Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


БҰЛ БАЯНДАМАНЫҢ АРТЫ МЫНАДАЙ



Pdf көрінісі
бет25/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

БҰЛ БАЯНДАМАНЫҢ АРТЫ МЫНАДАЙ
СӨЗБЕН ТЫНАДЫ:
Е, Құдай! Ашшы біздің бағымызды,
Көтеріп өлген Шоң мен өлген тағымызды.
Үмітпен жақсылыққа талап қылдық,
Сындырма, ағатайлар, сағымызды!
Жан пида аруақ үшін, абырой үшін,
Қияметке кетеді мұндай ісің.
Жүз жылғы өлген Шоңның, көмген Шоңның
Əлемге танытайық өстіп түсін.
Жəне де пайда болсын ұлтымызға,
Өрнек, үлгі болайық жұртымызға.
Жиылып үйден үйге мал сойғызып,
Не пайда құр тығудан ұртымызға?
Кіші іні, үлкен аға, осы сөзім,
Абайлап, ақыл салып, ойлашы өзің.
Тартсам мен жарты тиын тамағыма,
Ырзамын олда-білдə жоғалт көзім!
Құдайдан сұрағаным бірліктерің,
Бірліксіз түзетілмес тірліктерің.
Оллаһи, өнер емес, анық өлім,


Күжірейген бір-біріңе іріліктерің.
Келіспес араңызға салқын қабақ,
Салқын болсаң, əркімге болдың тамақ!
Жел бергенге желіккен жел буазға,
Қанжығалы биеке үлкен сабақ.
Міне, біз, бір төбеге "Шоң" деп шықтық,
Адам болу планды қолдап шықтық.
"Е, тəңірім, ісімізді жөндей көр!" деп,
Шын көңіл көзімізден жасты сықтық.
Қол қойдық осыны айтып Шоңның жасы,
Оралсын қайырымен істің басы;
Ерікпедік немесе желікпедік:
Ойладық аз да болса, жұрт пайдасын.
1914


КҮНДЕЛІК ДƏПТЕРІНЕН
1914 жылы 7 жолдаспен Шорман аулына өзімді қазақшылық айнасында көру үшін
бардым. Жолдағы елде менің көлеңкемді сыртымнан естіп, бадырайтып көрсетпеген ел
жоқ. Іздеп барған Садуақас барған жерден мені түссіз буа сөйледі.
Мен ауыл оныкі һəм үміт болған соң таза жауап қайырмай, ұтқызыңқырап
отырдым. Жанаспайтын ауыл екен деп елдегі жайшылық қалпымды бұзбадым. Бəлкім,
онан көрі ілтипатсыз отырдым. Білдім: ол ішінен менің бұл мінездерімнің жалғызын
жақтырған жоқ. Бояма қалыпта жылтырады. Жүрерде осы бойымша аттансам қалпе
деп ойлар һəм боямаға алданбағанымызды білдірейін деп:
Шоң, Шорман едік,
Бір-бірімізге қорған едік.
Шоңның, Торайғырдың көк жапырақтары,
Бұтағыңа келіп қонған едік.
Онымызға қарай сіз де:
"Кім келіп, кім кетпеген ауыл едік"
Деп бауырлығыңды білдірмей,
Арқаңның жауырлығын білдірдің.
Шоң, Шорманға бастамасаң да,
Ілтипатыңнан тастамағаныңа рахмет! - "хош", - деп, қолын ұстап амандасып жүре
бердім.
Былай шыққан соң жолдастарым:
"Құрметтеді" деп мақтасып сөйлескенде,
менің жаным ауру, жайым жайсыз еді.
Мұнан былай:


Малға басым имеске,
Рия тонын кимеске,
Кісі құрметін сүймеске,
Өз ісіме тимеске,
Кісі тіліне ермеске,
"Қазақшылыққа" енбеске,
Аштан өлсем адамға,
Намысымды бермеске,
Май тамызса тілінен,
Еш адамға сенбеске,
Өз ақылымнан басқаға
Не көрсем де көнбеске.
Көміл уағда етілді! - дедім.
1914


ҚОС ҮЙ
Сырлы үй сегіз қанат қоса тіккен,
Жинапты қазынаны биік жүктен.
Ең арты кесе, аяқ та алтын-күміс,
Таңғалдым: мұнша байлық қалай біткен!
Бір келген жолаушыға қиыр шеттен,
Көрсетіп қазынасын мақтан еткен.
Жиналған бір орынға топас күшпен —
Момынның жасы шығар сығып төккен.
Байлыққа азулылар күшпен жеткен,
Аямай байлық үшін арын төккен
Кедейдің маңдай тері, табан ақы,
Бақ емес, қыдыр емес дарып біткен.
Құралған ондай байлық арам дерттен,
Бейнетсіз рахат болып түскен тектен.
Əлсіздің адал малын тартып алып,
Дейді екен: "Құдай бізге нəсіп еткен".
Не үшін кім берді екен шенді шекпен,
Қандайлық қызметі үшін халыққа еткен?
Еңбегін момын елдің күшпен талап,
У үшін алған шығар елге сепкен.


Байлық пен дүниені қылған мақтан.
Сол үшін падишаға елді сатқан.
Бар байлығы жинаған көздің жасы,
Еңбекпен бір малы жоқ терлеп тапқан.
Кемдік жоқ онда енді мал мен бақтан,
Толықсып төрт құбыла шалқып жатқан.
Неғұрлы бақ пен дəулет артқан сайын,
Соғұрлы уландыра елді шаққан.
Сары жез - ит қарғысын шен деп таққан,
Ел сатқан, пара берген - сөйтіп жаққан.
Қозғалып дүлей дауыл топандатса,
Болмассың жаңқа құрлы қалқып аққан.
1914
* * *
Түспейді жазсам жазу қара тасқа,
Ауырлық түсті биыл біздің басқа.
Биенің құлынындай жарасушы ем,
Айрылдым мен əкемнен жеті жаста.
Не жаздым жеті жаста жылатқандай,
Көз жасты дария етіп бұлатқандай.
Мейілі бұл жылаудан өлсем-дағы


Кімім бар басым сүйеп уатқандай!
* * *
Қызы бар жалғыз үйде жеке жатқан,
Он сомдық ылғи алтын шолпы таққан.
Білімсіз көп наданның бірі бұ да,
Несі артық бояп қойған қуыршақтан?
Қыздың да күтушісі бір талай жан,
Көркі жоқ көрген кісі қалатын таң.
Күтінген күнге тимей бояма бет,
Тəкаппар, доғал сөзді, мінезі паң.
Сол қыздан басқа ұл жоқ тұқым болар,
Ие жоқ бақ-дəулетін ұстап тұрар.
Десе де қанша балам - қыз-жолаушы,
Қашан кетер, кім білсін қайда қонар.
Ерке қыз неше жылдай бай таңдады,
Омбы, Семей арасын сайқалдады.
Көңіл сүйіп кездескен кейбір жастар,
Азулы атасына айта алмады.
"Аламын, құшамын" деп қызыққан көп,
Шал өлсе, малына ие болалық деп.
Мал менен жасау болса болды оларға,
Білім менен саналы ой неге керек!


Сол қызға өткен жылы Асыл келді,
Қазақтан "зор оқыған" масыл келді,
"Бүкіл қазақ тағдыры өз қолымда", -
Деп еді, қыз да көніп басын берді.
Қыз қандай, жігіт қандай теңін тапқан,
Дəріптеп қалың елге қылған мақтан.
Бұлардың бар жұмысы - түске дейін,
Ақ үйде құшақтасып ұйықтап жатқан.
Бесінде ұйқы қанып тұрар зорға,
Таранып, күнде жаңа киер торқа.
Қолынан іс боп өнер еш нəрсе жоқ,
Сөзбенен барлық тағдыр осы қолда.
Бұл-дағы бір масыл ғой кедей сорға,
Тек қана байлар үшін жайлы жорға.
Құлқынның құлы болып ардан безген,
"Халқым" деген басшының ісі сол ма?!
Сондайлық "зор" күйеуге қолын артып,
Қақпас шал мақтанады тасып-шалқып.
Сорпаға шығарлары солар болса,
Мен оны құяр едім итке қалқып.
1914




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет