САЙРА: Апай, кешіріңіз! Қанат сен де. Егер Қанат болашақта атақты ақын болса, мен «Қанат оқуларына» қатысамын. (Балалар күледі) БАЛАЛАР: Жақсы апай. Ендеше біз орындықтарды жылжыта тұрайық (Жиналып жылжыта бастайды). ҚАНАТ: Апай мен өзімнің жұбымды таңдап тұрып билесем бола ма?
МҰҒАЛІМ: Айтгүл сен келші мұнда (Қанатқа ертіп келеді). Айнұр сен Тасболатқа бар.
ҚАНАТ: Айтгүлмен ба?!
МҰҒАЛІМ: Әзірге осылай бастай беріңдерші,қазір көреміз
ҚАЙЫРЖАН: Мына атқыш пен сатқыштан құтыла алмайтын болдық ау.
ҚАНАТ: Құдай мен мұғалімнің маңайымызға жазғаны осы болса қайтеміз.
ҚАЙЫРЖАН: Жаман сөз айтпа. Осылардың негізі әке-шешелері аттарын дұрыс қоймаған. Біреуі бірдеңе сайрамаса, біреуі бірдеңе айтпаса жүре алмайды. (Вальс билеуді бастайды. Бастапқы да билегісі келмей қарсыласып тұрады. Қызды айналдырып, ұстап қалу керек кезде Қанат әдейі ұстамай қалады. Айтгүл құлап қалады.) АЙТГҮЛ: Қанат!
ҚАНАТ: Түк билей алмайды.
АЙТГҮЛ: Мерқұрмановпен билегім келмейді!
ҚАНАТ: Мен де Айтгүлмен билемеймін! Ағаш құсап билей алмайды.
МҰҒАЛІМ: Екеуің жап-жақсы жарасып тұрсыңдар ғой. Келіңдерші.
САЙРА: Апай мен басқа біреумен билейінші. Мынау Қабыланбеков түк билей алмайды.
ҚАЙЫРЖАН: Өзіңе қарашы, дым майыса да алмайсың. Кеуіп қалған ағаш секілді.
ҚАНАТ: Қайыржан бері келші. Менде бір идея бар. Қазір мына биді үйрене алмағандай болып, апаймен оңаша қалып қоямын. Сөйтіп апайдың қасында ұзақ болмаймын ба. Сен маған көмектес.
ҚАЙЫРЖАН: Сырттарыңнан жауып кетіп қалайын ба?
ҚАНАТ: Ей, қой ұялам. Олай қылуға болмайды. Апаймен жалғыз қалсам ұялам. Одан да.. одан да свет..
МҰҒАЛІМ: Алғашқы нәтиже жаман емес. Үйренгендерің үйлеріңе қайта беріңдер. (Балалар жиналып кете бастайды) ҚАНАТ: Апай біз ендеше орындықтарды жинай тұрайық .
МҰҒАЛІМ: Иа орындықтарды тез тез жинап тастаңдаршы. Анау парталарды байқаңдар, құлатып алмаңдар.