ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Тукибаева К.Б.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, магистрант
Астана қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: kuralay_bazarbekkyzy@mail.ru
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.д., профессор Сураганова С.К.
Бүгінде инновация әр түрлі салада қолданылады. Туризмдегі инновацияны
сапалы жаңашылдығы бар әрі оң өзгерістерге бастайтын, саланың тұрақты
229
қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз ететін жүйелі шаралар ретінде
қарастыруға болады. Оның мақсаты - тұтынушыларды тартып, олардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру және кәсіпорынға табыс әкелу, қозғаушы күші
– үнемі болып тұратын өзгерістер. Турөнімдік инновациялар туризм саласы
үшін анықтаушы әрі жетекші рөл атқарады. Олар туристік өнімнің
тұтынушылық қасиеттерінің өзгеруіне және бәсекелестік артықшылықтарын
ұсынуға, нарықтағы жағдайын күшейтуге септігін тигізеді. Бұл жерде
рекреациялық әлеуеті мен аймақтық даму ерекшеліктері сақталған, нарықта
ұсынылатын және жүзеге асырылатын жаңа өнімдер, бағыттар, маршруттар,
қызметтер инновация деп таныла алады [2].
Әрбір
елдегі
туристік
қызметтер
саласында
пайда
болатын
инновациялардың мотивтері мен себептері әр түрлі болады. Дегенмен, кез
келген ел үшін ортақ сипаттамалар тән: тұтынушылар сұранысының өсуі,
саяхаттардың көптеген классикалық және дәстүрлі бағыттарынан (дестинация)
тұтынушылардың жалығуы, бәсекелестіктің шиеленесуі. Үздіксіз дамуға
ұмтылу үшін компания бірқатар бәсекелестік артықшылықтарға ие бола
отырып, жаңа нарықтарды игеру үшін үнемі инновацияларды жүзеге асыруы
қажет, бірақ, ол үлкен шығындармен, жоғары тәуекелмен, нәтижені болжау
қиындығымен сипатталады.
Туризмдегі инновацияның мәні келесі белгілеріне қарай анықталады:
-
идея көзі (туристердің қажеттіліктері, ашулар);
-
инновацияның түрлері (туризм инфрақұрылымы, турөнім, қызметтерді
үлестірудің құралдары мен тәсілдері және т.б.);
-
жаңалық дәрежесі (жетілдірілген, серпінді);
-
ықпал ету ауқымдылығы, қисындылығы (жергілікті, ғаламдық, жүйелік);
-
инвестициялық мазмұны (капиталды қажет етпейтін, капиталды аз қажет
ететін, капиталды қажет ететін).
Инновациялық өнімнің туристік нарықта сұранысқа ие болмауы келесідей
тәуекелге әкелуі мүмкін: тұтынушының ұсынылатын өнімнен бас тартуына
байланысты шығындар ықтималдығы, өнімді сату, тарату бойынша кепілді
нарық тауашасының болмауы, бәсекелестердің алға озып кету қаупімен
байланысты коммерциялық тәуекел, табиғи апат және әр түрлі қақтығыстармен
байланысты тәуекел, экономикалық және саяси жағдайлардың өзгеруімен
байланысты тәуекел.
Кестеден инновациялық дамуға нарық жағдайы, орта мен кадрлар,
ресурстар оң әсер етсе, қаражат жетіспеущілігі, жаңа өнімдерге төлем
қабілеттілігінің төмендігі, кәсіпорынның инновациялық әлеуетінің төмендігі
мен экономикалық тәуекелдің жоғары болуы, жаңа енгізілімдердің өзін-өзі
ақтау мерзімінің ұзақтығы, инновациялық құрылымның тиісті деңгейде
дамымағандығы кері әсер ететінін көреміз. Дегенмен, турөнімдік инновацияны
үздіксіз дамыту экономикалық тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Туристік компаниялар үшін инновациялардың экономикалық тиімділігі
келесі көрсеткіштермен сипатталады: сату көлемінің ұлғаюы, туристік өнім
географиясын кеңейту, жарнамаға шығындарды азайту, өз туристік өнімін алға
230
жылжыту, халықаралық стандарттарды қолдану арқылы оның сапасын арттыру,
қызмет көрсету уақыты мен құжаттарды рәсімдеуді қысқарту.
Кез келген инновациялық өнімнің өмірлік циклы болады және ол
идеяның пайда болуы, оны енгізу, коммерциализациялау, диффузиялау,
рутинизациялау (жаңашылдықты тұрақты жүзеге асыру), жаппай тарату және
оны дәстүрлі өнімге айналдыру кезеңдерінен тұрады [3]. Егер инновациялық
цикл новацияның немесе өмірлік цикл фазасының аралықтағы сатыларының
біреуінде тоқтап қалса, ол толығымен аяқталған деп саналады.
Туристік бизнесте инновациялық цикл саяхаттың жаңа бағытын
(дестинациясын) ашу идеясы туындағаннан, жаңа өнімді құрудан немесе бар
өнімге өзгерістер енгізуден басталады. Нақты бір тұтынушыға бағытталған
турөнімнің мақсаты анықталып, жетілдіріледі. Болашақ турөнім идеясы
құрылғаннан кейін оны жүзеге асыру мүмкіндіктері зерттеліп, серіктестерді
іздеу, оларды таңдау, негізгі және қосымша қызметтер, тасымалдау,
медициналық сақтандыру, алдын ала экономикалық және бағалау бойынша
қызметтер атқарылады. Бұл әрекеттерден кейін өнім тәжірибелік сынақтан
өтеді: презентация, сынамалы сату, болжанған сұраныс пен бәсекеге
қабілеттілікті бағалау. Осылай новацияны құру кезеңі аяқталады.
Кесте 1. Инновациялық дамуды анықтайтын және тежеуші факторлар
Инновациялық дамуды анықтайтын
факторлар
Инновацияны тежеуші факторлар
нарық жағдайы және бәсекелестік (ішкі
және сыртқы нарықта)
өз қаражаттарының жеткіліксіздігі мен
мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың
жетіспеушілігі
орта (ғылым мен техниканың, заңнама мен
нормативтік
базаның,
саяси
және
экономикалық тұрақтылық даму деңгейі)
жаңа енгізілімдердің бағасының жоғары
болуы,
яғни,
жаңа
өнімдерге
төлем
қабілеттілігінің төмендігі
кадрлар (ғалымдар, мамандар, кәсіпкерлер,
менеджерлер,
саяси
қайраткерлер,
мемлекеттік қызметкерлер)
кәсіпорынның
инновациялық
әлеуетінің
төмен болуы, инновациялық құрылымның
тиісті деңгейде дамымағандығы
ресурстар (табиғи, өндірістік, қаржылық,
ғылыми-техникалық,
технологиялық,
инфрақұрылым)
жоғары
экономикалық
тәуекел,
жаңа
енгізілімдердің өзін-өзі ақтау мерзімінің
ұзақтығы
Ескерту. Кесте [2,3] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған
Инновациялық циклдың келесі кезеңі - туристік өнімді жылжытуға және
оны нарыққа енгізуге, сатуға, коммерциализациялауға (жарнама науқандары,
тікелей маркетинг, сатуды ынталандыру, паблик рилейшнз) бағытталған
231
шаралар кешенінен тұрады. Қызметкерлерді ынталандыруды қоса алғанда
сатуды басқару жүйесі құрылады. Туристік нарықтың басқа субъектілері
өздерінің қызметтерінде осы инновацияны белсенді қолдана бастаған кезде
инновациялық цикл аяқталады.
Қазіргі таңда туризм тәжірибесінде кеңінен таралған инновацияның
келесі түрлері бар [4]:
I.
Өнімдік инновациялар тобы:
-
нарыққа бұрын белгісіз болған әрі жаңа турларды әзірлеу;
-
туристік үдеріске ресурстардың жаңа түрлерін тарту немесе алдын ала
анықталған қасиеттері бар және жаңа мақсаттық қызметі бар жаңа
ресурстарды құру;
-
туристік нарықтың жаңа сегменттерін игеру;
-
жаңа туристік-рекреациялық территорияларды құру.
II.
Технологиялық инновациялар тобы:
-
қонақ үйлер мен әуе билеттерін, турпакеттерді броньдау жүйесіне озық
ақпараттық технологияны енгізу, интернет-сайттардың жұмысын жетілдіру;
-
туристерге қызмет көрсету технологиясын экологияландыру;
-
туристерге көліктік қызмет көрсету жүйесіндегі ноу-хау.
III.
Басқарушылық инновациялар тобы:
-
туризмдегі маркетингтік циклді жүзеге асырудың жаңа әдістерін жетілдіру;
-
еңбек өнімділігі мен туристік қызметтер өндірісінің тиімділігін арттыру
мақсатымен туристік компания қызметкерлерін басқарудың жаңа әдістерін
қолдану.
Инновациялық қызмет бағыты дұрыс дамуы үшін кәсіпорынның
инновациялық стратегиясы болуы қажет. Ол нарықтағы жағдай мен ресурстық
шектеулерді есепке ала отырып, шешетін міндеттеріне, мүмкін болатын
бәсекелестік артықшылықтарына, ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделіп,
жаңашылдықты дамытуға, оны іріктеу мен жүзеге асыру жүйелерінің тиімді
жолдарын анықтауға көмектеседі. Жаңа стратегия әрдайым тәуекелмен
байланысты, өйткені ол инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысында оң
нәтиже алу-алмаудың жоғарғы белгісіздік жағдайында дайындалады.
Инновациялық стратегияны анықтауда «гипербәсекелестікті» ескеру қажет.
Бұл терминді Ричард Д'Авени қолданады, ол "7S" деп аталатын модельді
ұсынған, бұл модель инновацияларды басқару үрдісіне әсер ететін аспектілерін
ескеруге мүмкіндік береді:
-
мүдделі тараптарды мықты қанағаттандыру (Superior Stakeholders
Satisfaction);
-
стратегиялық жобалау (Strategic Soothsaying);
-
жылдамдық (Speed);
-
күтпеген жағдай (Surprise);
-
бәсекелестік ережелерінің өзгеруі (Shifting Rules of Competition);
-
стратегиялық мақсаттардың сигнализациясы (Signaling Strategic Intent);
-
біріккен және бірізді стратегиялық қарсы әрекет (Simultaneous and Sequential
Strategic Thrusts).
Гипербәсекелестік 4 бағытты қозғайды:
232
1.
Баға мен Сапа (Cost & Quality - С-Q). Баға бәсекелестігі мен баға «шайқасы»
еріксіз нарық үшін күресте жаңа құралдарды пайдаланудың қажеттілігіне
әкеледі және тауарлар мен қызметтердің сапалы көрсеткіші үшін
бәсекелестік күшейеді (инновациялық стратегияны анықтауда S1 и S3
аспектілері қолданылады).
2.
Өзгерістер мен ноу-хауларды таңдау кезі (Timing and Know-how - Т-К).
Технологиялық жетістіктер, жаңа ресурстар мен ноу-хау пайдаланылады,
өнімді жетілдіру барысында оны көшіре алмайтындай немесе оған лайық
алмастырушы өнім құрай алмайтындай ету мақсатында секірмелі даму
жүзеге асырылады (S2, S3 и S4 аспектілер қолданылады).
3.
Басып ену (Strongholds - S). Бәсекелестердің аймаққа, қызмет саласына
немесе нарық сегментіне ену талпыныстарын бейнелеу үшін әр түрлі
тосқауылдар құру бойынша шаралар қабылданады, олар нақты компанияның
ықпал ету зонасына кіреді немесе бақыланады (S6 и S7 аспектілері
пайдаланылады).
4.
Қаржы ресурстарын қолдану (Deep Pockets - D). Айтарлықтай ресурстары
бар ірі компаниялар туралы айтылып отыр, ол ресурстардың көмегімен олар
бәсекелес кәсіпорындар мен шағын кәсіпорындарды әр түрлі тәсілдермен
шеттетеді. Бұның салдарынан шағын фирмаларға бейресми альянстар құрып,
оларды дамытуға, ірі компаниялардың қызмет саласымен жанаспау үшін
жәрдем үшін үкіметке жүгінуге немесе айналма жолдарды пайдалануына
тура келеді (S5 и S7 аспектілері қолданылады).
Американдық кеңес беруші «МакКинзи» компаниясының менеджері
Р.Фостердiң айтуынша кез келген технологияның S тәрізді белгілі бір
өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз технологиясының өмір циклін жақсы білуі
керек, технология құлдырау фазасына жақындаған уақытта, ол технологияны
жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы тиіс. Бәсекелестер үшін
компанияның әрекеттері болжауға келмейтіндей болуы қажет, олай болмаған
жағдайда бәсекелестердің стратегиясы басым түседі.
Туризм саласында инновациялық үдерісті дамыту үшін келесі міндеттер
атқарылуы тиіс:
-
туристік компанияның саясаты мен стратегиясын үздіксіз жетілдіру;
-
ұжымда бастамашы қызметкерлердің болуы;
-
басшылық тарапынан ииновациялық идеяларға қолдау көрсету;
-
туристік компанияның барлық бөлімдері мен деңгейлерінде инновациялық
сынақтарға жан-жақты жәрдемдесу;
-
шығармашылық және инновациялық қызметті көтермелеудің әр түрлі
формалары қарастырылған ынталандыру жүйесін қолдану;
-
жаңашылдықты жүзеге асыру бойынша арнайы бөлімшенің болуы;
-
қаржы мүмкіндіктерінің қажетті деңгейінің болуы;
-
байланыс жүйесін дамыту.
Қорытындылай келе, туризм саласындағы инновацияны үздіксіз дамыту
сұраныс пен ұсыныс арасындағы және өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-
теңдікті ұстап тұруға, өндірілетін өнімдер мен қызметтердің сапасын
жоғарылатуға, туристік нарықтың жаңа сегментін игеруге септігін тигізеді.
233
Инновациялық қызметтің нәтижелі болу үшін оның бағыты мен стратегиясын
дұрыс таңдау қажет.
Әдебиеттер
1 Шумпетер Й. Теория экономического развития. Капитализм, социализм,
демократия. - М.: Эксмо, 2007.
2 Инновационная активность как фактор развития конкурентоспособности
туристских предприятий [Электронный ресурс]. – Режим доступа:
http://articlekz.com/article/9122.
3 Новиков B.C. Инновации в туризме: учеб. пособие для студ. высш. учеб.
заведений / B.C. Новиков. — М.: Издательский центр «Академия», 2007.-208 с.
4 Инновационное развитие индустрии туризма РК.
Устойчивое развитие и
«зеленая экономика» в Республике Казахстан: состояние и перспективы
. Автор
Бабланов Т.К //
http://group-global.org/ru/publication/7914-innovacionnoe-razvitie-
industrii-turizma-rk
.
5 Местні Л. Зміна орієнтирів міжнародного туризму / Стан світу 2002. – К.:
Інтелсфера, 2002. – С. 110-134.
ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Отарбай А.Ғ.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, магистрант
Астана қ., Қазақстан Республикасы,
e-mail:
aydokka.com@mail.ru
Ғылыми жетекші: э.ғ.д., профессор Сұрағанова С.Қ.
Медициналық туризм – бұл емделудің немесе қалпына келтірудің,
оңалтудың барлық түрлері мен диагностикадан өту мақсатында шетелге
ұйымдастырылған сапар. Медициналық туризм жыл сайын әлемнің барлық
мемлекеттерінен бірнеше мыңдаған
адамды
тартады. Халықаралық
медициналық орталықтардың ашықтық қағидасы кез келген ауруды емдеу үшін
біліктілік деңгейі жоғары тәжірибелі мамандардың көмектерін алуға мүмкіндік
береді.
Медициналық туризм танымалдылығының артуы жыл сайын жалғасып
табуда. Бұл беталыс түрлі себептер қатарымен қамтамасыз етіледі:
медициналық қызмет көрсету бағасының айырмашылығы, маманданудың
өзгешелігі (тексеру мен емдеу әдістері, сонымен қатар, бір елде медициналық
тәжірибе айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін), уақыт (жедел жоспардан тыс
операцияларды өткізу), пациент еліндегі медициналық үдерістермен
байланысты заңды және этикалық мәселелер.
Медициналық туризмнің міндеті – кез келген мемлекеттегі әрбір
пациентке әлемнің кез келген нүктесінде сапалы заманауи емдеуден өтуіне
мүмкіндік беру. Медициналық туризм саласында күрделі ауруларды емдеуде
234
тәжірибелері, білікті дәрігерлер мен мыңдаған сирек кездесетін операцияларды
сәтті жасаушы хирургтары бар ең үздік клиникалар жұмыс жасайды.
Бүгін жиһангерлік медициналық туризм саласында өтіп жатқан үдерістерді
талдай отырып, медициналық қызметтер нарығының қарқынды өсуі оның
басты беталысы екенің ерекшелеу керек. Стартегиялық басқарумен байланысты
мәселелерді шешуге маманданған, McKinsey Company, дүниежүзілік
консалтингтік компаниясының мәліметтері бойынша, бейрезиденттерге
ұсынылған әлемдік жалпы медициналық қызмет көлемі 2004 жылы 40
млрд.доллардан 2014 жылы 120 млрд.долларға дейін артқан. Медициналық
туризмге қатысты тартымды елдер қатары күннен күнге артуда. Қазіргі таңда
әлемнің түпкір-түпкірінде 72 мыңға жуық спа-курорттар саналуда [1].
Медициналық туризм жаһандық масштабтарды иеленуде. Шет елде
емделуді жөн көретін пациенттер дәулетті немесе ауқатсыз болуы, табыс
деңгейі әртүрлі елдерде өмір сүруі мүмкін. Африка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс
және Солтүстік Америка елдерінің азаматтары басқа континенттер мен көрші
елдерде тиімді емделу нұсқаларын іздеп табуда. Мысалы, еуропалықтарда
Азияның (39%), Солтүстік Американың (33%) және Таяу Шығыстың (13%) спа-
курорттары мен медициналық орталықтары кең танымалдылыққа ие.
Американдықтардың 45% емделуге Азия елдеріне саяхаттайды. Латын Америка
тұрғындарының көбісі (87%) АҚШ, Канада және Мексиканы артық көреді.
Медициналық туризмнің шекарасы жоқ деуге болады [2].
Соңғы жылдары Малайзиядағы медициналық туристік сала елеулі өсуді
басынан өткізді. Бейрезидент-пациенттер саны соңғы бес жылда 4 есе артты.
Пластикалық операциялар мен стоматологиялық шараларды өтуге Коста-Рикаға
соңғы жылда 150 мың адам келген. 2014 жылы бейрезиденттерге медициналық
қызмет көрсетуден Үндістанның табысы 2,2 млрд АҚШ долларды құрады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, пластикалық хирургия мақсатында жыл сайын 250
мыңнан жоғары адам Сингапурға келеді. Олардың көбі – Таяу Шығыс
тұрғындары. Тұтынушылар үшін күресте мемлекеттер түрлі амалдарға барады.
Үндістан қызметтер үшін ең төмен бағаларды ұсынады, Куба дербестендірілген
қызмет көрсетуге негізделеді, Канада өзінің медициналық тексеру жүйесін және
жоғары технологиялық қызмет көрсету қорын бөледі [3].
ТМД елдерінде де медициналық туризм белсенді даму үстінде. Шет елге
емделуге Еуропа және АҚШ елдеріне саяхаттау жай іске айналды.
Пациенттерді үздік медициналық орталықтардағы заманауи жоғары
технологиялық жабдықтар, персоналдың жоғары деңгейдегі біліктілігі,
реабилитациялық күтім мен инфрақұрылым қызықтырады. ТМД елдерінің
ішінен ең жоғары деңгейдегі медицинаны Ресейдің алдыңғы қатарлы
медициналық орталықтарынан табуға болады деп санау қабылданған.
Сондықтан да, жиі таяу шетел тұрғындары өздерінің таңдауын ірі мемлекеттік
және жеке меншік ресейлік орталықтарға тоқтатады. Ресей мен ТМД елдерінің
азаматтары үшін әдетте әйгілі медициналық туризм бағыттары ретінде
Германия мен Израиль болып саналады.
Израиль ұзақ уақыт бойы медициналық зерттеулер мен жоғары
технологиялық жабдықтар саласында дүниежүзілік көшбасшы болуда.
235
Мемлекет денсаулық сақтаудың жоғары стандарттарын қолдауда, олар өз
азаматтарына ғана емес, сонымен қатар, басқа ел тұрғындары үшін де қол
жетімді. Бұл Израильде медициналық туризмнің пайда болуына әкелді.
2014 жылы 1,5 млн американдықтар Израильге емделу мақсатымен сапар
шекті. Израильдің бүкіл ауруханаларында қазіргі таңда орыс тілін меңгерген
білікті дәрігерлер мен мамандары бар туристік медициналық орталықтар
қызмет атқарады. Ауруханаларда кеңес алуға және денсаулық сақтаудың
барлық салалары бойынша ем қабылдауға болады: ортопедия, онкология,
кардиология, урология, пластикалық хирургия және жарақаттардан кейінгі
реабилитация, сонымен қатар, семізділік пен бедеулікті емдеу [4].
Ұзақ уақыт бойы неміс ауруханалары Еуропадаға медициналық және
сауықтыру туризмінің басты орталығы болып қалуда. Неміс заңнамасына
сәйкес, медициналық орталықтар мемлекет бақылауымен эпидемиялық
қадағалау тексерісінен өтуі қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
статистикасы бойынша, Германияда 100 мың тұрғынға орта есеппен 368 дәрігер
жұмыс істейді, яғни АҚШ және Канаданың орташа көрсеткіштерінен (100 мың
адамға 214 дәрігер) жоғары. Тәжірибелік қызметке кіріспестен бұрын, олар
қатаң және ұқыпты тексерістен өтеді [5].
Қазіргі таңда медициналық туризм өте үлкен күшке ие болды, тіпті
көптеген мемлекеттерде ұлттық экономиканың өзін елемейтін дәрежеге дейін
жетті. Бір мезгілде әлемдік экономикада, халықаралық саясатта және
халықаралық турзим бағыттарындағы жуырда болған түбегейлі өзгерістер
соңғы үдерістердің жалғасуына қауіп төндіреді. Сондықтан, медициналық
экономика мен болашақ денсаулық сақтау жүйесінің көзқарасы тұрғысынан
медициналық туризмді көп өлшемді мақсатты талдау үшін уақыттың
келгендігін нақты айтуға болады. Алайда, медициналық туризм туризм
экономикасының жаңа саласы болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл олай емес. Басқа
мемлекеттердің азаматтары (олардың ішінде көп бөлігі – бай және ауқатты
таптың өкілдері), сонымен қатар, көптеген кедей тұлғалар діни және
қайырымдылық ұйымдардың қолдауымен он шақты жыл бойы АҚШ-қа
өздерінің мемлекеттерінде ала алмаған медициналық көмекті алуға келеді.
Шындығында, медициналық туризм саласындағы барлық тәжірибелік
зерттеулер негізінен бағалық айырмашылықтарға назар аударады (мысалы,
Канада шекарасы арқылы өткен дәрі-дәрмектер бірнеше долларға арзан, немесе
бүкіл әлем бойынша Үндістанмен салыстырғанда бірнеше мыңдаған долларға
қымбат болатын операциялар). Бағаның айырмашылығы елеулі болатындығы
соншалықты, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласының
американдық жоспарларында маңызды орынға ие медициналық қызметтердің
кейбір түрлерін көрсету шиеленіскен жағдайға ұласады.
Айта кететін жағдай, «медициналық туризмнің» қаржылық аспектісі оны
жүзеге асырудың айқындаушысы болып табылмайды – ақшаны үнемдеу
жоғарыда келтірілген себептер бойынша шет елде медициналық көмекке
жүгінетін емделушілер үшін мәселе болып табылмайды. Осыдан, медициналық
туризмнің бұл типі («өзін-өзі қаржыландыру» деп айтса да болады) жоғалып
236
кетпейді, тіпті егер де шет елге шықпай-ақ «үйде» емделсе де экономикалық
бәсекеге қабілетті болады.
Жаһандану шегінде көптеген мемлекеттердегі ұқсас медициналық
көмектерді стандарттау үрдісі жалғасып келеді. Бәрінен бұрын, бұл шұғыл
медициналық
көмек
көрсетудің
стандарттарына
қатысты.
Әртүрлі
мемлекеттерде жоспарлы терапевтік көмек көрсетудің, шетелдік турист үшін
сол немесе басқа қызмет түрін таңдауына мүмкіндік беретін, өзінің
ерекшеліктері бар. Емделушілер жоғарғы технологиялық медициналық көмек
алу мақсатында саяхаттайды.
Кейбір жағдайларда шешуші экономикалық факторлар болуы мүмкін, егер
жеке қызмет көрсету пакетінің құны басқаларынан өзегеше болса, мысалға,
Үндістан, Сингапур, Таиланд үшін.
Медициналық туризм әртүрлі мемлекеттердің медициналық саясат
саласындағы заңнамаларға сәйкес байланысты болуы да мүмкін. Мысалыға,
манипулиция және емдеу шаралары бір мемлекетте рұқсат етулуі мүмкін, ал
екінші мемлекетте қатаң тыйым салынуы да мүмкін («этикалық дилемма»).
Жекелей алғанда, бұл бір жақты трансплантологияны қабылдауға да қатысты.
Ең көп жағдайда «медициналық» турлар хирургия саласында медициналық
көмек алуы үшін құрылған, соның ішінде – пластикалық, сонымен қатар –
стоматология, репродуктология, дене мүшелері мен теріні алмастыру.
Соған сәйкес, мемлекетті, медициналық және сауықтыру мекемелерін,
сонымен бірге, олардың қызметтерін таңдау мәселелері де артуда. Бүгінгі таңда
ең танымал бағыттарды, медициналық және сауықтыру туризмінің дамыған
индустриясы бар мемлекеттерді де ерекшелеп айтуға болады. Open Medical
Informatics Journal жариялаған мақалаға сәйкес оларға: Азия (Малайзия,
Таиланд, Сингапур және Гонконг), Батыс Еуропа (Польша және Венгрия),
Жерорта теңізі мемлекеттері (Мальта және Кипр), Африка (әсіресе – Солтүстік
Африка), Оңтүстік және Орталық Америка (Коста-Рика, Мексика, Бразилия
және Куба) және Таяу Шығыс (Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль және
Иордания) (сурет 1) [6].
Әлемде бейрезидент-пациенттер ағынының ұдайы артуынан медициналық
туризм тек денсаулық сақтау саласының өндірісіне ғана емес, сонымен қатар,
туристік салаға әсер ете жылдам даму үстінде. Өз кезегінде, медициналық
туризм қазіргі таңдағы денсаулық сақтау жүйесінің жаңа тұжырымдамасын
тудырды.
237
Сурет 1. Медициналық туризмнің басты бағыттары
Ескерту – Мәліметтер [6] негізінде автормен анықталған
Өз елінде медициналық мәселені шешу мүмкіндігінің жоқтығынан,
пациент заманауи және уақытылы тексеру мен емдеу шараларын ұсына алатын
клиника, дәрігерлер мен елдерді іздестіре бастайды. Пациенттерге қызмет
көрсетуді жақсарту және заманауи технологиялар есебінен медициналық
туризм феномені жаһандық экономикалық бәсекелестік жағдайында
медицинаның қарқынды дамуына жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |