Танымдық тапсырма
Өзін-өзі реттеуге және тәуелсіз оқытуға ықпал ететін жақсы тәжірибенің негізін қалайтын принцип
бұл танымдық тапсырманың болуы.Выготскийдің оқыту моделін қарастырғанда бала өзінің
перспективті даму аймағында жұмыс істеген және тапсырманы өзі орындай алмаған жағдайда ғана
ересектердің көмегіне жүгінген кезде барынша тиімді оқытудың орын алатыны дәлелденген. Балалар
өз ойындарында өзіне өздігінен тапсырма береді және таңдау жасай отырып, ересектер қолайлы деп
санайтыннан гөрі барынша қызық болып табылатын тапсырманы жиі таңдай алады.Балаларға қол
жетімді тапсырманы ұсыну және осылайша олардың оны орындай алатынын қолдау балалардың
оқуға және қызықты тапсырмаларды өздігінен таңдай білу қабілетіне оң қарым-қатынасты
қалыптастырудың ең тиімді тәсілі болып табылады .
Англияда кейбір мұғалімдер оқушыларға бұрын алынған білімдеріне негізделген тапсырмалар
бермейді. Олар енді әртүрлі күрделі деңгейдегі бірқатар тапсырма ұсынады және оқушыларға
тапсырманы таңдауға мүмкіндік береді.
157
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары бар.
Олар: Оқудың бихевиористикалық тәсілдері ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу
үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырдым.Оқудағы әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл
көбінесе адамның мінез-құлқы бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді:басқаларды бақылай
отырып, жаңа мінез-құлық қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат
іс-әрекет жасауға басшылыққа алдым. Сабақ барысында постер қорғау кезінде мен неге сызам немесе
жазам деген? Сұрақтармен мінез-құлықтарын байқатып қалып жатты.
Жады (жадының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) болып бөлінеді.Тулвинг ұзақ мерзімді жады үш
айқын компоненттен:рәсімдік, эпизодтық және семантикалық жадыдан тұрады деп есептеген.Осы үш
түр қайта жаңғыртудың түрлі тәсілдеріне байланысты және әртүрлі білімді сақтай отырып мен өз
тәжірибемде деңгейлік тапсырмаларды бере отырып, ұзақ мерзімді жадыға бейімдедім.
Балалардың тіл үйренуі – күрделі үдеріс, оған сүйенсек бала үйренетін әр сөзді және сөздің әр
фрагментін бастапқыда еліктеп қайталайды және ересектердің жымыюы сияқты құптауы ықпал етіп
жаттайды. Өз сабағымда өрбігені постер қорғау кезеңінде сөз саптаулары мен өз ойларын жеткізуі
менің ойымнан шықты.
Валлах зияткерлік қабілет пен шығармашылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары
балада жоғары зияткерлік қабілеті болуы да, болмауы да мүмкін деп есептегеніндей «Озон,озонның
табиғатта таралуы мен қасиеттері» тақырыбындағы үшінші сабағымды өткенде оқушыларға эссе
жазуға тапсырма берілген болатын, сол тапсырманы орындауда Қ.Л.А оқушылардың шығармашылық
жұмыстары басқа топ тындаушыларына ұнады.
Тренинг сабақтарымның және ілгері бағытталған тізбектелген сабақтарымды өткізу барысында
сынып оқушыларында көптеген алға ілгерушіліктің жүргенін байқадым. Тізбектелген сабақтарымыз
басталмас бұрын оқушылардан олардың зият түрлерін анықтау үшін сауалнама алдым. Кейбір
оқушылар оларға көп түсінік айтқан ұнайтындығын көрсетсе, кейбіреулері жеке тапсырмалар
орындаған ұнайтындығын, ал кейбіреулері сурет салған ұнайтындығын айтқан. Сондықтан да жұмыс
парақтарымдағы тапсырмаларымда осы сұраныстарды ескеруге тырыстым. Осыған орай деңгейлеп
оқыту әдісін қолдандым. Деңгейлік саралау оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір
оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі болып табылады. Мұнда нашар оқитын оқушы
мен дарынды баламен де жұмыс та көрінісін табады. Осылайша деңгейлеп оқыту, деңгейленген
тапсырмаларды беру арқылы оқушының танымдық қабілеті анықталып, әрбір оқушының
интеллектуалдық даралығын анықтап, ары қарай оны дамыту барысында жұмыс жасауға оңтайлы
жағдай туғызылады. Әрбір сабағымда жұмыс парақтарын пайдалану арқылы сынып оқушыларының
өзіндік ерекшеліктері тапсырмаларды мүмкіндігінше орындау барысында көрінді. Бұл әдіс арқылы
оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, сапалы білім
алу сияқты жетістіктерге жетуге болады.
Алғашқы сабақтарымда сыныптың белсенді оқушылары әдетінше лидерлер атанып, барынша өз
қабілеттерін көрсетуге тырысып, постерлерін қорғауға шығып, атсалысып жүрді. Ал көлеңкеде
отыруға бейімделген, үндемей құтылып жүретін оқушылар көрінбей қалатындығын байқадым.
Мүмкін бұл қателік болар бірақ бір сабағымда сыныптың белсенді, үздік деген оқушыларын топтық
жұмыстағы динамикасын, доминанттығын минималды деңгейге жеткізуге тырысып, оларды
бақылаушылар ретінде белсенді емес бір топқа жинақтадым.
Бұл әдістің тиімділігі: біріншіден - сынып оқушылары жаппай жұмыс жасайды, екіншіден – бос
отырған оқушы болмайды, үшіншіден – сыныпты ұйымшылдыққа, бір-біріне қайырымдылыққа
тәрбиелейді, төртіншіден – деңгейлік тапсырмаларды орындауға үйренеді, бесіншіден –
М.Чиксентмихайдың ағынына түсуге көмектеседі.
«Алдымен қажеттіні, сосын пайдалыны, сонан соң қызықтыны оқу керек» деп мына даналықта
жазылғандай алдымен оқушыға - ол үшін қажетті стандартты меңгертіп, сосын егер меңгере алса
қиындау – пайдалыны беріп, ал егер одан да талапты, дарынды болса, онда ары қарай қызықтыны да
меңгертуге болады деп ойлаймын.
Шынына келе, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау барысында балалардың жоғарыда
аталған ерекшеліктерін ескере келе тапсырмаларды жоспарлап, құру қиынға соқты. «Қалайша әрбір
баланың ерекшелігі ескерусіз қалмайды екен?» - деген үлкен сауалды өзіме қорқа-қорқа қойдым.
158
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін»,-деп Ақтамберді жыраудың даналығында
айтылғандай, әр бала өзіне ыңғайлы жұмыстар кезінде талпынып, қуана-қуана М.Чиксентмихайдың
«өзіндік мақсат» деп атайтын төмен машықтар мен жоғарғы талап кезіндегі мазасыздықты және де
жоғары машық пен төменгі талап кезіндегі зерігуді болдырмай, ағынға түсуіне ықпал келтіруім керек
болды.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін негізге ала отырып төмендегідей тапсырмалар дайындадым
-Оқу арқылы қабылдайтын оқушыларға берілген мәтін бойынша жұмыстар, яғни «жәрмеңке»,
«құрдастар» әдістері арқылы мәтінді оқып, меңгеруді;
-Жазу арқылы меңгеретін балаларға жұмыс парақтарында берілген ББҮ кестесін толтыру, эссе жазу,
деңгейлік тапсырмаларды орындауды;
-сөйлеу, тыңдау арқылы жақсырақ қабылдайтын оқушыларға «үш қадамды сұхбат», «ыстық
орындық» әдістерімен өз ойын еркін жеткізуді;
Және де оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға «Кеше.Бүгін.Ертең», «Алғашқы үш қадам»
тақырыбында постер қорғауды жоспарладым.
Осы тапсырмаларды орындау барысында бала бір жағынан мәтінді игеру деңгейін көрсетсе, бір
жағынан сыни тұрғыдан ойлауына тура келді. Балалар өз ойларын тек ойлап қана қоймай, қағаз бетіне
жүйелеп түсіріп отырды.
Ауа туралы «Кеше.Бүгін.Ертең» тақырыбында постер қорғауда оқушылардың қиялдау, сыни ойлау
дағдылары көрінді. Әр топтың постері әр түрлі шықты. Бір топ нақты дәлелдеме мен жинақты
мағлұмат берсе, бірі арман-тілектерге, әдемі бейнелеуге көп мән берген. Бір топтың суреті көз
тартарлық болса, екіншісі қарапайым суретті жан-жақты баяндап берді. Бұдан топтағы оқушылардың
жас ерекшеліктерін анықтауға тағы бір мүмкіндік алдым. Ең бастысы барлық топ мәселеден шығу
жолдарын қарастыра алған.
Сөйлеу, айту арқылы(вербальды) балалардың ерекшеліктеріне қарай оқушыларға еркін өз ойын
ашық айтуға арналған ашық сұрақтар қою арқылы мазмұнды меңгеруіне ықпал тигізіп отырдым.
Басқа үлгі, айтарлықтай кеңінен таралған және қарапайым - бұл «ВАК». Ол оқытудың үш стилін
белгілейді: визуалды, аудиалды және кинестетикалық. Визуал-оқушылар мағыналық карта,
диаграммаларды, дескриптивті тілді пайдаланады, блок-сызбаларды, түстерді пайдаланады. Аудиал-
оқушылар /есту арқылы қабылдайтын оқушылар/ басқаларға қарағанда көбінесе талқылауды, ауызша
түсіндірмелерді есту арқылы қабылдауды, күлкілі оқиғалар мен әзіл-оспақты пайдалануды ұнатады.
Кинестетик-оқушылар үлгілер/объектілерді пайдаланып, сабақ уақытында қозғалыс-қимылдарды
жасай отырып, топ қатысушылары ретінде үнемі практикалық сабақтарды жақсы көреді. Әрбір адам
аталған санаттан тыс әрекет ете алатыны белгілі, бірақ бәрімізде белгілі бір артық көретін
ерекшеліктеріміз бар. Мұғалімнің шеберлігі оқушылардың әр типтерін тануда және олардың бабын
қалай таба білуде. Сіз оқушылардың ерекшеліктерін зерртеудің сұрақ-жауап парағын пайдаланып
оқушылардың типін анықтай аласыз, ол үшін оқушыларды параққа белгілеуді өтінесіз, мәселен, олар
нені артық көреді?:
•
жекелеп/жұппен/топпен жұмыс істеуді;
•
тыныш, жайлы жерде жұмыс істеуді;
•
дәл нені істеу керек екенін көрсетуді;
•
әрекет ету мен нәтижелерде таңдау жасауды;
•
мұғалім ақпарат беретін сияқты тыңдауды;
•
визуалдық /көзбен шолу/ құралдарын, мазмұндық диаграмманы пайдалануды;
•
өзі үшін пайдалы нәрсені үйренуді (қалай?);
•
проблемаларды шешуді;
•
мекеме тәртібіне бағыну/мүлтіксіз орындауды;
•
оқыту/тәуекел етудің жаңа тәсілдерін байқап көруды;
•
шешім қабылдауды;
•
өзінің меншікті мақсаттарын қоюды;
•
өзін-өзін бағалауды /басқа оқушылардың бағасын.
159
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен Ұлы Мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас
тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым...Ал ол Мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде
ол секілді тастар қаншама».Мен таза сондай күйде жүрген сияқтымын.Осы сындарлы оқыту
теориясының негізгі идеяларын іске асырамын-ау, қалайша іске асырсам екен деген сан қырлы
сауалдарға жауап іздеу кезінде тапқан кішкене асыл тасым су түбіндегі асыл тастармен
салыстырғанда мардымсыз болып қалғандай.Әлі ашылмаған талай сырлар бар екен.
Осы модульді ерекше назарға алған кезімде байқағаным; мен үшін көптеген қиыншылықтар да,
тиімді, сәтті жерлерім де және де болашаққа ұсыныстарым да баршылық екендігі.Осы
«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін төрт сабығымда қолданған
кезде, қиыншылық пен сәттіліктер қатар жүрді. Мен үшін әр түрлі жастағы оқушыларда байқалатын
метасана деңгейі мен жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясын
балалардың мүмкіндігіне сай беру қиын болды.Менің тарапымнан оқушылардың зейін, сөз сөйлеу
дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал жасау,
оқушылардың тарапынан берілген тапсырмаға жасына қарай жауапкершілікпен қарауы, орындауға
тырысуы. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу модулінің тізбектелген
сабақтарым аясында сәтті көрініп, оң нәтиже берген жерлері: біріншіден - сынып оқушылары жаппай
жұмыс жасайды, екіншіден – бос отырған оқушы болмайды, үшіншіден – сыныпты ұйымшылдыққа,
бір-біріне қайырымдылыққа тәрбиелейді, төртіншіден – тапсырмалар оқушылардың жеке жас
ерекшеліктеріне сәйкес дайындалады, жүйеленеді, бесіншіден – оқушыда мазасыздық, зерігу секілді
ынғайыссыз кері әсерлерге ұшырамай, өз шамасында жұмыс атқаруына жағдай жасалады,
тапсырмалар сан түрлі сипатқа ие болады және т.б.сәтті шықты.
Сабақ соңында іс-әрекеттен кейінгі сауалнама жүргіздім.
Р/с
Сауалдар
Жауап берген
оқушы саны
Ешқашан
Кейде
1
Маған сабақ ұнады
2
Мен өзімді сенімді сезінемін
5
3
Кеңес алған пайдалы болды
5
4
Жаңа нәрсеге үйрендім
4
Сауалнама нәтижесінде бұл модуьді қолдана өткізілген барлық сабақ барлық оқушы әрдайым
ұнағанын байқап қуанышқа бөлендім.Осы сабақтар барысында оқушылар бойында өздеріне деген
сенімділіктің пайда болғанын көрдім.Оқушыларға кеңес беру арқылы алға қарай жетелеуге
болатынын ұқтым. Сал де болса оқушылардың тың, жаңа нәрселердің үйренгенін сездім.
Оқушылардағы өзгерістерге толықтай толталып өтейін:
Оқушылардың зейіні тұрақтала бастады.
Өзара әлеуметтік әрекеттестікте оқу арқылы бір- бірімен қарым -қатынас жасауға, тыңдауға, талдауға,
саралауға, баяндауға машықтанды
Сөз бен сөзді байланыстырып айтуға дағдыланды.Сөздік қорлары кеңейді
Есте сақтау қабілеттері жақсара бастады.
Өзімдегі өзгерістер:
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.
Сабақ жоспарымның құрылымы өзгерді.
Сабақтан жақсы көңіл-күймен шығатын болдым;
Кәсіби білімімді жетілдіріп, өсу жолындамын.
Алға ілгерілеу бар.
Сыни ойлауға жаттықтым.
Сабақ барысында шектеу болған факторларда жоқ емес.Мектептегі тәжірибе кезеңінде уақыт аздау
болды.Ақпараттық - коммуникациялық құралдар жетіспеді. Алдыңғы курстағы әріптестерім
информатика пәнінің мұғалімі А және физика – информатика пәнінің мұғалімі Т пікірлесе отырып
көптеген жұмыстар жасадым.
160
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Болашақта оқушылардың танымдық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін біліп, сабақ
үдерісінде ескере отырып оқушылардың белсенділіктерін арттыру. Сонымен қатар «Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету» модулін тиімді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге
асырғым келеді.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Абдрашева Ләззат Сағатбекқызы
Сырдария ауданы Тереңөзек кенті №36 Ә.Тәжібаев атындағы
мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі
СЫНИ ТҰРҒЫДА ОЙЛАУ
Еліміздегі білім жүйесінің алдында тұрған басты мәселе - халқымыздың тәлімді тәрбиесі мен
әлемдік озық тәжірибеге негізделген тұлғаның жеке дамуын көздейтін нәтижеге бағытталған
әлемдік білім кеңістігіне шығу болып отыр. Осыған орай қарқынды дамып келе жатқан ортада
өмір сүруге қабілетті өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам
талабына сай өзін көрсетуге бейім жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру бүгінгі
күннің талабы. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі озық тәжірибелі технология негізінде
оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай, алған білімді өмірлік қажеттіліктеріне сай
пайдаға асыра білуге үйрету жолдарын меңгертуде ұстаздық шеберлікті талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушылардың қызығушылығын арттырады, білім
сапалары көтеріледі, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ойлауға, талдау жасап, өз
көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді.
- Сабаққа белсенділігі жоғары, өздігінен жұмыс жасауға дағдылана алады.
- Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы бірлестігі демократиялық сипат алады.
-Оқушы ойын еркін жеткізеді, өзіне деген сенім артады
- Жаңаны тез игеріп дұрыс түсінеді, салыстыра отырып қорытындылайды, болжам
жасайды.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
Ойлау, оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау сияқты әрекет. Ол белсенді, тұжырымдалған, күрделі,
шын ойды айтатын құбылыс. Сыншыл ойлауды мазмұннан тыс уйретуге болмайды. Сыни
тұрғысынан ойлау оқушы тәжірибесінің белгілі бір мазмұны, күтілген нәтижесі, күнделікті
тұрмыс тіршілігі негізіне қатысты қаралса, онда ол аса ұтымды түрде үйретіледі.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету оңай іс емес және ол бір деңгейде үйретіліп ұмытылып
қалатын іс емес. Сыни тұрғысынан ойлауды үйрететін нақты қадамдар да жоқ. Бірақ сыни
тұрғысынан ойлауды қолдайтын сыныпта жасалынатын бірнеше қолайлы жағдайлар мен оқушы
түсінігі бар. Сыни тұрғысынан ойлауды ынталандыратын мүмкіндікті туғызатын іс шаралар
төмендегілер;
-Сыни тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру керек, қолайлы мумкіндік жасау керек.
-Оқушыларға ойланып толғануға рұқсат берілу керек.
-Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабыл алыңыз
-Сабақтағы оқушылардың екпінді ісін қолдаңыз.
-Әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілеттілігіне сенім
білдіріңіз.
-Сыни тұрғысынан ойлауды бағалаңыз.
Жоба үш фазадан тұрады.
Жобаның үш фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталды: қызығушылықты ояту,
мағынаны тану және ой толғаныс. Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызмет
атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында
көрсетіледі. Үйрену процесі фазаларының қысқаша суреттемесі құрылымның мағынасы мен
оның үйрету процесіне деген ықпалын білдіре алады. Алғашқы фаза, қызығушылықты ояту
оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн
қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және топтық түсініктерді
161
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз
жүгіртіп, ұғынып, жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына
мақсат қояды. Қызығушылықты ояту- оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам
болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйреілетін
тақырыпқа ентіндіктеріне шешім қабылдайды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен
мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай
белсенді болатын- болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады.
10 сыныпта «Иондық байланыс» тақырыбын өткенде оқушылар тақырып туралы хабардар
болғандықтан, оқулықтын беті көрсетіліп, электрондық оқулық пайдаланып, иондық байланыс
жөнінде ақпарат жинау тапсырылды. Оқушылар ақпаратты (жеке, жұпта, топта) талқылап,
сынып оқушыларына жариялайды. Кестені толтыру арқылы ионды және ковалентті байланысты
қосылыстардың қасиеттерін салыстырды. Сабақ қарама қарсы зарядталған иондардың бір біріне
тартылуына арналған ойынмен жалғасты.
Мысалы: Na
+
+ Cl
-
= NaCl ,бұлай өтілген сабақ оқушылардың ойында жақсы сақталады.
11 сыныпта «Альдегидтер» тақырыбын өткенде, оқушыларға тақырыпты айтпай ақ, жаңа
тақырып пен өткен тақырыпты былай байланыстырдым. Зерттханалық жұмыс жасату арқылы.
Этил спиртіне қыздырылған мыс сымды батырады. Оқушыларға тәжірибе барысында сезілген
иіске назар аудару ескертіледі. Сонда мыс сымды спиртшамда қыздырғанда сыртын қара қоңыр
мыс (II) оксиді қаптайды, ал спиртке
батырғанда қайта жылтырайды, осылай бірнеше рет қайталағаннан кейін спирттің иісі
жойылып мулде басқа иісті зат түзіледі. Яғни химиялық реакция жүргенін көреді. Осы кезде
оқушыларға сұрақтар қоямын. Ары қарай өздеріне реакция теңдеуін жазғызамын. Спиртті
алкоголь дейді, яғни мына теңдеуде алкоголь дегидрленеді. «Алкоголь дегидрленді» сөзінің
бастапқы буындарынан «Альдегид» сөзі шығады, яғни бүгінгі өтетін тақырыбымыз
«Альдегидтер» деп тақырып жазамыз. Содан кейін бір оқушыға қаныққан көмірсутектердің
гомологының формуласын, екінші оқушыға қаныққан көмірсутектердің бос радикалдарының
формуласын, үшінші оқушыға бір атомды қаныққан спирттің формуласын жазу тапсырылады.
Осындай жұмыс істеу арқылы өткен тақырыптар бойынша білімін бекітеді, жаңа тақырыппен
тікелей байланысты екеніне көз жеткізеді.
Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және
икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Осы міндетті орындау үшін өзіме мынандай
сұрақтарды белгіледім.
а) Оқушылар өз бетінше білімін қалай тереңдете алады?
б) Білімді өмірмен байланыстыру дағдысын дамыту жолдары қандай?
Алдыма қойған сұрақтарды шешу үшін PWCT жобасы философиялық рөлі зор болды;
топпен жұмыс істеу түрін таңдап алдым.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
№37 орта мектеп Пәні: физика
Сыныбы: 10 Пән мұғалімі: Мамрайемова Л
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты ток тарауын қайталау
Жалпы мақсаттар
Тұрақты электр тогы тарауын қайталау арқылы оқушылардың білімдерін
жүйелеу. Негізгі физикалық шамаларды қайталай отырып, ток заңдарын,
өткізгіштерді қосу ретін еске түсіру, есептер шығара білуге дағдыландыру.
Оқушылардың тарау бойынша танымдық қызығушылығын арттыру. Оқу
материалының ең негізгісін таңдап алуға дағдыланады. Жеке тұлғалық
интеллектуалдық дамуы қалыптасады, оқушылар жеке, жұппен, топпен
жұмыс істейді. Ой қорыту, салыстыру, талдау дағдылары дамиды және өзін,
өзара бағалау жүргізеді.
Күтілетін нәтиже
Тұрақты токтың I, U, R физикалық шамаларға тәуелділігін түсіну. R –
кедергінің, Q – жылу мөлшерінің есептеу формуласын қорытып шығару.
162
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Есептер шығаруға тізбек бөлігі үшін, толық тізбек үшін Ом заңдарының
формуласын қолданып, есептер шығару.
Өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік
Өз пікірін дәлелдейді
Өзін және өзгені бағалайды
Негізгі идеясы
Оқушылардың сабақты өз беттерімен меңгеруі, өзін және өзгені бағалауды
үйрену.
Ресурстар
Физика 10 сынып оқулығы, есептер жинағы, дидактикалық материал,
оқушылардың постерлері.
Жабдықталуы
Постер, маркер, үлестірмелі материал, бағалау.
Сабақтың барысы
Сабақты
өткізу
кезеңдері
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сәлемдесу
1 мин
Оқушылармен амандасады,
сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлайды.
Топқа бөлу
2 мин
(I,U,R) физикалық шамаларды
карточкаға жасырып,
оқушылардың таңдап алуы
арқылы топқа бөлеміз.
I – ток күші тобы
U – кернеу тобы
R – кедергі тобы
Ой
шақырту
Фронталд
ы сұрақ-
жауап
4 мин
Фронтальды тексеру. Өткен
тақырыптар бойынша сұрақтарға
жауап алу. Сұрақтар:
Электр тогының пайда болуының
неше шарты бар? Оларды
ата. Ж.3
Электрлік кедергі өткізгіштің
ұзындығына, көлденең
қимасының ауданына
және ...... байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |