«Сегіз қырлы бір сырлы»



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата12.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9262
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ТАЖАЛДЫ ТҦНШЫҚТЫРҒАН 
ТҦЛҒА 
 
 
 
Ерлан СЫДЫҚОВ,  
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  
университетінің ректоры, профессор 
 
Егемен Қазақстан, 23 сәуір 2010 ж. 
 
 
 
 
 
Тарих  уақытының  кҥнпарағындағы  қазіргі  кезең  –  Жер  ананың 
тҿсінде Бейбітшілік ҽлемін орнатуды аңыздай аңсаған тҧс. Адамзат зеңгір 
кҿкпен  таласқан  шаттық  шаңырағы  астында  сергек  сеніммен  тамаша 
дҽстҥрді  ашық  дамытуға  бастайтын,  тайталастардың  орнына  тҿзімділікті 
ҧран ететін кҿшбасшы Тҧлғаға зҽру еді. 
Таңдау  Қазақ  елінің  перзентіне  –  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Назарбаевқа 
тҥсті. 
Оның  себебі:  тҿрткҥл  дҥние  тҧрғындарын  тҽнті  еткен  Тҧлғалық 
феномен.  Тарихи  уақиғалар  барысына  ықпал  ету  қабілетін  берген  тҽңір 
жазуы.  Ҽділ  ҽрекет  пен  алғыр  сананың  сындарлы  тоғысы.  Демек,  тҧтас 
Қазақ елінің баянды бағы. 
Ол  бейне  бір  Прометейдей  қараңғы  тҥнекті  сҽулелендірер  жарық 
ҧсынды. Сҿйтіп, мемлекеттер арасындағы сҧхбат пен ҿзара сенім ҽлсіреген 
сын  сағатта  ортақ  мҥдделестікке  бағыттайтын  шамшырақ  жанды.  Ҽлемді 
билеген кҥңгірт кҥдік сейіліп, ақ шуақ ҥміт орнықты. 
Жуырда  Семейде  Еуропа  Парламентінің  депутаты,  ЕҚЫҦ-ның 
экология жҽне қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша жеке ҿкілі 
Струан Стивенсон біздің шақыруымызбен Шҽкҽрім атындағы мемлекеттік 
университеті 
студенттері 
алдында 
лекция 
оқыды. 
Саясаткер: 

 
131 
“Қазақстандық лидер, сҿз жоқ, Тҧлға. Сондықтан, Қазақстан мемлекетінің 
тҿрағалық  етуі  тек  сіздерге  ғана  емес,  бҥкіл  ҽлем  жҧртшылығы  ҥшін  зор 
мҽртебе.  Ҿйткені,  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  жасампаз  қҧрылысшы”  деген  бір 
пікір айтты. Жасампаз қҧрылысшы! Тҧлғаның ҽлемдік деңгейде дараланған 
келбетін  еуропалық  парламентарийдің  аузынан  айтылған  осы  сҿздің 
мағыналық жҥгі ашып тҧрғандай. 
 
 
 
Небары  20  жылға  толар-толмас  уақытта  Орталық  Азияда  қуатты 
Қазақстан  мемлекетін  қҧрды.  Бабалардан  келе  жатқан  сан  ғасырлық  ҧлы 
арман – Тҽуелсіздікті орнатты. Жай орнату емес, тҥрлі ҧлттар ҿкілдерінің 
Отаны атанған қазақ жерін бірлік пен берекенің, ынтымақ пен ізгі ниеттің 
қҧтты мекеніне айналдырды. 
Қайыспас  қажырын  елдік  намыс  рухымен  қатар  ҧштап,  алмағайып 
қиын  кезеңде  егемен  елдің  кҿк  байрағын  жалаулатқан  Тҧлғалық  қасиетті 
неге ҧлықтамасқа?! Осы орайда оқу-ағарту саласының қызметкері ретінде 
ой  туындайды.  Ертеңді  кҥтпей,  дҽл  бҥгіннен  бастап  ел  қорғаны  болар 
ерлікті, отан сҥйгіштікті жас ҧрпақ санасына Елбасының жеке мысалында 
сіңіре  білуіміз  қажет.  Неге  десеңіз,  ҧлт  қамқоршысы  бойындағы  шынайы 
жанашырлықты Президент тҧлғасынан кҿреміз. Ҽлем ҧлтты, халықты ҧлт 
тҧлғалары  арқылы  танып  біледі.  Ал  қазақ  ҧлтын  ҽлемге  танытқан  – 
Нҧрсҧлтан  Назарбаев.  Жалпы  қоғам  тарихи  тҧлғаның  рҿлін  ешқашан 
жоққа  шығармайды.  Біз  ҧлт  басшысын  қастерлеп,  қҧрметтеуді  ҽлемдегі 
ҿркениетті  елдерден  ҥйренсекші.  Тіпті,  тегі  бір  туысқан  тҥрік  халқының 
ҿзінде  Анадолыда  алғаш  жаңа  тҥрік  мемлекетінің  негізін  қалап,  қҧрушы 
Мҧстафа Кемал Ататҥрік есімін мҽңгілік ҧлттық мақтанышқа айналдырған. 
Олай  болса,  ҽлем  бейбіт  ҿмірдің  сенімді  кепілі  ретінде  танып  отырған 
Президентіміздің  ҿнегелі  ісінің,  кісілік  келбетінің  бҥгінгі  жастарымызға 
ҥлгі етуге бағытталған тҽрбиелік жҧмыстардың тетіктерін іске қосу керек. 
Осы  орайда  Алаш  кҿсемі  Ахмет  Байтҧрсыновтың  “Ҧлым  деген  жҧрт 
болмаса, жҧртым деген ҧл қайдан туады” деген даналық сҿзі ойға оралады. 
Ҧлттың  кҿсемін  қҧрметтегеніміз  –  халықты  қҧрметтегеніміз.  Ежелгі 
дҽстҥрге  сҥйенсек,  қазақ  ел  басқарған  ханын,  дуалы  ауыз  билерін,  қол 
бастаған 
батырларын, 
ғасырдан 
ғасырға 
дҽріптеген 
халық. 
Жастарымыздың  саяси-ҽлеуметтік  белсенділігін  арттыруды,  білімді  ҽрі 
зиялы азамат етіп тҽрбиелеуді осы арнадан бастасақ игі. 

 
132 
БҦҦ-ның  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мунның  Семей  полигоны  орнына 
арнайы  атбасын  бҧрып  келген  жолында  Қазақстан  Президентінің  орасан 
сынақ  аумағын  ғана  жауып  қоймай,  ядролық  қарудан  ада  аймақ  қҧрған 
батыл  ҽрекетін  бҥкіл  ҽлемді  ядролық  қарудан  қҧтқару  ҥшін  берік  іргетас 
қалап берді деп бағалағаны баршаға мҽлім. 
 
 
 
Елбасымызға  арнайы  ізетпен  “Жер  жаһанға  ядролық  қарулануды 
тоқтатуға  жар салуға  Сізден  лайықты  лидер  жоқ”  деген  ҧсынысы  қарама-
қайшылықтардың алдын ала білетін дана Тҧлғаға тағзымы деп бағалаймыз 
ҿз кезегімізде. 
Ел  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  арқылы  Қазақстан  да  ҽлем 
жҧртшылығы  алдында  бірегей  позицияда  айқындалды.  Қазіргі  заман 
тарихының  аса  кҥрделі  кезеңінде  ЕҚЫҦ-ға  басшылық  етуші  ел  ретінде 
Қазақстанның мҽртебесі бҧрынғыдан бетер жарқырай тҥсті. 
Атап  айтсақ,  Мемлекет  басшысының  қҧрған  бейбіт  ел  ҥлгісіне 
басқалар  талпынуда.  Соның  бір  айғағы  –  АҚШ  Президенті  Барак  Обама 
мен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің ҿз мемлекеттеріндегі ядролық 
қару тҥрлерін анағҧрлым шектеу жҿніндегі шартқа отыруы. 
Нҧрсҧлтан Назарбаевтың қаһармандық тҧлғасы жайлы сҿз қозғағанда 
осыдан  жиырма  жыл  бҧрын  Семей  ядролық  полигонын  жабудағы  орасан 
еңбегін  ҧрпаққа  насихаттауға  тиіспіз.  Абай,  Мҧхтар,  Шҽкҽрімдей  ҧлттық 
ақыл-ойдың  алыптарын  ҿмірге  ҽкелген  ҧлылар  мекені,  қазақ  руханияты 
мен  мҽдениетінің  орталығы  Семей  жері  қырық  жыл  бойына  жҥргізілген 
сынақтар  салдарынан  экологиясы  бҧзылып,  халық  адам  айтқысыз  зардап 
шекті.  Бір  сҽтте  ешкімнің  келісімінсіз  ҧлы  ақын  елі  улы  атом  еліне 
айналды.  1949  жылдың  29  тамызында КСРО  Семей полигонында  тҧңғыш 
рет ажал аждаһасы саналған атом бомбасын сынақтан ҿткізді. Бҧл жойқын 
жарылыс  Абралының  Дегелең  тауын  тітірете  теңселтті.  Кҿкжиектен 
тосыннан  жарқ  етіп  пайда  болып,  демде  бҧлттанып  сейілетін  “ғажап” 
саңырауқҧлақ  сҧлбасын  қызықтаған  ауылдың  талай  қалқанқҧлақ  қара 
баласы айықпас дерт қҧшты. Сол себептен де, Тҿлеген досымның “Заман-
ай”  ҽні  ядролық  тажалдың  қҧрсауында  “мҽңгілік  бала  бейнеде”  қалған 
талай  Лҽйлҽлардың  ҿкінішті  ҿміріне  арналған  гимн  деп  есептеймін. 
Мектепте  “Дҥние  жҥзі  тарихында”  жазылған  кішкентай  жапон  қызының 

 
133 
сҽуле  ауруынан  жазылуға  деген  ҥмітпен  қағаздан  мыңдаған  тырналар 
жасағанын, тиісті санға жетпей ҿмірінің қиылғанын оқып, Кеңестер Одағы 
балаларының  бақытты  болашағына  ондай  кеселдердің  кесір  келтірмесіне 
ешбір  кҥмҽнсіз  болып,  ал  ҿздерінің  ядролық  тажал  апанында  тҧратыны 
қаперіне  де  кірмеді.  Кеңес  Одағының  ҽскери-ҿнеркҽсіптік  кешенінің 
дамуына  Қазақ  КСР-інің  тамаша  ҥлес  қосқанын  мақтаныш  етті….  жалған 
идеологиямен суарылған саналар. 
Семей  ядролық  сынақ  полигонында  дерек  кҿздері  бойынша  40  жыл 
ішінде  500-ден  астам  сынақ  жҥргізілсе,  оның  117-сі  жер  бетінде  іске 
асырылды.  Алғашқы  ядролық  жарылыс  бҥкіл  дҥние  жҥзіне  Кеңес 
Одағының  аждаһа  қарудың  монополисі  екенін  дҽлелдесе,  полигон 
маңындағы  Абралы,  Абай  аудандары  тҧрғындарының  ҿмірі  мен 
денсаулығы қҧрбандыққа шалынды. 40 жыл бойы мың Хиросиманың кҥнін 
кешті. Алайда, олар оның бҽрінен бейхабар еді. 
 
 
 
1957  жылдары  Алматыдан  ғалымдар  С.Балмҧханов,  Б.Атшабаров 
бастаған  топ  полигон  маңындағы  тҧрғындардың  денсаулығына  зерттеу 
жҥргізіп,  радиациялық  сҽуле  ҽсерінен  болған  ерекше  дертке  “Қайнар 
синдромы” деген атау берілді. Ғалымдардың болжауы бойынша иммундық 
жҥйенің  радиация  ҽсерінен  дҽрменсіз  кҥйге  тҥсуінен  қатерлі  обыр 
жасушалары  тоқтаусыз  ҿсу  қатеріне  ие  болады.  Тағы  бір  қасірет 
психикалық тҧрғыдағы аурулардың бой кҿрсетуі еді. Ақ қан ауруы (лейкоз) 
Қайнар, Саржал, Қарауыл, Долон, Знаменка тҧрғындары арасында кҿбейді. 
Статистикалық  деректерсіз-ақ  айтарым,  менің  балалық  шағым  Дегелеңге 
іргелес  орналасқан  Саржал  ауылында  ҿтті.  Қаршадайымыздан  сол 
қасіретке  куҽ  болдық.  Біздің  ауылды  ядролық  жарылыстың  эпицентріне 
орналасқан  деп  айтсақ  та  болады.  Олай  дейтініміз,  Саржал  жер  ҥсті 
жарылыстары  ҧйымдастырылған  жерден  бар-жоғы  25  шақырым 
қашықтықта, ал жер асты ядролық дҥмпулерінен 30-35 шақырым аралықта 
орналасқан.  Осы  ретте  сол  жарылыстардың  арғы  тарихына  тереңдей 
бойласақ, адам нанғысыз зҧлымдыққа тап боласыз. 
Ҿз жерінде мылтықсыз майданның қҧрбандарына айналған халықтың 
денсаулығына  іс  жҥзінде  ешбір  жҽрдем  кҿрсетілмеді.  Оны  айтасыз, 
дҽрігерлерге радиация ҽсерінен болған аурулардың дҧрыс диагнозын қоюға 
тыйым салынды. 

 
134 
Менің  атамекенімнің  маңдайына  осындай  қасірет  таңбасы 
басылыпты. Бҧл зобалаң біздің ауылдың ешбір отбасын айналып  ҿтпеді… 
Тек  алпысыншы  жылдардан  бері  ғана  бір  ауылдан  500-ден  астам  адам 
ядролық  сынақтың  кесірінен  қыршынынан  қиылса,  150-ден  астамы 
онкологиялық  емханада  жатып,  жарық  дҥниемен  қош  айтысты.  Ал 
қаншама адам ҿз-ҿзіне қол жҧмсау қасіретіне ҧшырады. 
Қырық  жылға  тарта  созылған  жойқын  алапат  барысында  18  мың 
шаршы  шақырымнан  астам  аумақта  470  ядролық  жҽне  термоядролық 
жарылыстар  жасалды.  Оның  352-сі  жер  астында  ҿткізілсе,  118-і  жер 
ҥстінде  ашық  тҥрде  сыналды.  Осындай  сынақтармен  қабат  Семей 
полигоны  аймағында  химиялық  жарылғыш  заттарды  қолдану  арқылы  175 
жарылыс жасалып, олардың сҧрапыл ядролық қуаты  тексеруден ҿткізіліп, 
жергілікті халық денсаулығына адам айтқысыз зардап ҽкелді. 
Семей  полигонында  жасалған  бҧл  сынақтардың  жалпы  жиыны 
Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе артық ядролық 
қуатты  қҧрады.  Кеңес  ҿкіметі  келмеске  кеткен  соң  Қазақтан  аумағында 
мҧраға  қалған  уран  ҿндірісі  мен  ядролық  қондырғылардың  мол  қоры 
қалғаны  белгілі.  Нақтылап  айтсақ,  жаппай  қырып-жоюға  арналған  1216 
қҧрлықаралық  баллистикалық  оқтҧмсықтар,  кҿп  мақсатты  стратегиялық 
“Ту-95МС”  бомбалағыш  ҧшақтары,  1400  ядролық  оқтҧмсықтармен 
жабдықталған  104  “СС-18”  қҧрлықаралық  баллистикалық  зымырандар 
болды.  Бҧл  дегеніміз  жер  шарын  бес  мҽрте  жоя  алатын  ҽлемде  ядролық 
арсеналы  жағынан  АҚШ,  Ресей,  Украинадан  кейінгі  тҿртінші  орынды 
иеленгені тарихтан белгілі. 
Бҧл  дегеніміз  қатерлі  ісікке  шалындыратын  қасірет  ошағы  қолдан 
жасалды  деген  сҿз.  Осындай  сҧмдықты  кҿріп-біле  отыра,  КСРО  ҽскери-
ҿнеркҽсіптік  кешені  аталған  “қҧбыжық”  темір  тордың  аржағындағы 
жергілікті  халықтың  ҽлеуметтік  жағдайын  назардан  тыс  қалдырды.  Ажал 
аждаһасын  ауыздықтауға  бел  буған  қайсар  тҧлға  болмаса,  бҧл  қайғы-
қасірет ҽлі де қаншама буынды шарпуы сҿзсіз еді. 
Қазақ  жеріндегі  осындай  адам  тҿзгісіз  алапатты  тоқтатып,  тажалды 
тізгіндеуді жоғарыдан талап ету жайлы жан кҥйзелісі мҽрт Тҧлғаға бір сҽт 
тыным бермеген. 
 
 
 

 
135 
Менің  жазу  ҥстелімнің  тартпасында  жатқан  шағын  кітап  бар.  Ол 
республиканың  еңбек  сіңірген  қайраткері,  бҧрынғы  Семей  облысы 
обкомының  1  хатшысы  болған  марқҧм  Кешірім  аға  Бозтаевтың  “Семей 
полигоны  “Қайнар  қасіреті”  кітабы.  Сол  кездің  шындығын  былай  деп 
жазыпты:  “1988  жылдың  ақпанында  облысқа  республика  Министрлер 
Советінің  Тҿрағасы  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Назарбаев  келді.  Ол  кҿптеген 
аудандарда,  соның  ішінде  шалғайдағы  жҽне  артта  қалған  аудандарда  да 
болды, жҧрттың қандай жағдайда тҧрып жатқанын ҿз кҿзімен кҿрді, біздің 
ҽлеуметтік  жайсыздықтарымызға  енжар  қарай  алмады.  Н.Ҽ.Назарбаев  ҿз 
пікірін айтты: толық аумағында жҧмыс істеп тҧрған ядролық полигонның 
бар  екендігі  одақтық  ҥкіметтің  аймақ  тағдырына  араласуына  қҧқық  беруі 
қажет,  осыған  орай  КСРО  Министрлер  Советінің  арнайы  қаулысын 
шығарту керек деді. 
Республикалық  ҥкімет  басшысының  қолдауы  мен  тҥсінуі  бізді 
қанаттандырғандай болды. Біз бірден жҧмысқа кірісіп кеттік те, кешікпей 
КСРО  Министрлер  Советінің  Тҿрағасы  Н.И.Рыжковтың  атына  хат 
дайындалды.  Н.Ҽ.Назарбаев  оған  қол  қойып,  Н.И.Рыжковпен  одақтық 
ҥкіметтің арнайы қҧжат қабылдауы туралы келісті”. 
Бҧл  қаулы  шығарылғанға  дейінгі  Одақ  тарапынан  жасалған 
қысымдардың  сан  тҥріне  тҿтеп  берерлік  сындарлы  да  жҥйелі  саясат 
жҥргізген  тегеурінді  Тҧлғаның  кемеңгерлігімен  халық  санасы  оянды.  Сол 
кезде қайраткер досы Олжас Сҥлейменов ҥлкен қолдау кҿрсетті. 
“Невада-Семей”  қозғалысының  дҥниеге  келген  кҥні  кҿз  алдымда: 
1989  жылдың  қысында  кҥні  қазіргі  белгілі  қоғам  қайраткері,  сенатор 
Ғарифолла  Есім  бар,  біраз  жігіттер  Алматыда  біліктілік  жоғарылату 
курсында  оқып  жҥр  едік.  28  ақпан  кҥні  Жазушылар  одағының  залында 
Олжас Сҥлейменов кҥндей кҥркіреген айбынды дауысымен ҽйгілі Ҥндеуді 
оқыды.  
 
 
Сол  кезде  оның  қасына  ҽлде  бір  тҥсі  суық  адам  жақындап  барып, 
микрофонын сҧрады. Ҽрине, бізді ҥрей биледі. Желтоқсаннан кейін ондай 
сезімнің  болуы  тҥсінікті  ғой.  Бірақ,  жаңағы  кісі  “осы  залда  ҥш  жҥз  адам 
отырса,  сыртта  ҥш  мың  адам  тҧр.  Сондықтан  дыбыс  кҥшейткіш 
қондырғыларды  іске  қосыңыздар,  сырттағылар  да  естісін,  –  деді.  Міне, 
қуатты  халықтық  қозғалыс  қанат  қақты.  Оған  серпін  берген  дегдар 
тҧлғаның  пҽрмені  еді.  Халықтық  толқулар  сол  жылға  жоспарланған  18 

 
136 
жарылыстың  он  бірінің  алдын  алуға  мҥмкіндік  туғызды.  Жер-жерден 
полигонды  жабуды  мойнына  алған  “қайраткерлер”  саясат  аренасына 
ҧмтылып, ҧпай алғысы келгендер де табылды. 
Бірақ,  біз  бҥгін  аса  маңызды  тарихи  фактілерді  қайталаудан 
тынбауымыз керек. 
 
 
 
1989 жылғы 21 сҽуір кҥні полигонда 50 килотондық жарылыс болды. 
Сҿйтіп  ҽскери-ҿнеркҽсіп  кешені  нақты  қоқан-лоққы  кҿрсетті.  Сол  кезде 
“Семей  ядролық  полигоны  туралы”  Орталық  Комитет  Саяси  Бюросының 
қаулысының  жобасы  шығады.  Жобаға  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  бірінші  хатшысы  Г.В.Колбин  қол  қояды.  Қазақ  КСР 
Министрлер  Советінің  Тҿрағасы  Н.Ҽ.Назарбаев  халықтың  шеккен 
зардаптарын жоюға қатысты мҽселе кҿтерілмеген деп, жобаға қол қоюдан 
бас тартады. Қаулыға халықтың денсаулығын зерттейтін шаралар кешенін 
жҽне  арнайы  ғылыми-практикалық  конференция  ҿткізу  туралы 
тармақтардың енгізілуіне тас-тҥйін табандылықпен ықпал етеді. 
Тҽуелсіз Қазақ елінің іргетасы енді қаланып жатқан кҥрмеулі шақта 
Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  1991  жылғы  29  тамыздағы  №409  Жарлығымен 
Семей ядролық сынақ полигонын жабуы теңдессіз ерлікке бара-бар еді. 
Бҧл  “Маған  ары  ҥшін  жанын  садаға  ететін  осындай  текті  халыққа, 
мені  ҧлым  деп,  перзентім  деп  тҿбесіне  кҿтерген  халыққа,  арғы-бергідегі 
қазақ  баласының  бірде-бірінің  пешенесіне  бҧйырмаған  бақытты  – 
толыққанды, тҽуелсіз мемлекет қҧрудың басында болу бақытын бҧйыртқан 
халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ”, – деп ағынан жарыла 
аманат арқалаған мҽрт тҧлғаның толғанысы. 
Осы Жарлыққа дейінгі жолда қаншалықты ерік-жігер мен мейлінше 
табандылық  жатыр  десеңізші!  Бҥгінде  Семей  полигонын  жабу  туралы 
Президент  Жарлығының  ядролық  қарусыз  ел  мҽртебесінің  биігін 
белгілеген,  адамзат  дамуындағы  бейбіт  қоғам  ҥшін  жасалған  бірден-бір 
батыл тарихи қҧжат екендігін тҿрткҥл дҥние тҥгел мойындап отыр. 
 
Полигон  зардабын  жарты  ғасырға  жуық  тартып,  ядролық  сынақтан 
пайда болған қайғы-қасіреттен бір сҽт кҿз ашып, бас кҿтере алмай келген 
халық  бҧл  хабарды  зор  ризашылық  сезіммен  қабылдады.  Бҧл  шешім  жер 
шарының миллиондаған адамдарына қуаныш сыйлады, адамзат баласының 

 
137 
бойына  ядролық  сынақсыз  азат  ҽлем  қҧруға  болатындығы  туралы  сенім 
ҧялатты. 
Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  осы  қадамы  империялық  пасық  пиғылды 
кҥйретіп,  ядролық  қаруды  игеру  арқылы  жер  жаһанға  қожалық  жасауға 
ҧмтылған 
ашкҿзділікке 
тоқтам 
жасауға 
болатындығын 
ҽлем 
қауымдастығына дҽлелдеп берді. Жарты ғасырдан артық  адамзат баласын 
біржолата  жер  бетінен  жойылып  қҧру  қаупін  тҿндірген  жойқын  қатердің 
алдына  тосқауыл  қойылды.  1992  жылдың  23  мамырында  Қазақстан 
мемлекеті стратегиялық мақсаттағы жаппай қырып-жою қаруларын шектеу 
жҽне  қысқартуға  бағытталған  КСРО  мен  АҚШ  арасындағы  Келісімге 
сҽйкес  Лиссабон  хаттамасына  қол  қойып,  ҿз  міндеттемесін  қалтқысыз 
жауапкершілікпен орындады. 
Бҧл  игі  бастама  ҽлем  жҧртшылығы  тарапынан  да  қызу  қолдауға  ие 
болып,  1992  жылы  Америка  халқы  АҚШ  конгресін  ядролық  сынақтарды 
тоқтатуға  мҽжбҥр  етті.  Осының  соңын  ала,  1995  жылы  Тынық  мҧхиты 
аралындағы  француз  полигоны  қҧрықталды.  Ал  1996  жылы  Лоб-Нор 
шҿліндегі Қытай ядролық жарылыс алаңы да ҿз ҥнін ҿшіріп, халықаралық 
мораторий  орын  алды.  Сонымен  қоса  кешегі  КСРО-ның  жарты  ғасыр 
ядролық  қалдықтармен  улаған  зардаптарын  жою  ауыртпалығы  тек 
Қазақстанның  ғана  мойнына  тҥскен  жҥк  болып  қалды.  Осы  ретте  Семей 
ядролық  полигоны  зардаптарын  толықтай  жоюды  кешенді  тҥрде  шешуге 
бағытталған 
мемлекеттік 
бағдарламасының 
аясында 
аймақтың 
инфрақҧрылымын  дамытып,  шағын  жҽне  орта  бизнесті  жетілдіруге  баса 
назар  аударылып,  ауқымды  шаруалар  қолға  алынып,  ҿз  нҽтижесін  беріп 
жатқандығын айтуға тиіспіз. 
Жҧртының  тағдырына  жан-жҥрегімен  кҥйген  кемел  тҧлға  ядролық 
қарусыз  ҽлемді  қуаттаған  қадамымен  жаһан  жҧртшылығын  ізгілендіруге 
бағытталған  жақсылықтың  жаршысы  болды.  Ҿткен жылы Семей ядролық 
сынақ  полигонындағы  сынақтардың  тоқтатылуының  20  жылдығына 
арналған  салтанатта  сҿйлеген  сҿзінде  Елбасымыздың  29  тамыз  кҥнін 
жаппай  қырып-жою  қауларын  жоюдың  Бҥкілҽлемдік  кҥні  деп  жариялау 
туралы мҽлімдемесі БҦҦ-да қолдау тауып, бҧл кҥн “Халықаралық ядролық 
қарусыздану кҥні” болып белгіленді.  
Бҥкіл  ҽлемді  бітімгершілікке  шақырған  Қазақстан  лидерінің  бҥл 
ҽрекеті  шартараптан  Жер  планетасының  жарақатына  шипа  болар 
дҽрумендей  бағаланды.  Ҿйткені,  қазіргі  таңда  дҥние  жҥзінде  41  мың  735 
ядролық  оқтҧмсық  сақталып  отырғанын  ескерсек,  бҧл  қатер  Жер 
планетасын  жҥз  мҽрте  жойып  қана  қоймай,  жалпы  Кҥн  галактикасының 
ҿзін тҧтастай қҧртып жіберуге толықтай қауқарлы екендігін қазіргі ғылым 
дҽлелдеп отыр. 
Елбасы  2005  жылы  Семейде  Шығыс  ҿңірі  тҧрғындарымен  кездесу 
жиын ҿткізгенінде, сҿз сҿйлеу мҽртебесіне ие болып:  
“Қырық  жыл  бойы  ажал  тҿккен  Семей  полигоны  Сіздің  тегеурінді 
кҥш-жігеріңізбен  жабылды.  Бейбітшілік  жолындағы  бҧл  еңбегіңізді  бҥкіл 
дҥние жҥзі жақсы біледі, мойындайды, бағалайды! Ҽлемде ядролық қаруды 

 
138 
қолдап,  полигон  ашқан  патшалар  кҿп  болғанымен,  адамзат  тарихында 
полигонды  жапқан  Президент  тек  Сіз  ғана”,  –  деген  едім.  Арада  5  жыл 
ҿтер-ҿтпесте  жаһандық  қауіпсіздік  мҽселесіне  арналып  Вашингтонда 
ҥстіміздегі жылдың 14 сҽуірінде ҿткен “Ядролық лаңкестік қатерін азайту 
жҽне ядролық материалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жҿніндегі ҧлттық 
шаралар”  Саммитінде  беташар  сҿз  Нҧрсҧлтан  Назарбаевқа,  яғни  адамзат 
тарихында ядролық қарудан бас тартқан тҧңғыш елдің басшысына берілуі 
осы ақиқатты бекіте тҥскендей. 
Осы Саммитте АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстанды ядролық 
қарусыздану  жҿніндегі  ҽлемдегі  кҿшбасшы  ел  деп  танитынын  мҽлімдеді. 
Бҧл  ЕҚЫҦ-ға  тҿрағалық  етуші  мемлекеттің  басшысына  беріліп  отырған 
лайықты баға. 
Ядролық қарусызданудың тҧғырнамасын алғаш жасаған Қазақ елінің 
жарқын  ҥлгісіне  деген  ілтипатқа  Саммиттегі  ҽлемдік  қауымдастықтың 
ортақ пікірлері де айғақ. 
Тажал тҥнегін тҧншықтырған Нҧр Тҧлғаның қайраткерлік ҽрекеті бір 
ғана  Қазақ  елінің  жарқын  келешегі  ҥшін  емес,  барша  жер  жаһанның 
бҥтіндігін ойлаған кемел де кҿреген саясатының жемісі екендігі сҿзсіз. 
 
 
 
 
 


 
139 
 
ЕСЕЮ ЖЫЛДАРЫ 
Жақсыбай Самрат,  
журналист 
 
Егемен Қазақстан, 4 Маусым 2010ж. | Замана //www.egemen.kz/ 
 
 
 
 
Елбасы  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  1958-1960  жылдардағы  ҿмірі 
Украинаның  Днепродзержинск  қаласында  ҿткені  белгілі.  Қазақстаннан 
барған  67  бозбала  қатарында  ол  да  осындағы  металлургтер  дайындайтын 
№8  техникалық  училищеде  оқыған.  Бҧл  жылдар  –  қандай қиындық  болса 
да  қазақ  баласы  да  қарсы  тҧрып,  ҿзгелерден  қалмай  шыдайды  жҽне  оны 
жеңіп  шыға  алады  деп  жас  Нҧрсҧлтанның  ҿзіне  ҿзі  намысты  ерше  серт 
беріп,  шыңдалудан  ҿткен  жылдары  еді.  Ол  мҧнда  қҧрыш  балқытуды 
ҥйреніп қана қойған жоқ, шын мҽнінде ҿзі де қҧрыштай болып шынықты.  
Біз оқырмандарымызға Тҧңғыш Президентіміздің осы алғашқы ауыр 
сыннан  сҥрінбей  ҿткен  жылдарына  шолу  жасап,  қҧрыштың  отаны  – 
Днепродзержинск  қаласы  мен  ондағы  ҿмір  туралы  баяндап  беру 
мақсатымен Украинаға сапар шеккен едік. 
 
 
 
ДНЕПРОДЗЕРЖИНСКІДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДОСТАРЫ 
 
Украинаға табанымыз тигеннен-ақ біз ерекше адами жылылыққа тап 
болдық.  Қай  жаққа  қарасақ  та,  кездескендерден  қандай  жҿн  сҧрасақ  та 

 
140 
адамдардың  жылы  қарым-қатынас  жасап,  кҿмек  қолын  созуға  дайын 
тҧрған елгезек ілтипатына ішпей-жемей риза болып, бір жақындықты сезіп 
тҧрдық. 
Таң  алдындағы  ҧшақпен  Киевтің  халықаралық  “Борисполь” 
ҽуежайына  тҥскен  бізді  Қазақстанның  Украинадағы  елшілігінің 
тапсыруымен  келген  Женя  деген  жігіт  қарсы  алды.  Ол  да  қолдан  келген 
барлық жақсылығын жасап, қажетті кҿмектерін кҿрсетіп жатыр. Ауа райы 
Астанаға  қарағанда  анағҧрлым  жылы  Киев  бҧл  кезде  жасыл  желекке 
барынша малынып, жайқалып ҥлгеріпті. 
Біз  алдымен  облыс  орталығы  –  Днепропетровскіге  ҧшатын  ҧшаққа 
билет  алдық.  Днепродзержинск  –  осы  облысқа  қарайтын  қала.  250  мыңға 
жуық тҧрғыны бар ол біздегі облыс орталықтарының біріндей болғанымен, 
миллионнан артық халқы бар Днепропетровскіге қарағанда кішігірім ғана 
мекен.  Бірақ  “қҧрыштың  отаны”  деген  атағы  алысқа  кеткен  дҥние  жҥзіне 
белгілі  қала.  Днепропетровск  ҽуежайында  бізді  Василь  Черномор  деген 
украин  жігіті  ҿзінің  мҽшинесімен  қарсы  алды.  Днепропетровск  пен 
Днепродзержинск  арасы  50  шақырымдай  жер.  Василь  Черномор  бізді 
С.Наливайка  атындағы  Аймақтық  басқару  институтына  алып  келді. 
Қонақҥйге  апармай  бірден  осында  алып  келгендігінің  ҥлкен  себебі  бар 
болып шықты. Мҧнда бізді осы институттың директоры Василий Швец пен 
Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  осында  оқығанда  кҥрестен  жаттықтырушысы 
болған  Лев  Ежевский  кҥтіп  отыр  екен.  Бҧл  екеуі  де  Қазақстан  десе 
елеңдесіп  қалатын  азаматтар  болып  шықты.  Василий  Швец  1996-2005 
жылдары  Днепродзержинск  қаласының  басшысы  болған  кісі.  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлын  2000  жылы  Днепродзержинск  қаласының  250  жылдық 
салтанатына  келген  сапарында  қарсы  алып,  мҽжілістес  болған.  Сол  жолы 
ол Теміртау мен Днепродзержинск шаһарларының бауырлас қалалар болуы 
туралы  ҧсыныс  жасап,  оны  Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаев  пен  сол 
сапарда бірге болған Украина Президенті Л.Кучма қолдаған екен. Қазір ол 
осы  қаладағы  “Украина  –  Қазақстан”  достық  қоғамын”  басқарады.  Ал 
Л.Ежевский  оның  орынбасары.  Жасы  биыл  80-ге  толатын  бҧл  қартың 
Қазақстан  десе  ішкен  асын  жерге  қоюға  бар.  Ҿзі  біздің  елде  бірнеше  рет 
болып,  ҥлкен  қҧрмет  кҿргенін  аузынан  тастамай  айтып  отырды.  Осы  екі 
азамат  та  Қазақстан  мен  Украинаның  арасындағы  достық  пен 
ынтымақтастықтың  дамуына  қосқан  ҥлестері  ҥшін  екінші  дҽрежелі 
“Достық”  орденімен  наградталыпты.  Сҿйтіп,  біз  шҥу  дегеннен-ақ 
Днепродзержинск жерінде Қазақстанның достарымен кездесе кеттік. 
Лев  Рудольфович  жас  Нҧрсҧлтанның  алғаш  кҥрес  залына  қалай 
келгенінен  бастап,  біраз  естеліктер  айтты.  Соның  ішінде  грек-рим 
кҥресінен  67  кг  салмақта  спорт  шебері  нормативін  орындағанын  да 
қҧлаққағыс етті. 
Осы 
кҥні 
кешке 
біз  қалабасының 
орынбасары 
Татьяна 
Завгородняямен  де  кездесіп,  алдағы  кҥндерде  болатын  кездесулер  мен 
кҿргіміз  келетін  нысандар  бойынша  жоспарлар  жасадық.  Ертесіне  қала 
басшысы  Ярослав  Корчевскийдің  де  қабылдауында  болып,  шаһардың 

 
141 
бҥгінгі  тынысы  туралы  біршама  ақпарат  алдық.  Біз  ҿз  қаламыздың 
“кадрлардың  ҧстаханасы”  болғанын  мақтан  тҧтамыз.  Леонид  Брежнев, 
Владимир  Щербицкий,  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  сияқты  кадрлармен  қалай 
мақтанбассың,  деді  ол.  Оның  айтуына  қарағанда,  кезінде  КСРО-ның 
жылдық жалпы ҿнімінің 1 пайызын Днепродзержинск қаласы беріп тҧрған 
екен. 
Қалалық мҧражайда “Наша дружба вечно” деген арнаулы экспозиция 
бар  екен.  Ол  Елбасы  Н.Назарбаевтың  2000  жылғы  сапарына  арналып 
жасалған,  содан  бері  10  жыл  бойы  оның  экспонаттары  Президенттің 
Украинадағы  таныс-білістері  тапсырған  материалдармен,  қазақстандық 
тартулармен  байи  тҥскен.  Онда  Н.Назарбаевтың  осында  оқығандығы, 
Қазақстанның  қазіргі  жетістіктері  жайлы  бірқатар  материалдар  да  бар. 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  досы  Николай  Литошконың  Теміртаудан  ҥйіне 
жазған  хатының  тҥпнҧсқасы  да  осында  тҧр.  Президентіміздің  1994  жылы 
Н.Литошкоға  қолтаңбасымен  сыйға  тартқан  “Без  правых  и  левых”  деген 
кітабы да қойылыпты. 
Осы 
кҥні 
біз 
Днепродзержинск 
қаласының 
техникалық 
университетінде  де  болып,  оның  ректоры  Александр  Коробочкамен 
мҽжілістес  болдық.  Бҧл  қаланың  байырғы  жоғары  оқу  орны  екен, 
қҧрылғанына  85  жыл  толыпты.  Ҿзі  қаладағы  мемлекеттік  жалғыз  жоо. 
Бҥгінгі  кҥні  оның  9  факультетінде  8  мыңға  жуық  студент  оқып,  28  тҥрлі 
мамандық алатын кҿрінеді. Мҧның да Елбасы Н.Назарбаевқа қатысты жері 
бар. 
2007 жылдың мамыр айында Қазақстан мен Украинаның Білім жҽне 
ғылым  министрліктері  арасында  ынтымақтастық  орнату  туралы 
меморандумға  қол  қойылған  екен.  Соны  іске  асыру  ҥшін  Жоғары  оқу 
орындарының 
Н.Назарбаев 
атындағы 
еуразиялық 
консорциумы 
қҧрылыпты. Соның қаладағы орталығы осы университет. Н.Назарбаевтың 
атын  алған  соң  біз  де  белсендірек  қызмет  істеуге  тырысып  жатырмыз. 
Ынтымақтастық  бағдарламасы  ҿте  кең,  соның  ішінде  студенттер  алмасу, 
ғылыми ҽріптестіктер де бар, ҽсіресе, металлургия саласында ғылыми атақ 
қорғау ісі бойынша қазақстандықтар бізбен ынтымақтасуға ҿте мҥдделі. Ал 
біз  қазақстандық  студенттердің  бізге  келіп,  білім  алғанын  қалаймыз,  деді 
ректор. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет