ҚАНАТ: Жаңағы би қатты әсер еткен сияқты ғой.
ҚАНАТ: Досым, бұлар кәдімгі қыз секілді екен ғой. Мен қызығып кеттім дос. Кеттім мен.
МҰҒАЛІМ: Қанат сен ғана қалып қойдың ба? Жалғыз сен ғана үйрене алмай қалдың ба?
ҚАНАТ: Апай дайындалайықшы.
МҰҒАЛІМ: Үшбұрыш жасап айналасың ғой. Бір, екі, үш.
ҚАНАТ: Басым айналып кетпейді ма апай?
МҰҒАЛІМ: Жоқ үйреніп кетесің. Бір, екі, үш.
ҚАНАТ: Төрт па?
МҰҒАЛІМ: Қанат төрт жүріс емес, үш жүріс. Бір, екі, үш.
ҚАНАТ: Мә апай қалай беліңізді жақынырақ ұстайын ба? Қобалжып тұрмын.
МҰҒАЛІМ: Қобалжыма, несіне қобалжисың.
ҚАНАТ: Мә апай қалай жақсы билейсіз.
МҰҒАЛІМ: Қолыңды бостау ұсташы.
ҚАНАТ: Қолыңыз неге ыстық, температураңыз көтеріліп тұрған жоқ па?(Басын ұстап тексеріп көреді) МҰҒАЛІМ: Жоқ, көп қимылдағаннан шығар. Жалғастыра бер.
ҚАНАТ:Бір, екі, үш. Былай істеген рахат екен ғой. Осылай ұзақ дайындала берсек, тез үйреніп кетем.
МҰҒАЛІМ:Музыка өшіп қалды, тұра тұр қайттан қосып келейін.
(Қанат өзі билеп бастайды) ҚАНАТ: Бір, екі, мүлдем билей алмаймын.
МҰҒАЛІМ: Сен мені әбден шаршатып жібердің ғой.
ҚАНАТ:Шаршасаңыз отырып демалып алыңыз.
МҰҒАЛІМ:Жоқ онсызда кеш болды. Тез тез үйреніп қайтайықшы.
ҚАНАТ: Бір, екі, үш, вальс деген рахат екен ғой. Тойдағыдай жабысып билей берсе болмай ма апай?
МҰҒАЛІМ: Не айтып тұрсың! Ондай вальсті кейін сауық кештерде билейсің.
ҚАНАТ: Оған дейінде билей берейік (Айналдырып, құлайтын кезде ұстап қалады). МҰҒАЛІМ: Ай құлаттың.
ҚАНАТ: Ешқашан құлатпаймын.
МҰҒАЛІМ: Сен мені әбден шаршатып жібердің ғой. Сөз ұқпайсың ешқашан. Білесің ғой сағат тоғызда жарықты өшіретінін қазір.
ҚАНАТ: Ол жарықты неге өшіріп тастай береді.
МҰҒАЛІМ: Білмеймін, анау энергияны үнемдеу үшін болу керек. Күнделікті бір сағатқа өшіріп жүр ғой.