САЙРА: Ол сиырыңның Мүйізі жоқ па? (Қыздар күледі) ҚАЙЫРЖАН: Біле білсең сиырдың көзінен әдемі көз болмайды. Ондай қыз біздің ауылда жоқ
САЛТАНАТ: ҚАЙЫРЖАН, ҚАЙЫРЖАН, біздің сыныптың қыздары қандай екен?
ҚАЙЫРЖАН: Оның жанында біздің қыздар қуыршақтың қасындағы құбыжық сияқты. (Ұлдар күле бастайды) ҚАНАТ: Жас, сұлу қыз болса ғой...
АЙТГҮЛ: Әй білгіш. Кім айтты саған оны сұлу деп, кім айтты саған оны қыз деп. Ол мұғалім. Иә жаңадан келген мұғалім.
ҚАЙЫРЖАН: Қойшы-ей, жап-жас қой.
САЙРА: МҰҒАЛІМболса қайдан жас болады, кәрі қыз шығар.
ҚАЙЫРЖАН: Осы екеуің жаңалықтың бәрін елден бұрын қайдан біліп отырасыңдар.
ҚАНАТ: Бұл екеуі керек десең ақыр заманның қашан болатынын болатынын біледі. Өздерінің білмейтіні жоқ.
АЙНҰР: Ал енді шуылдап болсаңдар, мен сендердің тазалықтарыңды тексерейін.
Бәрі: Ал, басталды!
АЙНҰР: Мен тексермеген соң әбіржіп кеткен боларсыңдар. Жақсы емес пе тап таза боп жүресіңдер. Тырнақтарыңды көрсетіңдер. Бор бар, тақта таза, бәрі орынында. Маңайларыңды жинап, жинақталып отырсаңдаршы. Ержан сағыздарыңды лақтыра бермеш. Сенің сағыздарыңды жинаймын деп тырнақтарымның бәрін бүлдірдім. Айналарыңды жинап жинақталып отырсаңдаршы.
ТАСБОЛАТ: Е, балалар қараңдаршы кімге ұқсаймын? Сәлеметсіңдер ме балалар!(Бәрі күледі). Мерқұрманов тұр орыныңнан!
ҚАНАТ: Сәлеметсіз бе апай!
ТАСБОЛАТ: Күнделігің қайда Мерқұрманов?!
ҚАНАТ: Ұмытып кеттім апай.
ТАСБОЛАТ: Басыңды неге ұмытып кетпейсің?
ҚАНАТ: Ағылшын апайды салшы.. Ағай келді ағай.
(Осы кезде мектеп директоры сыныпқа жас мұғалімді ертіп келеді.)
ДИРЕКТОР: Сәләмәтсіңдар ма балалар?
Оқушылар: Сәлеметсіз бе?
ДИРЕКТОР: Отырыңдар. Жаңа оқу жылдарың құтты болсын. Каникулда жақсы демалдыңдар ма?
Балалар: Иә жақсы демалдық (Жазда қай жерде болғандарын айтады).