----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Байтохаева Л.С
126 орта мектебінің ІІ санатты физика және информатика пәнінің мұғалімі
Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы
Көп білем десең, аздан бастап үйрен. Джон Локк
Қазіргі жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші - білім деңгейімен өлшенеді.
Білім алу, күнделікті жаңа бір нәрсе үйрену, білу - ақылды адамның ісі. Сол алған біліміңнен ләззат
алу, жаңа үйренген нәрсеге қуана білу, білімге құштар болу, адамның өзді өзінің жан - жақты дамуына
апарар жол.
Сапалы білім негізі - жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды
технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға білім беру. Бұл елдің
ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейтін ұстаз міндеті.
Мектептегі тәжірибе кезінде оқушыларды оқыту процесінде үйренген сабақ құрылымын сақтай
отырып, оқушыларға жан-жақты жаңа технологияларды пайдалану арқылы заман талабына сай білім
беру және сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, 8-сыныпта “ Диаграмманың түрі және
құру” тақырыбында сабақ өткіздім. Бұл сабақтағы алға қойған мақсатым окушыларды MS Excel
диаграммасын құру, редакциялау және форматтау әдістерімен таныстыру, диаграмма шеберінің
жұмысын қарастыру, ойларын ашық айтқызу, одан әрі дамыту, белсенділігі төмен оқушылардың
ынтасын арттыру.
Ең алдымен оқушылар ұжым болып жұмыс жасауы үшін сынып оқушыларын суреттер
арқылы топқа бөліп алдым.
Бұрын менің басқарылмалы мінез-құлық дағдыларым менің күшті жағым болды. Мен өз
оқушыларыма кішкене қатаңдау және шыдамды болдым. Тәртіпсіздік артық болған жағдайларда мен
дауыс мәнерімді көтеріп, дереу бақылауға алатынмын. Сыныпта орын ауыстыру, менің қозғалысым
алдыңғы сабақтарға қарағанда жақсарды. Содан кейін әр топ мүшелерін хатшы, көшбасшы,
баяндамашы, уақыт сақшысы рөлдеріне бөліп, олардың қызметін түсіндірдім.
Сабақ барысында жеке жұмысқа арналған сұрақтар, тапсырмалар, сонымен қатар топтық жұмысқа
арналған жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту және үйге берілген
тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында үш топқа «Кесте» тақырыбында жоба
қорғау тапсырмасын бердім. Оқушылардың топта жұмыс жасауы біраз қалыптасқан. Тапсырманы
орындау барысында оқушылар арасында әңгіме-дебат және зерттеушілік-әңгіме жүрді, сыни
тұрғыдан ойлауы дами бастады.Үш топта қабылдауы жылдам, орташа және төмен дәрежедегі
оқушылар аралас болды. Топта оқушылар бір-біріне түсіндіріп, өзара бірлесіп, бірігіп жұмыс жасап,
рәсімдеулерін қорғап шықты. «Ноутбук» тобынан Б.А мен М.Ә, «Принтер» тобынан С.А мен Х.Е,
«Телефон» тобынан Н.Ж, М.Н және Қ.Ұ шығып, кесте дегеніміз не екеніне, кесте жолдары мен
бағандарына, кестеге баған және жолдарды қосу мен жою, кестені пішімдеу мен редакциялауға
тоқталып өтті. Оқушылардың сөйлеу мәнерлері жақсы, тапсырманы түсінгендері байқалды, тек
камераға алаңдап, кей оқушы аздап қобалжыды. Өткен сабақтармен салыстырғанда жұмысқа
белсенді араласып отырды. Оқушылар топтық жұмысқа қызықты, қызығушылықпен қарады.
Бұл кезеңде бағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» түрін таңдадым. «Үш топта тапсырманы орындап
болды. Ал, енді топтар бір-бірімізді бағалайық» деген мұғалім сөзінен кейін топ мүшелері бір-бірін
77
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
бағалай бастады. А: - Менің принтер тобына қояр бағам, олар өз түсінгендерін, берген тақырыптарды
өздерінің деңгейінде қорғап шықты, бірақ тақырыпты онша ашқан жоқ, безендірілуі жақсы десе, Н
есімді оқушым: ««Ноутбук» тобы өздеріне берілген тақырыпты жақсы айтып шықты. Меніңше
плакаттары керемет салынған. Тек топ мүшелерінен А-ты шеттетпесе жақсы болар еді, А-ға 5, А-ге 5,
А-қа 4». Алайда бала бойындағы дәстүрлі бағалау басым болып, әлі арылмағандығы көрініп тұр. Бұл
жерде байқағаным оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері артып, өзге оқушыларға деген
көзқарастары өзгере бастаған. Топ болып жұмыс жасауға, өзгенің пікірін құрметтеуге бейімделген,
бір-бірін шеттетуге қарсы. Осыдан кейін мен бағалаудың маңызы өте зор екенін түсінгендей болдым.
Осы арқылы мен оқушылардың не білгенін, не түсінгенін, баланың тақырыпты қалай меңгергенін
бағалауға болатынын байқадым.
Осы ретте сыни тұрғысынан ойлау әдісі арқылы бағалау сабағымда оқушылар арасында:
•
белсенді шығармашылықты ойлауға;
•
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға, бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің
пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынас жасауға;
•
өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
•
достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге
көмектесуге ;
•
өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға негізі қаланды.
Жаңа тақырыпты слайдта көрсете отырып түсіндірдім. «Диалогтық оқыту» әдісі оқушылардың өзара
сұхбаттасуына, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой-пікірінің жүйеленуі
мен дамытуына оң әсерін тигізеді. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушының өзіндік ой
пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. Мектептегі тәжірбие кезінде
диалогтың оқушылардың пәнге деген, білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай,
олардың білім деңгейінің зияткерлік тұрғыдан да ілгері жылжуына әсер ететіндігін байқадым.
Оқушылар тақырыпқа қатысты терминдерді дәптерлеріне түсіріп отырды.
Мұғалім - оқушы диалогы:
1. Мұғалім: Диаграмма дегеніміз не? Диаграмманың негізгі түрлерін атаңыз.
2. Оқушы: Диаграмма дегеніміз бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін
кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграмманың негізгі түрлеріне
дөңгелектік, гистограмма, сызықтық, кескіндік, нүктелік, цилиндрлік және сақина тәріздес
диаграммалар жатады.
3. Мұғалім: дұрыс, ал енді осы диаграммаларды не үшін қолданамыз? Дөңгелектік диаграмма,
гистограмманы ше?
4. Оқушы: Диаграмманы сандық мәліметтерді графиктік түрде беру үшін қолданады. Дөңгелек
диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың
қосындысы 100 пайызды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Дөңгелек
диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Гистограмма бірнеше
шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады.
Сондықтан оны кейде баєанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын
шамалардың мазмұнымен анықталады.
5. Мұғалім: Жақсы. Диаграмманың құрылу ретін атап шық.
6. Оқушы: Диаграмма түрінде көрсетілуі тиіс деректерден тұратын ұяшықтардың ауқымын
белгілейміз. Қою - Диаграмма шебері командасын орындаймыз. 1-қажетті диаграмманың
түрін таңдаймыз. 2-үнсіз келісім арқылы қатарлар бағанды түрде салынуды таңдаймыз. 3-
Диаграмма параметрлері сұхбат терезесінде диаграмманы безендіру жұмыстары
жүргізіледі. Келесі (далее) батырмасын шертеміз. 4-ашылған бетті таңдап Дайын (готова)
батырмасын шертеміз. Сол сәтте таңдауымыз бойынша диаграмма көрсетіледі.
Берілген сұрақтарға кей оқушылар да жауап беріп жатты, пікірталасқа қатысты, кей оқушылар
қамтылмай қалды, себебі оқушылардың компьютерге қызығушылығы басым болып кетті.
Әр сабағыма «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі кіріктірілді. Оқушының
қабілетін, біліктілігін, әлеуеттік мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет.
Оқушылардың барлығы да дарынды, кеңейтілген тапсырмалар арқылы олардың дарындылығын
байқауға болады. Ендігі кезекте сабақтарда үнемі оқушылардың пікірлерін басты назарға алуды өзіме
78
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
міндет еттім. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің
мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген
оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (МАН,46-б).
Сергіту сәтінде оқушыларға «Анаграмма» шешуді ұсындым. Интерактивті тақтада көрсетілген
әріптерінің орны ауыстырылған пернетақта пернелерінің атауларын табулары керек болатын,
анаграммаларды аса белсенділікпен шешті.
MUNOCKL, TNERE, CLTR, DETELE, TBA, SIFHT, INESRT, DEN, BCKAPSACE, CPALSOCK, ATL,
OHME
«Телефон» тобы жақсы нәтиже көрсетті. Берілген он екі атаудың тоғызын тапқан.
Сыныпта оқушымен жеке жұмыс «Сәйкесін тап» тапсырмасы арқылы көрініс тапты. Тапсырма
бойынша интерактивті тақтада көрсетілген диаграмма түрлері мен аттарын сәйкестендіру қажет. Бұл
тапсырманы орындауға сабақ айтуға қиналатын, үндемейтін оқушыларды тарттым. Бұнда оқушы тек
баға үшін ғана емес, бірінші білім, яғни көбірек білу керектігін оқушы түсінеді. Сондықтан, мен
сабақтар барысында оқушылардың өз пікірімен, өз көзқарасымен және жан-жақты ойланып жауап
бере алатындай сұрақтар дайындап жүремін. Өзім де сабақты түрлендіру арқылы тәжірибемді
молайтамын, бір жағынан оқушылардың пайымына әсер беремін. Білу, іздену, талпынудың
арқасында іште көрінбей қалған оқушының да шығары сөзсіз. Сол үшін де жаңа әдісті қолданып,
оқушының еркін өз айтуына мүмкіндік берсе, оған жөн көрсетсе мұғалім жетістігі сол болады.
Оқушыларым әдетте компьютермен жұмыс жасауға бейім, қызығушылықтары жақсы. Әр сабақта
жаңа тақырыпты бекіту, жинақтау мақсатында берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылардың дәлелге қатысты сыни тұрғыдан ойлану барысын талдау мақсатында берілген «Венн
диаграммасы» арқылы топтар Word мәтіндік бағдарламасы мен Ecxel кестелік бағдарламаларына
сипаттама беріп, айырмашылығы мен ұқсастығын жазып шықты.
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-
әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда
ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді
практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Оқушыларға білім беруде АКТ-ның барлық мүмкіндігін қолдандыруға тырыстым. Жаңа тақырыпқа
сәйкес топтық жұмысты компьютерде орындауға бердім, яғни әр топ сынып үлгірімінің кестесін
дайындап, диаграммасын құрулары керек. Алдымен топ мүшелері ақылдасып, кейін тапсырманы
орындаулары керек. Әр топ берілген тапсырманы компьютерде орындайды. Тапсырма мазмұны:
а) Сыныптағы оқушылар саны кестесін толтыру, диаграммасын құру және пішімдеу.
1. Сынып оқушылары саны.
2. Ұлы.
3. Қызы.
б)Сынып үлгірімінің кестесін толтыру, диаграммасын құру және пішімдеу.
1. Сынып оқушылары саны.
2. Үздік оқушылар.
3. Екпінді оқушылар.
4. Орташа оқушылар.
Оқушылар тапсырманы орындады, кей топ аяқтап үлгірмеді.
Бұл сабақ барысында топқа бөліну арқылы жұмыс жасағанда оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы,
бір-бірін шеттетпеуі қуантты. Бағалаудың басты мақсаттары оқытудың қиындықтарын анықтау,
жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс, уәж айту, болжау мен сұрыптау, оқыту
бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау. Оқушыларды бағалауда әр топтан жақсы
жұмыс жасаған белсенділік танытқан оқушыларды жекелей мадақтап отырдым. Бағалау барысында
баланы мақтап отыруда маңызды рөл екенін түсіндім. Себебі, баланы мақтасаң, оның бойында бір
күш пайда болады. Бірақ баланы мақтай отырып, оның кемшілігін де айта кету керек. Осы кезде ғана
біз баланың жан дүниесі мен оның еркін ойлау қабілетін түсінеміз. Оқушыларды бағалау кезінде
сабақ басында әр оқушыға таратып шыққан бағалау парақшаларын да пайдаландым. «Бағалау
парақшаларының» мазмұны:
•
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
•
Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
•
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың?
79
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
•
Бұл сабақта «Мен» үшін не қиын болды?
•
Бұл «Мен» үшін неге қиын болды?
•
Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/еңсере аламын?
Таратылған стикерге әр топ келесі топтарды бағалады, белсенді оқушыларды өзара ауызша мадақтап
отырды. Сабақ соңында оқушыларға шығу парағын толтырттым. Шығу парағына оқушылар «Менің
түсінгенім», «Не ұнамады?», «Мұғалімге сұрақ немесе ұсыныс» деген критерийлермен өз ой-
пікірлерін еркін жазды. Барлық парақшаларды оқып, саралағанымда «Менің түсінгенім» бағамына
оқушылар топпен жұмыс жасағанда ақпараттармен өзара бөліскенін, топпен тақырыпты түсіну және
топтық жұмыстың оңай болатынын жазған. «Не ұнамады?» бағамына кей топ мүшелерінің
бағалауларына келіспейтіндіктерін жазып көрсетсе, ал «Мұғалімге сұрақ немесе ұсыныс» бағамына
келесі сабақтарда да топта жұмыс жасау, өзара бағалау жалғасын тапса, басқа пәндер де осылай
ұйымдастырылып өтілсе деген пікірлерін келтірген.
Осыдан өзімнің түйгенім:
Оқушыдан оқу туралы пікірін міндетті түрде сұрау;
Оқушыға қиындық туған жағдайда кеңес беруге даяр болу;
Диалог құру барысында анықталған қиындықтарды бірлесе жеңу (мұғалім-оқушы).
Сабағымда «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулі мұғалімнің көшбасшылығы арқылы
көрініс тапты. Сабақ барысында топпен жұмыс жасауда оқушылар арасында әр топтан бір оқушы
көшбасшы болып, топ жұмысын басқарып отырды.
Оқып - үйренудің нәтижесі – оқушының дүниетанымын кеңейтті, өзіне деген сенімділігін арттырды,
информатикаға деген қызығушылығы оянды, жалпы сабаққа деген ынтасы зор болды.
Сәтсіз тұстарым:
Топ ережесінің кейде сақталмауы;
Уақытты тиімді пайдалана алмауы;
Оқушылардың өз ой пікірлерін еркін жеткізе алмауы, камераға алаңдауы;
Диалог көрініс табу үшін сыни ойлауға жетелейтін белсенді сұрақтарды қойылмауы.
Болашақта Сабақты жоспарлау барысында уақытпен санасуды жолға қойып, сабақта сыни ойлауға
ықпал жасайтын әдістерді, жоғары деңгейлі тапсырмаларды көптеп қолдансам, осы жеті модулді
кіріктіре отырып, жоспарлауды толық меңгерсем деймін. Оқушыларым тек мұғалімнің басқаруын
күтіп отырмай, өз беттерінше сабаққа анализ жасауға, бағалауға үйренді. Келесі оқу жылында
формативті бағалаудың өзім үйренген техникаларын жете меңгеріп, іс тәжірибемде кеңінен қолдана
білу. Және алдағы уақытта да осы модульдерді қолдану арқылы оқушылардың көшбасшылық
қасиеттерін дамыту.
Пайдаланылған әдебиеттер:
•
Мұғалімге арналған нұсқаулық
•
Информатика негіздері
•
Интернет желісі (www.45minut.kz)
•
Интернет желісі (www.ustaz.kz)
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Г.Қ.Жанахметова, №42 орта мектептің география пәні мұғалімі
Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылы
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
география сабағында тиімді пайдалану
«Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» Н.Ә. Назарбаев.
Озық тәжірибе таратуға бағытталған Қазақстан мен Ұлыбритания ұсынып отырған үш деңгейлік
бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында бір-
бірімен тығыз байланыста қамтылады. Осы жеті модульдің бірі ақпараттық-коммуникациялық
технологияны тиімді пайдалануға бағытталған. Аталған «Оқыту мен оқуда ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін ерекше қарастыруыма алдым. Себебі, қазіргі
80
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
таңда әлемнің озық елдері қатарында көрінуіміз үшін жас жеткіншектерге күннен күнге өзгеріп,
толысып келе жатқан ақпараттық технологияның мол мүмкіншілігін мектеп қабырғасынан меңгертіп
жіберуіміз аса маңызды.
Оқу үдерісін сапалы, әрі тиімді өткізудің басты алғышарттарының бірі әртүрлі инновациялық
технологияларды ұтымды пайдаланып сабақ беру болып табылады. Солардың бірі – ақпараттық
технология. Ақпараттық технологияны оқу үдерісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында
компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың
қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік бере отырып, мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетін
құрал.
1
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға
мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Бағдарламаның жеті модулі негізінде 8-сыныптарға еліміздегі биік
таулар тарауына өткен сабақтарымда ақпараттық технологияның мүмкіншіліктерін тиімді
пайдалануды көздедім. Слайд - ұсынымдарды дайындап сабақтың әр бөлігінде тиімді пайдалануға
тырыстым. Сабақ үстінде интерактивті тақтаның көмегімен сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған
тапсырмаларды, танымдық ойындарға арналған тапсырмаларды көрсетіп, оқушылар сол
тапсырмаларды орындауда ActivStudio арқылы интерактивті тақтаны пайдаланды.
Жетісу Алатауы тақырыбын өтуім барысында өтілген Алтай тауын қайталау, пысықтауда
интерактивті тақта көмегімен оқушыларыма әртүрлі деңгейдегі сұрақтардан құралған сөзжұмбақты
шешуді ұсындым. Бұл тапсырма барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға, қабілеттілігі
әртүрлі барлық оқушыларымды қамтып жұмыс жасатуға тарттым.
Жаңа сабақты түсіндіруде интерактивті тақта көмегімен электронды оқулықтағы физикалық
картаны, суреттер мен тапсырмаларды қолдандым.
Өтілген сабақты бекітуде интерактивті тақта көмегімен «Көңілді смайликтер» әдісінің
тапсырмаларына жауап беріп отырды.
Сауыр – Тарбағатай тақырыбы барысында ақпараттық құралдар көмегімен өтілген сабақтан алған
білімдерін тексеру үшін «Тікұшақта саяхат» әдісін қолдандым. Бұл әдіс барысында тікұшақ тоқтаған
бөліктен әр топқа тапсырма шығады. Осы тапсырмаларды орындай алмаса ұпай алу мүмкіндігі келесі
топқа өтеді.
Жаңа сабақты түсіндіруде ақпараттық құралдар көмегімен презентация арқылы өсімдіктері мен
жануарлары, тау жоталары көрсетілуі арқылы диалог негізінде тақырып ашылды.
Тянь-Шань тақырыбын өтуде ақпараттық құралдар көмегімен жаңа сабақ түсіндірілді, Тянь-Шань
тауының ең биік шыңы «Хан тәңірі шыңы» видеосы көрсетілді. Интерактивті тақта көмегімен тест
тапсырмалары орындалды.
Төртінші бекіту сабағымда интерактивті тақта көмегімен оқушылар өздерінің үйге берілген
шығармашылық жұмыстарын, презентацияларын көрсетіп қорғады. Еліміздегі биік тауларға
байланысты презентация жұмыстарын тапсыруым барысында дарынды оқушыларымның да, қалыпты
оқушыларымның да үлкен қызығушылықпен жұмыстар жасап жүргендіктерін кітапханадан шықпай
ізденіп, бар кітаптағы суреттерді ұялы телефондарына суретке түсіріп, сканерлетіп, ғаламторды
пайдаланып жургендерін бақыладым. Оқушыға осындай әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды
берудің өте маңызы бар деп білемін. Себебі, біз талап етіп тапсырмалар беруіміз арқылы оқушылар
қажеттіліктен ақпараттық құралдардың барлығын меңгере түседі деп ойлаймын.
География сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
•
қарапайым көзбен көріп, ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын
табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
•
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
•
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
•
экономикалық тиімділігі жоғары (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с метериалдық шығынды
қажет етпейді);
•
білім сапасын арттыруға әсер етеді;
81
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
•
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
•
оқушының ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор.
Сабақта компьютерді пайдалану оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға
жағымды жағыдай туғызады. Мысалы: тілші болып зерттеулер жүргізу; режиссер болып деректі
фильм түсіру, саяхатшы болып дүние жүзін шарлау.
Ақпараттық құралдардың бірі электронды оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл
оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге анықтамалар, карталар, атластар, оқу
эксперименттерін жүргізу нұсқаулары және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар
тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу
басылымы.
Интерактивті тақталардың бағдарламаларын, оның жұмыс жасау ерекшеліктері мен техникалық
мүмкіндіктерін толық меңгеріп, сабақ барысында пайдалану – бүгінгі таңдағы барлық мұғалімдердің
алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі.
Оның себебі: күнделікті дамыған қоғамның сұранысы техникалық жетістіктерді жылдам меңгеру,
игерудің нәтижесінде алға дамып отыр. Компьютерлік оқыту технологиясында орын алып отырған
оқытудың тағы бір түрі ғаламторды пайдалана оқыту мәселесі болмақ. Бұл орайда әрбір ұстаз
ғаламтормен байланыс жасай алу, одан қажетті ақпараттарды алу, оны өмірде, сабақ барысында
пайдалану арқылы күнделікті оқу үдерісін жалғастыра алады.
Ресей ғалымдары О.И. Агапова, О.А. Кривошеев, А.С. Ушаковтар компьютерлік оқыту
технологиясының үш деңгейін бөліп көрсетті. Олардың айтуы бойынша, «компьютерлік технология –
бұл әдістер жиынтығы, адамның даму үдерісіндегі іс – әрекеттің формасы мен қаруы»
3
.
География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды
әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты. Қазіргі таңда
география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында
пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпал тигізуде.
Соның ішінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан – жақты ашылуына жағдай жасайды,
шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады.
Күнделікті сабақта бейне, аудиоқондырғыларын, теледидиар мен компьютерді қолдану айтарлықтай
нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын
арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көрсетуге не тыңдауға,
алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты ой
таразысынан өткізіп, өңдеп онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер, білім беруді дамытудың жаңа жолдарын,
яғни, педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке
айналған оқу үдерісінде мұғалімге басымдылық рөлі берілсе, ал қазір оқу үдерісінде оқушы
белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғам гуманизациялау. Оқытуды
дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады (пәнді оқыту формасын т.б.). Сол
арқылы оқушы өз қажеттілігін қамтамассыз етіп, таңдап алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік
алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен
мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс – әрекеті көптеген мінез – құлық параметрімен (іс – әрекет
сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеу, жауапкершілігі, өз
еркімен ұсыныс жасауы т.б.) бағаланады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуді үйренуі аса
маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, жеткен жетістігіне берілген
мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады. «Тек қана есте сақталуымен емес,
өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана - білім» деп, әйгілі ғалымдар айтқандай, бұл
жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан–жақты ой елегінен өткізіп барып
қабылданатындығы.
Технологиялық білім сыныпта АКТ – ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
Теледидар бағдарламалары;
Сандық теледидар;
Интернет/ WWW;
Ұялы телефон;
82
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ұтқыр қондырғылар;
Компьютер/ ноутбук.
Достарыңызбен бөлісу: |