Қамалды қорғау
Ойнаушылар үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына қамал, яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар боппен «қамалды» атқылай бастайды, ал қорғаушы болс допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде-кім допты «қамалға» (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Қындық-сандық
Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп тұрып шынтақтасады. Ойын жүргізушісі белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп бірін-бірі өрден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептеледі. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Ұпайды көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.
Ұшты-ұшты
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра атйып отырады. Шарт бойынша тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал кімде-кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай қалғаса береді:
Ұшты, ұшты - тарғақ ұшты (Ұшады)
Ұшты, ұтшы – жарғақ ұшты (ұшпайды)
Ұшты, ұшты - үкі ұшты (Ұшады)
Ұшты, ұшты - үйрек ұшты (Ұшады)
Ұшты, ұшты - тырна ұшты (Ұшады)
Ұшты, ұшты - тырма ұшты (Ұшпайды)
Орамал тастау
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатар жасап тұрады. Ойын жүргізушісі қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы біреуіне тастады да: «Қа»,- деп дауыстайды, ал орамал тастаған ойыншы оны қағып алып, ғаз, - дейді, болмаса да дейді. Сонда қағаз, қала т.б. сөздер шығады. Айтылған сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы, са, - деп дауыстаса са-дақ, са-қа, са-бын, са-рын сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы бірінші буынға қосылып атау сөз шығатындай екінші буынды уақытында тауып айта алмаса, ортаға шығып өнер көрсетеді. Одан кейін орамалды қрсыластар тобына өзі лақтырады. Осылай ойнаушылар орамалды бір-біріне лақтырып ойынды жалғастыра береді.
Сиқырлы таяқ
Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойыншы ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды 1-ден бастап түнел нөмірлеп шығады. Ойының шарты бойынша ойын жүргізушісі қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлап қалса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.
Соқыр теке
Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып орталарына орамалмен көзін байлап «соқыр текені» шақырады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыр текені» тиіп-қашып жүріп түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмай қалса да дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойын ойнап жүргенде «соқыр теке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншы көзін байлап ортаға шығады да, «соқыр теке» болады, сондықтан олар бір орында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыр текенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |