Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет7/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
КЕДЕЙЛІК
Кедейлік, сен жексұрын, түсің суық,
Іздемес сені адам керек қылып.
Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың.
Маған салса, қасыма келме жуық.
Жанды жеп сен ғой мені арытатын,
Күнің жоқ ат пен асқа жарытатын,
Жыртықтан жылтылдаған жас денемді,
Күнге қақтап, аязға қарытатын.
Жарытпай киер киім, ішер асқа,
Сөктіріп малы барлау надан, насқа.
Жас көңілді қайғымен уландырып,
Сенсің ғой толтыратын көзді жасқа.
Қинайтын жан алғыштай жанды сенсің,
Түсі суық жыланмен бірдей теңсің.
Маған салса кедейлік аты өшкірді,
Дер едім, тұрмастай ғып жерге көмсін.
Бірақ, сен өлмейсің ғой, жаның берік,
Құтқарсаң бар əлемді шыны өліп.
Өлмесең де өлтірем өсе келе,
Жүрмеспін жолдас болып саған еріп.


Талайды осы күні-ақ жүрмін көріп,
Жалқауды қақпалайсың аттай мініп.
Талаптының маңына жоламайсың,
Талаптанып қууға өзімде ерік.
1910


ДІН
Дін деген - өтірікке нану деген,
Көңілге өнбес қиял алу деген.
Қиямет күн ғарасат майданына,
Өлген адам тіріліп бару деген.
Хор қызын жиырма бестен алу деген,
Мəңгілік, өлмей-жітпей қалу деген,
Өлмейтін, қартаймайтын жайға апарып,
Пендесін басқа күйге салу деген.
Дозақта күнəлілер жану деген.
"Кəпірді" зор азапқа салу деген.
Мұсылманнан басқаның бəрі иттей боп,
Өшпес от, бітпес бейнетте қалу деген.
Бұл - молданың өтірігіне сену деген,
Жетегіне соқырдың еру деген.
Алдамшының алдаған сөзіне еріп,
Қолда барын сыпырып беру деген.
Өлген адам тіріліп келу деген,
Қартаймай, өлмей тірі жүру деген,
Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ,
Мəңгілік ұзақ өмір сүру деген;


Жұмаққа қазақ қана кіру деген,
Ол сырды қожа-молда білу деген —
Ежелгі надандықтың кесірі ғой,
Ғылымға бой ұсынбай іру деген.
Миға кірмес өтірік сөз емес пе,
Мұның бəрі - бос мылжың ұру деген.


НАМАЗ
Күнбатысқа үңіліп,
Қол қусырып, бүгіліп.
Созғыла, сопы, денеңді,
Бір тұрып, бір жығылып.
Аузыңды жылдам күбірлет,
Ұзаққа созып көбірек.
"Үлкен ғалым молда екен" –
Десін надан төңірек.
1911


ЖҰМАҚ
Кең сарай - ұғуынша жұрттың жұмақ,
Бар мұсылман жиналып сонда тұрмақ.
Ұйқы жоқ, ас ішу жоқ, махаббат жоқ,
Не қылған "қызық тірлік" біткен қурап.
Кім көрді? Жұмақ қайда? Ешкім білмес.
Дерексізге дембе боп көңілім сенбес.
Жиырма бес хордың қызын бір еркектің
Алуы өң түгілі, түске де енбес.
Тіпті рас болса да рахат жоқ,
Бас қатырар ұрыспен өңкей күндес!
1911


ДОЗАҚ
"Дозақ деген абақты бейнесінде" –
Солай деген молданың сөзі есімде.
Өнерлі барлық ұлтты сонда салса,
Қазақты іздеп бүлінем мен несіне?!
1911


ОРАЗА
Молдеке, сізге бір арыз,
Ораза деген не парыз?
Ауырмай астан қалғанда,
Өтейтінің қай қарыз?
Аш жүр деп алла аяса,
Жарылқар еді кедейді.
Көпке бірдей қараса,
Жақсы, жаман демейді.
Күнəдан адам қорықса,
Кісі ақысын жемейді.
Біреу жалшы, біреу бай,
Қай кезде, кім теңейді?
1911


САРЫБАС
Жалаң бас, жалаң аяқ, жыртық дамбал,
Кір көйлек, қомыт күпі, шидем шалбар.
Сары үрпек, көгілжім көз, өңі жүдеу,
Қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал.
Жарық қол, қара табан, жалақ ерін,
Толтырған кеудесіне қайғы-шерін.
Жеті атасы құлдықта күн өткізген,
Кірме деп кемітетін ата-тегін.
Ата-анасы қартайып, жасы жеткен.
Кедейлік жас күнінен тентіреткен.
Кірсіз киім, дəмді асты арман қылып,
Қайғылы жоқшылықпен күні өткен.
Азамат үш ағасы сақа бойдақ,
Еңбектің қазанында піскен қайнап.
Атасына басылған нəлет таңба,
Бұларды да сондай ғып басын жоймақ.
Шүкібай шал - əкесі, заты - Керей.
Адал қара бітпеген тұлдыр кедей.
Сарыбасын оқытуға былтыр берген,
Жалшы боп пайда тапсын бұл да демей.


Бұл іске тұра алды ма байлар күлмей,
Кекесін, өткір зілді тілі тимей:
"Артында жоқ көсеумен қамшылайды,
Ақымақ əуре деген əлін білмей".
Ондай сөз Шүкібайды налытпайды,
Үйреншікті кедейлік қажытпайды.
Сарыбасымды оқытам, адам қылам,
Деген ой барған сайын шалықтайды.
Малға кедей, көңлі бай, зарықпады,
Сөзі семіз, мінезін арытпады.
Бар еңбегін Сарыбастың оқуы үшін
Ант қылды соған арнап сарыққалы.
Сарыбасқа өткір зейін дарытқаны,
Бір-ақ жылдың ішінде анықталды.
Қойшының көк шолағы жүйрік шығып,
Шабысты барған сайын дамытқаны.
Жақсы оқып, зеректігін танытқаны,
Жолдас түгіл молданы аңыртқаны.
Піскен бас, көбік өкпе бай баласын,
Таң қылды, сөйлесе естен жаңылтқаны.
"Кедейдің ақылы жоқ мəңгі" деген,


Растыққа бай сөзін дарытпады.
"Малға бас, бай баласы кеще" деген
Асанның мақал сөзін анықтады.
1911




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет