«Сегіз қырлы бір сырлы»



жүктеу 1.83 Mb.
Pdf просмотр
бет12/13
Дата12.03.2017
өлшемі1.83 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 
 
 
 

 
142 
ҚЫРАН ҚАНАТ ҚАҚҚАН ҦЯ 
Міне,  осы  қаланың  металлургтер  дайындайтын  №8  кҽсіптік-
техникалық  училищесіне  алыстағы  Қазақстаннан  1958  жылы  67  бозбала 
Теміртаудағы Қазақстан магниткасы атынан мамандық алуға келеді. Олар 
мҧнда  қыздыру  пештерінің  дҽнекерлеушілері,  қҧю  кранының  машинисі 
жҽне  домна  пешінің  горновойы  мамандықарын  меңгереді.  Солардың 
ішіндегі  ең  ауыры  1500  градустық  пештің  жанында  жҧмыс  істейтін 
горновойлар еді. Жас Нҧрсҧлтан ҿзіне осы ең ауыр мамандықты таңдайды. 
Оқушылардың 
толық 
тізімі 
В.Базарянинов, 
Л.Ежевский 
жҽне 
В.Жандҽулетов  жазған  “Своими  глазами”  атты  кітапта  берілген.  Біз  оны 
қайталамай-ақ қоялық. 
Тағдырдың  жазуымен  осы  училищені  бітіргендер  арасынан  атақты 
адамдар  да  молынан  шықты.  Кҽсіптік  училищелерге  кҿбінесе  жҧмысшы 
кҽсібіне маманданатындар ғана баратынын ескерсек, бҧл да бір ерекшелік. 
Аталмыш  кітапта  “Контингент,  направлявшийся  на  берега  Днепра,  был 
неодназначным. Тут и скромные ребята из чабанских семей, и те, кто успел 
отбыть  срок  в  заключении  за  воровство  или  хулиганство”  деп  жазады. 
Солардың  арасында,  ҽрине,  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  жҧлдызы  ерекше 
жанып,  бҥгінгі  кҥні  ол  бҥкіл  ҽлем  аузына  алып,  қызығатын  Мемлекет 
басшысы  болып  отыр.  Одан  басқа  Мақсҧт  Нҽрікбаевтың,  Сатыбалды 
Ибрагимовтің,  Мақаш  Тҽтімовтің,  Қабиболла  Сарекеновтің  жҽне 
басқалардың  да  есімдері  белгілі,  олар  да  тҽуелсіз  елімізге  ерекше  еңбек 
сіңіріп  жҥрген  азаматтар.  Осындай  тҧлғаларды  шығарған  бҧл  оқу  орны 
осал  болмағаны  ғой  деген  оймен  Днепродзержинскіге  табанымыз  тиген 
кҥннің ертеңіне оны тезірек кҿруге асықтық. 
Пелин  кҿшесіндегі  ҥш  қабатты  ескілеу  ҥйдің  басқа  ғимараттардан 
ешқандай ерекшелігі жоқ, бірақ сыртқы қабырғасына жасалған қоңыр тҥсті 
барельеф  бірден  кҿзге  тҥседі.  Онда  Қазақстан  Президенті  Нҧрсҧлтан 
Назарбаев  мҥсінделіп,  астына  1958-1960  жылдары  осында  оқығандығы 
қазақ-украин  тілдерінде  жазылған.  Осының  ҿзі-ақ  алыста  жҥрген  қазақ 
баласына ҿзінің ҥйі алдынан шыққандай ҽсер қалдырады екен. 
Нҧрсҧлтан 
Назарбаевтың 
барельеф 
тҥріндегі 
мҥсіндік 
композициясын днепродзержинскілік кҽсіпкер Олег Мороз ҿз қаражатына 
тҧрғызыпты. 
Училищеге кіргеннен-ақ біз алыстағы Днепрдің бойында жатқан шет 
мемлекетте емес, ҿзіміздің облыстардың біріндегі кҽсіптік-техникалық оқу 
орындарында  жҥргендей  ҽсер  алдық.  Ҿйткені,  есіктен  тҿрге  дейін 
Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  осында  келген  сҽтінен  тҥсірілген  фотосуреттер 
ілініп 
қойылған. 
Бір  бҿлменің 
қабырғасында 
украин 
тілінде: 
“Компютерный  клас  подарував  президент  республіки  Казахстан 
Н.Назарбаэв, листопад 2005 р”. деп жазылған. Бҧл Елбасының 2005 жылғы 
сапарында  сыйлыққа  тартқан  компьютерлік  сыныбы  екен.  Тағы  бір 
бҿлмеде болашақ Президенттің осы кабинетте оқығаны туралы жазылған, 
ал екінші қатардағы партасына да осында отырғаны туралы украин тілінде: 

 
143 
“За  ціэю  партою  навчався  в  1958-1960  роках  Нурсултан  Назарбаэв”  деп 
жазып қойған. Оқушылар бҧл партаға отыруға таласатын кҿрінеді. 
Оқу  орны  музейінің  де  жартысынан  кҿбін  Н.Назарбаевтың  осында 
оқыған  жылдары,  келген  сапары  туралы  фото-бейне  материалдар, 
Қазақстанның  тҥрлі  белгілері  кҿрсетілген  экспонаттар  алған.  Тҿмендегі 
спорт  бҿлмесінде  де  Қарағанды  облысының  ҽкімі  кезінде  Нҧрлан 
Нығматулин сыйлаған теннис ҥстелдері тҧр. 
Сҿйтіп,  қайталап  айтайық,  бҧл  оқу  орнында  бҿтен  жерде  емес, 
ҿзіміздің елімізде жҥргендей болдық. Украиндардың қонақжайлығында да 
шек  жоқ,  біз  осы  қалада  болған  тҿрт  кҥндегі  тҥстігіміз  де  ҥнемі  осының 
асханасында  берілді.  Бірінші  кҥні  бізден  басқа  да  кҽсіптік  семинарға 
жиналған  мҧғалім-қонақтар  болған  еді,  оларға  бізді  арнайы  таныстырып, 
Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  оқыған  жерін  арнайы  кҿруге  келген  журналист 
деп  ауыздарын  толтырып  айтты.  Барлық  ілтипаттан  училище 
басшыларының  Нҧрсҧлтан  Назарбаевты  “біздің  адам”  деп  мақтан 
тҧтатындары сезіліп тҧрды. Оқу орны қазір жоғары кҽсіптік училище деп 
аталады екен. Бҧл атақ жоғары білім бергеніне емес, атының алысқа кетіп, 
атақты тҥлегінің арқасында абыройға бҿленіп отырғанына берілсе керек… 
Училищенің директоры Вадим Неклеса Нҧрсҧлтан Назарбаевты 2000 жҽне 
2005  жылы  осында  қарсы  алып,  мҽжілістес  болғанын  айта  келіп:  “Мен 
Нҧрсҧлтан  Назарбаевты  ҿз  ісін  мҥлтіксіз  білетін,  алдына  қойған  мақсаты 
айқын  адам  ретінде  таныдым.  Оңаша  қалған  ҽңгімелердің  бірінде  ол 
ҿздеріндегі кҽсіптік білім беру ісінің қожыраңқырап кеткенін, соны кҿтеру 
керектігін  айтқан  еді.  Артынан  бізге  қазақстандық  мамандар  келіп,  оқу-
тҽжірибелерімізді  зерттеп  кетті.  Сҿйтіп,  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  сҿзін  желге 
шашпайтын, айтқан нҽрсесін дереу орындататын адам ретінде есте қалды. 
Тағы бір жағымды жҽйт – ҥшінші қабаттан тҥсіп келе жатқан Президентті 
біздің  училищенің  оқушылары  қҧрметпен  қарсы  алған.  Сол  кезде 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  кҥзетшілердің,  хаттамашылардың  асықтырғанына 
қарамай,  оқушылармен  қатар  тҧрып  суретке  тҥсті.  Балалар  мҽз  болып, 
жҥздері шаттанып қалды. Осының ҿзі Президенттің адами жылылығы мол, 
қарапайым  мінезді  адам  екенін  кҿрсетті.  Сонымен  бірге,  оның  кҽсіптік 
училищеде оқығанын жасырмайтындығы, керісінше, онымен мақтанатыны 
бізге қатты ҧнайды. Ал кейбір тҥлектеріміз қолы бірдеңеге жетсе ҿздерінің 
осында  оқығандарын  айтқысы  келмей,  одан  “ҧялып”  жатқанын  кҿріп, 
налып қаламыз”, – деді. 
Елбасы  Н.Назарбаевтың  оқу  орнына  келген  сапарларының  бҽрінде 
бҧрынғы  мҧғалимасы  Нина  Быковская  мен  оның  кабинетіне  ие  болып 
қалған  ізбасар-ҽріптесі  Татьяна  Атаманюк  те  қарсы  алған  екен.  Жас 
Нҧрсҧлтан отырған парта да осы кабинетте тҧр. Біз Татьяна Яковлевнамен 
де  ҧзақ  ҽңгімелесіп,  оның  Президент  Н.Назарбаевпен  кездесуден  алған 
ҽсерлерін  білдік.  “1994  жылы  алғаш  рет  келетінін  естігенде  қатты 
жҥрексіндік. Оқу орнымыз ҧнамай қала ма, кҿңілінен шықпай қаламыз ба 
деген ой бҽрімізді де мазалады. Ол кезде облыс басшысы П.Лазаренко еді, 

 
144 
оның 
ҽкімшілігінен 
кҥн 
сайын 
дерлік 
шапқыншылар 
келіп, 
дайындығымызды кҿріп, жҧмысымызды тексеріп, дігерлеп кетеді. 
Біз  сынып  бҿлмесін  жас  Нҧрсҧлтан  оқыған  кезге  барынша 
жақындатып,  жасандырып  қоюға  тырыстық.  Бҧл  істерде  бізге  сол  кезде 
оқыған  тҥлектеріміз,  ескі  мҧғалімдеріміз  кҿп  кҿмек  кҿрсетті.  Тіпті 
қабырғадағы суреттерді де сол кезге ҥйлестірдік. Сонымен… кҥткен кҥн де 
жетіп,  ҥлкен  кісі  ҿзіне  еріп  жҥрген  кҿптеген  басшылармен, 
журналистермен  бірге  сыныбымызға  кірді.  Сол  сҽт  менің  есімде  мҽңгі 
қалды.  Осы  жерде  атынан  ат  ҥркетін  Назарбаев  бір  сҽт  балалық,  жастық 
дҽуренін,  қимас  кҥндерін  есіне  алып,  жҥзі  бал-бҧл  жанған  кҥйі  ҿзінің 
партасына  келіп  отырды.  Сосын  ҿзін  бір  сҽт  оңаша  қалдыруды  сҧрады. 
Сыныпта  менен  басқа  екі-ҥш  кісі  ғана  қалдық.  Ол  алақанымен  партасын 
сипап,  сол  бозбала  шағындағы  атмосфераға  енгендей  болды.  Осы  сҽтте 
оның  кҿзі  боталап  кеткенін  анық  кҿрдім.  Қолы  да  дірілдегендей  болды. 
Ҥлкен  адамның  бір  сҽттік  қатты  толғанысы  маған  да  беріліп,  ҿзімнің  де 
босап  кеткенімді  сездім.  Осы  бір  қылықтардан-ақ  оның  адами  қасиетін, 
барынша  жҧмсақ,  қарапайым  келбетін  кҿрдім.  Ҽрине,  сол  сҽттегі  ҽсерді 
сҿзбен айтып жеткізу қиын. 
Мен  ҽрқашанда  ҿзімнің  оқушыларыма  сіздердің  Мемлекет 
басшыларыңызды  ҥлгі  қылып  отырамын.  Тіпті  президент  болмасаңдар  да 
сендер  де  тҥзу  жолмен  жҥру  керек  екендеріңді ҧмытпаңдар,  ертең  сендер 
де ҥлкен адам болуларың ғажап емес деймін мен. 
2000  жылы  келгенде  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  жанында  бҧрын  бірге 
оқыған  бірнеше  жолдастары  болды.  Самайларына  ақ  кірген,  байсалды 
кісілер  ҿздерінің  жастық  шақтарын  еске  алып,  бҧрынғы  орындарына 
отырып,  ҿткенді  еске  алды.  Кездесу  кезінде  бір  оқушы  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлынан: “Сіздер де кҿп қыдырушы ма едіңіздер, араларыңызда тҽртіп 
бҧзушылар  болды  ма?”  –  дегенде  ол  ҿзінің  жолдастарына  қарап,  ал  енді 
мен  сендердің  қылықтарыңды  айтып  берейін  деп  алды  да,  олардың  тҥні 
бойы  қыдырып,  жатақханаға  кіре  алмайтынын,  ал  ҿзі  оларды  екінші 
қабаттан  жамылғымен  тартып  алатынын  айтып,  бҽрімізді  кҥлдірген  еді. 
Мен Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлымен тағдырдың кездестіргенін ҽрқашанда мақтан 
тҧтамын,  оның  маған  ҿз  қолымен  “бақыт  тілеймін”  деп  жазып  берген 
кітабын ҥйімдегі ең асыл қазынам деп білемін”, – деді Татьяна Яковлевна. 
Оқу  орнының  мҧражайын  да  армансыз  араладық,  онда  училищенің 
тарихы  туралы  біраз  мҽліметтер  берілгенімен,  негізінен,  жоғарыда 
айтқанымыздай, ол Нҧрсҧлтан Назарбаевқа арналған. Осында училищенің 
1925  жылы  қҧрылғаны,  тҥлектер  қатарынан  8  адамның  Кеңес  Одағының 
Батыры, 4 адамның Социалистік Еңбек Ері болғаны да кҿрсетіліпті. 
Қҧрметті  адамдарға  арналған  кітапта  ең  бірінші  болып  Нҧрсҧлтан 
Ҽбішҧлының  1994  жылғы  21  қаңтарда  келгенде  ҿз  қолымен  жазған 
қолтаңбасы  тҧр.  Онда:  “Бҥгін  мен  ҿзімнің  бозбала  шағыма  қайта  оралып 
тҧрмын.  Содан  бері  34  жыл  ҿткеніне  қарамай,  бҽрі  де  бҥгінгідей  есіме 
келді. 

 
145 
ТУ-8  –  менің  ҿмірімнің  ҿзегі.  Осында  оқыған  жылдарымды  мен 
ешқашан  да  ҧмытпаймын.  Нақ  осы  жерде  менің  кейін  қол  жеткізген 
табыстарымның негізі қаланды. 
Барлық мҧғалімдерге, шеберіміз Д.Погореловқа (жатқан жері жайлы 
болсын) 
ҥлкен 
алғысымды 
білдіріп, 
бас 
иемін. 
Барлық 
днепродзержинскіліктерге  берген  білімдері,  мейірімдері  мен  ықыластары 
ҥшін ҥлкен рахмет айтамын. Барлығыңызға да баянды тҧрмыс, сабыр жҽне 
жарқын  болашақ  тілеймін.  Бҧрынғы  ортақ  Отанымыз  –  КСРО-дағы 
халықтарымыздың  арасында  болған  ең  ҥлкен  қҧндылығымыз  – 
достығымыздың сақталуын тілеймін”, деп қол қойған екен. 
Биыл бҧл оқу орны ҿзінің 85 жылдық мерейтойын атап ҿтпекші, ол 
датаға  да  ҿздерінің  тҥлектері  Нҧрсҧлтан  Назарбаевты  шақырмақ  ойлары 
бар кҿрінеді. 
Осында  біз  жас  Нҧрсҧлтанның  бҧрынғы  оқытушысы  Нина 
Быковскаямен  де  кездесіп,  ҽңгімелестік.  Горновойларды  халық  “отпен 
алысатын  кҽсіптің  адамдары”  дейді.  Мен  тҽжірибе  ҿткізу  ҥшін 
оқушыларды  зауытқа  апарғанымда  олар  домна  пешін  “аждаһаның  аузы” 
десетін.  Нҧрсҧлтан  осы  пештің  қасында  жҧмыс  істейтін  горновойлықты 
таңдап  алды.  Сол  кездің  ҿзінде-ақ  ол  ауырдың  ҥсті,  жеңілдің  астымен 
жҥруді  емес,  қиыншылықтан  қашпайтын  қайсар  адам  болатынын 
кҿрсеткен.  Біздің  училищеде  топтың  старостасының  рҿлі  зор.  Қазақтарға 
староста  етіп  кімді  тағайындаймыз  дегенде  мҧғалімдердің  бҽрі  де 
Нҧрсҧлтанды айтқаны есімде. 
Сабақты  қалай  оқығаны  туралы  айтатын  болсам,  Президент  болған 
соң сіз Назарбаевты мақтай бересіз ғой деген ой тууы мҥмкін. Ал мен оны 
ешқашан  артық  мақтаған  емеспін,  ҽрқашанда  шындықты  айтамын.  Ол 
сабақ тҥсіндіргенде тапжылмай тыңдап отыратын жҽне сол кезде орнынан 
тҧрғызып сҧрасаң, ҿзіңнің айтқандарыңды бір сҿзін ҿзгертпестен қайталап 
айтып  беретін.  Ол  ешқандай  кҿтермелеусіз,  шын  мҽнінде  ҥздік  оқушы 
болды. Ҿзінің ҿте жауапты, тапсырған нҽрсеге барынша мҧқият болғанын 
да  айтуға  тиіспін.  Мен  онымен  бір  сҿйлескенде:  “Бізді  мҧнда  ойнау  ҥшін 
емес,  мамандықты  меңгеріңдер  деп  жіберді  ғой,  ал  біз  тҥк  білмей  барсақ 
ҧят  қой”,  дегені  есімде.  Шебері  Дмитрий  Погорелов  та  оны  мақтап 
отыратын,  практикаға  апарғанда  басқалар  жылы  жерге  тығылуды  кҿздеп 
жҥргенде  Нҧрсҧлтан  ғана  бҽрін  кҿруге,  бҽрін  ҥйренуге  тырысады  дейтін 
ол. 
Жас Нҧрсҧлтанның ҥлкен ҧйымдастырушы болғанын да білеміз. Ол 
ҧйымдастырған  концерт,  би  кештерінде  қазақ,  украин,  орыс,  татар  жҽне 
т.б. ҧлттардың ҽндері шырқалатын. Тағы бір эпизод есіме тҥсіп тҧр. Бірде 
емтихан  алып  жатқанмын,  Нҧрсҧлтан  староста  ретінде  есік  алдында 
бақылап жҥрген. Бір оқушы менің қойған бағама келіспей, таласып қалды. 
“Ҥшке” наразы болған ол маған біраз ҿкпесін айтты. Кҥз кезі еді, емтихан 
алуды кешкі 6-лар шамасында аяқтап далаға шықсам, ҽлгі бала маған қарай 
жҥгіріп келеді. Шынымды айтсам, қорқып кеттім. Ҽйтеуір қолында ештеңе 
жоқ  екен.  Алқынып  жеткен  ол  менен  кешірім  сҧрап,  ҿзінің  қателескенін 

 
146 
айтты.  Сҿйтсе…  мен  кеткен  соң  оған  Нҧрсҧлтан  қатты  ҧрсып,  кешірім 
сҧрата жіберіпті. 
Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  бізге  келген  ҥш  сапарында  да  мені  қарсы 
алушылар  қатарына  қосты.  Маған  естен  кетпейтін  жақсы  естелік-
сыйлықтар  жасады.  Бізді  ҧмытпай,  ардақтап  жҥргеніне  қатты  тҽнтімін. 
2008  жылы  Қазақстанның  Украинадағы  жылына  келген  Қарағанды 
облысының  сол  кездегі  ҽкімі  Н.Нығматулин  де  Президенттің  атынан 
қҧрмет кҿрсетті. Осындай шҽкіртің болғанына қалай мақтанбассың?! – деді 
Н.Быковская. 
 
―ТИКАЕМ, ТИКАЕМ, ГРАФИТ!‖ 
Жас  Нҧрсҧлтанның  кҽсіптік-техникалық  училищеге  барғаны  несі 
екен,  тіпті  романтикалық  ҽсермен  барып  қалған  кҥннің  ҿзінде  артынан 
металлург болып, ыстығы 1500 градусқа тең пештің жанында тҧрмай, басқа 
салаға  ауысып  кетуіне  болатын  еді  ғой.  Нҧрсҧлтанмен  бірге  оқыған 
Тельман  Спаевтың  айтуына  қарағанда,  Днепродзержинскіге  барып 
мамандық алған сол 67 жастың 18-і ғана Теміртау магниткасында қалыпты 
(Т.Спаев.,  “Он  в  будущем”.  Шымкент,  2004  г.  с.49).  Оларды  оқытқан 
пҧлымызды  ақтайсыңдар  деп  те  ешкім  зорламаған.  Ендеше,  жас 
Нҧрсҧлтанның  “отпен  арпалысқан”  кҽсіпті  қалаған  себебі  не  екен, 
металлург мамандығы кҽделі жасты не сыйқырымен арбауы мҥмкін деген 
ойлар  туушы  еді  кейде  бізде.  Осы  себепті  Елбасының  алғаш  рет 
“аждаһаның аузына” жақындаған сҽті – Днепродзержинскінің металлургия 
зауытын кҿргіміз келді де тҧрды. 
20  мың  адамға  жуық  халық  еңбек  ететін  алып  кҽсіпорын  тҥтіні 
будақтап,  қазаны  қайнап,  темір  жолдары  тарсылдап…  гҥрілдеп… 
дҥрілдеп…  айқайлап…  ҿзіндік  бір  ҽлем  болып  шалқып  жатыр.  Бізді 
зауыттың  ішінен  шыққан  арнайы  адам,  инженер  Татьяна  Карпенко  мен 
домна пешінің аға шебері Юрий Ковальчук бастап жҥрді. Училище ҿзінің 
аға  шебері  Сергей  Жаданды  да  қосып  берген.  Ҧзын-ҧзын  сорайған 
тҧрбалардан  тҧратын  арандардың  арасындағы  тар  жолдармен  жҥріп 
келеміз. Сҿйлескенде дауысыңды кҿтеріп сҿйлемесең, тынымсыз гҥрілден 
тҥк естілмейді. Бір биік ғимаратқа кірдік, осының жоғары қабатына дейін 
кҿтеріліп,  сол  жерден  қҧю  процесін  кҿрсетеміз  десті.  Басымызға  каска 
берілгенімен,  ҥстімізге  халат  берілген  жоқ,  сондықтан  шаң-топырақтан 
кҿрінбейтін  баспалдақтармен  ышқына  басып,  кҿтеріліп  келеміз. 
Жоғарыдағы  7-8  қабаттың  бірінде  орналасқан  басқару  пультіне  жеттік. 
Ондағылар шығарылымның (пештің ішінен қҧйылатын ҿнім) 40 минуттен 
кейін  ғана  дайын  болатынын  айтты.  Тек  қҧю  формаларын  кҿрулеріңізге 
болады десті. 
Сонымен, Нҧрсҧлтан Назарбаев ҿндірістік тҽжірибеден ҿтті деген 12-
ші  домна  пешінің  жанына  келдік.  Бес  горновой,  бір  газовщик,  бір  су 
қҧюшы  жҽне  шебер  тҧрып,  пештің  ішінен  шыққан  сҧйық  шойынды 
қабылдайды.  Шойынның  температурасы  1500  градусқа  жетеді,  қҧрыштікі 
одан  да  жоғары.  Бір  уақ  шойынның  қалай  балқып  жатқанын  арнаулы  кҿз 

 
147 
арқылы  қара  шынымен  кҿрдік.  Қып-қызыл,  сҧйық  темір  тулап  жатыр, 
ыстықтығы  мың  градустан  артық.  Қарап  тҧрудың  ҿзі  қорқынышты.  Оны 
алғаш кҿрген кейбір балалардың есінен танып қҧлауы да заңды сияқты. 
Біз  тҧрған  жердің  температурасы  да  50-60  градустай,  ыстық 
моншаның  ішінде  жҥргендейсің.  Сондықтан  ҽңгімені  тезірек  аяқтап, 
сыртқа  шығуға  асықтық.  Биікте,  кҿлденең  тартылған  шытырманды  темір 
басқышпен  келе  жатыр  едік,  кҥнге  жылт-жылт  еткен  бір  қалың  қара  шаң 
ҧшты.  Жанымдағылар  “тикаем,  тикаем,  графит!”  десті.  Кҽдімгі  қарындаш 
жасайтын  графит  кейде  осындай  шаң  ҧшқыны  болып  шашылады  екен. 
Ҽрине,  тыныс  арқылы  ҿкпеге  қонса,  қара  шаңның  аман  қалдырмасы 
белгілі.  Біздің  жанымыздағылардың  асықтыру  себебі  сол  екен.  Бірақ  бір 
жолы  қҧтылса да ҥнемі ҧшып  тҧрған ондай  зат ҿкпеге  жетпей  қоймайды-
ау… 
Сҿйтіп,  біз  мың  градус  болып  қҧрыш  қайнап  жатқан  жерде  оның 
жанында  тҧрып,  одан  да  ыстық  намыспен:  мен  сені  қандай  болсаң  да 
бағындырамын  деп  ҿзіне  ҿзі  серт  берген  қазақтың  қайсар  азаматы  тҧрған 
12-ші домна пешін де кҿрдік… 
 
ЖАҚСЫҒА ЖАҚЫН КӚП 
Днепродзержинск 
металлургия 
зауытының 
спорт 
кешені 
“Дзержинка” деп аталады. Оған бізді Лев Ежевский ақсақалдың ҿзі бастап 
апарды. Екі қабатты ғана ескі ғимарат, 60-жылдары қандай болса, қазір де 
сол  қалпында.  Қазіргі  кездегідей  кең  тынысты,  алып  спорт  кешені  емес, 
атағы жер жарған зауыттың дҥниесі болса да қарапайым ғана халі бар екен. 
Кейін  жанына  қосалқы  ғимарат  салыныпты,  “Дзержинкаға”  сол  арқылы 
ҿтесің.  Қосалқы  ғимараттың  фойесінде  атақты  спортшыларының 
фотосуреттері  ілініп,  астына  қол  жеткізген  табыстары  жазылып  қойыпты. 
Оның  ішінде  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  суреті  де  тҧр,  астына:  “Горновой 
доменного  цеха  ДМК.  Призер  первенства  Украины  и  области  по 
классической борьбе. Мастер спорта. Тренер Ежевский Л.Р.” деген сҿздер 
жазылған. 
Жас  Нҧрсҧлтанның  жҥрген  қадамын  кҿзге  елестету  мақсатымен  екі 
қабатты  спортзалдың  ішіне  ендік.  Алдымен  шешінетін  бҿлмеден  ҿттік, 
одан ҽрі жаттығу залдары басталды. Кҥрес залы екінші қабатқа орналасқан, 
ол  ҥлкен  залдың  жартысын  ғана  алып  тҧр.  Ар  жағында  ауыр  атлетшілер 
жаттығатын  кҿрінеді.  Ал  кіреберістің  оң  жағында  гимнасшылар 
айналысады екен. 
Біз  жоғарыда  Николай  Литошконың  ҥйі  қаланың  Романково  селосы 
болған  тҧсында  екенін  айтқан  едік.  Қазір  қаланың  осы  кентін  де  сол 
селоның  атымен  атайды  екен.  Мікола  Литошкомен  дос  болған  бала 
Нҧрсҧлтан  оның  осы  аудандағы  ҥйіне  жиі  барып  тҧрғанын,  оның  Ольга 
деген  апасын  ҧнатып  та  қалғанын,  ал  анасы  Екатерина  Карповна 
Нҧрсҧлтанды екінші ҧлындай кҿріп кеткенін Нҧрекең ҿзінің “Без правых и 
левых”  кітабында,  В.Базарянинов  пен  Н.Цыганок  “Предсказание”  атты 
жинақтарында,  біз  “Президенттің  досы”  атты  “Егеменге”  шыққан 

 
148 
мақаламызда  (  26.09.2007  жыл.)  толық  жазғанбыз.  Енді  Днепрдзержинск 
қаласына  дҽм  тартып  келіп  қалған  соң,  жас  Нҧрсҧлтанның  барып  тҧрған 
ҥйін кҿргіміз келді. Сонымен бірге, қазақ баласын ҿз баласындай бауырына 
басқан Екатерина ҽжейдің басына барып, зиратына мінҽжат етуді ҿзімізге 
міндет кҿрдік. 
Осы  уақытқа  дейін  бізді  Днепродзержинскіде  алып  жҥрген  Василь 
Черномор да, Лев Ежевский де бҧл жақтарды аса білмейтін болып шықты. 
Ал  Литошконың  ҿзі  қазір  Қазақстанда  тҧратынын  біз  жоғарыда  аталған 
мақаламызда  айтқанбыз.  Днепродзержинскіге  жҥрер  кезде  біз  онымен 
кездесіп,  баласы  Сашконың  мекен-жайы  мен  телефон  нҿмірін  алған  едік. 
Енді сол жігітті іздеуге тура келді. 
Бізге  кездескен  барлық  украиндықтар  сияқты  бҧл  жігіт  те  ҥлкен 
ілтипат  кҿрсетіп,  барлық  кҿмекке  дайын  екенін  білдірді.  Сҿйтіп,  біз 
Днепродзержинскіде  кҿргіміз  келген  кейбір  жерлерді  осы  жігітпен  бірге 
араладық. 
Біз  Осипенко  кҿшесінен  қиыстау  кететін  бҧрылыстың  тҥкпірінде 
орналасқан, қазақ баласына жылы мекен болған ҥйдің ҿзін кҿрдік. Николай 
Литошко оның 64 шаршы метр екенін айтқан еді, айтса айтқандай, шағын 
ғана  ҥй  болып  шықты.  Қазір  онда  ешкім  тҧрмайтындықтан,  бҧзылып 
жатыр  екен,  бірақ  қаңқасы  ҽлі  тҧр.  Айнала  жап-жасыл,  кҿк  шалғын.  Осы 
ҥйден ҽрі тҧрғын ҥйлер мҥлде жоқ. 
Осы  жерде  біз  Литошконың  Назарбаевты  кҿрген  кҿршілерімен, 
таныстарымен  ҽңгімелестік.  Соның  ішінде  Владимир  Решетняк,  Иван 
Стрижигус  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  туралы  ыстық  ілтипатқа  толы  лебіздерін 
білдірді.  И.Стрижигус  мына  фотографияны    бірге  қыдырып  жҥргенде 
Нҧрсҧлтан тҥсіріп еді, деп бір фотосуретті де кҿрсетті (біз оны қалап алдық 
– Ж.С.). 
Осыдан  ҽрі  біз  Екатерина  Литошконың  басына  бару  ҥшін,  “55-ші 
блокқа” тарттық. Сашко ҽкесі мен шешесі ажырасып кеткен соң анасының 
қолында  болып,  бҧл  зиратқа  кҿп  келмеген  сияқты,  ҽжесінің  басын 
быжынаған  қабірлер  арасынан  зорға  таптық.  Екатерина  Карповна  1902 
жылы туып, бҧл жалғанда 63 жыл ҿмір сҥріп, 1965 жылы дҥниеден кҿшкен 
екен. Біз оның рухына бас иіп, басына гҥл шоқтарын қойдық… 
Осыдан ҽрі Н.Назарбаевпен тура қатыстығы болмаса да сол жылдары 
училищеде  қатар  оқыған  Анатолий  Литвин,  Иван  Романенко  деген 
кісілермен  де  сҿйлесіп,  сол  жылдардағы  ахуалдарды,  қазақ  балаларына 
деген  кҿзқарастарды  сҧрадық.  Анатолий  Петровичтің  ҿзі  осы  жердегі 
қалалық  радионы  басқарады  екен,  оның  бір  қызметкері  бізден 
сапарымыздың  мақсаты  жҿнінде  сҧхбат  алып,  сол  кҥні  радиодан  берді. 
Иван  Романенко  да  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  оқыған  жылдары  училищеде 
білім алыпты. Кейін сол училищенің директоры да болған. 
“Сен,  Нҧрсҧлтан,  Министрлер  Кеңесінің  тҿрағасы  боласың”,  деп 
сҽуегейлік  айтатын  Дмитрий  Погорелов  деген  қазақ  балалары  тобының 
шебері  бар  емес  пе  еді,  біз  соның  басына  да  барып,  жақсы  сҿз  айтқанда 
періште  “ҽумин”  деген  киелі  адамның  рухына  бас  игіміз  келген.  Бірақ  ол 

 
149 
кісі  мҧнда  емес,  Днепропетровскіде  жерленген  екен.  Жалғыз  қызы  Ольга 
сонда  тҧрады,  Дмитрий  Изотович  соның  қолында  қайтыс  болған,  десті 
білетіндер. 
“Язык  до  Киева  доведет”  деген  сҿз  бар  орыстарда,  ал  біз  Киевтің 
тҥбінде  тҧрып,  Ольга  Дмитриевнаны  таба  алмаймыз  ба,  оны  да  тауып, 
ҽңгімелестік.  Бҧл  бір  ҿте  қарапайым,  білімді,  сонымен  бірге,  жан-дҥниесі 
таза  кісі  екен.  Ол  ҿзінің  білетіндерінің  бҽрін  бізге  егжей-тегжей  айтып 
берді. 
Папамды  ҥйде  сирек  кҿретінбіз,  ол  ҥнемі  жҧмыста  болатын.  Тіпті 
ҥйге келсе де тобыңда анау болды, мынау болып жатыр деп оған телефон 
шалып, маза бермейтін. Еңбекке ҽбден берілген, ҿзінің міндетінен басқаны 
білмейтін  адам  еді  ол.  Бірақ  кейде  ҽңгіме  айтып,  тобындағы  балалардың 
қызық  қылықтарын  да  жеткізіп  қоятын.  Соның  ішінде  Нҧрсҧлтанның 
есімін ауызға жиі алатын еді. Тіпті тобыңа анау-мынау керек болып қалды 
деп  телефон  соғылып  жатқанда  да  “Нҧрсҧлтан  бар  емес  пе”  немесе 
“Нҧрсҧлтаннан  сҧраңдар”  деген  сҿздерін  жиі  естіп  қалатынмын.  Ҽкем 
олардың шебері ғана емес, ҽкесі мен шешесіндей қамқорлық жасаған адам. 
Оның  сол  еңбегін  жоғары  бағалап,  кҥні  бҥгінге  дейін  аузынан 
тастамай  айтып  жҥретін  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлына  ҿте  ризамын.  Ҿзім  ҽке-
шешенің  жалғыз  баласымын.  Ҽкей  1913  жылы  туған,  1985  жылы  72 
жасында  менің  қолымда  қайтыс болды.  Шешем ҿте  аурушаң  адам  болды, 
ол фин соғысына қатысып, жарақат алған адам еді. Ҿзім тҧрмысқа шықпай, 
ҽке-шешеме қарайлап қалдым. Кҥндіз жҧмыс істеп, кешке металлургиялық 
институтты оқып бітірдім. Кейін ҿзімнің саламда қызмет істеп, металлург 
ретінде уақытынан бҧрынырақ зейнетке шықтым. 
1994 жылы Нҧрсҧлтан Назарбаев келгенде қарсы алушылардың ішіне 
мені  де  қосты.  Сол  жолы  ҽкемнің  зиратын  іздетіпті,  егер 
Днепродзержинскіде  болса,  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  оның  басына  бармақшы 
екен.  Бірақ  Днепропетровскіде  болған  соң,  реті  келмеген  сияқты.  Мені 
Днепропетровскіден облыс басшылары тауып алып, кездесуге апарды. Ҿте 
қатты толқыдым, меніңше, Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы да толқып отырған сияқты 
кҿрінді.  Мені  таныстырғанда:  “Ҽ,  Дмитрий  Изотовичтің  бізден  жасырып 
жҥрген  қызы  сен  екенсің  ғой”,  деп  кҥлдірді.  Сол  сҿзден  мен  ҿзімнің 
ағаммен кездесіп отырғандай ҽсер алдым. Кҥні бҥгінге дейін ҿзімді солай 
сезінемін,  алыстағы  Қазақстанда  аты  ҽлемге  ҽйгілі  алып  ағам  бар  сияқты 
кҿрінеді  де  тҧрады.  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  кетерде  маған  ҽкемнің  басын 
кҿтертуге  материалдық  кҿмек  берді,  сонымен  бірге,  естелік  сыйлықтар 
тапсырды. 
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет