sf(k) = (n + δ + g)k.
12.4-сурет. Солоу үлгісіндегі кономикалық өсу және технологиялық прогресс
Сонымен, Солоудың үлгісінде технологиялық прогресс экономикалық өсудің экзогенді факторы ретінде ұзақ мерзімде жан басына шаққандағы шығарылым көлемін ұлғайтады.
Сөйтіп, Роберт Солоу экономикалық өсу теориясына сүбелі үлес қосқаны үшін 1987 жылы Нобель сыйлығының иегері атанды.
Экономикалық өсудің тарихи-әлеуметтік теориялары.
Американ ғалымы және социологы Уолт Ростоу, өткенғасырдың 60-жылдары жасаған «экономикалық өсудің стадиялары» атты концепцияның авторы, өзінің осы теориясында қоғамның экономикалық өсу тарихын бес фазаға бөледі:
1) дәстүрлі (таптық) қогам - бұған қол еңбегін қолдану, экономиканың негізі ретіндегі ауыл шаруашылығының дамуы, төменгі еңбек өнімділігі, техникалық-экономикалық өзгерістердің баяу қарқыны сияқты белгілер тән;
2) қогамның алга жылжуы үшін экономикалық жагдайлар жасау кезеңі - мұнда қоғамның алға жылжуы үшін басты қозғаушы күштер ретінде ғылымның, нарықтық қатынастар мен еркін бәсекелестіктің дамуы, халық шаруашылығында капиталдың жинақталуы мен капитал салымдарының өсуі деген факторлар қарастырылады;
3) қогамның алга жылжуы немесе өнеркәсіптік төңкеріс кезеңі - мұнда ҒТП-нің жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік туады, даму үшін үкімет институттарының және әдет-ғұрыптардың жасайтын кедергілері жойылады, өнеркәсіптің жекелеген салалары тез қарқынмен дамиды, қол еңбегі машиналы еңбекке ауысады;
4) қогамнық кемелдену кезеңі - мұнда экономикалық дамудың қарқыны өседі, өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен артады, адамдардың тұрмыс жағдайы өсе түседі, нәтижесінде халық шаруашылығының барлық салаларында жылдам әрі тұрақты даму үрдістеріне қол жеткізіледі;
5) қогамның жаппай тұтынуының жогаргы деңгейін қамтамасыз ететін кезең - мұнда өндіріс көлеміне шектелген ресурстар кедергі келтіреді мәселе жойылады, керісінше, сұраныс пен экология тарапынан шектелудің туа бастауы өсе түседі, ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы күшейе түседі. Бірақ Ростоу 70-жылдары өзінің концепциясын алтыншы кезеңмен толықтырды, яғни бұл кезеңде қоғам адамзат үшін өмір сүрудің аса қолайлы және сапалы жағдайларын жасаудың жаңа жолдарын іздеумен айналысады. Сондықтан да ғалымның көрсеткен қосымша алтыншы кезеңін - қогамның сапалы өмір сүруі үшін жаңа жолдарды іздестіру кезеңі деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |