і = (n+δ)k.
Осы көрсеткіштерді ескере отырып, Солоу бойынша динамикалық тепе-теңдіктің тұрақты жағдайына жету механизмін қарастыруға болады. Егер жинақтар жоспарланған инвестицияларға тең болса, онда Солоудың ойынша, экономика тұрақтылық жағдайында болады. Нарықтық күштердің ықпалымен осындай тұрақтылықтың кез келген ауытқуы ең алдымен, икемді бағалар мен субститут-факторларға сәйкес экономика соңында бәрібірде тұрақты қалпына қайтып келіп отырады.
Жинақтар мен инвестициялардың қиылысу Е нүктесінде экономиканың түрақтылық жағдайы сақталады:
sf(k) = (n+δ)k.
12.3-суретінде k* нүктесі капиталмен қаруланудың тұрақты деңгейін сипаттайды. Ордината осінде оның деңгейіне жан басына шаққандағы табыстың немесе өндірістің тұрақты деңгейі у* сәйкес келеді.
12.3-сурет. Экономиканың тұрақтылыққа жету механизмі
Жинақ пен инвестиция қисықтары Е нүктесінде қиылысқанда капиталмен қаруланудың тұрақты деңгейі - k* орындалады, ал ордината осінде осы деңгейге табыстың тұрақты деңгейі у* сәйкес келеді. Егер экономика k1 деңгейінде болса, онда жинақтар қажетті инвестициялардан жоғары болады. Жинақты біз капитал ұсынысы деп қарастырсақ, ал инвестицияларды капиталға сұраныс деп ұйғарамыз. Капиталдың артықшылығы орын алып бұл факторға баға төмендейді. Капитал еңбекке қарағанда арзанға түседі, бұл жағдайда кәсіпкерлер жалдамалы жұмысшыларды қысқартып физикалық капиталды көбірек қолдана бастайды. Енді экономика k* жағына жылжып, бір жұмысшыға келетін капитал қоры өсе бастайды. Егер экономика k2 деңгейінде болса, яғни инвестициялар жинақтардан асып кетсе, онда капитал еңбекке қарағанда қымбаттайды. Икемді бағалар арқылы өндіріс капиталды аз қажет ететін технологияларға өте бастайды. Ал экономика k* нүктесіне солға жылжиды. Сонымен, тұрақты тепе-теңдік sf (k) = (n+δ)k шарты, яғни жинақтар инвестицияларға тең болғанда орындалады.
Алайда, Солоудың ойынша, технологилық прогресс факторы экономикалық өсудің жалғыз ғана көрсеткіші болып саналады. Енді үлгінің үшінші экзогенді факторы - техникалық прогресс (g) іске қосылады. g факторының арқасында өндірістік функция у=f(k) қисығы толығымен жоғарыға жылжиды. Осыған сәйкес, жинақтың да қисығы жоғарыға жылжиды (12.4-сурет). Ал инвестициялар сызығының көлбеулігі енді негізгі үш фактордың шамасымен анықталады: халық санының өсу қарқыны, капиталдың тозуы және техникалық прогресстің қарқыны (n + δ + g), яғни инвестиция сызығы үшін формула (n+ δ+ g)k ретінде жазылады. Нәтижесінде, у2* тұрақтылық жағдайында өндірістің жан басына шаққандағы ең жоғары деңгейіне қол жеткізіледі. Енді тұрақты тепе-теңдіктік экономикалық өсу технологиялық прогресс факторын есепке ала отырып, төмендегідей формуламен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |