Сәкен ИманаСов шығармалар жинағы ІІ том Өлеңдер



Pdf көрінісі
бет22/22
Дата27.03.2017
өлшемі0,96 Mb.
#10509
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

377
СЫРБАЗ АҚЬІН, СЫРЛЫ ЖЫР
(Соңғы сөз орнына)
Осы қостомдық өлеңдер жинағы даярланып жатқан 
тұста белгілі қаламгер, «Алатау» баспа-полиграфиялық 
корпорациясының Президенті, қазақ баспасөзінің 
киелі шаңырағы «Лениншіл жаста» қызметтес болған, 
сыйластығымыз ұзақ жылдарға жалғасқан іні-дос Ырым 
Кененбай телефон соқты:
– Сіздің Сәкен ағамен жақсы араласқаныңызды, жаңа 
кітаптары жөнінде пікір білдіріп, талай-талай мақала жазып 
жариялағаныңызды білемін. Біз ақын ағаның артында 
қалған әдеби мұрасын қайталай жарыққа шығаруды қолға 
алған едік. Соған орай Сізге бір өтініш жасап отырмыз, яғни 
қостомдық өлеңдер кітабына арнайы редактор болсаңыз. 
Өлеңдерінің сапалы сұрыпталып, сауатты шығуына қол 
ұшын берсеңіз...
Қуана келістім. Қолжазбаны оқып шыққан соң Сәкен 
ақынның шығармашылығы туралы бірер ауыз пікір айтып, 
соңғы сөз жазып, оқырманға ұсынуды жөн көрдім. 
Адам бар жерде арман бар. Оған таусылмайтын тілек 
пен үзілмейтін үмітті қосыңыз. Бұлар адам баласымен 
бірге жаратылған болмыс-бітім. Алайда адамның басы 
Алланың добы деген аталы сөз де есімізде. Әйтсе де күні 
кеше ойнап-күліп қасыңда жүрген қадірлі адам қапияда 
қаза болғанда қабырғаң қайысып қайғырарың, шіркін-ай, 
әлі де болса татар дәмі, көрер қызығы бар еді ғой деп 
опынарың рас қой. Аға дос Сәкен ағадан айрылып қалған 
сәтте мен де осындай ойға батып, өкінішті ой кештім. 
Таныстықтан басталып, сыйластық пен сырластықта 
жалғасқан жарты ғасырлық ғұмыр жолы жүректе өшпес 
ізгілік ізін қалдырғаны хақ. Енді міне, ақынның мерейтойы 
өтіп жатыр. Осынау құрметті көзі тірісінде көп көрмеген 

379
378
Сәкен ақынның 75-ін атап өтуді асыға күтіп, алайда жете 
алмай арманда кеткені әрине өкінішті. Бірақта айтулы 
азаматын, ақиық ақынын ел-жұрты – қалың елі қазағының 
тойлатып жатқанына тәубешілік жасаймыз. Осы жерде 
Сәкен ақынның алпысқа толғанда жазып, жариялаған мына 
бір сөздері еске түсіп отыр: «...Аман жүрген адамның бәрі 
әйтеуір бір жететін өмірдің үлкен бір белесі ғана. Мәселе, 
тек сол жасыңда не бітіріп, не қойғаныңда ғана болуы 
керек». Ағынан ақтарылған ақынның айтқан пікірі ақиқат. 
Ал Сәкен Иманасов болса өмірін өлеңімен жалғастырған, 
елінің мұңын мұңдап, жырын жырлап, ұлтының ұпайын 
түгендеуге қанатты сөзімен қалтқысыз қызмет көрсеткен 
көрнекті қайраткер Ақын.
Алдымен Сәкен ақынның кісілікті қасиетіне, азаматтық 
болмысына байланысты бірер ауыз пікір білдіре кету 
жөн болар. Ол өмірде де, өлеңде де шындықты айтып 
шырылдаумен өтті. Ақиқатын айтуға келгенде бетің бар, 
жүзің бар демей жалаң қылыштай қиып түсетін турашыл 
мінезінен айныған емес. Алайда оның біреуді тілдегенін, ия 
күндегенін, яғни пенделігін көргенім жоқ. Кісінің табағы емес 
қабағына қарайтын жүрегі жылы жігіттің төресі еді. Ағайын 
мен қатарлас жора-жолдастың сөзін жерге тастамайтын, 
қолынан келген көмегін аямайтын жүрегі мейірім-
қайырымнан жаралған азамат болатын. Бұралаң тіршіліктің 
қиын-қыстау кезінде де тауы шағылып жасыған, тағдырына 
шағынған емес. Қысқасы, өткірлігі мен бірбеткейлігі өр 
мінезімен, дүниеге тек шындық көзімен қараумен, кісіліктің 
құдіретін көрсетіп, өз ар-ұлтына табынып ғұмыр кешу аға 
дос Сәкеннің сырбаздығының, қазақи азаматтық қасиетінің 
сыры, жұптап айтқанда осындай болатын...
Қазақтың қасиетті қара өлеңінің өрісін кеңейтіп, 
өресін биіктетуге өлшеусіз үлес қосып, олжа салған 
алуан ақындардың арасында Сәкен Иманасовтың есімі 
ерекше тұлғаланып тұр. Иә, оның қатарлас ақындардан 
қара үзіп шыққан шынайы талант екені талассыз. Өйткені 
ол өзі айтқандай: «осыны мен ғана айта аламын... дегенге 
біржола байлам жасағанда барып қолына қалам» алатын 
ақын. Сәкен ақынның шығармашылық жолына үңіле көз 
салсаңыз оның осы бір мақсатты машығынан айнымағанын, 

379
жырға деген айрықша жауапкершілігін сезінесіз. Ал, ақын 
поэзиясына ғана тән дара қасиетті баса көрсетіп, дәл тауып 
айту үшін: тек Сәкен тапқан тақырып, қиыннан қиыстырған 
ой, жетілдірген түр мен мінез-мазмұн турасында толғамды 
пікір айту парыз. Рас, ақын шығармашылығының қыр-
сырын ашып көрсетуге бағытталған бірсыпыра әдеби 
мақалалар жарияланды. Солардың ішінен Сәкеннің өзі 
алабөтен атап өткені сонау 1979 жылы «Қазақ әдебиеті» 
газетінде жарияланған ақын Фариза Оңғарсынованың 
мақаласындағы көңілін қатты толқытып, көзіне жас алдыра 
тебіренткен тұщымды пікір екен. Одан кейін де жазылған 
жақсы ой-толғамдар баршылық. Осынау соңғы сөзде 
де біз де Сәкеннің сан салалы ақындық жолына азды-
кем тоқтала кетпекшіміз. Рәсім бойынша ақынның өмірі 
мен өлеңі жайлы біліп, түсініп-түйгеніңді жұрттың есіне 
салғаның жөн ғой. Бүгінгі біздер, келешек ұрпақ оқып, өнеге 
алсын деген мақсатпен жүрегін жарып шыққан жырларын 
арнаған тарлан талантты Сәкен ақынның арман-аманатын 
ұмытсақ ұят болар. «Күндемей өрдегіні, төрдегіні, Елеусіз 
өтіп жатқан елде
 
өмірі, Жар құшып, бала сүйіп, бақыт қуған, 
Басы жұмыр пенденің мен де бірі». Ақын автопортреті осы...
Әдетте өлең өмір жыры дейміз. Ендеше – өлеңнің басты 
тақырыбы өмір болғаны ғой. Ал өмір сан қырлы, сан сырлы. 
Ендеше поэзияның басты тақырыбы біреу болғанымен, 
оның тарам-тарам сүрлеу-соқпағы бар. Әр ақын сол өмірді, 
сол заманның аласы мен қоғамның тіршілік-тынысын 
қабілет-дарыны жеткенше айшықтауға асық. Әрине, ол 
хас ақын болса. Айтары арзан, құр әшейін тіл мен жаққа 
сүйенген, қыздырманың қызыл сөзіне ерген, төпеп ұрып 
жаза беретіндер ақындар санатына қосылмасы белгілі. 
Сәкен болса көбік болса да көп болсын деген ұстанымнан 
ауылын аулақ қондырып, аузына аталы сөз түскенде ғана 
өлең өрнектейтін шебер ақын. Оның шығармашылық 
деңгейі шын мәнісінде қандай атақ берсе де лайық-тын. 
Алайда екі мәрте ұсынылып, мәреге жетпей жығылған 
еді. Бұл, оның дарынына әділ бағасын бермеудің кесірі. 
Сыйлыққа ұсынылған «Өткірдің жүзі» мен «Ар алдында» 
кітаптарын оқыған адам ақынға жасалған қиянатқа көз 
жеткізері сөзсіз. Сәкен ақын іштей ренжіген де шығар, 

381
380
алайда жүнжіген-жүдеген жоқ: «Құтылар дейсің атақ қашып 
қайда, Жетермін арбамен-ақ асықпай да... Бұйыра қоймады 
деп бүгін келіп, Бүлініп, біреулерге жүгірмелік...» деп өзін-
өзі қайраған қайран ақын-ай! Ол ақындық атақ Алланың 
сыйы екенін білгені ғой...
Дарындылар да дағдарысқа тап болып жатқан мезгілде 
де Сәкен ақын жырдағы жорғасынан жаңылған жоқ. Ол 
бүгінгідей алмағайып заманда өзің де, сөзің де кімге дәрі 
болсын деген күмәнді күдікті көңіліне ұялатпауға, қаламын 
қолынан түсірмеуге
 
тырысты. Қазақ поэзиясының қасиетін 
ардақтап, қадірін арттырған, арынды да дарынды ақынның 
өзекжарды өлеңдері оқырмандардың әрі сырласы, әрі 
мұңдасы. Елінің кешегісі мен келешегін бүгінгі күнмен 
сабақтастыра сыр ақтарған ақынның айтары да көп еді. 
Заманның зарын, халқының тауқыметті тұрмыс-тіршілігін 
көзімен көріп, жүрегімен сезініп Абайша ашына ақтарылып, 
тіл мен ойын кестелей көркемдеп көмекейден жыр төгу 
нағыз ақынның маңдайына жазылған бақ пен бақыт. Сәкен 
нақ осындай тағдыр сыйы бұйырған ақын. Бұл жерде оның 
басқа ақындар жазған тақырыпқа өзге қырынан келіп, өз 
ой-түйінін таба қоятын ерекшелігін айту парыз. Ақын жал-
пы жұрттың ойына түспеген өмір құбылыстарын тосын 
қырынан танып, айта білу бақытын еншілепті.
Сәкеннің ақындықтың асқар белесіне, бедел 
биігіне көтерілуінің сыры неде? Айталық, алдымен 
ақиқатты айызыңды қандырып, шындығына нандырып 
айта алатындығы. Екіншіден, өлеңдерінің өріміндегі 
бейнелі теңеу, қазақы сөз сарасы, ой орамдары, көркем 
кестелеуі кісі қызыққандай 

 тапқырлық пен шеберліктің 
шыңы деңгейіне жеткендігі. Үшіншіден, шабытына қанат 
байлап, ой-қиялын заңғар биікке де, даңғайыр кеңістікке 
де қыранша самғатқан ізденгіштігі мен дарындылығының 
біте қайнасқан табиғи бірлігінің жемісі. Төртінші себебі, 
жыр алдындағы жауапкершілігінің жоғары деңгейі. Ал 
поэзия – публицистикаға емес, жалаң сөзбен жан-сырыңды 
жұртшылыққа жеткізу әуейі әурешілік, яғни ондай бітімі 
жасық жырлардың жалыны жүрек жылытар, толқыны көңіл 
бесігін тербетер өрнекті де өрелі өлеңдермен тайталаса 
алмасы анық. Сәкен өлеңнің осы қасиетін қастерлеумен 

381
өткен ақын. Бесіншіден, ақын айтар ойының асқар таудай 
асқақ, толқынды да тасқынды теңіздей терең екендігі. 
Сондай-ақ, ақынның алтыншы бір қыры оның ел ішіндегі 
әлеуметтік сілкініс пен қоғамдағы өзгерісті жаны күйіп 
жазатындығы дер едік. Бүгінгі уақыттың тәуелсіз елдің 
көшін түзеуге мүмкіндік бермей жатқан мерез мінездерін 
сынай отырып ашына айтып та ақын жұртшылықты 
жақсылыққа жетудің адастырмас жолына түсудің бағдарын 
сілтейді. Бұл мақсатты көздеген өлеңдерін оқи отырып, 
оның ел мен жерге, ұлтына деген ниеті түзу, пиғылы пәк, 
ары таза, жаны сұлу, жүрегі жұмсақ, адамгершілігі зор, 
адамдық қасиеті асқақ ақынның ғана жүрегінен шығатын 
сәулелі сөздер екендігін түсінесің. Ол көптеген өлеңдерінде 
ойы қарау, пейілі тар, жемқор, жағымпаз, қайырымсыз 
пенделердің бет пердесін ашып, жамандықтан жирендіріп 
те жүр. Бұл сияқты Сәкен өлеңдерінің оқырмандарын бірде 
сүйінтіп, бірде күйінтіп, бірде ойлантып, кейде толғантып, 
бірде жылатып, бірде жұбатып – әрқилы күй кештіріп, 
сезімін сергелдеңге түсіретініне көз
 
жеткізуге, яғни 
сөзіміздің ақиқаттығына нақты да нақыл дәлелдер жетіп 
жатыр. Ол үшін ақынның кітаптарын оқу керек. Бірер өлең 
шумақтарын дәлел ретінде көшіріп басу әсте қажетсіз.
Қазіргі қазақ әдебиеті бүгінгі өмірдің сыр-сипатын 
ашуға араласа алмай жүр деген пікір негізсіз. Бұл орайда 
әсіресе қазақ поэзиясы озық тұр, Ал осы көштің – өткелең 
кезеңнің келбетін өлең сөзде өрнектеу жолында Сәкен 
ақынның еңбегі ересен. Қазақ қалай ғұмыр кешіп жатыр, 
уайым-қайғысы, жеткен жетістігі, арман-аңсары не еді 
деген өмірлік сұрақтарға ақын өлеңдерінен тұщымды, 
жалтақсыз жауап аласың. Арлы ақын ұлтының мінез-
құлқына, көзқарасына ой көзін жүгіртіп, санасында саралай 
отырып: «осы қазақ қайтсе ел болады» деген толғаныстарын 
ортаға салады. Бұл орайда ол ақындықтан да, шындықты 
айтып шырылдаудан да алдына жан салмаған Абай 
дананың өнегесін өлеңдеріне көркейте көшірген шайыр. 
Осылайша жұртшылықтың құбылмалы заманның күйкі 
тіршілігіне запы болып, зығырданы қайнап, ішіне бүккен 
запыранын өлең арқылы ақтарған арқалы ақынға қалайша 
риза болмассың. Әрлі де әсерлі, қиыннан қиысқан өрелі 

383
382
өлеңдерді оқырман қауым сүйсіне оқып, бір серпіліп қалары 
сөзсіз. Ақын поэзиясы кемшілікке кіжініп, қайғы-қасіретке 
бас ұру емес, қайта қайраттандыратын, жігерлендіретін, 
Алаш рухын асқақтатуға арналған арналы жырлар. Ал 
парасатты поэзияда пәлсапалық ой, көркем сурет, нәзік 
сезім, толымды образ, уақыт тынысы жымдаса жарысып, 
өлең жолдарында таспадай өріліп жатса ғана жарасым-
ды. Сәкен ақын өлеңдері осындай төрт тұрманы түгел 
қасиетімен қымбат. Оның өлеңдері тілінің бояуы алуан 
түсті, поэтикалық образдарға толы: сурет, теңеу, бейнелеу, 
қисын, ұйқас сынды өлеңнің өңін ашатын жабдықтары 
жөнінен бағалағанда төрт құбыласы тең нағыз парасатты 
поэзияның үлгісі.
Бұл пікіріміздің желе жортып жазылған бір парасы 
ғана. Егер кеңінен қамтып, толығынан толғайтын болсақ 
ақын шығармасына арнайы кітап жазар едік. Сәкен болса 
өмірді өлеңге айналдырған ақын. Ал өлеңі өлмеген ақынның 
өзі жарық дүниеден өтсе де, рухы мәңгі жасайтыны ақиқат 
қой, ағайын. Ақынды артында қалған отбасы, достары, 
жырлары қосыла жоқтайтын шығар... Бәлкім, ақын мұрасын 
көңілінде қаттап, жүрегімен жаттап өскен ел-жұрты, жас 
ұрпақ жоқтайтын шығар. Ал мен Сәкен ақынның қалың елі 
қазағының жүрегіне жерленгеніне күмәнім жоқ. Ендеше, 
оның ортамызда жүргеніне сенейік!..
Қуанышбай Құрманғали,
Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі.

383
маЗмҰнЫ
«Бел-белес» кітабынан .............................................................3
«Жебе» кітабынан ...................................................................72
«Өткірдің жүзі» кітабынан .................................................227
Сырбаз ақын, сырлы жыр ....................................................377

«Алатау» Баспа-полиграфиялық корпорациясы. 
Алматы қаласы, 050026.Төле би көшесі, 130 «А».  
 тел.: 378-42-02, e-mail: corp_alatau@rambler.ru
АҚ «Алматы-Болашақ» баспаханасында басылды.
Алматы қаласы, 050026. Мұқанов көшесі, 223 «В».
тел.: 378-36-46, e-mail: ao@almatybolashak.kz
СӘКЕН ИМАНАСОв
ШЫғАРМАЛАР ЖИНАғЫ
ІІ ТОМ
Өлеңдер
Жауапты  шығарушы  –  «Алатау»                                
баспа-полиграфиялық корпорациясы
Президенті Ы.С.КЕНЕНБАй
Техникалық редакторы – И.Ү.АҚБАСОв
Беттеген – Ә.А.БАТЫРБАй 
Көркемдеуші – в.в.СТЕНяКИН
Теруге 11.06.2014 ж. берілді. Басуға 29.09.2014 ж. қол қойылды. 
Пішімі 84х108
1
/
32
. Қаріп түрі «DS Baltica». 
Шартты баспа табағы 20,16. Таралымы 2000 дана. 
Тапсырыс №1555


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет