Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет24/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ТҰТҚЫНДАҒЫ БАЙТҰРСЫННЫҢ
"МАСАСЫНА"
Бағаң жоқ көр соқырдың көз алдында,
Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:
Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,
Аузына керек тас деп бір алды ма?
Өткірсің наркескеннің алмасындай,
Жүйріксің "полный ходтың" арбасындай.
Сен сұңқар, көңілі соқыр, сенімен қас,
Өзінің болмады деп қарғасындай.
Сен сонда сүйкімдісің қарқылдасаң,
Қарқылды қарғалықпен ар қылмасаң.
Оларға сенен жексұрын еш нəрсе жоқ,
Сұңқардай көктен шүйгіп жарқылдасаң.
Мақтасаң қарғалардың жеген боғын,
Кешегі өлексемен қарны тоғын.
Мінеки сөз мынау да ен мынау деп,
Тартып алар кезеніп тұрған оғын.
19
1914 


"ШОҢ" СЕРІКТІГІН АШАРДАҒЫ ТІЛЕК
Баршаға мейрім салған, мейірбанды тəңірім,
Ісімізді өзің оңғарып, оңға бастыр!
Қазағыңды ақ, түзу жолға бастыр!
Əлемге шам-шырақ болған, пайғамбар,
Саған салауат айтып, жолыңды қудық,
Баташы бол,
Əулие, аруақ!
Жебе, қолда!
Қазақ қалмасын,
Қорқынышты жолда.
Құдай! Өзің білесің,
Ниетіміз ақ:
Берсейші бізге бақ!
Сенен сұрамай,
Кімнен сұраймыз
Қашан болса да,
Бір өзіңе жылаймыз!..
1914


"ШОҢ" СЕРІКТІГІН АШАРДА
"Шоң" серіктігі туралы көпке істеген
баяндаманың басы:
Мынау жол, Шоң баласы, адамдыққа!
Сіздерді бастамайды жамандыққа.
Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,
Пайда жоқ, құрып қалғыр надандықта!
Бұл өзі жақсылыққа "алтын саты",
Алашқа өрнек болсын Шоңның аты.
Ұлтқа пайда, бір жағы Шоңға абырой,
Емес пе біздер соның жұрағаты.
Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,
Жұрт үлгі алатындай болсын бір іс!
Əрі аруақ, əрі құдай ырза емес,
Өзіңді өзің жарсаң, тауып кіріс....
1914




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет