Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


БІР АДАМ КӨП ЖАСАДЫ ЖЕР БЕТІНДЕ



Pdf көрінісі
бет5/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

БІР АДАМ КӨП ЖАСАДЫ ЖЕР БЕТІНДЕ
Бір адам көп жасады жер бетінде,
Мекендеп жақсы жайды ел шетінде.
Зорлықшыл, арам ойлы, ұры болды,
Құралған арамдықтан дəулеті де.
Нашарды зар жылатқан жалғызын жеп,
Тірлікте ойламаған "өлемін" деп.
Жалғанды жалпағынан басып өтті,
"Жазғанын көрге бара көремін" деп.
Сол сорлы ауырып жатыр өлейін деп,
Қимайтын аманатын берейін деп.
Тауысып ап желдей өскен аз өмірді,
Қойнына суық көрдің енейін деп.
Өлді ол, мезгілінде ажал жетті,
Өлшеулі дүниеден демі бітті.
Оранып үш қары без, басқа түк жоқ,
Сақтанбай тірлігінде көрге кетті.
Жатты ол қараңғыда зəресі ұшып,
Тірлікте молда айтқаны еске түсіп.
Дейтұғын: имансызға періштелер,
Көрсетер көр азабын тəнді қысып.


Қозғалып, шамасы жоқ тұратындай,
Созылды қараңғылық таң атырмай.
"Қайда жүр періштесі сұрайтұғын
Кешікті-ау, бұлар қайда, деп япырмай?".
Сонымен əлденеше жылдар өтті,
Тəн шіріп, топырақ боп, тозып бітті.
Шыбын жан айналсоқтап, сасық көрде,
"Періште келеді" деп, босқа күтті.
Ал енді молда қайда, сөзі қайда,
Беретін ұжмақ, дозақ анау жайда?
Білмеймін анығын да, танығын да
Бас қатты шешемін деп, жоқты ойда.
1909


ЖЫЛЫ КЕШ
Жазғы кеш, жарық айлы, қоңыр самал,
Рахат таза ауасын жұтқанда бал.
Сұлу жұлдыз жымыңдап шақырғандай,
Көрікті нұр сəулеме көзіңді сал.
Алтын ай толықсыған cap дөңгелек,
Нұр сепкен жер жүзіне аспанды өрлеп.
Жұлдыздар да тұрған жоқ босқа қарап,
Ай сəулесін күшейтеді көтермелеп.
Көк ауа, мөлдір аспан бейне жібек,
Көргеннің көңілі өсер, ойы түлеп.
Ай бауыры, көк орайдың қойынында,
Сырласар сыбырменен сүйген жүрек.
Оранып гүл-шешекке жұпар иіс,
Жайқалған жапырағы жасыл бүліш.
Құшақтап қалқатайды орман кезсең,
Бақыт табар, жаның да болар тиыш.
Ол жерің су жағасы болса мүйіс.
Тоқталса демалыс боп ұзақ жүріс.
Аспаннан ай сəулесі тіктеп түскен,
Басталса ақ тамақтан тəтті сүйіс.


Сол түннің кетпес еді суреті естен,
Ондай сүйген махаббат болмас өшкен.
Қартайып көр аузында тұрсаң-дағы.
"Ау, дариға" дегізіп, ойға түскен.
1910




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет