жинағында басылған. Барлық жинақтарда басылып жүр.
"Партияшыға".
Бұл өлең 1967, 1987, 1993 жылдардағы жинақтардан алынып
отыр, бұрын еш жерде жарияланбаған.
"Туған еліме
". Бұл өлең алғаш рет 1933 жылғы жинақта басылған. Сол жинақтағы
нұсқа ұсынылып отыр. Ақынның кейінгі кітаптарының бəрінде жарияланып келеді.
"Достыма".
Бұл өлең тұңғыш рет 1933 жылғы жинақта басылды. Сол нұсқа
ұсынылып отыр. Кейінгі жинақтардың барлығынан орын алған.
"Мұның аты өш алу". Осы өлең алғаш ақынның 1933 жылғы кітабында басылған.
Сол текст беріліп отыр. 1933 жылғы жинақта өлең тақырыбы "Мұның ары аш алу" деп
қате жарияланған. Мұны өзге жинақтармен Шəймерден қолжазбасындағы нұсқа
айғақтайды. 1987 жылғы жинақта "Мұның арты өш алу", "Шақпасам бит болмайды"
деп, екі өлең болып берілген, ол дұрыс емес, дұрысы: 1993 жинақта, сол нұсқа берілді.
"Сымбатты сұлуға".
Бұл өлең алғаш рет 1933 жылғы жинақта жарық көрген,
кейінгі жинақтарда да жарияланып келеді.
1. Салды балақ қорғамсың салпылдаған
Анауыңа келгенде ойбай бетім. - 1967 жылы жинақты құрастырушылар қолжазбаға
сүйеніп "қарғадайды", "қарғамсың", "анау бетімді", "ойбай бетім" деп түзеткен. 1993
жылғы нұсқа алынды.
2. Нас басқанды бит басқан, - 1950, 1957 жылдарғы жинақтар негізінде берілді.
Басқа басылымдардағы "нас басқандай" бастапқы текстен алсақ 1993 жылғы жинақ
нұсқасы алынды.
Достарыңызбен бөлісу: