2
1100-984
2000-377
2000-564
2000-742
1100-683
1100 -725
“Қоянға көмектесейік!”
375
417
1436
116
1623
1258
І-топ
Түзетулер орындау арқылы бағалау.
ІV. Жеке жұмыс.Құзырлылық тапсырма
Оқушының аты-
жөні________________________________
Сыныбы ____________
Сабақ тақырыбы ________________________
Тапсырмалар
Ия\ жоқ
Дәлелде
999+9:9 =1000 шығару
жолы дұрыс па?
1111+111=1000 қосу амалы
дұрыс орындалған ба?
Шөпте қояндар тығылып
отыр, тек 10 құлағы ғана
көрініп тұр.Қанша қоян
тығылып отыр?Бесеу
ма,алде он ба?
Қозғалыс жылдамдығын
табу үшін ,қашықтықты
уақытқа бөлу керек.
S=V*T формуласы дұрыс
жазылған ба?
V.Қорытындылау. «Сұрақ-жауап» әдісі
Жақсы балалар, енді айта қойыңдаршы ,сендер бүгінгі
сабақта нені білдіңдер?Ережесін айтыңдаршы?
- Өлшем бірліктерін ата?
-есептің шығару жолын түсіндіңдер ма?
-Қандай әріптермен формуласын белгілейміз?
-Тамаша,өте керемет жауап бердіңдер.Бүгінгі сабақты
бекіту, қорытындылау.
жұлдыз, бір
ұсыныс» арқылы
бағалайды.
Берілген
есептерді
шығарады,шығар
у жолын бір-
біріне түсіндіреді.
Түзетулер арқылы
есептердің
жауабын
салыстырып,баға
лайды.
Әркім жеке
жұмыс жасайды.
Өз жауабын
дәлелдеп жазуы
керек.
Оқушылар өз
түсінігін,сұрақтар
арқылы жауап
береді,ойланады,ө
зжауаптарын
арқылы сабақты
қорытындылайды
.
Бағдаршамның 3
түсі арқылы
119
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
V І. Кері байланыс
Сабақ соңында «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
---5
---4
---3
Кейінгі тапсырма.Жылдамдық,уақыт,қашықтық туралы
мәліметтер
Кейінгі оқу. № 5 есеп
түсінгендігін
көрсетеді.
Жасылдар
сарыларға,
мұғалім
қызылдарға
көмектеседі.
Үйге берілген
тапсырманы
күнделіктеріне
жазып алады.
СЫНДАРЛЫНЫҢ СИҚЫРЛЫ СЫРЫ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы
№129 мектептің еңбек пәнінің мұғалімі
Г.Байғараева
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап әрбір күніне қуанышпен, ойында қалатын оқиғалармен
өткізуге тырысады. Оның бәрін есте сақтау мүмкін емес. Дегенмен өміріңді өзгертуге, ерекше
қуантуға немесе көңіліңді құлазытуға ықпал еткен оқиғалар жадыңда мәңгі сақталары хақ. Мен
бүгінгі күнімді өмірімді өзгертуге, мұғалім деген ұлы мамандықтың жаңа бір қырын білуге басталған
алғашқы қадамым деп айта аламын. Алтын күздің біресе түнеріп, біресе мамыражай қалыпқа түскен
күніндей алабұртып отырғанымызда,жаныңды жадыратып, нұрын шашқан көктемнің күніндей
ұстазымыз аудитория есігін ашты. Тренеріміздің шеберлігі болар мен алғашқы күннен бастап бұл
оқудың мақсаты мен мәнін ұққандай болдым.
Өйткені, шынында да Жанар апай айтқандай, біз алдыңғы аға ұрпағымыз салып берген сара
жолмен келе жатыр екенбіз. Кішкентай ғана өзгертулер енгізіп, соған жаңалық ашқандай боламыз.
Ал, енді бүгінгі сабақты тыңдап отырсам, мүлде басқаша. Әрбір тұлғаға жеке дара қарау, әрбір
оқушының ешкім көре алмаған қабілеттерін ашу деген үлкен көрегенділікті талап етеді. Бірақ,
мұндай дәрәжеге жету үшін қажырлы еңбек етіп, өз-өзіңді шыңдап, әрдайым шынықтырып отыруың
керек екен. Әрбір тұлға өзінше бір өмір сол өмірді жалпылама қарауға болмайды. Қазақтың
бұрыннан келе жатқан тәрбие үрдісінде «баланы-алты жасқа келгенше-ханыңдай күт, он бірге
келгенше-құлыңдай жұмса, он үштен бастап досыңдай сырлас» деген нақыл сөзін ғылыми тұрғыдан
тұжырымдап бергендей. Олай дейтінім, баланы тілі шығар-шықпас былдырлағанына қарамай,ойын
түсіне білу, өз еркімен жұмыс жасауға ықпал ету керек. Тілі ерте шыққан баланың өзіне тән
дарындылығы болады. Бізде мұндай баланы ертең өскенде мықты шешен немесе жезтаңдай әнші
болады деп болжаймыз. Ал осы баланың болашақта мықты экстраверт болуы үшін оның бойындағы
дарынын әрі қарай дамытып, ашуымыз керек жәнеде балаға сол дарынының бар екенін өзіне
мойындатып, алға даму стратегиясын да өзі таба алатындай мүмкіндік беру. Міне, СОТ–да біздің салт
санамыздан алшақтамай, тәрбие үрдісінің жүйелі қамтылғаны маған қатты ұнады.
Бұл оқытуда СОТ-ның жеті модулін басшылыққа ала отырып жұмыс жасаймыз.Біздің кейбір кезде
«болмайды, дұрыс емес, ұят болады» деген ішкі сенімсіздігімізді жойып, өзіңнің мен
тұжырымдамаңды қалыптастыруың абзал. Бұрын қолымнан келмейді-ау деген істердің қаншалықты
қиын екенін айқындап, оны жеңу жолдарын табу міндетін енді мұғалім емес оқушы өзі іздеу қажет.
Пажарестің (1992) мұғалімнің ұстанымы болуы керектігі сол ұстанымға көзқарасы, шешімі, іс-әрекеті
маңызды роль атқарады дегені тәрбиені ең алдымен өзіңнен баста деп тұрғандай. «Әлем
өзгергендіктен, сіз өзгересіз,, және қазіргі сәтте өзгеіссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз» (С Бич,1012)
Біз балаға бағыт –бағдар беруші қызметіндеміз.Дегенмен бағыт беріп отыру соншалықты оңай да
емес, алдымыздағы кез-келген оқушыны алдымен түрлі әдістер арқылы барынша зерттеп алуымыз
керек.Мысалы, Малс сауалнамасы арқылы дарынды балаларды анытасақ, Блум таксономиясы арқылы
120
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
берілген тапсырманың қаншалықты игерілгенін біле аламыз. ББҮ немесе сабақ соңындағы рефлексия
бұл оқушыға ненің қиын және ненің оңай болғанын сол арқылы мұғалімге сауал тастай алу
мүмкіндігі керемет қарастырылған.
Мен дәстүрлі сабақ беру үлгісін жоққа шығармаймын, алайда мына өзгермелі заманда көштен қалуға
болмайды. Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді,-дегендей бүгінгі ашылған жаңалық
ертеңгі тарих, келер ұрпаққа аманат. Әр саланың өз ғылыми тұжырымдамасы болады.Сонымен бірге
ғылым,білім саласында да көптеген реформалар,өзгерістер, тың жаңалықтар ашылды. Сол
реформалардың өз жақтаушысы, өз тыңдаушысы болады. Ал, қазіргі оқып отырған Сындарлы оқыту
теориясында да көптеген ғалымдар мен педагогтардың еңбектері, тұжырымдамалары жинақталған
екен. Мені қызықтырғаны қазақта жеті санын киелі деп айтады.СОТ-дағы жеті модуль оқыту мен
тәрбиелеу үрдісін кеңінен қамтыған. Оқытуды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жеңіл қызықты етіп жүргізу
қамтылған,мен тұжырымдамасын орнату. Сыни тұрғыдан ойлау баланың ақыл-ой ұшқырлығын
шыңдай түседі.Сабақтың тақырыбын бірден айта салғаннан гөрі бірнеше жауабы бар сұрақтар ойлау,
біздің қарапайым жұмбақтармен ұқсас екен. Сұрақтар әлемін мен өзімше былай елестеттім: «Көрікті
құлпырған гүлдермен, тәкәппар, әдемі ағаштармен әртүрлі аңдар мекендеген ғажайып орманда келе
жатқандаймын. Өйткені, әр қадам аттаған сайын саған мүлде жат жер болғандықтан тосырқап,
қорқып бірақ, таңғажайып көрініске тамсанып келемін. Осы орманнан шығу үшін бір емес бірнеше
жол тауып шығу керек. Мен сұрақ қоюды мұншалықты қызық та қиын болады деп ойламаппын.
Ендігі модульдің ерекшелігі оқушыны шынайылыққа тәрбиелеу. «Тура биде,туған жоқ, туғанды биде
иман жоқ» деп халық даналығында айтқандай, әрбір балаға өз ойының құндылығын ұқтыра отырып,
өзін-өзі бағалауда және өзгені бағалауда барынша шынайы, адал көзқараста болуына ықпал ету.
Әрбір сандық технологияны орынды, тиімді пайдалану арқылы өзінің өзгенің ойымен санаса отырып,
алынған ақпаратты саралап,талдап өңдей білу. Ал,төртінші модульді әрбір жеке тұлғаның даралығын
анықтайды және сол тұлғаның өзін-өзі реттеп дамыуына жол ашатын мүмкіндік дер едім. Мен үшін
модульдердің ішіндегі ең қызықтысы- жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Әдетте біз жас ерекшелік
дегенде 5 жас пен 10 жас дегендей жас айырмашылығын айтамыз,бірақ бұл жерде мінез-құлқы
айқындалған.Осы сабақты оқыған кезде, бізге өзіміздің бойымыздағы жағымсыз, жағымды
мінездерімізді жазу тапсырылды. Жазылған мінез бойынша екі топ болып отырдық,жағымыз мінезін
көбірек жазғандарға қағазып умаждатып тастатты, Демек адамдар өздерінің жағымсыз мінездерінен
осылайша арыла алады. Бір ғана парақпен өз мінезін жұлып тастау мүмкін емес, бірақ әркім өз
санасына шабуыл жасап, жақсы мінезді болуға өзін бағыттайды. Бұл жерде оқушыға бір сағат лекция
оқығаннан гөрі өзін-өзі басқаруға жол ашатынын түсіндім. Өзімізді дер кезінде реттеп, мен осылай
жаратылғанмын деген ойдан арылып, тек жақсылыққа ұмтылуымыз абзал. Оқушы үшін де мұғалім
үшін де ең маңыздысы-көшбасшылық. Өзі аты айтып тұрғандай көш бастау. Тағы да қазақы салт-
сананы алсақ, көшті кез-келген адам бастамайды. Досбол шешеннің «Көш бастау қиын-артыңнан
ерген елің болмаса,сөз бастау қиын тауып айтсаң –мереке қылады,таппай айтсаң-келеке қылады»
деген нақылы ойға оралады. Көшті аман –есен алып жүру үшін асқан шеберлік, данышпандық,мықты
ділмарлық, тосын болған жағдаяттардан ұтымды іс-әрекет жасап алып шығатын адам таңдалады.
Оқыту теориясында да оқушыларды рөлдерге бөлу әрбір іс-әрекеттерді мұқият жауапкершілігіне алу
керек.
Мен әрбір сабағымнан ерекше әсермен қайтамын, себебі тың жаңалықтар,түрлі әдіс-тәсілдер маған
екінші тынысымды ашқандай болды. Осы қарқынмен тоқтап қалмай әлі де болса үйреніп, барынша
ыждағаттылықпен оқу қазіргі таңда менің басты мақсатым болмақ.
1.Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,
Қалай оқу керектігін үйретер.
Александер дайындаған бес үлгі,
Диалогтік оқытуға жетелер.
Топтық, дебат, зерттеуші әңгіме,
Топтық, жұптық жұмыстарда көрінер.
Жақын ара дамуының аймағы,
Оқушылар бір арнаға бірігер.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Айтанова Парасат Шайзадақызы-
121
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Қызылорда облысы Сырдария ауданы №35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп – лицейінің ІІІ деңгейлі информатика пәні мұғалімі
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК ЖОСПАРЫ
Информатика
6 сынып
Сабақ тақырыбы:
Пернетақта
Жалпы мақсат:
Енгізу құрылғыларының бірі пернетақтамен жете танысады, оның
бөліктерін қалай қолдану жөніндегі білімдері кеңейеді.
Сілтеме:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Информатиканы оқыту әдістемесі
3. Интернет желілері
Оқушылар үшін
оқу нәтижелері:
Өткен сабақта алған білімдерін бүгінгі сабақпен байланыстыра отырып,
жұмыс жасай алады.
Пернетақта функцияларын ажыратады.
Сабақта
қолданылатын
материалдар:
11. Плакат, стикер, маркер
12. Интернет, оқулық, проектор
13. Электрондық оқулық
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға
психологиялық ахуал
туғызу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сергіту жаттығуы
(2 минут)
«Қызыл өрік»
Жұппен бірге орындау
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау (5 мин)
Үй тапсырмасын тексеру
бағытында мына ақпарат
мұхитындағы кемеге отырып,
әлемге саяхатқа аттанамыз. Саяхат
кезінде біз бір керемет қазынаны
іздеу жұмысын жүргіземіз, ол үшін
мұндағы әр материкке тоқталып,
ондағы тапсырмаларды
орындаймыз. Осы тапсырма
орындау барысында біздің іздеген
қазынамызда табылып қалар. Әзір
болсақ, алға, балалар!
Ұзақ сапарымызда:
Бірінші аялдамамыз –
Австралия материгі.
Сұрақ: Компьютердің ең басты
бөлігі, миы, жүрегі?
Сыйлық: Информатика оқулығы.
Екінші аялдамамыз-Африка
материгі.
Сұрақ: Бұл құрылғы арқылы
интернетке шығуға болады?
Сыйлық: Жүйелік блок.
Үшінші аялдамамыз – Оңтүстік
Әр аялдамаға келгенде
сұрақтарға жауап береді.
122
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Америка материгі.
Сұрақ: Монитордың қызметі мен
негізгі сипаттамаларын айтып
беріңіз?
Сыйлық – Монитор
Төртінші аялдамамыз –
Солтүстік Америка материгі.
Сұрақ: Компьютердің қосу, өшіру,
қайта жүктеу батырмалары қай
құрылғыда орналасқан?
Сыйлық: Тышқан тетігі.
Бесінші аялдамамыз – Еуразия
материгі.
Біздің осы ұзақ сапарымызда
іздеген қазынамызды өз
өлкемізден, кең байтақ Қазақстан
жерінен таптық. Енді балалар,
мына сандығымызды ашып,
ішіндегі қазынаны тамашалайық.
Алтын тиындар арасынан біз
пернетақтаны таптық.
Сабағымыздың тақырыбы:
Пернетақта
Топқа бөлу
(2 минут
Қазақша, орысша, ағылшынша
сөздер беріледі.
3 топқа бөлінеді (қазақша,
орысша, ағылшынша терминдер
бойынша)
ІІІ. Жаңа тақырып
1-тапсырма
Пернетақта туралы видео
көрсету.
Тапсырмалар беру:
1.
Символдық пернелер
2.
Цифрлық пернелер және
функционалдық пернелер
3.
Нұсқаушы пернелер
1.Осы тақырып бойынша
кітаптан, интернеттен іздеу
арқылы тақырыпты оқиды.
2.Тақырыпты қорғау.
3.Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Сергіту (2 минут)
Қол саусақтарына арналған
жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-
4 рет айналым жаса. Соншалықты
айналым солға қарай жаса.
Барлығы бірге жасайды.
2 – тапсырма
(5 минут)
Жеке жұмыс.
Арнайы пернелердің қызмет
кестесін толтыру
Берілген кестені толтырады.
3-тапсырма
Жұптық жұмыс. «Жұмбақтар
әлемі»
1. Пернетақта ауылында
тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Берілген жұмбақтардың шешімін
тауып, компьютермен жұмыс
жасау
123
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана “F”(эф) әрпінен
басталады.
(функционалдық пернелер)
2.Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап
тұрады
(меңзер)
3.Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.
(монитор)
4.Кемірушіге ұқсайды сырт
бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсан жауап
берші,
Қалай деп аталады аты оның
(тышқан)
5. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.
(бос орын)
6. Бұтақ орынында мын инесі,
Комьпютер жаны мекені
(кактус)
7. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады.
(принтер)
8. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреу,
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз бір.
(пернелік)
ІV. Қорытындылау
(3 мин)
Сұрақ - жауап:
1.
Пернетақта қандай
құрылғыға жатады?
2.
Пернетақтаның қандай
функциялары бар екен?
3.
ДК мен ноутбуктын
пернетақтасының айырмашылығы
бар ма?
4.
Арнайы пернелердің
қызметтері
Сұрақтарға жауап береді.
V. Үй тапсырмасын
беру (1 мин)
3 тілде мәтін теру
Өздері туралы мәліметті 3 тілде
жазып келеді.
VI. Бағалау (4 мин)
«Бағдаршам» арқылы бағалау
124
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
VII. Рефлексия
(3 мин )
1)Барлығын түсіндім
2)Жартылай түсіндім
3) Түсінген жоқпын
Оқушылар стикерге өз
жауаптарын жазып, іледі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Шаған ауылы № 37 орта мектептің бастауыш сынып
мұғалімі, ІІІ деңгей Амзеева Калдыгул Рысбаевна
Сынып 3 «В» Уақыты: 11.10.2012 жыл Сабақ 4-сабақ
Сабақтың
тақырыбы
Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың жалпы
мақсаты
Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгерту, ойын
жүйелі айтуға үйрету.Ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту.
Сілтеме
Оқулық 3сынып, интернет жүйесі, ғылыми-әдістемелік журнал
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың сабақта алған білімдерін сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша
берілген тапсырмалар арқылы білімдерін тексеру
Негізгі идеялар
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Тапсырма көздері
Жеке
жұмыс
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
Мысалд
ы оқу
Жеке мысалды оқып
жұп бойынша бір-
біріне түсіндіріп
талқылау.
сұрақ - жауап
Ітоп : Шегірткені сипаттау
ІІ топ:Шегіртке мен құмырсқаны
салыстыру
ІІІ топ:5 жолды өлең құрастыру
Сабақтың
көрнекілігі
Суреттер, интерактивті тақта, слайд, мультфильм.
Ұйымдастыру
кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеужәне оқушылардың дайындығын тексеру,
сабақтың жалпы мақсатын ашу
Үй тапсырмасын
сұрау
Күзгі орманның көріністері
Күзгі орманнан тағы не көрдіңдер?
Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеу.
Мәтінге сүйеніп, тиінді, қоянды, борсықты сипаттау.
Жаңа сабақ
Шегіртке мен құмырсқа.
Ітоп : Шегірткені сипаттау
ІІ топ:Шегіртке мен құмырсқаны салыстыру
ІІІ топ:5 жолды өлең құрастыру
Кейінгі
тапсырмалар
Қорытынды
Мысалды рөлге бөліп оқу, шегіртке мен құмырсқа туралы пікірлерін айту,
күрделі сұраққа жауап беру.
Мысалға сүйеніп шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипаттау.
Сен құмырсқанын орнында болсаң, не істер едің?
Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?Өзің шегіркеге ұқсап қиналып
қалмас үшін не істер едің?
Бағалау
Білім: Түсіну; қолдану; Талдау; Жинақтау; Бағалау
Кейінгі
тапсырмалар
Үйге тапсырма
Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтындай мақал-мәтел
жинастыр.
125
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгерту,ойын жүйелі
айтуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік, сөздік қорын дамытып, өздігінен жұмыс
жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, Венн диаграмма, ассоциация, бес жолды өлең, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: А.Құнанбаев, шегіртке мен құмырсқаның суреті, үнтаспа, интерактивті
тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім: Әрбір адам Оқушылар: досым, сыныптасым
Мұғалім: Әрбір ісің Оқушылар: тірлік, тірек, адамдық
Мұғалім: Әрбір сөзің Оқушылар: шындық, бірлік, адалдық
Мұғалім: Әрбір сабақ Оқушылар: үйрену, оқу, іздену.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жеміс бағында» әңгімесін сұрау.
(Ыстық орындық )
III. Жаңа сабақ.
(Қызығушылығын арттыру)
Жұмбақ шешу.
Өзі қара, шекілдеп,
секіреді, селкілдеп.
Бұл не?
Қылдай белі бүгілген,
Өзіненде жүгі үлкен.
Бұл не?
-Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңімен
танысамыз. Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крылов шығармасынан аударған.
Топтастыру стратегиясы.
1.Балалар, Абай Құнанбаев кім және қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
2.Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
3.Тағы не білеміз?
Ой қозғау. Оқулықпен жұмыс.
1.Суретпен жұмыс.
2. Сұрақ-жауап арқылы талдау жұмысы.
3.Рөлге бөліп оқыту.
Сергіту сәті.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Ой толғаныс.
I топ Шегірткені салу, сипаттау, мінездеме беру.
II топ Құмырсқаны салу, мінездеме беру, сипаттау.
III топ Венн диаграммасы. Шегіртке мен құмырсқаның ортақ қасиетін жазу, суретін салу.
(Әр топ өз жұмысын қорғайды)
IV. Қорытынды.
Шегірткеге мінездеме беру.
Сендер шегірткеге ұқсағыларың келе ме?Неге?
Құмырсқа сендерге ұнай ма? Оған ұқсағыларыңыз келе ме? Неге?
126
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сен құмырсқанын орнында болсаң не істер едің?
Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?
Өзің шегірткеге ұқсап қиналып қалмас үшін не істер едің?
V. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу, шегіртке мен құмырсқаның іс – әрекетін сипаттайтындай
мақал – мәтел жинастырып келу.
VI. Бағалау.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Енсебаева Гульжан Урлешевна Бастауыш сынып мұғалімі
№37 орта мектеп. Қызылорда облысы
ТАБЫСТЫ ОҚЫТУ – БІЛІМ КЕПІЛІ
Әрбір бала мектепке мағлұмат алсам, білсем, үйренсем деп келетіні анық. Сол оқушыға жан-
жақты білім, тәрбие беру әрбір ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өз бетімен білім алатын,
жан-жақты ізденуге талпынатын, болашақтағы өмір жолын өзі таңдай алатын тұлға тәрбиелеу –
ұстаздың қолында. Ал қазіргі қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі
жаңашылдықты талап етіп отыр. Қазіргі жаңа білім беру жағдайында оқыту үрдісіне қойылатын
талаптар да, одан алынатын нәтижелер де өзгерістерге бағытталған.
Алдымызда отырған әр оқушы – жеке тұлға. Сол оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін
айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді.
Мұғалімнің сыныптағы негізгі жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оң нәтижеге жетуге
ықпал етуі. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген
білім-дағдылары мен амал-қөзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында
ғана жүзеге асады. Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін
дамытуға назар аударуы тиіс.
Табысты оқу үшін ептілікті жетілдіру маңызды. Оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен
бірге мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер де өзгеріп тұруы тиіс.
Осыған дейінгі дәстүрлі сабақ барысында сыныптағы қарым-қатынасты мұғалім – ұйымдастырушы,
оқытуды басқарушы, оқу материалын ұсынушы болды. Сындарлы оқытудың нәтижесінде оқытуды
оқушы мен мұғалім бірігіп ұйымдастырады, оқушы белсенді серіктес болып табылады, оқушылар
бірлескен жұмысты ұйымдастыруы, оқушы оқыту үдерісін өздері басқару, оқыту зерттеу мен жаңаны
ашуға негізделіп, оқушының оқуға белсенділігін жоғарлатады.
Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер
оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті
үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалім оқушының нені
білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын білуі қажет . Сөзімді
түйіндесем, білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек
көрсететін жан.
Жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған, психологиялық-педагогикалық диагностиканы
қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім ғана осы мақсатқа жете алады.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |