Сценарий атауы: «Мақсат жолында»


-көрініс: Тәуекел Елемеспен байланыс құру мақсатында түсте онымен бірге тамақтануды шешеді. Тәуекел



бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі40,54 Kb.
#139468
түріСценарий
1   2   3   4
2-көрініс:
Тәуекел Елемеспен байланыс құру мақсатында түсте онымен бірге тамақтануды шешеді.
Тәуекел: Сәлем, Елемес қалайсың, ата-анаң қалай?
Елемес: Сәлем!
Тәуекел: неге көңіл күйің жоқ?
Елемес:Оны қайтесің? Не керек соны айтсаңшы?
Тәуекел: Досым саған не болған? Айтшы Елемес неге ешкіммен араласпайсың? Неге әрдайым көңілсізсің?
Елемес: Ол сенің шаруаң емес! Жөніңе жүр!
Тәуекел: Досым сен өте ақылды адамсың, неліктен осындайсың? Адамның күні адаммен емес пе? Неге адамдарға сондай суықсың?
Елемес: Әркім тек өзін ойлайды, Адамдардан ешқандай жақсылық күтпе, өміріңдегі қиын сәтте тастап кетеді, ал сенде барлығы бар кезде жаныңнан шықпайды!
Тәуекел: Ия, Досым мен сені түсінемін, ондай адамдар көп, бірақ білесің ба? Бес саусақ бірдей емес, әрі әркімге ренжіп жүре берсең өміріңнің мәні болмайды. Айтпақшы мынау саған, менің атымнан сыйлық жаңа сағат, саған арнап алдым.
Елемес: Рахмет!, Бірақ неге?
Тәуекел: Жәй ғана сыйлық, сыйлық жасау үшін себеп керек емес деп ойлаймын.
Міне осылайша Тәуекел Елемеспен жақсы тіл табысып кетті. Біздің соңғы кейіпкеріміз Алмас. Алмас көңілді, бірақ әрдайым есеппен жүретін адам, дәлілерек айтсақ ол тегін жұмыс жасағысы келмейді.Бұл қарым-қатынас оңай болатын секілді.
3-көрініс:
Ендігі кезекте Алмаспен тіл табысу керек, оның басты қасиеті, ол көңілді әрі креативті адам. Ал креатив бизнесте қатты бағаланады. Сонымен Алмаспен тіл табысу мақсатында қолына екі шыны аяқ кофесін алып, Алмасқа қарай жақындайды
Тәуекел: Сәлем Алмас, кешегі матчты көрдің бе? Бұл матч көпке дейін ұмытылмайды.
Алмас: Әрине, көрдім мен бұл матчты қалайша жіберіп алуым мүмкін еді. Оо, мына кофе маған ба? көп рахмет!
Тәуекел: Ия, бұл саған оқасы жоқ.
Алмас: Сенімен дос болу маған ұнауда, сен бір мәрт адам екенсің!
Тәуекел: Ал сенің тіл байлығың мол секілді, Осындай сөзді естімегелі көп болыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет