Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45

VІІ. Бағалау. Өз-өздерін бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы. (Бағалау    
   парақшаларына топтық, жұптық бағалайды. Көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы өз- 
   өздерін бағалайды).
Келесі тапсырмалар.
-Мәтінмен, кескін картамен жұмыс.
-
Өз қалауыңыз бойынша қосымша мәліметтер жинақтау.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы
Аманкелді ауылы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы 
орта мектебінің  «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімі 
Ахметова Қазына Тыныштықбайқызы
Пәні:           Бейнелеу өнері
Сыныбы:  4
Сабақтың тақырыбы:    Өнер және бейнелеу өнері 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бейнелеу пәнінен алған білімдерін, өнерлерін ортаға сала отырып, 
танымдық, сезімталдық қабілеттерін арттыру. Өнер  әлеміне саяхат жасау.
Білімділігі: Оқушыларды бояу түстерін тиімді пайдалана білуге,бейнелеудің  заңдылықтарын ескерте 
отырып, суретті нақты бейнелеуге,әдемілікті көре  білуге баулу .
Дамытушылығы: Бояу түстерін бір-біріне үйлесімді байланысын табуға бейімдеу және есте сақтау 
қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру, өнерді сүюге, өзге өнер саласын құрметтеуге және   
тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ғаламтордан алынған бейне фильм,ән дискі,ұлы суретшілердің репродукциялық 
картинасы, тақырыпша, сұрақ-жауап плакат,акварель,  гуашь қарындаш,суреттер.
 Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу,
ә) Оқушыларды түгендеу, құралдарын тексеру,
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Сыныпты  түрлі- түсті карандаш түстері арқылы топтастыру 
Оқушылар ең алдымен өзі қалаған бір бояу карандашты алады.Әр түстер бес-бесеуден.
1-топ . Жасыл түс-5оқушы
135

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2-топ.  сары түс-5оқушы
3-топ.  қызыл түс-5оқушы
4-топ.  көк түс-5 оқушы болып бөлек топ-топ болып орналасып отырады
ІІ.Жаңа сабақ
Миға шабуыл
-Балалар, сендер «Өнер»  деген сөзге қандай пікір білдірер едіңдер?  
-Өнер саласында еңбек етіп жүрген кімдерді айта аласыңдар? 
«Өнер» сөзіне топтастыру әдісі  арқылы, әр топ өз пікірлерін,ойларын  арнайы таратылған плакатқа 
жазып, ақылдасып қорғайды
Бейнелеу өнері өнердің бір түрі болып табылады. 
1.Белгілі бір уақыт мезгілі ішінде кеңістікте көзбен көріп, құлақпен тыңдап қабылдайтын өнер түрі. 
Олар: театр ,кино, опера, балет, би т.б. интер белсенді тақтаның көмегімен бейнефильмнен үзінді 
көрсетіледі
2.Белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көрінбейтін, тек қана құлақпен тыңдап, елестетіп 
қабылдайтын өнер түрі. Оларға ән-күй, синфония, әдебиет, поэзия т.б.Интер белсенді тақта арқылы ән
тыңдатылады
3.Уақыт мезгілге байланысты емес, кеңістікте тұрақты болып, көзбен қабылдайтын өнер түрі. Оларға 
бейнелеу өнері, қолөнер, дизайн өнері т.б.Плакатқа бояу көмегімен сурет салынып көрсетіледі
Тапсырма. «Өнерлінің өрісі кең»  әр топқа бір суретті карточка таратылады
(ішінде әр өнер саласы көрсетілген) 1 топ 2-топқа сол суретті ыммен,ишара арқылы жұмбақтайды. 
Бұл қай өнер саласына жататындығын табу керек.
 ІІІ.Практикалық кезең: «Сиқырлы дақ» (бұл уақытта балалар,гуашь бояуын ақ параққа қылқалам 
көмегімен шашыратады.бояудан құралған түрлі бейнелерді әр тұсынан қарай отырып қиялға ерік 
береді.)оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына көп көмегін тигізеді
ІV.Бекіту кезеңі: «Кім жылдам?» Бұл қай өнер саласында  кездеседі, сайкестерді табу .
Кәне, балалар,әр топ  алдымыздағы суреттерге қарай отырып, әр өнердің тұсына,сол салаға сәйкес 
келетін кейіпкерлердің суретін апарып ілеміз.(көзбен көріп қабылдау өнері-бейнелеу 
өнері,есту,тыңдау-ән өнері, көзбен көріп,тыңдап,есту-кино,сахна өнері)
Ү.Қорытынды:  Нені білдік, нені игердік? рефлексия
VІ. Бағалау. Әр тапсырма барысында топтар смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін бір-біріне 
білдіреді.сурет дәптеріне орындалған жұмыстары қабырғаға ілініп галереяға саяхат жасалады.топтар 
бір-біріне стикер арқылы екі жұлдыз,бір ұсыныстарын жазып жұмыстарына жабыстырады.
Жұптық бағалау өлшемі тақтада көрсетіледі
а) бейнелеу құралдарының сабаққа дайындығы 
ә) мазмұнды болуы
б) бояудың айқындылығы
жоғары балл-2                орташа балл-1             төменгі балл-0
жалпы ұпай санының жиынтығы 
арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.
Мұғалім бағдаршам түстері арқылы бағалап отырады
Үйге тапсырма: «Менің сүйікті өнерім» тақырыбында сурет салып келу
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖӘНЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА
 АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Сырдария ауданы, №37 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Калыбаева Кенжегуль Абилкаримовна 
136

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бастауыш   сыныпта   және   мектепалды   даярлық   тобында   ақпараттық   –   коммуникациялық
технологияны қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру болып
табылады. Оқушыларда  танымдық қызығушылықтың болуы – олардың сабақта белсенді , білімінің
сапалы   болуына,   оқуға   жағымды   түрткісін   қалыптастыруға,   оқу   үрдісінің   тиімділігін   арттыруға,
белсенді өміршең позицияны ұстануға мүмкіндік береді. 
Ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда,
жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік дағдысын бақылау
барысында   қолдануға   болатындығын   көріп   отырмыз.   Яғни,   ақпараттық-коммуникацялық
технологияның құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының іс-әрекетіне
араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Атап айтатын болсам, тәжірибем көрсеткендей: 

Оқу үдерісінде қолдану барысында:

Оқыту құралы;

Көрнекілік құрал;

Дидактикалық құрал;

Білім нәтижесін диагностикалау және бақылау құралы;

Жұмыс жасау барысында :

Тестті дайындау және оны сақтау құралы,

Графикалық ақпараттарды өңдеу құралы

Пікірді дайындау құралы;

Есептеу құралы;
     Аталған қызметтермен қатар оны қолдану барысында келесі проблемалар
туындайды:
     -Елді мекендерде оқытушылар мен оқушылардың үйлерінде компьютер жоқ;
    - Оқытушының компьютерлік сауаттылығы төмен;
    - Оқытушылардың сабаққа дайындалу уақыты жеткіліксіз;
    - Компьютерлік сыныпта жұмыс жасау үшін, сыныпты екі топқа бөлу керек болады;
    - Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау уақытының шектеулі болуы;
    - Бастауыш сыныпқа арналған электрондық оқулықтардың аздығы;
    - Ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын қолданып сабақ өтуден оқытушы тек қана
көрнекі иллюстративті әдіске көшіп алады;
     Тәжірибем көрсетіп отырғандай, туындаған проблемалық мәселелерді шешу барысында бастауыш
мектептің білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолданудың
тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтсем: 
Мультимедиялық сабақ өту әдісі. ( сыныбымызда бір компьютер және интерактивтік тақта)
Бұл жерде оқушылар ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен қатар оны өңдеп , жеткізу
әрекеттерін орындайды. Бұл жағдайда оқытушының мақсаты   оқушыларда қажетті ақпаратты табу,
сұрыптап,   оны   жүйелеу   мен   жеткізу   дағдыларын   қалыптастыруға   бағытталған.   Ол   оқу   пәнінің
тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды
шешумен   байланыстыра   отырып,   оқушыларға   жобаны   дайындау   тапсырмасын   ұсынады.   Бұл
тапсырманы орындау мен қорғау кезеңі оқушылардың топ алдында сөйлеу мәдениетін , пікір таласу
арқылы  ойын жүйелей  білу мен өзіндік көз қарасын  және  ой пікірлерін қорғай білу  дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады және
олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиялық жобаны құру- оқушыларға
қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді
әдіс болып табылады. Мысалы: оқу жобасының тақырыбы: 
     «Пайдалы  қазбалар»
     Шығармашылық атауы: «Қалай алуға болады, сен не істер едің?»
     Сұрақтары: пайдалы қазбалардың пайда болу тарихы. Пайдалы қазбалардың қызметі.
     Оқу пәні: Айнала қоршаған ортамен таныстыру
     Қатысушылар: Мектепалды даярлық тобының оқушылары.
     Дидактикалық мақсаттары:
137

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс жасауға дағдылыандыру;

Өз бетінше танымдық іс-әрекетпен айналысу арқылы құзырлығын қалыптастыру, негізгісін
ерекшелей білу іскерлігін және оған сәйкесінше мәселе мен оны шешудің жолдарын анықтай
білу іскерлігі. (жас ерекшеліктері ескеріледі)

  Әдістемелік міндеттері: 

Пайдалы қазбалардың шығу тарихы мен себептерін, оның қызметін қарастыру;

Оқушылардың   топта   ,   ұжымда   жұмыс   жасау   және   әртүрлі   ақпараттың   өзегін   таба   білу
дағдысын қалыптастыру;

Проблеманы көтере білу іскерлігін дамыту және оны шешу жолдарын іздестіру;

Табылған материалды сауатты және қысқаша түрде жеткізу іскерлігін дамыту;

Елестету, шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер ету;

   Өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған тақырыптар:

Адамдар пайдалы қазбаларды қалай тапқан?

Қазіргі заманда қандай пайдалы қазбалар бар?

Пайдалы қазбаларсыз өмір сүре аламыз ба?

Пайдалы қазбаларды біз қайда, және қалай шығындаймыз?

Пайдалы қазбалардың пайда болу себебі қандай?

Қазақстанда қандай пайдалы қазбалардың түрлері бар?

Сабақта ақпараттық коммуникациялық технология
Құралдарының   мүмкіндіктерін   қолдану   (сыныпта   бірнеше   компьютерлер   бар   немесе   оқушылар
топпен кезекпен жұмыс жасайды) 
Оқушылар  ғылыми – танымдық мәтін,  суретпен қатар практикалық жұмысқа  арналған тапсырма,
жаттықтырушы және бақылау жаттығулары бар дайын оқу бағдарламаларымен жұмыс жасайды.
          Мектепалды   даярлық   тобында   және   бастауыш   сынып   пәндерін   оқытудың   сапасын   арттыру
бағытында оқушылардың теориялық білім беру және практикалық  дағды қалыптастыруда оқытудың
тиімді   әдістерін   анықтап   ,   пайдалану   білімді   ізгілендіру   мен   демократияландырудың,   саралап
оқытудың негізгі мәселелерінің бірі  болып табылады.
       Жүргізілген жұмыстардан байқалғаны мектепалды даярлық тобында және бастауыш мектепте
ақпараттық-коммуникациялық   технология   құралдарын  таным   құралы   ретінде   пайдалану   мақсатын
көздеу керек. 
    Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор.
        * мектепалды даярлық тобы оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу
        * ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту
                *   мектепалды   даярлық   тобы   оқушысын   және   бастауыш   мектеп   оқушыларын   ақпараттық
мәдениетін қалаптастыра отырып , әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау
      * баланың шынайы қызығушылығын арттырады
      * шығармашылық дамуына мүмкіндік береді
      *  ойлауы мен ынтасын көтереді
      * тапсырманы орындауда табандылыққа үйретеді
      * ұжыммен жұмыс жасайды
      * бала өзінің жаңашылдық, жан-жақтылығын ашады.
    Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі – бұл мұғалімге мектепалды даярлық тобы, бастауыш
мектеп оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге оқытудағы пән аралық байланысты күшейте
отырып,  оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп оны дамытуға
толық жағдай жасайды.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
  
 Алмағанбетова Қарлығаш Кәрімқызы
Сырдария ауданы  Тереңөзек кенті
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 
                                                                                       қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
138

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сабақтың аты:
Арал теңізі
Сілтеме
Жоспары:
Жалпы мақсаты
Арал теңізі жайлы оқушы білімін анықтау және теңіздің тартылу 
себептерін түсіндіру,
Дереккөз
Ғаламтор,Оқулық,АКТ-ны пайдалану
Тапсырмалар
1. Ой қозғау сұрақтары                                                                         
2. Оқулықпен жұмыс                                                                             
3. Жеке жұмыс                                                                                       
4. Топтық жұмыс
Оқыту нәтижесі
Арал теңізі жайлы білетін болады және теңіздің тартылу 
себептерінен мағлұмат алады.                                                           
Оқытуда қолданылатын әдіс-
тәсілдер
ОмОЖТ(диалогтық)                                                                         
IIмСТОү(ұтқырлық)                                                                             
IIIмОүБжОБ                                                                                          
IYмАКТ                                                                                               
YIIмОБжК
Сабақтың жүру барысы  
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: 3мин
Үй тапсырмасы:   
                  5мин
Өткен сабақты қайталауға 
арналған сұрақтар.
Жаңа сабақты ашуға 
арналған ашық сұрақтар       
                 3мин
Оқушыларды интерактивті 
кабинетке 
орналастырып,дәптерлерге 
жазылған 
денсаулық,бақыт,жақсылық 
атты үш топқа 
бөліп,сәлемдесу,түгелдеу.Қауіпс
іздік ережелерін сақтай 
отырып,назарын сабаққа 
аудару.Оқу құралдары мен 
сабаққа қатысуын бақылау және
оқушыларға сабақ барысында 
білімдерін бағалау мақсатында 
«Бағалау парағы» 
жүргізілетіндігін, оны әр 
топтың  ұсынылған топ 
басшысы атқаратындығын 
ескерту. 
5-тапсырма    Сұхбатты 
толықтырып,жалғастырыңда
р.
-«Невада-Семей»қозғалысы 
жайлы не білесің?                        
-.... білемін                                    
-Бұл полигонға ....   бөлінді.        
-Семей ядролық 
полигоны  ..., ..., ... зардабын 
тигізді ме?                                     
Оқушылар тәттілерге жазылған
денсаулық,бақыт,жақсылық 
атты үш топқа бөлінеді.
«Бағалау кестесі» арқылы 
оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Әр топтан  сұраққа жауап 
береді.
Тақырып бойынша нақты 
түсінік қалыптастыру.
Жылдам,әрі тез жауап беру.
Сұрақтарға толық жауап беру.
139

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сабақты баяндау барысы: 
Слайд көрсету:4мин   
Топтық  жұмыс.    5-6 мин 
(бейнетаспа көрсету)
  
Жеке оқушыларға  озық 
тапсырма беру. Күрделенілген
тапсырма (Эссе жазу)                 
« Сөздік жұмыс » 
интерактивті тақтада :                
2мин
 Сергіту сәті: 3мин
Тақтамен жұмыс:
Рефлекция кезеңі 
Кері байланыс 
   
Бағалау     2мин  
Үйге тапсырма: 
-Әрине,ашық сынақтар 
жасалған гой.          -....   .
1.Сабақтас құрмалас сөйлемнің 
бағыныңқы сөйлемінің 
мағынасына қарай неше түрі 
бар?(атаңыз)
2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің 
түрін бағыныңқы сөйлемінің 
мағынасын қалай білуге 
болады?(Сұрақ қою арқылы)
3.Шартты бағыныңқы 
сөйлемнің ережесімен сұрағы.
4.Шартты бағыныңқы сабақтас 
құрмалас сөйлемнің жасалу 
жолы.Мысалы:
Жаңа сабаққа ой қозғау 
сұрақтары: 
1. Қызылорда өңірі несімен 
атақты ? (Ақ маржан 
күрішімен)                                    
2. Бұл жердің экологиясы 
қандай ? Қазіргі таңда.                
3.Қызылорда облысы 
аймағында орналасқан Арал 
теңізі проблемасынан қандай 
хабарың бар?                                
4. ХХ ғасырдың 30-ыншы 
жылдары облысымызда балық 
өңдеу өнеркәсібі жұмыс 
жасаған. Қазір неге жұмыс 
жасамасқа?                                   
  АКТ-ны пайдалану барысында
бейнетаспа арқылы 
оқушылардың 
қызығушылығын арттыру.
1.1960 жылдардағы Арал теңізі.
2.Теңіздің тартылу 
себебі,зардабы,апаттан шығу 
жолдары
3.Егер мен болсам ...  .
Есте сақтау үшін қажетті 
мәліметтерді дәптерге түсіріп 
алу. 
 Арал теңізінің ауданы -  66 
мың км
2
                                        
Суының көлемі – 1064 км
3
         
Ұзындығы – 428 км                     
Тыңдау,түсіну
Оқушылар өз ойларын ортаға 
салады.
Бірінің жауабын бірі 
толықтырып жазып,қорғауға 
дайындалады.
Ойларын 
қорытындылап,талапқа сай 
тапсырманы орындау.
 
140

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ені – 235 км                                 
Тұздылығы – 35% 
Текше шақырым –квадратный
километр         Су айдыны         
–  водная гладь                        
Шегініп кеткен     –  отошла     
Теңіз табаны         –  дно моря   
Жұқпалы               –  
инфекционные                      
Түйткіл                   –  проблема 
Қасірет                     -  горе
Сөйлем мүшесіне талдау.         
Мен есейгенде үлкен мұхитты 
көргім келеді.
 Біз жер бетіндегі тіршілікті 
сақтағымыз келеді.
Француз ғалымы Жак-ИВ Кусто
сияқты мұхит зерттеушісі 
болғым келеді.
Сөз құрамына талдау
 Әлемде біз білмейтін 
жаңалықтар өте көп.                    
Алдымен мұхиттар туралы 
білуіміз қажет.
Қазақстанның жер асты 
байлықтары ұшан теңіз.
 Рефлекция кезеңі    Не 
үйрендім ? Не білгім келеді ? 
Келесі сабаққа ұсыныс 
Бағалау: Бағалау критерийлері 
бойынша оқушылармен бірігіп 
бағалау
Үйге тапсырма: « Егер мен 
болсам ....» тақырыбында эссе 
жазу.   
Қызылорда қаласы. Сырдария ауданы.
№ 44 орта мектебінің  информатика пәнінің мұғалімі 
 Абдразахова Қаракөз
Мерзімі:  21.02.2014ж
     3 сабақ
   Уақыты: 10:10
Сабақтың аты
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. 
Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді 
нөмірлеу. Құжаттарды сақтау. Кесте құру.  
Сілтеме 
Жоспар, оқулық 8-сынып  Информатика
Жалпы мақсаты
     Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу, 
мәтіндік құжатты баспаға шығару. беттерді 
нөмірлеу, құжаттарды басу, кесте құру ұяшықтарды 
141

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қосу, өшіру және біріктіру, кестелерді жиектеу 
туралы  үйренеді.
Күтілетін нәтиже
    Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеуді, 
беттерді нөмірлеу, құжаттарды басу, кесте құру 
ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру, кестелерді 
жиектеуді   білетін болады.  
     Мәтіндік құжатты баспаға шығару үшін 
принтерді қолдана алатын болады.
      Топпен бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.
Тапсырмалар 
Топтық жұмыс           «Аквариум»   әдісі
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс      «Штурман- Пилот»  әдісі    
Тапсырмалар
Жеке жұмыс  «Ашық тест»
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару,  топқа бөлу  
(2-3 минут) Сынып оқушыларына  үш  түрлі сөзден (Монитор, Тышқан, Принтер)  тұратын 
парақшалар таратылып үш топқа топтасады. (2 минут)
ІІ.   видеоролик көрсетіледі (5 минут)
      ІІІ. Топтық жұмыс «Аквариум» әдісі       (13 минут)
1  Мәтінді енгізу. Құжаттарды қалай сақтаймыз және баспаға шығару командасы қалай   
орындалады? Мысал келтір.
2  Кесте құру командасын ата және өшіру және біріктіру, кестелерді жиектеу
     қалай орындалады? Мысал келтір.
3  Құжат беттерін қалай  номерлейміз және мәтінді көшіру командасын 
    атаңыз? Графиктік объектілерді қалай енгіземіз? Мысал келтір.
Топта 4  рөлді:  баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы анықталынады.
A)  Оқушыларға өтілетін сабаққа байланысты оқулықтағы тақырыпты бірнеше мәтіндерге бөліп, әр
түрлі мәтін беріледі, топ мүшелері өзара  талқылағаннан кейін мұғалім тарапынан слайд арқылы 
ашық немесе жабық сұрақтар қойылады.
  Б)   Әр   топ   мәтіндегі   талқылаған   тапсырмаларына   байланысты   газет   шығарды   және   оны
жарнамалайды.   Топ   жұмыстары   аяқталысымен   презентация   жасаулары   керек.   Презентацияны
жасап   болғаннан   кейін   топтар   өзара   бағалау   жүргізу   үшін   критерийлер   ұсынады.   Мысалы:
тақырыптың ашылуы, түсіндіруі, безендірілуі. Барлық айтылған ой – пікірлерді  топ бақылаушысы
критерийлер  арқылы  бағалайды 
    
                  Сергіту сәті:  « Cute Frogge dance»
Сыныпты жұпқа бөлемін. 6 әртүрлі стикер арқылы
 
ІV. Жұптық жұмыс                   «Сәйкестікті тап» (5 минут)
Оқушыларға   жұпталып   отыру  ұсынылады.   Бұл  штурман  және  пилот    жұптық   ойыны   арқылы
жүргізілді. Берілген тапсырмадағы сұрақты бір оқушы (штурман) оқиды, ал екінші оқушы (пилот)
жауабын   жазады.   Келесі   сұрақта   оқушылар   алмасады.   Бәрі   толық   орындап   болғаннан   кейін
сұрақтардың   жауабы   слайд   арқылы   берілді.   Жұмыстың   орындалуын   тексеру   оқушылардың
өздеріне   берілді.   Яғни,   оқушылар   жұпталып   бір-бірінің   жұмысын   тексерді.   Әр   топтың
көшбасшысы   өз   тобындағы   жұптардың   ұпайын   айтып,   бағалау   парағына   тапсырманың
қаншалықты орындалғанын жазып отырды. 
  
Сергіту сәті: Жаттығу жасау
142

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Ыстық орындық»   ойыны

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет