Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет33/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

БІРЕУ БАЙ, БІРЕУ ЖАРЛЫ
Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы,
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсықтар семіріп жүр көміп арды.
Қайдан табам халықтың шын баласын,
Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп ұшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп əзірге сандаласың.
Ондай адам болған ғой, болар тағы,
Өмірлік барлық ісі - елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер əлі-ақ бір күн бақыт таңы.
1916


ҚҰЛАҒЫМ БІТЕЛГЕН ЖОҚ
Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық,
Түлкіден шешен сөзі кетті асып.
Белгілі жарамсақтық жарапазан
Қазаққа пайдалы істен мүлдем қашық.
Қозғалса ел намысы судай тасып,
Шешенің жақсы ат алмақ соны басып.
"Темірді қызғанда соқ" деген қайда,
Бұл неге қалтырайды қаны қашып?!
Қалың ел оянғанда көзін ашып,
Азаттық, теңдік үшін ұрандасып.
Бас тартқан дер кезінде басшылықтан,
Жігерсіз, қайраты жоқ неткен жасық?!
1916


АСЫЛ СӨЗ
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге.
Сөз мəнісін білмесең,
Өлең оқып не керек?
Не айтқанын сезбесең,
Жарапазан не беред.
1916
* * *
Жаңғырып Алтай тауы саласынан,
Майысқан ағаш, шөптер арасынан.
Деді маған тырысып құтылмасаң,
Сахараның б... іздейсің даласынан.
Телміріп бар өмірінде жемтік жеген
Қарғаның жаман-ақсың баласынан.
Онан да талаптанып, қолың созып,
Алланың несібеңді ал панасынан.
Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп,
Тұрмысты алып соқшы жағасынан.


Ұқпайды бұл сөзімді басқа кісі,
Махмұттың Əбдікəрім ағасынан.
1916




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет