1957 жылдардағы жинақтарда 20 жолдан тұрады", - деген ескерту жазылған. Сол нұсқа
алынды.
"
Гүлəйім
" (1914). Бұл өлең Сұлтанмахмұт шығармаларының 1933 ж
жинақта
жарияланған.
Өлеңнің мазмұнына, кейбір материалдарға қарағанда ұзақ өлең. Көбі
жоғалған.
"Лəнет бұлты шатырлап"
(1914). Өлең тұңғыш рет "Таң"
журналында
жарияланған. 1950 жылғы жинақта "Лағнат бұлты шатырлап"
деген тақырыппен
берілген.
"Келді хатың, мен шаршап"
(1914). Өлең алғаш рет 1933 жылғы жинақта "Келді
хаты мен шаршап" деген тақырыппен ұсынылған.
"Нешелер көз жасы төгілді"
(1914). Алғаш 1933 жылғы жинақта жарияланған.
1950 жылғы жинақта: үшінші жолы "қанша аясаң да, талпынсаң да" болып басылған.
Дұрысы "Қанша аянбай талпынсаң да", - деген түсінік келтірген.
"Күңгірт түспен айға батып"
(1914). Алғаш 1933 жылғы жинақта жарияланған.
"Ей, махаббат! Ей, достық!"
(1914). Бастапқысы 1933
жылғы жинақта
жарияланған. Оған күнделік дəптерінен көшіріліп жазылған екен. Барлық жинақтарда
жарияланып отыр.
"Дүниедегі қызықтың
" (1914). Əуелде 1933 жылғы жинаққа енгізілген. Тосқаным
қабір құшағы. 1933 жылғы жинақта "құшады"
болып кеткен,
кейінгі жинақтар
бойынша түзетілген.
"Жан қалқам"
(1914). Алғаш 1933 жылғы жинақта жарияланған.
Достарыңызбен бөлісу: