Көмектес септік. Бұл септіктің жалғаулары -мен,-бен,-пен,-менен,-бенен,-пенен. Көмектес септік жалғауларының бір ерекшелігі-олардың тілімізде фонетикалық жуан варианты жоқ.
Көмектес септіктің басты мағыналары:
- істің, қимылдың немен, қандай амалмен істелгенін білдіреді. Мысапы, Орамалмен терін шапшаң сүртіп, самай шашын асығып түзеді (Н. Ғабдуллин).
- іс-әрекетті, қимылды атқаруға қатынасқан адамды білдіру де көмектес септіктің негізгі мағыналарының бірі. Мысалы, Ол әскерге Досандармен бірге аттанған жігіт еді (К. Оразалин).
- көмекгес септігіндегі зат есім кейде істің, қимылдың амалын білдіреді, Мысалы,... істің жедел қолға алынғанын ризалықпен еске алды (сонда).
- көмектес жалғаулы зат есімнен кейде істің, қимылдың, мекені, мезгілі көрініп тұрады. Мысалы, Бұлақтың арасымен жарыса жүріп, жазыққа түсейік (сонда).
Көмектес септік жалғаулы сөз жанама толықтауыш болады. Мысалы, Назыммен телефон арқылы хабарласты. Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
Көмектес септік жалғаулы сөз сөйлемде пысықтауыш та болады. Мысалы, Домбыра үлкен шеберлікпен жасалыпты.
3. Септік жалғаулардың мағыналары мен қызметтері
Қазақ тілінде 7 септік түрі бар. Жоғарыдағы кестеден көрінетіндей, олардың сұрақтары мен жалғаулары біркелкі емес. Сондай-ақ олардың сөзге үстейтін мағыналары да алуан түрлі. Кейінгі кезде септіктер екі топқа бөлініп жүр: грамматикалық септіктер және көлемдік септіктер.
Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері, көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын бұлай бөлудің басты негізі олардың мағыналары мен қызметтеріне байланысты.Грамматикалық септіктер (атау, ілік, табыс) негізінен тек затттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатынастық (анықтауыш) мәнін білдіреді. Сондықтан да заттық мәнге (адамға байланысты және адамнан басқа затқа) байланысты әркайсысы екі сұракка ғана жауап береді: кім? және не? кімнің? және ненің? кімді? және нені? Ал көлемдік септіктер (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) заттық мәннен яғни объектілік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыттық, құралдық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады. Сондықтан барыс септік кімге? неге? деген сұрақтан басқа қайда? деген сұраққа, жатыс септік кімде? неде? деген сұрақтан баска қайда? деген сұраққа, шығыс септік кімнен? неден? деген сұрақтан басқа қайдан? деген сұраққа көмектес септік кіммен? немен? деген сұрактан басқа қалай? деген сұраққа да жауап береді.
1. Атау септіктің арнайы жалғауы жоқ, зат есімнің негізгі және туынды түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Кейде көптік және тәуелдік жалғау тұлғаларында да тұрады. Атау тұлғадағы зат есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Егер басқа сөз таптары (сын есім, сан есім, есімше, түйық етістік т. б.) атау түлғасында түрса, олар заттанып, сөйлемде бастауыш болады. Мысалы: Толқыннан толқын (не?) туады (М. Жұмабаев). Ащы мен тұщыны татқан (кім?) білер (мақал).
2. Ілік септік меншіктілікті, бір затқа тән екендігін көрсетеді. Әдетте ілік септікті сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданылады да, ілік септіктерге сөз иеленуші зат (я адам) болады да, тәуелдік жалғаулы сөз соның меншігі, соған тиесілі я катысты зат болады. Мысалы: Хамиттын, екі құлағы шың ете түсті (С. Сейфуллин). Жомарттың сөзі есіне түсті (Ғ. Мұстафин). Бұл сөйлемдегі Хамиттың, Жомарттың деген ілік септіктегі сөздер құлағы, сөзі деген заттардың иесі, меншігі мәнін білдіреді.
Сондай-ақ ілік септік бүтіннің бөлшегі (үйдің терезесі), әр түрлі табиғи байланыстарды (судың сылдыры) сияқты мәндерді білдіреді.
Кейде ілік септік түсіп қалып та колданылады: ақынның өлеңдері — ақын өлеңдері, қаланың жастары — қала жастары т. б.
Сөйлемде ілік септікті сөз анықтауыш қызметін атқарады (сұрағы кімнің? ненің?).
3. Барыс септік жанама объектіні және қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын, кейде мақсатын білдіреді. Мысалы: Толқынға толқын еркелеп, Меруерт көбікке оранып… Жарға жетер ентелеп (М. Жұмабаев). Бұл сөйлемде толқынға (неге еркелеп?), көбікке (неге оранып?) деген сөздер қимылдың (еркелеп, оранып) жанама объектісін білдіріп, толықтауыш болып тұр, жарға (қайда жетер?) қимиддың (жетер) бағытын білдіріп, мекен пы-сықтауыш болып тұр. Барыс септіктегі сөз кімге? неге? деген сұраққа жауап берсе, толықтауыш болады да, қайда? неге?— не үшін? (көбіне түйық етістікке жалғанғанда: оқуға келді — неге, не үшін келді?) деген сұраққа жауап берсе, пысықтауыш болады. Барыс септікті сөз дейін, шейін, қарай деген шылаулармен тіркесіп те жұмсалады.
4. Табыс септік тура объектіні білдіреді де, сабақты етістіктермен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. Сөйлемде кейде табыс септік жалғауы түсіріліп (жасырын) те қолданылады. Мысалы: Раушанның отты көздері ішке шоқ түсіріп жандырған соң, Бәкен кейістікті ұмытты (Б. Майлин). Бұл сөйлемде кейістікті (нені ұмытты?) табыс септікте тұрып, тура толықтауыш болып тұр, шоқ (нені түсіріп) табыс септіктің жасырын түрінде тұр. Табыс септіктегі сөз жалқы есім немесе тәуелдеулі сөз я алдында анықтауышы болса, болмаса табыс септікті сөз бен оны меңгеріп тұрған сабақты етістіктің арасында сөз тұрса, табыс септік жалғауы түспей қолданылады. Мысалы: Ол танк қалкасымен жетіп үлгірген Әлияны байқамай да қалды (Ж. Жұмақанов). Кірпігін де сирек қағады (М. Әуезов).
5. Жатыс септік қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, мекенін кейде мезгілін, көлемін білдіреді де, сөйлемде кімде? неде? деген сұраққа жауап берсе, мекен, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен (С. Мұратбеков). Құлтайда жаңағының бірі жоқ (Ә. Әбішов). Жатыс септікті сөз сөйлемнің баяндауышы да болады: Қызым үйде, қылығы түзде (мақал).
6. Шығыс септік қимылдың, іс-әрекеттің неден, қайдан шыққанын, басталғанын білдіріп, сөйлемде толықтауыш және мекен, мезгіл пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Толқыннан толқын туады (М. Жұмабаев). Бұл сапарга біз Москвадан келе жатырмыз (С. Мұқанов). Шығыс септікті сөз кейде баяндауыш та болады. Біз Жетісуданбыз. Шығыс септікті сөз кейін, соң, бері сияқты шылаулармен де тіркесіп жұмсалады: Өзге ұлттардың мәдениеті де кең өріске Октябрь революциясынан кейін ғана шықты (С. Мұқанов).
7. Көмектес септік іс-әрекеттің, қимылдың немен, қандай құралмен, амалын, қалай істелгенін және қимылға ортақтықты білдіріп, сөйлемде пысықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшіп келе жатқан — Абай аулымен көрші ауылдар (М. Әуезов). Хатшы жігіт сағатқа қарап, кезекпен жіберіп тұр (Ғ. Мұстафин). Көмектес септік жалғауьшың ерекшеліктері бар. Олар буын үндестігі заңына бағынбайды, жуан сыңарлары жоқ. Сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да жіңішке жалғау (-мен, -бен, -пен) жалғанады. Сондай-ақ мен, бен, пен деген жалғаулық шылаумен ұқсас келеді. Егер бұлар қатысты сөз -мен, -бен, -пен тұлғасынсыз айтылмаса, ол көмектес септік жалғауы болғаны, сөзбен бірге жазылады, онсыз айтуға болса, немесе және деген сөзбен алмастыруға болса жалғаулық болғаны, бөлек жазылады. Мысалы: Мағаш Кәкітай мен (және) Абайға қарады. Мағаш Кәкітаймен сөйлесіп тұр.
Тәуелдеулі септеу. Зат есімдер тәуелденіп барып та септеледі. Тәуелдеулі септеудің барыс, табыс, жатыс септік жалғауларында ерекшеліктер бар. Тәуелдік жалғауының 1 және 2-жағындағы сөздерге барыс септігінде -а, -е жалғауы жалғанады: балам-а, уйің-е, ал 3-жағындағы сөздерге барыс -на, -не, табыс -н, жатыс -нда, -нде жалғаулары жалғанады: баласы-на, уйі-не, баласы-н, уйі-н, баласы-нда, уйін-нде.Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды айқындайтын тұрлаусыз мүшелер де болады, олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш. Бұларды «тұрлаусыз мүшелер» дейтін себебіміз не? Сөзінде тиянағы жоқ кісіні «сөзінің тұрлауы жоқ» те атаймыз. Осындағы «тұрлау» сөз «тиянақ», «береке», «пəтуа» деген ұғымдарды білдіреді. «Тұрлаусыз» деген сөзді кейбір сөйлем мүшелеріне тануымыз ол мүшелердің сөйлемді тиянақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Расында, бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты енетін, оның бас арқауы болса, тұрлаусыз мұшелерде ондай қасиет болмайды. Олар бас мүшелердің маңына топтанып, алдымен соларды жəне бірін-бірі анықтап, пысықтап тұрады. Мысалы: Көк жүзінің шарбы бұлты əлдеқайда тарап жоқ болып тұр: көк жүзінің шарбы деген сөздер (анықтауыштар) бұлты деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды. Ал əлдеқайда (пысықтауыш) сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауышты пысықтайды. Қолдың саласындай тарамдаған арықтардың біреуі бара-бара ұлғайып… қарауытқан
сай болды . Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер: біреуі (бастауыш), сай болды (баяндауыш), қалған тұрлаусыз мүшелер- анықтауышпен пысықтауыштар. Осылардай тұрлаулы мүшелердің ғана емес, тұрлаусыз мүшелердің де: анықтауыштың- анықталушы, пысықтауышы, толықтауышы; толықтауыштың
анықтауышы; толықтауышы, пысықтауышы, пысықтауыштың толықтауышы болуы мүмкін. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тұлғасына қарап айрудың ғылыми тірегі əлсіз болады. Дұрысында, сөйлемнің тұрлаусыз мүше мəселелері сөз тіркесі жайындағы іліммен тығыз байланысты қаралуға тиіс. Сонда өзара тіркескен сөздер тобының қандай қарым-қатынасты білдіруіне қарап, тұрлаусыз мүшелерді дұрыс танитын боламыз. Сол ізбен зат есімдер мен атрибуттық қатынаста жұмсалатын түрлі-түрлі тұлғадағы сөздердің бəрі-анықтауыш, етістікпен жəне кейбір есімдермен объектілік қатынаста тіркесетін, заттық ұғымы бар сөздердің мүшелік қызметі толықтауыш болады. Сондай-ақ етістіктерге, кейдй кейбір есімдерге қатысы болып, мезгіл, мекен, амал, т.б. мағыналарда жұмсалатын сөдер, қандай тұлғада болмасын, пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Толықтауыш. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін əрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен, толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс алғаулардың бірінде жұмсалады. Қысқасы, толықтауыш-қимыл процесінің объектісі болатын мүше. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне жəне тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: Тура толықтауыш. 2. Жанама толықтауыш. Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш болады. Ол заттың (субъектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланысты болады. Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай мүше болмасын, əр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты- керек етіп, ілестіре жұмсалады. Мысалы: Көрдім сұлу Еділді, Еділдей еркін елімді.Баяндамашы
баяндамасын аяқтады. Жас құрақтар көлдің суын сипап тұр. Бұл мысалдардағы етістіктердің қимылы басқа бір затқа ауысып түсіп тұрса, екінші жағынан сол зат етістіктің қимылдық мағынасын толықтырып тұр. Сондықтан олар бірне-бірі сабақтасып, бірінсіз-бірі жұмсалмайды десе де болады. Сабақты етістікті сөйлемде тура толықтауыш болмаса, сөйлем олқыланып, кейде түсініксіз болып тұрады. Мысалы: Мен көрдім дегенде кімді нені көргеніміз айтылмағандықтан, сөйлем олқыланып тұр. Сол сияқты, Сен бастадың дегенде де, нені бастағаны аталмай, хабарлайтын пікір көмескіленіп тұр. Олай болатыны-жоғарғы етістіктердің мағынасы тура толықтауыштармен тікелей сабақтас болуында. Сабақты етістіктердің тиісті аффикстер арқылы біржола затқа айналып кеткендері болмаса тіпті сын есімге айналып, бірақ етістік мағыналарынан біржола айрылмағандары да тура толықтауыштармен сабақтаса береді. Тура толықтауыштар қазақ тілінде тек сабақты етістіктермен ғана емес, есімдер мен көмекші етістіктерден болған құрама баяндауыштармен де байланысты болып, соларды толықтап тұрады. Ондай құрама баяндауыштар мыналар сияқты болады: жақсы көру, жек көру, мақұл көру, артық көру, сөз ету, табыс ету, қабыл алу, қарсы алу. Тура толықтауыштың грамматикалық тұлғасы- табыс септігі. Одан басқа септік
жалғауларда айтылған тура толықтауыш болмайды. Кейде табыс жалғаудағы сөздің шығыс септіктің орнына не керсінше айтылатыны да бар: Ол оттан аттап өтті - Ол отты аттап өтті. Олар оттан айналды- Олар отты айналды. Олар таудан асып кетті- Олар тауды асып кетті, т.б. Бұл тек қазақ тіліне ғана тəн өзгешелік емес, Н.К. Дмитриев «Гагаузские этюды» деген еңбегінде гагауз тілінде барыс септіктің орнына табыс септіктің жиі қолданылатынын көрсетеді. Қазақ тілінде табыс жалғаулы сөздің салт етістікпен байланысты барыс септіктің қызметінде жұмсалуы гагауз тіліндегідей етек алмаған. Дегенмен ондай мысалдар ауызекі тілде, кейде көркем əдебиетте кездесіп отырады: Атқа міне шапты. Атты міне шапты. Атқа міндім. Атты міндім. Тура толықтауыш өзі қатысты сөзден қашықтап тұрғанда, əр уақытта жалғаулы болады, ал ол сөзбен қатар тұрғанда, кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз жұмсалады.Тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз болуы туралы көзқарастар. Түркітанушылардың еңбектерінде тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз болатыны туралы пікірлер ертеден бар. А.Казембек «Общая грамматика турецкотатарского языка» деген 1846 жылы шыққан кітабында «кимылға қатысты зат белгісіз болғанда жəне ол- етістіктің дəл алдында тұрғанда табыс септік атау септігімен алмастырылады»,- дейді. 1869-жылы Қазанда шыққан «Алтай тілінің грамматикасы» да, сол ізбен, тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуын оның белгілі, белгісіз зат болуынан деп түсіндіреді. Одан кейінгі грамматика авторлары «Алтай тілі грамматикасының салған жолынан ешқайда аумай, сондағы ережені шамалы
өзгерістермен қайталап келді. Оған Мелиоранскийдің, рас, өз тарапынан қосқаны болды. Ол «Краткая грамматика қазақ -киргизского языка» деген еңбегінде: Можно различать винительный падеж оформленный и неоформленный, т.е., иначе сказать иногда, именительный падеж употребляется вместо винительного.
ХІХ ғасырдың аяқ шенінде бұл мəселеге өзгелерден гөрі ұқыпты қараған
түркологтардың бірі Н.А. Ашмарин болды. Ол 1902 жылы шыққан «Опыт
исследования чувашского синтаксиса» деген еңбегінде, басқа авторлардай емес, тура толықтауыштың жалғаулы жалғаусыз жұмсалуын тек белгілік пен белгісіздіктің тұңғиық түкпіріне итере салмай, чуваш тілінде олардың қандай жағдайда қандай сөздердің толықтауыш қызметінде жалғаулы болатынын ашуға көп көңіл бөліп, өте құнды материалдар жинаған болатын.Қазақ тілінде тура толықтауыштың екі түрлі тұлғада жұмсалуын тек заттың белгілі, белгісіздігімен түсіндіруге болмайды. Кейде белгілі, айқын деген заттар жалғаусыз айтылады да, мүлде белгісіз ғой деп ұғынылатын заттар табыс жалғауында айтылады. Мұндай фактілердің болатынын кезінде «Алтай тілі грамматикасының» авторлары да мойындауға мəжбүр болған. Тура толықтауыштың жалғаулы болып жұмсалуы. Тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалу себептерін дұрыс түсіну үшін, олардың əрдайым жалғаулы болып жұмсалатын ережелерін айқындау керек. Олар мыналар: Тура толықтауыш өзі қатысты сөдер қашықталып тұрып, екеуінің ортасында басқа сөйлем мүшесі тұрса, ол жалғаулы болады: Кітапты кітапханадан алдым. Малды таудың бөктеріне жайдық.
1. Экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не қосарлы етістіктердің
жетегінде айтылатын тура толықтауыштар да əрдайым жалғаулы болады: Асқар есікті ашып кеп жіберді. Бұл сөйлемдерді тура толықтауыштарды жалғаусыз айтуға болмайды. Олай болуы, əріне, толықтауыш болған сөздердің белгілі болғандығынан емес, өзгеше əлеумен айтылған етістіктердің ықпалына еріп, екпініне ілесе, жалпы сөйлемнің экспрессивті өзгешелігіне «үн қосқандығынан», сөйтіп, олардың да басым мағынада айтылғандығынан деп білу керек. Сол сияқты тура толықтауыштар мынадай синтаксистік жағдайларда да белгілі, белгісіз болуына қарамай, əрқашан жалғаулы болып айтылады.
1. Сөйлемде тура толықтауыш болған сөзге не онымен байланысты сабақты
етістікке логикалық екпін түскенде, ол жалғаулы болады: Өнерді үйрен де, жирен.
2. Бір сөз сөйлемде екі рет айтылып, бірі бастауыш, бірі тура толықтауыш
қызметінде жұмсалғанда, олардың сол синтаксистік қызметі айқын болу үшін, тура толықтауыш үнемі жалғаулы болады: Адам адамды сыйлайды.
3. Бір етістікке бағынған бірнеше бірыңғай тура толықтауыш мен, пен, бен
жалғаулықтары арқылы не жалғаулықсыз, интонация арқылы байланысып, екеуі бір тұлғаға ортақ болып айтылу керек болғанда, олардың ең соңғылары көбінесе жалғаулы болады: Əдебиет пен тарихты бөлуге бола ма?
4. Тура толықтауышты қызметіндегі зат есімдер қос сөз болса олар да əр
уақытта жалғаулы болады: Сай-сайды жағалай ілгері жүрдік.
5. Тура толықтауыш болған зат есімнің мағынасы етістіктің лексикалық
мағынасымен тыгыз байланысты болмай, əдетте ол екеуі қатар келмейтіндей сөз болса, басқаша айтқанда, бір затқа тəн қимыл өзге затқа ауыстырыла айтылған метафора болса, олар да жалғаулы болады: Пароход теңізді тіліп барады.Бұл айтқандардан басқа мынадай сөздер сөйлемде тура толықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар əрқашан табыс жалғауда айтылады. Олар: 1.Кісі аттары мен олардың орнына жүретін есімдіктер.Кісі аттарынан кейін жолдас, азамат, апай сияқты қосалықы айқындауыш айтылса, олар да кісі атымен тіркесіп, тура толықтауыш қызметінде жұмсалғанда, жалғаулы болады:Бірқатар оқымыстылар, мысалы: Н.К.Дмитриев, кісі аттары мен жіктеу
есімдіктерінің тура толықтауыш қызметінде тек жалғаулы болуын ол сөздердің белгілік категориясына жататындықтан деп қарайды. Біздіңше, жоғарыда айтылған сөздердің тура толықтауыш қызметінде үнемі жалғаулы болуының негізгі себебі олардың мағыналық мазмұнының белгілі болуында емес, ол сөздердің синтаксистік негізгі қызметінің өзгешелігінде болу керек. Олар арнаулы бастауыштар, қимыл иелері: олардың өздерінің сондай қимылына, ісіне тəн тура толықтауышы болуға тиісті сөздер. Сондықтан олар сөйлем ішіңде толықтауыш қызметінде айтылғанда, бастауыш болып кетпеу үшін, басқаша айтқанда, синтаксистік қызметі айқын болу үшін əр уақытта толықтауыштың формалық белгісін-табыс жалғауын – сырттан қабылдап тұрады. Мысалы: Олар Жарысты көрмеді дегенді тура толықтауыштың табыс жалғауын түсіріп айтсақ (Жарас көрмеді) бұрынғы толықтауыш енді бастауыш мағынасында жұмсалған болады. Ол бір əдемі торы ат жетеклеп келді. Ол кітап көтерген бір баланы ертіп келді. Бірінші сөйлемнің табыс жалғаусыз айтылған ат деген толықтауыштың алдына белгісіздіктің белгісі бар (бір), бірақ оған табыс жалғауын жалғап айту шарт емес, бұл арада жалғанбағаны дұрыс-ақ. Жалғана қойса, сол сөзге екпін түскендігін білдіреді. Ал, сол сияқты, екінші сөйлемдегі бір баланы деген тура толықтауыш белгісіз болғанмен, табыс жалғауда тұр. Оның жалғануын түсіндіріп айтуға болады, бірақ жалғаусыз айту сөйлем мағыасына екі ойлылық тудырады. Өйткені ол-ат деген бірінші сөйлемдегі толықтауыштай емес, жетектеп елді деген баяндауыштық қимылға ие бола кетуге ыңғайлы, бастауыштық икемі бар сөз. Ол бастауыш қызметіңде ұғынылмау үшін жалғаулы қалпында тура толықтауыш болып тұр. Бұдан шығатын қорытынды: сөйлемде объектілік мағынасы өзіне-өзі айқын сөздер тура толықтауыш қызметіңде жалғаусыз айтылады да, толықтауыштық қызметі көмекші, синтаксистік қызметі өзгеше сөдер жалғаулы болып келеді.Кісі аты мен жіктеу есімдігінің бастауыштық қызметі ерекше екендігін аңғару үшін жоғарыда айтылғанға қосымша ретінде бірінеше мысалға талдау жасайық: Қоян атқан аңшы бізге қарай жүгірді деген сөйлемде қоян-тура толықтауыштық ыңғайда жалғаусыз айтылған. Ол сөйлемде аңшы- бастауыш. Соларды орын аустырып, Аңшы атқан қоян бізге қарай жүгірді десек, аңшы бұрынғы сөйлемдегі қоян сияқты, атқан сөзімен толықтауыштық қатынаста жұмсалмайды, бастауыштық қатынаста жұмсалады. Оны толықтауыш қызметінде айту үшін оған табыс жалғауын жалғау керек. Арнаулы толықтауыш болатын зат есімдер сөйлемде табыс жалғаусыз-ақ етістіктермен қатар айтылса да, сол қызметін жоймайды. Ал арнаулы бастауыш болатын сөздер толықтауыш қызметінде жалғаусыз айтылса, бастауыш болып ұғынылатындықтан, ол қызметте жалғаулы болып жұмсалады.Сын, сан есімдер, есімшілер, сілтеу есімдіктерінде тура толықтауыш кызметінде жалғаулы болып жұмсалады. Қазақ баласы асауды үйрете біледі. Жеті класты бітіргенді алмады. Сапалақ есімдердің тура толыктауыш қызметіңде жалғаулы болу себебі- олардың да, кісі аттарымен жіктеу есімдіктері тəрізді, негізгі синтаксистік қызметінің (негізгі қызметі- анықтауыш, пысықтауыш) ерекше болумен байланысты. Олар (арнаулы анықтауыш, пысықтауыштар) толықтауыштық белгілі-табыс жалғауы жалғануы керек, əйтпесе олар анықтауыш не басқа мүше болып кетеді. Тəуелдік жалғаудағы сөздерде тура толықтауыш қызметінде əрдайымтабыс
жалғауына қойылып айтылады:
Өмірім балдай балдыраған,
Құмарымды қандырған.
Көңілімді , көзімді,
Өмірімді өзімді
Шам-шырақтай жандырған.
Тəуелдік жалғауында тұратын сөздердің тура толықтауыш болғанда табыс жалғаусыз жұмсалуының екі түрлі себебі бар: біріншіден, тəуелдік жалғауда тұрған сөздер, басқа сөздерге қарағанда, айтушыға, тыңдаушыға субъектілік грамматикалық белгісі бар сөздер; екіншіден, тəуелдік жалғауда тұрған арнаулы бастауыштың тура толықтауыштық қызметін айқындау үшін жұмсалады. Сондықтан табыс жалғауын жалғап айтсақ, бастауыш болып кетеді. Мысалы: Жолдасымды көрді – жолдасым көрді; қарындасын алдырды- қарындасы алдырды.Мағынасы абстракт туынды зат есімдерде толықтауыш кызметінде көбінесе жалғаулы болады: Сол өсекті басатын шындықты ашып айтуға жүздері шыдаған жоқ. Алдында мынадай анықтауыштары бар зат есімдер тура толықтауыш қызметінде жалғаулы болады: а) Мына, ана, осы, бұл, анау, мынау, санау сияқты сілтеу есімдіктері сөйлемде толықтауыштардың анықтауышы болғанда, олар заттың көлемдік сапасы болады. Олар тура толыктауыш болған заттардың басқа заттардың басқа заттардан оқшауланған даралық белгісін де білдіреді. Ондай анықтауышы бар
тура толыктауыштардан бұрын бір деген белгісіздіктің белгісі тұрса да, олар
жалғаусыз айтылмайды: Осы каналды қазып бітірейік. ə) Мекендік ұғымды білдіретін анықтауышы бар зат есімдер. Ондай анықтауыштар жатыс жалғаулы сөзге ғы- гі қосымшасы жалғанып не жатыс жалғаулы сөзді –ған-ген, қан-кен тұлғалы өткен шақтық есімше меңгеріп жасалады.Сөйтіп, алдыңғылар мекендік мағынадағы дара анықтауыш болады да, тура толықтауыш болып тұрған заттың мекендік белгілігін айкындап тұрады. Ондай анықтауышы бар тура толықтауыштар да жалғаусыз айтылмайды деуге болады:Қорқытты анам, таңырқатты
Қолындағы кітапты ашып,
Оқып біраз тыңдатты.
б) ғы-гі, қы-кі жалғанған мезгілдік анықтауышы бар зат есімдер де жалғаулы тура толықтауыш болады: Олар ешкі тамақты ішіп əңгімеге кірісті.Бұл айтылғандар-тура толықтауыштар мен оны керек ететін сабақты естістің
ортасында басқа сөз болмай, ол ееуі атар айтылатын сөйлемдерге тəн ережелер.
Жанама толықтауыштар. Табыс септігіндегі тура толықтауыштардан басқа барыс, шығыс, көмектес жəне жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш деп аталады. Олай аталуы –оның сөйлемдегі баска сөздерге қатысы қалай болатынымен байланысты: жанама толықтауыштар тура толықтауыштардай, сабақты етістіктермен ғана тығыз байланысты айтылмай, негізінде сабақты жəне салт етістіктермен алшақ байланста тұрып, оларды жанама түрде толықтайды.Субъектінің кимыл процесін, күйін білдіретін етістіктер (кейде есімдер) жанама толықтауыштарды меңгеріп, оның тиісті жалғауда тұруын керек етеді: Шолпанның жүрегіне түскен жара мəңгі жазылмайтын жара болғаны ма? Осындай жанама толыктауыштардың жеке сөзге не бірнеше сөзге бағынуына қарай, олардың меңгерілуін екіге бөлуге болады: а) дара меңгеру; ə) ортақ меңгеру.Жанама толықтауыштар көбінесе етістікке, етістікті сөз тіркесіне катысты болатындықтан, ал етістіктердің сөйлемдегі басты қызметі баяндауыш болатындықтан, олар, негізінде, баяндауышты толықтайды. Сонымен қатар, олар сөйлемде етістіктен болған басқа мүшелерді де толықтайды. Жанама толықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер- зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын
есімдіктер: Жанат Жантаспен ұзақ əңгімелесті. Зат есім, есімдіктерден баска сөз таптары да зат есім мағынасында жұмсалса, жанама толықтауыш қызметінде айтыла береді. Жаманға жуан жуымас. Білгенге маржан. Жанама толықтауыштардың мағыналары. Жанама толықтауыштар əр түрлі септік жалғауда, əр түрлі тіркестер құрамында айтылатындықтан, олардың мағыналары да əр əлуан болады: Барыс септігіндегі жанама толықтауыштар, негізінде, қимыл процесінің кімге; неге арналəнын, қандай запенен үстемеленгенін, қандай талап білдіреді: Барлық мекемелер мен қызмет адамдары бұл комиссиялардың талаптарын орындауға жəне соларға керекті матералдар мен документтерді беріп отруға міндетті. Шығыс септігіндегі жанама толықтауыштар көбінесе заттың неден, қандай материалдардан істелгенін, қимыл процесінің заттық арнасын, бір заттан екінші заттың баяндауыштық сапасының артық-кемдігін біқдіреді: Тастан жер ошақ жасап, шай қайнаттым. Сүттен ақ, судан таза; біреуден артық, біреуден кем. Заттың материалдық тегін білдіретін мұндай жанама толықтауыштар тура толықтауыштармен байланысты айтылады. Мысалы: Қара көзден нұр тайса, бір көруге мұң болар. Қимыл процесінің заттық арнасы болатын шығыс жалғаулы толықтауыштар сөйлемдегі бастауыштармен де мағыналық қатынаста болады. Мысалы: Ол қолымнан тартты. Көмектес септігіндегі жанама толықтауыштар, негізінде, мынандай мағыналарда жұмсалады. 1.Бірлестік жəне ортақтастық: Жоқ, ол да құлағын самолетпен бірге
түскен көрінеді.
2.Құралдық: Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
3.Материалдық, заттық: Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.
Жатыс септігіңдегі жанама толықтауыштар кімде? Неде? Деген сұрақтарға жауап беріп, қимылда? не де? деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың не басқа сапаның затқа тəндігін білдіреді. Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ. Барыс, шыгыс, көмектес жəне жатыс жалғауларда айтылатын сөздер сөйлемде əр уақытта толықтауыш болмайды, олар сойлемнің пысықтауыш, кейде баяндауыш қызметінде де жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |