Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет9/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ШҰБАР ҚОЖА
Сұрайтыны ат, айғыр, қошқар, бұқа,
Түк білмей-ақ, күбірлеп, оқыр дұға.
"Емдеймін" деп, өлтірген ауруларды,
Елдегі үлкен кесір Шұбар қожа.
Баласызға дұғамен бала бермек,
Қараңғы елді алдап қылған ермек,
"Ұжмақ-дозақ" дегені рас болса,
Дозаққа ең алдымен қожа кірмек.
Қара қойдың өкпесі кімді жазар,
Қожаның айласы ғой тамақ табар.
Алдаушы, ел бүлдіргіш құрыса сұмдар,
Қараңғы ел арамзадан тыным табар.
1912


ƏЙЕЛ
Əйел деген ат арзан қорлауға да,
Ерге ықтияр берілген зорлауға да.
Мал да бір, əйел де бір несі артық,
Көнеді нелер қайғы, сорлауға да.
Көнеді күндік өмір, зарлауға да,
Өмір жасын өксітіп, сарнауға да.
Ердің көңілін көтерер қуыршағы,
Көнеді ар-ұятын жалдауға да.
Əке берсе, еркі жоқ бармауға да,
Хақы жоқ теңін ердей таңдауға да.
Шариғат та, заңдағы ерлер үшін,
Əйел жынысын кемітіп, қорлау ғана.
Күн туар бұл теңсіздік болмауға да,
Əйел түспес айла мен торлауға да.
Ер, əйелдің салмағы бірдей болып,
Күн жетер оларды да қолдауға да.
1912


ДҮНИЕ
Дүние қызықтырған - қызыл киік,
Бар адам соны қуған көңілі сүйіп.
Көпшілігі далақтап жете алмай жүр.
Азшылығы кенелген қолға тиіп.
Жеткен де, жетпеген де өкініште,
Ұстаған мен бос қалған ерегісте.
Екеуі де көрмейді одан опа,
Ұқсайды таң алдында көрген түске.
Дүниенікі екі топты айтыстыру,
Қан төгіп, қару жұмсап, атыстыру.
Бай, кедейдің арылтпай өшпендігін,
Қиямет қайымғаша тартыстыру.
Адамды бағындырудың асылы еңбек,
Түбінде еңбексізді еңбек жеңбек.
Тұрмыс диірмен тасындай айналады,
Бүгінгі өр зорлыққа кезек келмек.
1912




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет