Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)


"Кешегі күндей түсті бұлт басқан"



Pdf көрінісі
бет56/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

"Кешегі күндей түсті бұлт басқан" 
(1914). Бұл өлең алғаш рет 1933 жылғы
жинақта жарық көрген. Кейініректе шыққан кітаптардың барлығында басылып жүр.
"Көшу" 
(1914). Бұл өлең алғаш 1933 жылғы жинақта жарық көрген. Сол кездерден
бастап "Дөңгелек, есік, арыс, қара бөлген", - деп басылған өлең жолдары 1967 жылғы
жинақта қолжазбаға сүйену негізінде "Дөңгелекті ескі арыспен қара бөлген", - деп
өзгертілген. Арыс - арбаның бел ағаштың үстінен салынған ұзын екі ағаш (Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі, 1959, 1 т.).
"Шоң
" серіктігін ашардағы тілек (1914). Тұңғыш 1933 жылғы жинақта (14-15 бет.)
басылды. Сол нұсқа ұсынылып отыр. ескерте кетін бір жəй - 1950, 1957 жылғы
кітаптарда "Шоң" серіктігі жайлы үш өлеңі біріктіріліп, бір шығарма күйінде берілген.
Біз алғаш жарық көрген 1933 жылғы жинақ жəне 1993 жылғы жинақ бойынша
ұсындық.
"Шоң" 
серіктігін ашарда. "Шоң" серіктігі туралы көпке істеген баяндаманың басы
(1914). Бұл өлеңде 1933 жылғы жинақта (15 бет) бірінші рет жарияланды.


Бұл баяндаманың арты мынандай сөзбен тынады (1914).
Алғаш рет бұл өлең 1933 жылғы жинақта (15-16 бет.) басылған. Ақынның өзге
кітаптарында жоқ екі шумақ 1933 жылғы жинақ бойынша қосылды:
Е, құдай! Ашшы біздің бағымызды,
Көтеріп өлген Шоң мен өлген тағымызды.
Үмітпен жақсылыққа талап қылдық,
Сындырма, ағатайлар сағымызды!
Жан пида аруақ үшін, абырой үшін,
Қияметке кетеді мұндай ісін.
Жүз жылғы өлген Шоңның көмген Шоңның,
Əлемге танытайық өстіп түсін. —
"Сөзімен баға бермес бұл халыққа сеземін". 
Бұл өлең алғаш 1933 жылғы
жинақта басылған. Сол нұсқа ұсынылып отыр.
"Күнделік дəптерінен". 
Бұл өлең Сұлтанмахмұт шығармаларының 1933 жылғы
шыққан толық жинағында екі бөлініп, бірі "Күнделік дəптерінен" болып, екінші
"Мұнан былай" болып басылған. Алғашқысы кітаптың 16 бетінде, соңғысы 133
бетінде басылған. Жəне онда келтірілген алғашқы өлеңнің екі жолы түсіп қалған. Бұл
өлең Сұлтанмахмұт шығармаларының 1993 жылғы басылуында жазылған ақын
өмірбаянында тұтас, толық келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет