ҚАНАТ: Шын айтам апай, шықпай ақ қояйықшы. Мен қараңғыдан қорқамын.
МҰҒАЛІМ: Қорыққанға қос көрінеді деген. Қорықпаймын дегенің қайда ешкімнен.
ҚАНАТ: Ол жарықта ғой.
МҰҒАЛІМ: Көп сөзді көбейтіп қайтеміз. Кеттік.
ҚАНАТ: Апай қайдасыз?
МҰҒАЛІМ: Мама!
ҚАНАТ: Не болды?
МҰҒАЛІМ: Ана жақта бірдеңе жүр.
ҚАНАТ: Қайда?
МҰҒАЛІМ: Ана жақта қарашы.
ҚАЙЫРЖАН: Апайға не болды?
ҚАНАТ: Ей сенбісің, кет кет. Рас, рас, бірдеңелер жүр. Артыңызда бірдеңелер жүр!
МҰҒАЛІМ: Қанат! (Құшақтап алады) ҚАНАТ: Ай, жаным, жүрегім. Қаттырақ құшақтаңызшы, қорқып барамын.
МҰҒАЛІМ: Сен оны анық көрдің ба?
ҚАНАТ: Иа рас анық көрдім.
МҰҒАЛІМ: Енді не істейміз?
ҚАНАТ: Қорықпаңыз, өлсек бірге өлеміз.
МҰҒАЛІМ: Қайтадан қарайықшы мүмкін ештеңе жоқ шығар.
ҚАНАТ: Жоқ жоқ, сізге қозғалуға болмайды. Қозғалсақ бізге біреулердің зияны тиуі мүмкін.
МҰҒАЛІМ: Мүмкін ештеңе жоқ шығар. Қарайыншы мен былай тұршы.
ҚАНАТ: Жоқ бармаңыз, қарасаңыз жүрегіңіз жарылады. Қорықпаңыз.
МҰҒАЛІМ: Құдайым өзің бір сақтай көр.
ҚАНАТ: Мен де сізді сақтай аламын.
МҰҒАЛІМ: Есік ашылған секілді.
ҚАНАТ: Кім ей бұл?!
ҚАЙЫРЖАН: Қайыржанмын. Жарық неге өшіп тұр?
МҰҒАЛІМ: Қабыланбеков құтқаршы бізді.
(Қайыржан жарықты жағады) ҚАЙЫРЖАН: Ой мә не істеп тұрсыздар ей? (Көзін қолымен жұмады) МҰҒАЛІМ: Қанаттың қолы қарысып қалды. Дәлізде ештеңе көрген жоқсың ба?
ҚАЙЫРЖАН: Жоқ, ештеңе көрген жоқпын.
(Құшақтасқанын қояды) МҰҒАЛІМ: Бізге көрінген нәрсе саған қалай көрінбейді.
ҚАНАТ: Аа оның атасы молда болған.
ҚАЙЫРЖАН: Иә иә.
ҚАНАТ: Оны көріп дәліздегі жын-шайтандар қашып кеткен шығар.