Тұрлаулы мүшелер – сөйлемдегі сөйлемді сөйлем ететін ең негізгі мүшелер. Сөйлемнің ұйытқысы. Әрине, тұрлаусыз мүшелерде де сөйлем жасай береді. Сөйлем болуы – контекс сөйлеу ————— байланысты.
Тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелерді қоршап, анықтап тұрады, осы екеуіне қатысты болады.
Оқшау сөздің сөйлем мүшесі болмайтындығы.
Мысалы: І. «Полицей приставаның дәл осы кезге келе қалуында, мүмкін. Реяновтың да қатынасы бар шығар… бер әрине. (Ғ.Мүсірепов). ІІ. Білсем, жар деп кісі үй жолдасын айтат та! (М.Ә). ІІІ. Үсен, Үсен, мынау таяз жердегі балықтарды қарашы! (Ы.А)
Демек оқшау сөздердің сөйлем мүшесі болмайтындығы, олар сөйлемдегі басқа сөздермен мағыналық, моральдік қатынасқа енгенмен грамматикалық қатынасқа енбейді.Анықтамасы, тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Толықтауыштың жасалуы, құрамы. Толықтаушытың түрлері: тура толықтауыш, жанама толықтауыш. Толықтауытың өзі қатысты мүшесімен байланысы.
Толықтауыштар, әдетте, сөйлемнің баяндауышына қатысты болады деп түсіндіріледі. Ол баяндауыш, көбінесе, етістіктен жасалады да, толықтауыш іс-қимылдың әсеріне ұқсайтынына, іс-қимылға қатысты болып келетін заттарды білдіреді. Бұл – толықтауыштың мағыналық белгісі болса, тұлғалық белгілері барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік тұлғаларды. Мысалы, биылғы қыстың бас адамға да ,малға да әзір аса жайлы болып тұр. (М.Ә). Алғашқы кезде көмірді вагонеткамен шығаратын. Асқарда кітап көп.
Толықтауыштардың сұрағы: кім, не түбірлі болын келеді. Септік жалғанғанда тұруына байланысты.Толықтауыштың өзі қатысты сөзбен мағыналық байланысы тығыз болады. Сондықтан ол болмаса сөйлемнің мағынасы толық айтылмайды.Толықтауыштың іс-әрекетке, қимылға қатыстылық дәрежесімен мағыналары, сондай-ақ сөйлем құрамындағы синтаксистік қызметі бірдей емес. Олардың мұндай синтаксистік және мағыналық ерекшелігі тұлғалары арқылы (септік жалғаулары) көрінеді.
Табыс септік жалғанғанда сабақты етістіктердің жетегінде айтылатын толықтауыштарды тура толықтауыш дейді. Сұрағы кімді, нені? Тура толықтауыштың мағыналық жағына келер болсақ, ол – іс-қимылға тікелей қатысы болады. Өзі толықтанатын сөзімен барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғау арқылы байланысып, іс-әрекетке, белгілі сапаға жанама түрде қатысты болатын толықтауыштарды жанама толықтауыш дейді. Сұрақтары: Кімге, неге, кімде, неде, кімнен, неден, кіммен, немен?
Тура толықтауыштың тұлғасы – табыс септігінің жалғау және жалғаусыз нөлдік тұлға түрлері.
Тура толықтауыш мынандай жағдайларда жалғаулы болып келеді:
Егер арасына сөз түссе.
Тәуелдік жалғаулы толықтауыш
Логикалық екпін түссе.
Бастауыш болуға бейім сөздер, соның ішінде әсіресе жалқы есімдер.
Сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер.
Жанама толықтауыштар: барыс септік жалғауы толықтауыштардың білдеретін мағыналары:Іс-қимылдың кімге, неге арналғанын, бағытталғанын білдіру.
Іс-әркеттің мөлшерін білдіреді. Асқар биыл отызға толады.
Сапаға қатысты объектілерді білдіреді. Сөзге жүйрік, оқуға ықыласты.
Жатыс септікті толықтауыш.
Олар іс-қимыл таралған объектіні, зат құбылыстың орны тұрағы болған объектіні білідіреді. Жатыс септікте сөздер пысықтауыш қызметінде, баяндауыш қызметінде де жиі қолданылатыны белгілі. Пысықтауыш пен жанама толықтауыштың айқындауға қиындық көздейді.
Толықтауыш пен пысықтауыштың синтаксистік қызметі контекске және етістік баяндауыштың мәніне байланысады. Мысалы, жылқыда өт жоқ. Ол жылқыда болды. Асқар бірінші класта оқиды. Асқар бірінші класта отыр.Шығыс септік жалғауы бұл тұлғадағы толықтауыш болатындар көлем кеңістік, мезгілдік мән бере алмайтын зат не басқа есімдер. Білдіретін мағыналары:
Іс-қимылға жұмсалған материалды, яғни заттық тегін, неден жасалғандығын білдіреді. (тастан сарай салғызды).
Іс-әрекеттің шығу объектісін, тегін, тобын білдіреді. (Сабадан қымыз құйылды).
Көмектес септіктер.
Орын – мекендік, мезгілдік, қимыл-процестік мәні жоқ сөздерден зат есім жасалады.Істің істеул құралын, немесе істі істеу үшін жұмсалған объектіні білдіреді: Ағашты балтамен шапты. Пулеметпен атылды.Іске бірлестік қатынастағы объектіні білдіреді. Ол Асқармен бірге болды.Бір өңкей заттардың ерекше белгісін білдіреді. Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді.Жанама толықтауыштарға туралы, жайныда, жөнінде шылаулары арқылы жалғанғандар жатады. Олар айтылған ойдың бағытын, бағдарын білдіреді. Мен ол туралы көп ойландым.Толықтауыш өзі қатысты сөзбен меңгеріле байланысады.Толықтауыштар құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болады.
Құлақ естігенді, көз көреді. Жұмыстың арасында әртүрлі наразылықтар, толқулар болуын сіз өзіңіз де жақсы білесіз. (Ғ.М).
Мына мысалдарға қандай? Қарулы екі жігіт саба пісуде тұр. Ол акт жазам дегенмен, не жазарын білмеді. Сессияның жұмысына қатысты.