183
Америка мектептерінде директор болып қызмет ететін ер адам мен әйел
адамның жалақысы екі түрлі болатын. Қазір енді ғана теңестіріліп келеді.
Өйткені оларда барлығы бірдей тарифпен есептелмейді. Өздерінің
қамқоршылық кеңестері бар. Сондықтан жалақы да әртүрлі болуы заңды. Ер
мен әйелдің тең құқылығы осы тұста туындайды. Неліктен? «Екеуміздің
жұмысымыз бірдей, екеуміз де мектеп директорымыз, неге ерлер көп алады,
неге біз аз аламыз?» Міне, бұл жерде әйел адамды кемсітушілік бар.
Еңбекке
ақы төлеудің теңдігі сақталмай отыр деген сөз. Ал бізде бұл мәселе жоқ. йел
адам болсын, ер адам болсын, директордың жалақысы бірдей. Бұл – бір ғана
мысал. Соған байланысты Батыс елдерінде ер мен әйелді жасанды түрде
теңестіру мәселесі басталды. Мысалы, Скандинавия
елдерінде парламент
депутаттарының 50 пайызы әйел, 50 пайызы ер адам болуы міндетті деген
сияқты арнайы заңдар қабылданған. Баяғы Кеңес үкіметі кезінде депутаттардың
30
пайызы еңбекшілерден, 20 пайызы шаруалардан, 10 пайызы
интеллигенциядан болуы керек деген сияқты ережелер болды.
Достарыңызбен бөлісу: