Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет41/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
НҰРЕКЕҢЕ
Ұштың ба нақақ оққа есіл ерім!
Ел үшін еңбек қылған кемеңгерім!
Алаштың алаш аты жойылмаса,
Бір кетпес жау мойнында қаның тегін.
Қаның тамған қазақтың Сарыарқасы.
Өмірінше кеудесінде сақтар кегін.
Қанқұмар, қара жүрек қасқырлардың
Аллаға қиын емес келтірсе ебін.
Сатылған, аруақ сатқан арамдардан,
Кегіңді, еншалла, алар елің.
Тұра тұр қоңыздарым, доңыздарым!
Ойлаған алашты емес, күндік жемін.
Талпынған ерік үшін алашыңа,
Қаның дария, сүйегің көпір сенің.
Арман сол жалақордың жаласына,
Құрбан боп есіл ерім барасың да.
Қиянат, күншілдікпен жүрегі өлген,
Иттердің кете бардың таласында.
Құдайым сені дағы көп көрді ме?
Бейшара бұл қазақтың баласына?


Жақын үшін жан құрбан қылатұғын,
Сендей ұл туа бермес алашыңа.


ОСЫ ДА ƏДІЛДІК ПЕ?
Дүниенің дөңгелегі айналады:
Кімі үстінде гуляйттап жайланады;
Кімі астында езілер саз балшықтай,
Білмеймін түбі неге айналады?
"Үстегіңде не қасиет, астағыда
Не жазық?" деп еріксіз ойланады.
- Үстегімді сындырмаған шөптің басын,
Сонда да тамағы тоқ, киімі асыл;
Жасаулы, зинеттеулі палатада
Қызметкер даяр қылар керек асын.
Он жыл қызмет бір кедей қылып таппас
Қондырған бір жүзікке асыл тасын;
Бір кедей жылдық тамақ етер еді,
Өңдеген бояуына бет пен қасын,
Безенуге, ойынға мал шашумен,
Өткізіп бара жатыр өмір жасын.
Қол жоқ онда жұмысқа, іске тиер,
Жұма сайын бір модалы киім киер.
Сəн - сауықтың бəрі де табылады:
Тек қайсысын көңілі оның сүйер.


Бір қонағы тұрады он мың теңге,
Номерлерге барысы одан кем бе?
Бір түнгі бір əйелге шыққан шығынын,
Түссе де кедей таппас қырық жыл терге
Жолы бос жиһан кезсе тамашалап,
Алдыңда стол, биші қыз, қызыл арақ;
Портвейн, қарта ойыны күн - күн сайын
Іш пысқан соң отыра алмай текке қарап.
Шалқасынан жатса да, құдай берер,
Шашса да кедейлік жоқ оған көрер.
Заводы, фабригі, жер жалынан
Жыл сайын миллион - миллион доход келер.
Астағы жұмыс қылған қолы жаурап,
Жасынан терге жуылып, арқасы аурып.
Жер астының кендерін шығарам деп,
Жөтеледі, онда жоқ денге саулық.
1918




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет