден 5G-ге бірқалыпты және экономды
өту үшін 5G ұялы байланыс желісі 4G + mmWave (милиметрлік
толқындар) гибридті жүйе құрылымын қолданады. Басқару жөнінде
және төменжылдамдықты бағдарламалар (мысалы, дауыс, текст және
веб – браузер) 4G байланыс желісінде таралады, ал жоғарыжылдамдықты
мультимедиалық бағдарламалар милиметрлік толқындарға жетімді.
Сурет 1.1 5G желісінің құрамы
5G ұялы байланысы 4G базалық станциядан, mmWave базалық
станциядан және мобильді құрылғылардан тұрады. 4G желісінде
географиялық аймақ ұяшықтарға бөлінген және әрқайсысы бір немесе
бірнеше 4G базалық станциямен қамтамасыз етілген [4]. Милиметрлік
толқын (MmWave) жіберу/қабылдауы жоғары бағытталған антенналарға
негізделген, олар mmWave өзара базалық станциялар арасында
149
бөгеуілдерді әлде қайда азайтады. Сыртқы ортада милиметрлік
толқындар арасында параллель интерференциясы төмен және
бағытталған милиметрлік толқындар байланыс арнасы жалғанқосылған
сым ретінде қарастыруға болатыны туралы дәлелденген және көрсетілген.
Сол себебті, mmWave базалық станциялар ұя түрінде жайылмауы тиіс.
mmWave құрайтын микросоталар жоғары көрсеткіштер мен үлкен
қуаттылықты қамтамасыз етеді. 3 суретте көрсетілгендей, әрбір
сымсыз құрылғы коммуникациялық режимдер мен 4G мен mmWave
жұмысына және олардың өзара тез алмасуын қамтамасыз етуіне ие.
Осы режимдерді Ericsson компаниясы 2015 жылы 2-5 наурызда
Барселонада өткен MWC 2015 (MOBILE WORLD CONGRESS)
көрмесінде ұсынды. Ericsson компаниясы 5G-LTE Dual Connectivity
және 5G Multipoint
Connectivity технологиялары көрсетті:
5G-LTE Dual Connectivity: 5G технологиясында жұмыс
істейтін мобильді құрылғы LTE желісінен 5G желісіне өтеді, бірақ
құрылғы екі желімен бір реттік коммутиция режимінде байланыс
орнатады, кейін жіксіз хендовер болады. 5G – LTE Dual Connectivity
функционалы желілер мен құрылғыларға әртүрлі жиілік спекторында
және әртүрлі стандарттарда жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
5G Multipoint Connectivity: 5G технологиясында жұмыс
істейтін құрылғылар екі 5G базалық станцияға қосылуды қамтамасыз
етеді. Осы қосылу нәтижесінде ақпаратты бірнеше ағынды жүктеу
есебінен жіберу жылдамдығын арттырады және сигналдық сапасын
жақсартады да, оның тұрақты қабылдауын қамтамасыз етеді.
5G Multipoint Connectivity шағын ұяшықтардан және макродеңгейлерден
тұратын көпдеңгейлі желілерді қолдауды қамтамасыз етудегі ең маңызды
шешім болып табылды.Ғимараттың ішінде және сыртында орналасатын,
тұтынушылар саны тығыз, қалалы аймақта фемто/пико/макроұяларды
орналастыру.
Фемтоұя «кішкентай ұя» (small cell) санатына жатады және
аз қуатты сымсыз қатынау нүктесі болып саналады. Фемтоұя (англ.
Femtocell) ұялы байланыстың азқуатты кішігірім базалық станциясы
болып келеді және үлкен емес аймақта қызмет көрсетуге арналған
(бір кеңсе үйі немесе пәтер). Ол желі ішінде ұялы байланыс
операторына шығатындай 30–40 ұялы телефонға дейін тұтынушыларға
қызмет көрсетеді [14]. Ұялы оператор үшін бұл технология жабу
аймағы мен желінің сыйымдылығын арттыруға мүмкіндік береді,
әсіресе ғимараттар ішінде. Құрыларға шығынды азайтуға және
қосымша қызметгерге бағаның төмендеуіне мүмкіндіктерді тудырады.
Фемтоұя бір мезетте мобильді телефонмен сөйлесуге және мобильді
150
интернетті қолдануға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндіктер Fixed
Mobile Convergence технологиясында қолданылатын, бірақ ол үшін
ұялы байланыс пен Wi-Fi желісі арасында ауысып қосылатын
екістандарты телефондарды талап етті.
Бірнеше жыл бұрын femtocell технологиясы болашақта сұраныс
бола ма деген белгісіздікте болса, қазіргі таңда 5G технологиясының
дамуына байланысты Ericsson, Alcatel Lucent, Motorola, NEC, Nokia,
Networks секілді мобильді өнеркәсіп өкілдері фемтоұя байланысын
жобалауда. Қызмет көрсету көзқарасынан фемтоұя толық функционалды
базалық станция болып саналады және ол барлық сымсыз байланыс
түрлерін (2G, 3G, LTE және Wi-Fi) қамтамасыз ете алады. Femtocell-да
телефон автоматты түрде тіркеледі және ұяның жұмыс істеу аймағына
енген кезде жіксіз хендовер іске асады, яғни ғимараттан шыққан кезде
сөйлесуініз үзілмейді. Фемтоұя аймағына кірген тұтынушы дисплейде
жазумен немесе SMS – хатпен хабарландырылады. Фемтоұяның
артышылығы оның орнатуына арнайы жиілікті жобаны және қымбат
зерттеуді талап етпейді. Кішкентай ұяшық желілік инфрақұрылымға
автоматты түрде интегралданады. Ұй нұсқасында фемтоұя құрылғысы
plugand-play стандартына сәйкес келеді және тұтынушыдан ешқандай
икемділікті және білуді талап етпейді. Ең бастысы оны тұрақты тоқ
көзімен және кеңжолақты ғаламтор көзімен қамтамасыз ету. Массивті
фемтоұяны қолдану ғимараттар ішінде және кеңжолақты 3G/4G ұялы
байланыс желілерін жеңілдетеді, соған байланысты желінің жылдамдығы
мен трафикті өткізу кеңейеді.
Ұзақ мерзімді келешекте, мұндай дамуда 5G деп аталатын,
интегралданған радиоқатынау технологиясы пайда болады.
Əдебиеттер тізімі:
1.
Frеidrich K.Jondral, “Softwаrе –Dеfinеd Radio---Bаsics and Evolution to Cognitive
Rаdio” EURASIP Jоurnаl оn Wirеlеss Cоmmunications and Nеtworking 2005:
3, 275-283.
2.
В.Г. Скрынников, «Будущий облик 5G» ISSN 0013-5771, ЭЛЕКТРОСВЯЗЬ,
№ 10, 2013.
3.
В.Г. Скрынников, «5G: Облик будущих систем мобильной связи. Часть 1»
журнал Технологии и средства связии № 1, 2015.
151
БӨЛІМ 2.
ФИЛОЛОГИЯ
БАЛА ТІЛІНДЕГІ МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАҒЫ
ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
Қожахмет Айгерім
педагогика ғылымдарының магистрі
Мемлекеттік тілді дамыту институты,
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
Аңдатпа. Мақалада меншіктік қатынасты білдіретін тіл
бірліктерінің бала тіліндегі қолданылуы жайлы сөз қозғалып, изафет
тіркестерге бала тілінен мысалдар келтірілген. Қазіргі таңда түркі
тілдерінде, оның ішінде нақты қазақ тілінде бала тіліндегі изафет
тіркестерге қатысты зерттеулердің жоқтың қасы екендігі айтылып,
оны зерттеудің өзектілігі айқындалып көрсетілген.
Түйін сөздер: бала тілі, изафет, изафет тіркестер, меншіктік
қатынас, меншіктік сипат.
Бала тіліндегі меншіктік қатынас жайлы орыс тіл білімінің өкілдері
С.Н. Цейтлин, А.Н. Гвоздев, И.Н. Горелов, К.Ф. Седов, Н.В. Уфимцева,
Н.В. Пятницкая т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. Бұл ғалымдар
еңбектері бала тілін зерттеудің жаңа қырларын функционалды
аспектіде қарастыруға зор мүмкіндіктер туғызады.
Бала тіліндегі меншіктік қатынас туралы зерттеулерде орыс
ғалымдарының ішінде ғалым С.Н.Цейтлиннің орны ерекше. Бала
тіліндегі меншіктік қатынас түсінігі ғалымның «Язык и ребенок:
лингвистика детской речи» [1,136] атты еңбегінде сөз тіркесіне
байланысты қолданылады және бұл құбылыс онда жан-жақты терең
зерттелген. Ғалым бұл мәселені сөйлем мүшелері тұрғысынан
қарастырған. Бұл жұмыс практикалық жағынан маңызды, себебі ғалым
тарапынан айтылған әрбір тұжырым тілдік деректермен дәйектелген.
Ғалым бұл зерттеу жұмысында бала тіліндегі меншіктілік қатынасты
бірсөзді сөйлемдермен байланыстыра қарастырған. Сонымен қатар
осы ғалымның «Семантическая категория посессивности в русском
152
языке и ее освоение ребенком» атты зерттеу жұмысында да меншіктік
мәндегі сөйлемдерге талдау жұмыстарын жасаған. Бұл зерттеу
жұмысында меншікті білдіретін толық мағыналы сөйлемдер жайында
айтылған. Мысал келтірер болсақ, ғалым «Дед имеет седую
бороду» [2, 201] деген сөйлемді келтірген. Бұл сөйлемді қазақ тіліне
аударар болсақ, «Атаның ағарған сақалы бар» дейміз. Қазіргі
аудармашылар немесе кейбір қазақ тілін қолданушылар «Атада
ағарған сақал бар» формасында қолданып жүр. Бұл – қате аударма.
Себебі қазақ грамматикасында -да, -нда, -де, -нде жалғаулары мекенді
білдіреді. Ал бұл жағдайда, яғни орыс тілінде берілген сөйлемде
меншікті білдіріп тұр. Сол себепті зат есімге ілік септігін жалғап,
меншіктік қатынасты көрсету керек.
Бала тіліндегі меншіктік сипаттағы сөздер туралы толық зерттеулер
орыс тіл білімінде болғанымен, түркі, оның ішінде қазақ тіл білімінде
жоқтың қасы. Түркі және қазақ тіл білімінде жалпы тіл аясындағы
меншіктік мәндегі сөз тіркесі тұрғысында қарастырылған.
Түркі тілдерінде меншіктік мәнді сөздерге сөз тіркесі тарапынан
қарастырған. Ғалым Н.З.Гаджиева түркі тілдеріндегі сөз тіркестерін
зерттей келе, сөз тіркестерінің зат есім+сан есім, зат есім+есімдік,
зат есім+сын есім, зат есім+есімше, зат есім+қос сөздер, анықтауыштық
сипаттағы жайылма сөз тіркестері деген модельдерге жіктеген.
Зат есім + сан есім құрылымды меншікті білдіретін сөз тіркестері бала
тілінде көп кездеседі. Мысалы, үш алма, бес кітап, төрт қуыршақ
және т.б. ; Ал зат есім мен есімдік тіркескен сөз тіркестері көбіне
меншіктік қатынасты білдіреді. Мәселен, менің қолым, менің әкем,
менің ойыншығым, оның кітабы және т. б.
Бала тіліндегі меншіктік сипаттағы сөздердің жіктемесін негізге
ала отырып, бала тіліндегі сөз тіркестеріндегі меншіктік қатынас зат
есім мен есімдіктің тіркесуі негізінде жасалатынын ғалымдар пікірлері
мен тілдік деректер арқылы талдаймыз.
Тіл білімінде меншіктік қатынаспен қатар жүретін изафет деген
термин бар. «Изафет – есім сөздердің бір-біріне бағына байланысуынан
жасалған сөз тіркестерінің ғылыми атауы. Зат есім сөздердің
анықтауыштық қатыстағы байланысы изафет деп саналады. Мысалы,
қол сағат, қала адамы, Асқардың баласы» [3]. Бұл тұжырымнан бала
тіліндегі изафеттік тіркестер меншікті қатынасты білдіретінін көруге
болады. Мысалы, апамның сөмкесінде бәрі бар. Осы сөйлемде апамның
сөмкесі тіркесі изафеттік тіркес қатарына жатады. Бала тілінде бұндай
формалы тіркестер қатары өте көп. Бірақ балалардың бірі қосымшасын
дұрыс жалғамаса, бірі тіркесімділік заңдылықтарын ұстанбай жатады.
И.Т. Кутешева «Изафеттің ІІ түрі және Әбілғазы баһадүр ханның
«Түркі шежіресіндегі тезаурус сөздігінде» кездесетін изафеттік
153
тіркестер» [4,167] атты еңбегінде әрбір меншікті білдіретін изафеттік
тіркестер бір-бірімен лексикалық мағынасы бар сөздермен сабақтаса
байланысатындығы, сөйлемде анықтауыштық қатынасты білдіретіндігі
жайлы айтады. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздерді
жіктеуде Е.И. Убрятова бұндай сөздерді есімді изафет және есімшелі
изафет деп екіге бөледі [5,37].
Ал қазақ тіліндегі изафеттік тіркестерді жан-жақты зерттеп,
теориясын қалыптастырған ғалым М. Балақаев болатын. Ғалым
изафеттік тіркестің қабыспалы және матаулы деген екі түрін көрсеткен.
Изафеттік құрылымдарға қатысты пікірлер Р. Әмір мен С. Исаевтың
еңбектерінде де кездеседі. Р. Әмір қазақ тіліндегі сөздердің байланысу
тәсілдерін беске бөледі де, матасудың өзін толық және толық емес
деп екіге бөледі [6].
Сонымен қатар профессор Т. Сайрамбаев – қазақ тіл білімінде
қазақ тілінің сөз тіркесі синтаксисін, сөйлем синтаксисін зерттеудегі
өзіндік орны бар айтулы ғалым. Ғалымның пікірінше, «матасу ілік
септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысы болып табылады.
Мысалы: Асанның кітабы. Оның папкасы» [7,23]. Демек, бала тілінде
кездесетін әрбір меншіктік сипаттағы тіркестер матасу тәсілі арқылы
жасалған. Мысал келтірер болсақ, менің добым, анамның тамағы,
әкемнің досы, оның ойыншығы, сенің қуыршағың және т. б. Бұлардың
барлығы да бір-бірімен екіжақты байланыса отырып, матасу тәсілі
арқылы жасалған. Ал матасу тәсілі арқылы жасалған әрбір сөз тіркестері
меншіктік мәнді береді.
Қазіргі таңда изафеттік тіркестермен қатар матасу тәсілі де тіл
ғылымында маңызды орын алады. Қазақ тіл білімінде А. Әуелбекованың
«Қазақ әдеби тіліндегі матаса байланысқан сөз тіркестері, түрлері»
атты зерттеу жұмысы да меншікті қатынасты сөз тіркестеріне арналған.
Бала тіліндегі меншіктік қатынас жайында А. Жапбаровтың
«Оқушылардың сөздік қорын байыта оқытудың ғылыми-әдістемелік
негіздері» [8,25] атты еңбегінен ақпарат алуға болады. Еңбекте
меншіктілікті білдіретін «-нікі, -дікі, - тікі» қосымшалары талданады.
Бұл қосымшалардың төңкеріске дейінгі формасы мен қазіргі тіл
біліміндегі көрінісі салыстырылады.
Бала тіліндегі меншіктік мәнді сөздерді қолдануда балалар
фонетикалық, стилистикалық, грамматикалық қателер жібереді.
Ең алдымен фонетикалық қателерді талдай келе, балалар меншіктік
қатынасты сөйлеу үдерісінде қолдануда көбіне ң мен н дыбысын
алмастырып жатады. Дефектологтардың пікірінше, балалардың «н»
мен «ң»-ды айта алмауының себебін фонематикалық есту-түсінуі
дұрыс қалыптаспағанынан деп түсіндірді. Мысалы:
Сұрақ: Әжең қандай, айтып берші?
154
Адина: Менін әжем жақсы. Екі әжем бар. Менін бір әжем
Жұмабике әжекам, ал бір әжем Рая әжем. Олар біреуі Арқалықта,
тоже Арқалықта. Бірақта менін үйімнін қасында болад. Кей – кезде
мамамнын жұмыстары жоқ, үйде отырады. Ал, сосын онын жұмысы
бар кезде менім әжелерім келеді. Жұмабике әжем тігінші, менім
сондай болғым келеді.Ол қазақ киімін тігіп береді. Флоранын киімін
тігіп береді, және басқа киімдерін тігіп береді.
2-5 жас аралығындағы бала барлық дыбыстарды толық айтып
үйренеді. Р-л, ш-с, н-ң, ж-з сынды ұқсас дыбыстарды мектеп жасына
жеткен бала сөйлеу үдерісінде дұрыс айта алуы керек. Мысалдағы
менің әжем, менің үйім, маманың жұмыстары, Флораның киімдері
деген матаса байланысқан тіркестердің изафеттік семантикаларының
бірі меншілікті білдіріп тұр. Яғни сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары
меншіктік сипатқа ие. Бала осы форманы орынды қолданғанымен,
тілінің мүкістігіне байланысты немесе дыбысты дұрыс қолдану
білмегендігінен қателік жасап жатады. Ал дұрыс дыбыстай алмаған
жағдайда баланы мектеп логопедіне көрсету қажет.
