Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет6/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
БАЛАЛЫҚ КҮН
Балалық, сенен артық күнім бар ма,
Бала күнде бойымда мінім бар ма?
Бəріне жетем деймін, алам деймін,
Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма?
Балаға тең көрінер бай мен кедей,
Сүйеді жақсы, жаман, надан демей.
Күнə, сұмдық дегенді ол білмейді,
Айырмасыз ер, əйел - бəрі бірдей.
Жақын-алыс деп білмес алалауды,
Аққа жауып жаланы қаралауды.
Өмір, өлім, не нəрсе, ұжмақ, дозақ,
Білмейді бақ, күндеу мен табалауды.
Қайғы, қызық не нəрсе, дəмін білмес,
Байлық, бақыт дегенді көзіне ілмес.
Жақсы, жаман сөздердің парқын айырып,
Не десең де таңданып, құлақ түрмес.
Шіркін-ай, балалық күн, өтесің-ау,
Артыңа қайырылмай-ақ кетесің-ау.
Жігіттікті кəрілік қуып жетіп,
Ажал-дағы, кешікпей жетесің-ау.


Қызықты, тəтті өмір, бітесің-ау,
Алдынан ажал тосып, күтесің-ау:
Туғанда қызықтаған жаңа жанды,
Тумағандай бір күні өтесің-ау.
1910


БАЙЛЫҚ
Байлық-ай, сенің ызаң өтті-ау маған,
Не қылдым өшігерлік, жаным, саған?
Мені көрсең жирендің, теріс қарап,
Əкеңнің менде құны бардан жаман.
Əлі жаспын, не қылдым өшігетін?
Ойың жоқ, мені есіркеп, өсіретін.
Кедейлікті жіберіп аяқ, қолды,
Байлаттың ерік бермей көсілетін.
Сен келсең бар қиыным шешілетін,
Сен жоқта аяқ-қолым кесілетін.
Сенің досың байлардай болып мен де
Күн бар ма көңіл өсіп, өсіретін.
Келмесең зарлайтұғын менде хал жоқ,
Баяғы бір қу кедей, қолда мал жоқ.
Өмір бойы бейнеттен арылмаған,
Тұрмыстың көк шолағы, жалда-жал жоқ.
Бəрібір сонда-дағы өмір сүрем,
Қалқақтап көп ішінде мен де жүрем.
Артықтығы: тамақ мол, киімі бар,
Бай көрген дүниені мен де көрем.


Ол маған ұстауға емес, көруге бар,
Байлар үшін жаралған қазына мал.
Адам ұлын алалап, бірдей қылмай,
Нағыз жауыз - байлық сен, пейілі тар.
1910




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет