Сценарий «Алғашқы махаббат»


ҚАНАТ: Бүгінде өшірсе екен. МҰҒАЛІМ



бет16/26
Дата24.05.2023
өлшемі92,49 Kb.
#96741
түріСценарий
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
ҚАНАТ: Бүгінде өшірсе екен.
МҰҒАЛІМ: Көп сөзді көбейтіп қайтеміз. Жүр қайтайық.
ҚАНАТ: Апай тағы да дайындала тұрайықшы.
МҰҒАЛІМ: Шаршап кеттім мен әбден.
ҚАНАТ: Шаршасаңыз отырып демалып алыңыз. (Орындықты ортаға алып келіп қояды). Мен сізге өлең оқып берейін.
МҰҒАЛІМ: Оқысаң оқышы.
ҚАНАТ: Дайынсыз ба?
МҰҒАЛІМ: Иа, бастай бер.
ҚАНАТ: Сұлусың қандай..
Сұлусың қандай жайнаған,
Көрген сайын көркіңе көзім тоймаған.
Алыстасың, қанша жақын жүрсең де,
Тіл қата алмай іштей тынып ойланамын.
Аймен, күнмен, жұлдыздармен тең бе едің,
Қол жетпейтін махаббатым сен менің.
Жалтаң қағып жанарыңа қараймын,
Жан сырымды қалай ғана сезбедің?!
МҰҒАЛІМ: Өзің әртістер секілді жан жүрегіңді беріп оқисың ғой. Театр институтына барсаңшы. Сен өзіңнен шығады ғой жалпы, ақынжандысың, образың келеді дегендей. Менің де сен сияқты ақынжанды сіңілім бар. Жақында қаладан келеді, таныстырайын ба екеуіңді?
ҚАНАТ: Жоқ? Маған «К» ‑ғана ұнайды.
МҰҒАЛІМ: Сен дұрыс түсінбедің. Мейлі өзің біл.
ҚАНАТ: Неге екенін білмеймін, оған жан сырымды айтайын десем, жүрегім дүрсілдеп, көзім қарауытып, дауысым дірілдеп, тілім байланып...
МҰҒАЛІМ: Қанат, сен бір түрлі мазасызданып тұрсың. Бір жерің ауырып тұрған жоқ па?
ҚАНАТ: Жүрегім ауырып тұр.
МҰҒАЛІМ: Жүр ендеше кетейік, көп соза беріп қайтеміз (Жарық өшіп қалады). Біз күтіп тұрғанда жарықта өшіп қалды.
ҚАНАТ: Жарық өшіп қалды ма? Апай дәлізден шықпай ақ қойайықшы.
МҰҒАЛІМ: Неге? Қайтайық та.
ҚАНАТ: Апай қараңғыдан қорқамын мен.
МҰҒАЛІМ: Қорықсаң мен бармын ғой жаныңда.
ҚАНАТ: Апай, сіз білмейсіз ба? Қараңғыда дәлізге шықсаң, көзіңе жын-шайтандар көрінеді. Біздің мектеп бейіттің үстіне салынған. Сондықтан дәлізге шығуға болмайды. Қала берейік апай.
МҰҒАЛІМ: Мүмкін емес шығар, ол өтірік қой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет