Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет3/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

КҮНШІЛ АҚ КІРПІК
Алты жастан оқып ең, ақ кірпігім,
Не айтар ең, сұраса егер: "не бітірдің!"
"Пəленшелер молдадан оқып жүр" деп,
Жел ауыз боп мақтаған сөзбен жүрдің.
Басқаға жаның құмар білмесең де,
Мың сөздің бірін дұрыс үрмесең де.
Оқу малды таңдамас, зейін таңдар,
Оздым ғой қуып жетіп күндесең де.
Көзің көк, кірпігің ақ, шашың сары,
Сары шөлмек - азайыпты беттің қаны.
Күндіз білсе, ұмытып түнде онысын,
Мұнша кеще болғаны не қылғаны?!
Шұбарлы жылқың бар ғой семіртетін,
Ішпей-жемей мас қылып еліртетін.
Айдаса жау, ысқырса желдікі ол.
Сүйегін аң мен құсқа кеміртетін.
Сені де жұрт сыртыңнан "молда" дейді.
"Кеудеде иман, дəулеті қолда" дейді.
Қажы барған əкесі Харамайын,
"Аталы бай, тұқымы орда" дейді.


Молда атанған жақсы ғой, оқу болса,
Баста зейін, кеудеде тоқу болса.
"Молда" деп, "оқыды" деп кім айтады,
Былтырғыны қайталап шоқу болса.
Меніңше, сендей кеще молда болмас,
Тар кеуде, шымшық басқа оқу қонбас.
Берген перде бұзады - сол үшін ғой,
Дəл сені шын мақтаса, молда оңбас.


Қ...ҒА СƏЛЕМ
От бар-ау қара көзде жанып тұрған,
Сымбаты сұлу-ақ-ау барып тұрған.
Тік иық, жазық жаурын, орта бойлы,
Жіңішке бел қыналып, талып тұрған.
Көргеннің көз құмары ауып тұрған,
Ойы тілеп, көңілі шауып тұрған.
Өзіне деп жұлқынған жүрек күшін
Сыртқа шашпай, ақылмен тауып тұрған.
Қарақаттай көзі бар, мөлдір біткен,
Жалтаңдап қарағанда жанар төккен.
Жан азығы болады жас жігітке,
Күлімдеп, қарағанда нұры сепкен.
Дөңгелек, қара торы, сұлу беті,
Кім білсін қоңыр ма, ақ па, қандай еті?
Түр-сымбатқа сай біткен ойы болса,
Не ойлап жүр, қайда екен, арғы шеті.
Кірсіз тіс, жұқа ерін, сөзге епті,
Ақылмен біліп сөйлер əрбір текті.
Жасы менен денесі таласа өсіп,
Хұрмадай кəміл піскен көзім жетті.


Қара сүрме тігілген қасы жайдай,
Жайдары, ашық мінез, сөзі балдай,
Əдепті əзіл сөзден алдырмайтын,
Ақылға сай, сайраған сұрша таңдай.
Тік түскен көз арасы, пісте мұрын,
Сəніне келтіріп тұр беттің түрін.
Сырты сұлу, басында ақылы бар,
Кім білсін, қандай екен ішкі сырын.
Кең маңдай, ми тұрарлық жұмыр басы,
Қара жібек секілді ұзын шашы.
Аналыққа жарасқан төстек кеуде,
Қатарласа тік біткен қос алмасы.
Жасынан оқу оқып, көпті білген,
Несиелі сөзі жоқ, əдеп көрген.
Сенен асып басқаны таңдамас ем,
Жүрегің мендік болып қолға тисең.
1909
* * *
Ақ сəуле, алтын жүзді, құндыз қабақ,
Сен гүлсің иіс шашқан жарып сабақ.
Болғанда көзің - жақұт, етің - торғын,


Қасың - ай, шашың - жібек, мамық тамақ.
Көзің - нұр, сөзің - алма, аузың - алтын,
Самород, қоспасы жоқ нағыз балқын.
Шомылған сұңқар бойың нақ гауһардай.
Бұрқырап нұр төгілсін, маған талпын!
Бір сенсің дүние көрген көзім нұры,
Жарқырап жаным тартар, көңілім гүлі!
Егілген ер көңілім қол сермейді,
Тартса да аспаннан көп жұмақ хоры.
Жан сəуле, кеуде күйген, жүрек жалын!
Кеудем от, жүрегімнің байқа халін?!
Дауасы ауыр дерттің - жалғыз сенсің,
Қолың бер, кетсін қайғы, сөнсін жалын!
1909




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет