МҰҒАЛІМ: Аа, әйтпесе шошып қалдым ғой. Сен өзі кештетіп мында не істеп жүрсің?
ҚАЙЫРЖАН: Сығалап, ой жоқ, Қанатты іздеп келдім. Қанаттың үйіне барып едім, үйінде жоқ екен. Сосын осында келдім.
МҰҒАЛІМ: Келгенің жақсы болды ғой. Мен қорқақпын ба десем, ана Қанат менен өткен қорқақ. Тездетіңдерші қайтайық.
ҚАНАТ: Ақымақ неге ерте келіп қойдың?
ҚАЙЫРЖАН: Апайды аядым.
ҚАНАТ: Екі секундқа ерте келіп қойдың. Енді ғана бір құшақтап..
ҚАЙЫРЖАН: Қалай бірдеңе айта алдың ба?
ҚАНАТ: Бірдеңе айтуға тырысқандай болдым. Түк ұқпайды екен ғой. Мұғалімнің де түк ұқпайтыны болады екен.
ҚАЙЫРЖАН: Апай мені көрді, мен апайды көрдім. Екеуіміз бір-бірімізден шошып, екі жаққа қашып жүрміз.
МҰҒАЛІМ: Екеуің тұрасыңдар ма солай? Қорқып кеттім мен, қайтайықшы болды. Екеуің екі жағымнан ұстап жүрмесеңдер қорқам мен. (Cахнадан шығып кетеді). (Бәрі шығып билей бастайды. Келесі көрініс: Мұғалім мен Қайыржанның қабырғалас салынған үйінің ауласы. Ұлдар сахнаны безендіргенше қыздар билеп тұрады. Қайтадан бәрі бірігіп билейді, сосын бәрі сахнадан кетіп қалады.) (Кешкі уақыт. Қанат шығады. Терезені сығалап қарайды.) ҚАНАТ: Ешкім жоқ. Қандай өлең шығарсам болады.
О, Катя, терезеңнің алдына келіп тұрмын.
Сен мені сағындың ба Катяжан.
Ұйқаспай қалды.
Мен сені сағынамын сезесің бе?
Біз вальс билеп жүрген кез есімде.
(Бірдеңе жүгіріп өтеді. Бірнарсе жүгіріп өткен жаққа барып, оны қолындағы қағазбен ұра бастайды.) ҚАЙЫРЖАН: Ай, ай, кім бұл?
ҚАНАТ: Қайыржан?
ҚАЙЫРЖАН: Қанат?
ҚАНАТ: Мен қараңғыдан қорқатынымды білесің ғой. Адамды шошытып.
ҚАЙЫРЖАН: Не істеп жүрсің сен мында?
ҚАНАТ: Жүрегім қалмады ғой.
ҚАЙЫРЖАН: Не істеп жүрсің мында?
ҚАНАТ: Катя қай бөлмеде тұратынын таба алмай. Өзімше шығып қала ма деп өлең шығарып жүргем. Сен да адамды қорқытып. Қараңғыда жүре ма былай.