Сценарий «Алғашқы махаббат»


ҚАНАТ: Вот Сайра а вот Сайра. Е, Мыналар бәрін қайдан біліп алған? ҚАЙЫРЖАН



бет12/26
Дата24.05.2023
өлшемі92,49 Kb.
#96741
түріСценарий
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
Алғашқы махаббат. Сценарий

ҚАНАТ: Вот Сайра а вот Сайра. Е, Мыналар бәрін қайдан біліп алған?
ҚАЙЫРЖАН: Арман шығар баяғы. Ауызында қураған бидай тұрмайды.
ҚАНАТ: Білмейтіндері жоқ осылардың. Ешкім биге шақырған жоқ. Соған ренжіп бәрін айтып беріп отқан шығар.
МҰҒАЛІМ: Айтгүл сен бұл мәліметтерді қайдан алдың?
АЙТГҮЛ: Сенімді бір адамдар айтты.
МҰҒАЛІМ: Ол кім?
АЙТГҮЛ: Ол..
МҰҒАЛІМ: Қайыржан сен не дейсің?
ҚАЙЫРЖАН: Апай.. Отырыс жасағанымыз рас. Бірақ біз сіз жүргізетін пәнге дайындалдық. Бауырсақ пен шай іштік. Терлеп тұрып шай іштік. Айтгүл мен Сайраны шақырмап едік. Олар соған ерегесіп айтып тұр.
АЙТГҮЛ: Онда неге бір сағат бойы құшақтасып вальс биледіңдер?
ҚАЙЫРЖАН: Вальсті айтасың ба? Біз соңғы қоңырауда билейтін вальсті қайталадық. Біздің магнитафон ескі, дұрыс істемейді. Содан бір музыка айнала берді, айнала берді. Бізде билей бердік, билей бердік.
АЙТГҮЛ: Өтірік айтады апай. Сенбеңіз. Соңғы қоңырауда олар құшақтасып, жабысып вальс билемейді ғой. Айналып билеу керек.
МҰҒАЛІМ: Балалар, сендерге қарап таң қалам. Кейде қызығамын. Мектеп бітіргелі жатсаңдарда, балалықтарың қалмаған ғой. Жақсылап отырыс жасапсыңдар. Дегенмен ар-ұяттан озбау керек. Тәртіпті болу керек. Ертең бәрің жан-жаққа кетесіңдер. Сол кезде бір-бріңді еске алып отырасыңдар. Ал ішімдікке әуес болу, біріншіден, денсаулыққа зиян. Сондықтан денсаулықтарыңды сақтап жүріңдер. Денсаулықтан артық байлық жоқ. Мен сендердің биікке ұшқандарыңды қалаймын ғой алтын ұяларыңнан. Бәріңді бірдей жақсы көремін.
ҚАНАТ: Мен де. Ой кхм.
БАЛАЛАР: Бізде сізді жақсы көреміз.
МҰҒАЛІМ: Рахмет. Айтгүл жалғастыра бер.
АЙТГҮЛ: Келесі Мерқұрманов Қанаттың тәртібі. Біздің ойымызша Мерқұрманов бұзылған бала. Ол соңғы уақытта өзімен-өзі күбірлеп сөйлесіп, терезеге қарап қиялданып отырады. Және жүрген жерінің бәріне «К» деген әріпті ойып жазып кетеді. (Орындықтың артындағы «К» деген әріпті көрсетіп) Біз жақында сол К деген әріптің сырын аштық. Бұл Мерқұрмановтың бізге қойын дәптері тиді. Ол соның ішінде оған арнап бірнеше өлең жазған. Ол бір «К» деген қызға ғашық болуы керек. Соның ішінде бір өлеңін оқып берейін. К-ға:
Саған қолым жетер ме,
Жалынсамда тәңірге.
Қандай дауа табасың,
Жүрек берген әмірге.
О махаббат, махаббат,
Ессіз еріп барамын
Ерте оянған сезімге.
(Барлығы күледі)
МҰҒАЛІМ: Жетер Айтгүл! Балалар білесіңдер ғой, бұл Мерқұрмановтың жеке шаруасы. Оның үстіне біреудің жеке қойын дәптерін ақтару үлкен қателік. Менің сендерге айтарым бір-біріңе сын айта біліңдер. Дегенмен тырнақ астынан кір іздемегендерің абзал. Білесіңдер ғой, Қанат ақын жанды бала, сондықтан іштен арманшыл болады. Мен өз басым Қанатқа сенемін. Одан болашақта үлкен ақын шығады. Бірақ Қанат саған дәл қазіргі жағдайда оқу жайында ойлау керек. Жақсы ма? Ал енді балалар уақыт аз қалған сияқты. Мен өзім кәсіпқой биші болмасам да, би үйірмесіне қатысқаным бар еді. Сондықтан соңғы қоңырау да билейтін вальсті бірге дайындайық иә?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет