Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет55/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

"Міне, алақай". 
Бұл өлең алғаш рет "Қазақ" газетінде (1913, 4 саны) жарияланды.
Аз да болса қазақ баспасөзі қалыптаса бастағанына қуанып, "Айқап" журналы мен
қанаттас "Қазақ" газеті шыққанына құтты болсын айтып жазылған өлең.
"Ендігі беталыс" 
(1914). Өлең алғаш рет С. Торайғыровтың 1933 жылғы толық
жинағында басылды (5 бет). Өлең тағдыры күрделі. Б. Кенжебаев 1950 жылғы
жинақтағы түсініктемесінде (272 бет): "Сұлтанмахмұт бұл өлеңнің алдыңғы 5
тармағын 1914 жылы Троицкіде оқып жүргенде жазған. Өзінің оқуын, іс тіршілігін,
бəрін шындықты іздеу, табу жолындағы əрекет деп біледі. Ол өлеңін: "Шындықтың
ауылын іздеп түстім жолға" деп аяқтайды. Соңғы үш тармағын кейін ұлтшыл-
алашордашыл бағытқа түскенін уайымдап, үмітсіздікке түсіп жазған. Шындықтың
ауылын: "іздедім, іздесем де таба алмады", - деп түйіндейді.
"Бақыт" 
(1914). Бұл өлең тұңғыш рет 1933 жылы шыққан толық жинақта
басылған.


"Тұрмысқа" 
(1914). Тұңғыш рет "Таң" журналында басылған. Текст Шəймерден
қолжазбасы, 1933 жылғы нұсқа негізге алынды.
"Альбомнан" 
(1914). Тұңғыш рет 1933 жылғы жинақта жарық көрген. 1933, 1950,
1957 жылғы жинақтардағы "сусыз, жеміс береді", - деген жол 1967 жылғы жинақта
"Сөзсіз жеміс береді", - деп түзетілген. Дұрысы осы.
"Орыс, ноғай қыздары, Қалар еді табанда
", - деген соңғы екі жолы 1950, 1957,
1957 жылғы жинақтарда түсіп қалған да, 1993 жылғы жинақта қайта қосылған.
"Жапырақтар". 
Ең бірінші рет 1915 жылы шыққан "Айқап" журналының 11
нөмірінде "Шəйбай Айманов" атынан жарияланған. 1933 жылдан бастап С.
Торайғыровтың барлық жыр жинақтарында басылып келеді. 1992-1993 жылдары
"Жапырақтар" өлеңі кімдікі деген талас туды. Бірақ əдеби-ғылыми жұртшылық бұл
өлең Сұлтанмахмұт Торайғыровтікі, кезінде, "Шəйбай Айманов" атынан жазылған
деген тоқтамға келді.
"Айт". 
Бұл өлең алғашқы рет 1933 жылғы жинақта басылған. 1933 жылғы кітапта
"Жалғыз-ақ дорба астына кедей көріп" деп қате басылған. Қолжазба бойынша дұрысы:
"Жалғыз-ақ дорба асынған кедей көріп.
"Кеш" 
(1914). Бұл өлең алғаш рет 1933 жылғы Сұлтанмахмұт шығармаларының
толық жинағында жарияланған. 1993 жылғы нұсқа негізге алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет