ҚАЙЫРЖАН: Катя ма? Ана екінші терезеде жатады.
ҚАНАТ: Сен оны қайдан білесің?
ҚАЙЫРЖАН: Арасында сығалап қарап тұрамын.
ҚАНАТ: Есің дұрыс па? Ол менің қызым ғой.
ҚАЙЫРЖАН: Сығалағанмен ештеңе көре алмадым. Келеді да, жарықты өшіріп жатып қалады.
ҚАНАТ: Бұдан былай оның терезесінен қарасаң, мұрыныңды бұзамын. Қараушы болма. Катя менікі.
ҚАЙЫРЖАН: Бұзғыш болсаң анау Айболдың мұрнын бұз. Сол келгіштеп жүр.
ҚАНАТ: Кім? Айбол? Анау әлі үйлене алмай жүрген көтерем әтеш пе?
ҚАЙЫРЖАН: Сол көтерем әтеш тауық іздейтін болды. Оған айтып баршы: Катяның Қанат деген 11 бітіретін жігіті бар.
ҚАЙЫРЖАН: Өзің айт бар. Келетін уақыты да болған шығар. Қораның сыртын тораулап жүрген болар.
ҚАНАТ: Е ол ауылға жаңа қыз келсе торауылдайтын әдеті бар. Бұны бұлай қалдыруға болмайды. Былай істейік. Қазір ол аулаға келетін болса, Мойнаққа талатайық.
ҚАЙЫРЖАН: Жарып тастаса қайтеміз?
ҚАНАТ: Ештеңе етпейді. Ит қапқаннан өлген адамды көрген жоқпын. Былай істейміз. Гүлзатпен кездестіреміз деп аулаға шақырамызда, Мойнақты өштендіріп қоямыз. Сосын сен оны жібере саласың. Ал мен қараңғы тасада қолыма таяқты ұстап тұрып, ауызынан екі ұрамын. Болды шаруасы бітеді. Онсызда ол ақымақ адам оны миғұла қылу түкте емес.
ҚАЙЫРЖАН: Жарайды келістік.(Қол ұстасады) ҚАНАТ: Так Айбол келгенше.. Айбол келгенше сен менің өлеңімді оқи тұр. Міне.
(Қолына ағаш ұстап Айбол келеді.) ҚАНАТ: Ассалаумағалейкум!
АЙБОЛ: Уағалейкумассаллам!
ҚАНАТ: Қолыңыздағы не?
АЙБОЛ: Қолымдағы? (Күле бастайды) ҚАНАТ: Не болды сонымен қолыңыздағы? Көрсек бола ма?
(Айналдырып көтеріп қалады) ҚАНАТ: А+Г дейді.(Екеуі мазақтап күле бастайды. Айбол ағашты жерге тастай салады.) (Қанат пен Қайыржан қайтадан амандасады.) ҚАНАТ: Бөтен қой іздеп жүрсіз ба?