Сонымен бірге ң мен м дыбыстарын да кішкентай балалар
шатастырып жатады. Бұндай қателіктерді жіберудің бір ғана себебі
бар. Бала ң дыбысын айтуды қиынсынғаннан кейін м дыбысымен
алмастырады. Негізінде балалар м дыбысын айтуды тез үйренетіні
белгілі. Себебі бала бір жасына жетпестен мама сөзін қолданады.
Соның негізінде м дыбысын айтуға тілі дайын тұрады. Бұның өзі
де м дыбысын еркін айтуға ықпалын тигізетіні анық. Мысалы, Сұрақ:
Ләззат апай жақсы ма?
Адина: Иә. Бұл менім тобым. Бұл Лаззат апай. Бұл менім
достарым.
Сұрақ: Қандай керемет! Достарың жайлы айтып берші?
Адина: Менім достарымда көп нәрселер бар.
Бұндай фонетикалық қателер бала тілінде өте көп кездеседі.
Қазақтың төл дыбысы ң-ды айта алмауы – қазақтың көптеген
балаларының тілдерінде кездесетін құбылыс. Менің тобым, менің
достарым деген матаса байланысқан тіркестер меншіктілік қатынасты
білдірген. Бала бұл тіркестерді, яғни зат есімге ілік септігін меншіктік
қатынаста дұрыс қолданғанымен, фонетикалық қателікке жол берген.
Дегенмен, бұндай қателіктерді барлық бала бірдей деу де қате пікір.
Физиологиялық жағынан дұрыс дамыған, тілінде мүкістігі жоқ,
ата-анасының дұрыс үйретуі нәтижесін дұрыс бағытта тілдері дамыған
балалар бұндай қателіктерге ұшырамайды. Мысалы, Аруана:
Анамның әр қызы
Ән әкемнің тәркісі.
155
Бұл бала меншіктік қатынаста жұмсалған зат және сын есімдерінің
қосымшаларын сөйлеу үдерісінде дұрыс қолданған. Анамның қызы,
әкемнің тәркісі деген тіркестер ілік септігінің жалғауы арқылы
жасалып, мағынасы жағынан грамматикалық меншіктілікті білдіріп
тұр. Бала изафеттік тіркестің үшінші түрі – матасу тәсілі арқылы
жасалған тіркесті дұрыс қолданып отыр.
Баланың алғашқы дыбыстарды қолдануына қарай сөйлеудің жаңа
кезеңдеріне өтіп отырады. Алғашқы сөз немесе алғашқы өзіндік ойын
білдіру голофраза деп аталады. Бала тілін зерттеуде голофраза деген
термин көп қолданылады. С.Н. Цейтлиннің пікірінше, «баланың алғашқы
сөздері – оның алғашқы ойы болады. Бұл – «голофраза» деп аталады.
Бұл сөз белгілі бір ойды беретін, жағдайды түсіндіретін құрылым» [1,135].
Демек, бала тіліндегі сөздердің, сөйлем мүшелерінің құрылымдары
арқылы ойын, түсінігін көруге болады. Мысалы, әкемнің машинасына
қара деген сөйлемге талдау жасайық. Бір жастан асқан бала әке
деп қана айтуы мүмкін. Бірақ оның негізінде әкемнің машинасы қара
деген толық мағыналы сөйлем тұруы мүмкін. Бұдан бала 1 жас пен 2 жас
аралығында «бірсөзді сөйлемді» жиі қолданатын көруге болады.
Баланың ойын үнемі жақында жүретін жақындары бірден түсінеді.
Ал екі жасқа жақындаған шағында әке машина тіркесін қолдана
бастайды. Бұның негізінде де белгілі бір ой тұрғаны анық. Себебі
баланың сөздік қорында тілдік бірліктер аз болуына байланысты толық
сөйлемді айта алмайды. Үш жастан аса бала толық сөйлемді айта
бастайды. Былдырдан кейін бала буынға көшеді, мысалы, ма (мама),
да (дала). Буынды игерген бала толық лексикалық мағынасы бар
сөздерді айта бастайды (әке, апа, ата), содан кейін бір-біріне бағынған
сөз тіркестерін сөйлеу үдерісінде қолданады. Бірақ балалар
грамматикалық бірліктерді дұрыс қолдана білмеуі де мүмкін.
Бала тіліндегі меншіктілік қатынасты айтарда тағы бір үлкен
мәселеден айналып кете алмаймыз. Себебі қазіргі орыс тілінен дәлме-дәл
аударылып жүрген сөздер мен сөз құрылымдары қазақ грамматикасының
ережелеріне бағынбайды. Балалар үлкендер тілінің көшірмесін жасайды.
Бұндай нормадан ауытқулар бала тіліндегі меншікті білдіретін
құрылымдарда да кездеседі. Мысалы: менде бес қуыршақ бар деген
сөйлем – у меня есть пять кукл сөйлемінің дәлме-дәл аудармасы.
Бұл сөйлем менің бес қуыршағым бар түрінде берілуі қажет.
Осы мысалдарды талдай келе калька тіліне айналып кету қаупі
туындағанын көруге болады.
Қазіргі таңда баланың қоршаған ортасы қазақ тілінің
грамматикасына келгенде шала сауатты. Қазіргі кезде функционалды
стильдердің барлығы да (ғылыми, ресми, ауызекі сөйлеу стилі,
публицистикалық стильдер) орыс тілінен аударылып жүр. Ал оның
бір ұшы балаларға да тиіп отыр. Мысалы:
156
Сұрақ: Өте әдемі екен. Сенде тағы қандай, осындай әдемі
заттарың бар?
Іңкәр: Менде ободок. Әдемі – әдемі кітаптар, затым бар.
Моншағым бар.
Сөйлем мүшелерін орынсыз қолданумен қатар орыс тілге тән
сөздерді араластырып сөйлеу де – қазіргі таңда жиі кездесетін
құбылыстардың бірі. Яғни бала зат есімге ілік септігін жалғап,
меншіктік сипатты берудің орнына обьектіге жатыс септігін жалғап
мекендік мән үстеп тұр. Сонымен бірге бұл мысалда варваризм де
(грек. barbarous – бөтен елдік) кездеседі. Тіліміз варваризмнің тілдегі
көрінісіне байланысты шұбарланатыны белгілі. Варваризмдер сөйлеу
кезінде орынсыз қолданылған. Мысал кейіпкері сөйлеу үдерісінде
орыстың «ободок» сөзін қолданған. Осындай тілімізге жат сөздердің
әсерінен қазақ тілінің көркемдік стилі жоғалып барады.
Қазіргі таңда бала аузынан түспейтін менікі, менің сөздері
де меншікті қатынасты білдіреді. Бірақ бұл сөздер көп жағдайда
баланың бойындағы өзімшілдіктің белгілерін көрсетеді. Қазір көптеген
отбасылары бір-екі баламен шектелген. Баланың саны аз болған сайын
бала өзімшілдікке бой алдырады. Баланың менің ойыншығым, менің
машинам, менің әкем, менің анам, менің қуыршағым, менің добым
және т. б. матаса байланысқан сөз тіркестерін қолдануы арқылы бұл
тіркестің құрылымын дұрыс қолданғанымен, мінезінде кереғар әдеттің
пайда бола бастағанын көреміз. Сонымен қатар бұндай тіркестердің
орнына бала ым-ишара көмегімен керек затын тартып алып, менікі деуі
де мүмкін. Жалпы балалардың қоршаған ортасымен қарым-қатынас
жасауында бейвербалды әрекеттердің алар орны ерекше. Себебі баланың
сөздік қорында сөздер саны аз болуына байланысты ым-ишара
амалдарын көп қолданады. Бейвербалды амалдардың балалардың
сөйлеу әрекетінде бере көмегі көп. Бала өз ойын түсінікті әрі анық
жеткізу үшін ым-ишараны еркін пайдаланады.
Қорыта келе, бала тіліндегі меншіктік мәнді сөздерді қолдануда
балалар фонетикалық, стилистикалық, грамматикалық қателер жібереді.
Бұл қателіктердің барлығына мысалдар келтіріліп, ғалымдардың
тұжырымдары арқылы талданды. Оған қоса, бала тіліндегі бірсөзді
сөйлем ұғымына да тоқталып, оның өзіндік ерекшеліктері көрсетілді.
Бұл мақалада құрылымдық грамматика мәселелерімен қатар таным
мәселелері де нысанға алынды. Бала тілінің дамуына бала тәрбиесінің,
қоршаған ортасының әсері туралы құнды ойлар айтылды. Демек, бала
тілінің дамуында ата-ананың, ата-әженің, балабақша-мектептің,
теледидардың, бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортасының тигізер ықпалы
мол. Ал бала тіліндегі әрбір тілдік бірліктерді, олардың құрылысы
мен қызметін назарға алу, зерттеу бүгінгі мен ертеңгі ғылымның қолында.
157
Достарыңызбен бөлісу: |