Сейлханов т. М



бет3/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Пәннің мақсаты: Студенттерге жоғары молекулалық қосылыстар химиясының қазіргі заманғы дамуының бағыттарын және олардың өндірістің әртүрлі саласында қолданысын түсіндіру. Жоғары молекулалық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерінің негізгі ерекшеліктерін қарастыру полимерлерді және олардың негізіндегі материалдарды синтездеу мен өңдеу негізінде жатыр.
Пәннің мәндеті:

  • жоғары молекулалық қосылыстардың топтасуы мен номенклатурасын оқыту;

  • полимердің қасиеттерінің негізгі ерекшеліктерінің, саннан сапаға өту деген негізгі диалектикалық принципті білдіретін төменгі молекулалық қосылыстардан айырмашылығынан білу;

  • жоғарғы молекулалық қосылыстарды алу процестерінің заңдылықтары мен негізгі әдістерін оқып үйрену, полимерлердің химиялық өзгеруін білу;

  • полимердің агрегатты, фазалық және физикалқы күйіндегі құрылысы мен құрылымын қазіргі тұрғыдан оқып үйрену, кристалды және аморфты полимерлердің құрлымын білу.

Курсты толық игеру үшін студенттер дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасауға міндетті. Сонымен қоса, оқытудың жаңа технологияларын, полимерлердің физикасы мен химиясын оқыту біліктерін қалыптастыру үшін тәжірибелік сабақтардың материалдарын қолдана отырып, негізгі әдебиеттермен жұмыс істеуі керек. пәнді игеру, полимерлерді синтездеу жәнге олардың қасиеттерін әртүрлі физика-химиялық әдістермен зерттеу дағдыларын қалыптастыру тәжірибелік жұмыстар мен курстық жұмыстарды орындауда жүзеге асырылады.
Пәннің қысқыша мазмұны: «ЖМҚ химиясы» пәні осы мамандықтағы студенттерге оқытылатын салалы пәндерге жататын негізгі пәндердің бірі болып табылады. Бұл – теориялық және тәжірибелік пән, және ол студенттерді полимерлік күйдің ерекшеліктерімен ,полимердің төмен молекулалық қосылыстардың негізгі айырмашылықтарымен, оларды алудың негізгі механизмдерімен таныстыруға арналған. Бұл пән полимерлердің құрылысы, құрылымы олардың қасиеттерінің арасындағы байланыстықұрайды. Пән студенттерде әрі қарай полимерлерді физико-химиялық зерттеу негіздерін оқу үшін негіз салу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет