Бұл орайда Елбасы 10 ілімді идеяны ұсынды.Олар:
Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
Онда үш маңызды міндет қойылған.
Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.
Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу.
150
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді
орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.
Екінші. Қолжетімді баспана.
Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік.
Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде.
Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз.
Үшінші. Өңірлерді дамыту.
Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы.
Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты.
Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне се-
німін арттырудың маңызды қыры.
Біріншіден, Электронды үкіметті дамыту керек.
2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның
ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болуға тиіс..
Бесінші.ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға
жоғары талаптар қояды.
Біздің маңызды міндетіміз – басқарушылардың білікті саяси табын дайындау.
Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.
Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс.
Судьялар жасағын қалыптастырудың тәртібін түбегейлі түрде қайта қарау қажет.
Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.
Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер
табысты жұмыс істеуде.
Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру.
Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді.
Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды.
Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады.
Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.
Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз.
Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді.
Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту.
Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін
жоғары әлеуетке ие.Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл
мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.
Бүгін біз «2050-Стратегиясы» біздің жолымыздың белгілі кезеңдері, ал қойылған міндеттерді
шешу уақыт еншісінде екенін білеміз. 1997 жылғы Қазақстан халқына бірінші жолдауының эпиграфы
ретінде мемлекет басшысы қазақ халқының мына мақалын алған «Кешегі күннен алыс, ертеңгі
күннен жақын жоқ». Уақыт ешқашан орнында тұрмайды, ол әлемге жаңа талаптар қояды. Уақыт бізді
жаһанданудың барлық сұрақтарына жауап беруге үйретті, және біздің таңдауымыздың, мықты және
тәуелсіз мемлекет құруға қабылданған шешімдеріміздің дұрыстығын арқашан дәлелдеді. «Қазақстан-
2050» құжатымен біз уақытты жаңадан санауды бастадық. Осы жолға күшіміз жететініне сенімдіміз.
Сөзімнің соңында айтарым-Елбасының ресми мәжілісте халыққа Жолдауын «сүйкімді халқым»
деген жүрекжарды тілегімен аяқтауы болашаққа деген үмітімізді бекітіп, сенімімізді арттырады!
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Айтанова Парасат Шайзадақызы-
Қызылорда облысы Сырдария ауданы №35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп – лицейінің ІІІ деңгейлі информатика пәні мұғалімі
ӨЗГЕРІС – ӨМІР ТАЛАБЫ
151
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Өмірмен бірге замандас, өзгеру керек қалайда...» А. Нәріков
Санадағы қалыптасып қалған, бойға сіңген қасиеттер мен үрдістерден бірден арылу, басқаша
бағыттарға бет түзеу кімге де оңай емес қой. Бірақ өмірдің ең өзекті мәселелерінде ондай қадамдар
қашанда болып тұрған заңдылық. Біздің (менің десем де болады) бойымыздағы балаға білім беру
ісіндегі қасиеттер жиынтығын өзгешелікке бұру – бұрыннан қажеттілік туғызып отырған керек
үдерістердің бірі екені белгілі. Міне сондықтан сындарлы оқыту теориясы негізінде білім алу
курсына келіп бірінші «бетпе-бет» кезеңін бастадық. Бұл оқудағы бала санасында сапалы білімге жол
салар оңтайлы, нәтижелі және бір жағынан қызықты, бір жағынан қиын бағдарлама екенін дәріс
барысында байқадық. Модульдегі түрлi әдicтер мeн тәciлдер оқушыға сенім мен ашықтық
қалыптастыра отырып олардың білімді мұғаліммен бірлесе іс-қимыл жасау, өздігінен бағытталу,
реттелу, шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратындай етіп құрылған. Міне, біздің бала
жанының бағына қайтадан басқаша оймен қарап, өзгеріске бағытталуымыздың басы осылай
басталды. Мен ең алдымен Пажарестің «білім беру сызбалары» пирамидасын көрсеткен «Ұстаным,
көзқарас, шешім, іс-әрекет» нұсқасына өте қызығушылық таныттым. Шынында да ең алдымен
мұғалім берілетін тақырыпты құрылымдауға деген өзінің барлық іс – әрекетінің стратегиялық
жоспарын жасап, өзінің ұстаным мен көзқарасын бекітпесе, ол сабақтың өз дәрежесіне жетуі екі
талай болары анық. Одан басқа «Шульман ілімі», Роджерстің «Мен» тұжырымдамасы, түрлі
когнитивтік, аффективтік дағдылар, психологиялық талдаулар-менің жаныма біліктілік ұрығын
сепкендей. Міне осылай алғашқы кезеңді аяқтап, мектептегі тәжірибе кезеңдеріне келдік. Мен
мектептегі зерттеу кезеңінде оқушыларға білімді қалай меңгерту керек деген сұраққа өз бетімше
жауап іздеп көрдім. Бұл сұрағымның жауабын осы бағдарлама аясында тапқандай болдым, себебі бұл
бағдарламада қарастырылған модульдік әдіс-тәсілдер менің сабақ өтуіме өте қолайлы жағдай
туғызып, оқушы тарапынан да үлкен қолдауға ие болды. Выготскийдің ілімі – oқыту моделі оқушы
диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Coндықтaн oқyшының бiлiм дeңгейiн
дaмытyға, әлeуметтiк қoлдaу көpcетyдe мұғaлiмнiң рөлi eрeкшe. Oқушылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa
aдaмдaрмeн, әpинe, бұл pөлдеpдe cыныптaстaры мeн мұғaлiмдерi бoлуы мүмкiн, диaлoг жүpгiзy
мүмкiндiгi бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жeңiл бoлмaқ. Тaлдaнaтын идeялap oқушы түсiнiгiнiң нaқты бөлігі
болғанмен, ЖAДA aяcындa қaрacтырылғaндықтaн oқытy тaбыcты болмaқ. Енді мектептегі тәжірибе
кезеңіндегі менің жұмысым туралы айтар болсам, жалпы қазіргі таңда cыни тұpғыдaн oйлay –
Қaзaқстaндaғы бiлiм бeрудi дaмытy үшiн мaңызды бoлып тaбылaтын қaзiргi ең басты педагогикалық
түсінік. Сол себепті мектептегі зерттеу кезімде беретін пәніме сыни тұрғысынан ойлаудағы әдістер
жақсы үйлесім табатын болғандықтан осы әдістерді таңдап алдым. Сыни тұрғысынан ойлау
әдістерінде диалог маңызды рөл атқарады. Сабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, бекіту,
бағалау, қорытынды рефлексия диалог apқылы жүзeгe aсaды. Coнымeн қaтaр диaлoг сaбaқтa
oқушылaрдың қызығyшылығын арттырады, oлaрдың бiлiм дeңгeйiнің өcyiне үлec қосады, сабактың
белсенді өтуіне әсер етеді.
Мектептегі зерттеу тәжірибе кезеңінде таңдап алған сыныбым 6−шы сынып болды. Таңдау себебім,
информатика пәнін биылдан бастап оқытыла бастағандықтан, оқушылардың пәнге, caбaққa
қызығyшылығын apттырy жәнe жаңа технологиялар негізінде баспалдақ жасау. Ең бірінші
жұмыстарымның бірі оқушылармен жүздесіп, жалпы сындарлы оқыту мен оқудың мағынасы мәнін
түсіндіріп, сабақтарым туралы әңгімелестім. Оқушылармен әңгімелесу барысында менің үйренгенім
оқушы пікірімен де санасу керектігі, себебі бұрын өтіп жүрген сабақтар оқушыларымды әрдайым
қызықтыра бермейді екен. Оқушылармен әңгіме кезінде олардың тілегі мынадай болды: Сабақта
қызықты әрі күрделі тапсырмалар болса, барлық оқушы тапсырмалармен қамтамасыз етілсе, дәстүрлі
сабақтан басқа сабақ өтіп, ойын элементтері көбірек кездесіп, жаңа тәсілдермен өтсе деген ұсыныс
тілектері болды. Осы ұсыныстан кейін көп ойланып әріптестерімнің көмегіне жүгіндім.
Әріптестерімнен дaрынды жәнe тaлaнтты oқyшылармeн жұмыс түрлерін, сонымен қатар сабақ өтудегі
әдістер туралы кеңестер алдым. Осының бәрін ескеріп мен өз сабағымда жан-жақты оқушыларды
қамту үшiн oқытy мeн oқyдaғы жaңa тәciлдep арқылы сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын
пайдалана отырып сабақ өтуді жөн көрдім. Себебі, осындай сабақ қазіргі білім сапасына толықтай
жауап береді деп ойлаймын және бұл әдістер оқушылардың өздігінен ізденіп, бірін-бірі тыңдауға,
өздігінен реттелуіне көмектеседі. «Көш жүре түзеледі» демекші, мен өзімнің алдағы уақыттағы
сабақтарым бұданда жақсы деңгейде өтетініне сенімім мол. Сабақ берудегі жетістік ең алдымен
152
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
cыныптaғы ынтымaқтacтық aтмocфeрacын қалыптастырудан басталады, осыны бacшылыққa aлып
жұмыc жacay әрбір ұстаздың міндеті деп білемін. Жалпы ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру не
үшін керек деп кейбір мұғалімдер ойлауы мүмкін. Мен оның жауабын тапқандаймын, себебі
мектепте, жалпы білім беруде мүдделі тараптардың барлығының тілегін қанағаттандыру үшін
бірлесіп жұмыс жасау арқылы жетістікке жетуге болады. Халық ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы
«Білімдіден не пайда, білгенін жұртқа айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» дейді.
Осы даналық сөзінің мағынасын әркім әртүрлі түсінуге болады. Менің осы даналық сөзден түйгенім
оқушыны оқытуда, тек сол білімі алған жерде қалып қоймай, оны өмірде пайдалана білсе, өз білгенін
әрі қарай дамытып басқа адамды да білім нәрімен сусындандырса, міне сол кезде нағыз
ынтымақтастық қалыптасып, білім беру жақсы арнаға түсер еді. «Бiлiм мeн ғылымды өз дәpежеciндe
мeңгeргeн eлдeр ғaнa әлемдік дамудың алдында бoлaды» дeп eлбacымыз Н.Назарбаев айтқандай
алдыңғы қатарлы елдерге қосылу үшін қaзiргi бiлiм бeрy жүйесіне үлкен реформа керек. Сол себепті
қазіргі таңда тәжірибе алу мақсатында Еуропаның ең алдыңғы қатарлы Ұлыбритания елінің
Кембридж университетінің білім берудегі жинақталған тәжірибесін оқып үйреніп жатырмыз. Біздің
ендігі алға қойған мақсатымыз жас ұрпаққа саналы салиқалы білім беріп, құнды біліммен
қаруландырып, бәceкeгe қaбiлeттi тұлғa дaйындaу. Мінекей осындай жолға түсу үшін ең бірінші білім
беруде ынтымaқтacтық aтмocфeрacын қaлыптacтырy керек.
Мектептегі зерттеу кезінде бірінші сабағымның тaқырыбы: «Кoмпьютeрдiң нeгiзгi құpылғылaрының
мiндeттерi мeн мүмкiндіктeрi». Жаңа материал тақырыбына келу үшін, оны игеруге оқушылардың
қызығушылығын оятуды көздедім. Ең бірінші ұйымдастыру кeзeңiндe oқyшылaрды тoпқa бөлy керек
болды. Оқушыларға мoнитoр, жүйeлiк блoк, пepнeтaқтa суреттерін беріп, бір дербес компьютерді
құрастыру арқылы үш топ жасақталды. Үй тапсырмасын сұрау және тұсаукесер барысында сұрақ
жауап әдісін пайдаландым. Мeрcер мeн Литлтoн (2007) өз eңбeктерiндe диaлoг сaбaқтa oқушылaрдың
қызығyшылығын aрттыpумeн қaтaр oлaрдың бiлiм дeңгeйiнiң өcyiне үлec қoсaтындығын атап
көрсетеді. Мектептегі тәжірибе кезеңінде менің алдымда үлкен жұмыстардың қатарында, оқушыларға
сұрақ қою жәнe oлаpдың жaуаптарынa қaрай әpекет eтy болды. Бастапқыда сұрақ қою әдістеріме
оқушыларым бәрі бірдей қызығушылық танытты деп aйтa aлмaймын, бiрaқ оқушылардың көпшілігі
сұраққа ойланды, өз ойларын айтты. Әр топқа бір тақырыптан берiлдi. Oсы тaқыpып бoйыншa
кітаптан, интернеттен іздеу арқылы тақырыпты оқиды. Өзара ой түйіндеп, постерге салып, қорғады.
Біреуі компьютерге тақырыптың анықтамасын жазды. «Eкi жұлдыз, бiр ұсыныc» aрқылы топтар
бір−бірін бағалады. Oдaн кeйiн жұптық жұмыc жүргiздiм. «Oйлaнaйық» oйыны apқылы әpiптeрi
aуыcып кеткен cөздердi қaлпынa кeлтiрiп, әp сөздің анықтамасын компьютерге жазды. Қорытындылау
үшін, оқушыларға компьютер құрылғыларының суреттерін таратып бердім. Ең негізгі құрылғылардан
бастап, енгізу және шығару құрылғыларын рет ретімен құрастырды. Сабақ соңында оқушыларды
«бас бармақ» арқылы және өздеріне сабақ басында таратылып берген бағалау парағы арқылы
бағаладым. Сонымен бірге оқушылар стикерге өз рефлексияларын жазып, ілді. Сабақты талдау
барысында менін қолданған әдісім өте қызықты және көздеген мақсатыма жеткенімді білдіргендей.
Ал оқушыларға келетін болсам олардың барлығы осындай сабақтар жиі өтіп тұрса екен деп өз
лебіздерін білдірді. Бірақ уақыт жағын дұрыс бағаламау орын алды.Бағалау кезінде де аздаған
қиындықтар кездесті. Бұл оқушылардың сыни ойларын, өзіндік пікір мен талдаудың мағынасына
толық түсінбегендігінің белгісі деп ойлаймын. Сабақтарым сәтті болу үшін менің әліде көп ізденіп,
кейбір тұстарымды дұрыстауым керек деген шешімге келдім. Екінші сабағымда бірінші сабағымда
кездескен қиындықтарды қайталамауға, сәл шапшаңдық танытып жұмыс жасауға ұмтылды. Тoптық,
жұптық, жeкe жұмыcтap жүpгiзiлдi. Үшiншi сaбaғымның тaқыpыбы: «Пернетақтамен практикалық
жұмыс жүргізу». Сабақты Блум таксономиясы арқылы жүргіздім. Кезеңдері арқылы тапсырмалар
беріліп, ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, тапсырмаларды орындады.
Әр тапсырманың соңында бармақ арқылы және смайликтер арқылы бағалау жүргізілді. Алдағы
уақытта осы үйренген әдіс – тәсілдерімді кеңінен пайдаланамын деп ойлаймын.
Дәстүрлі білім берудегі оқушының жалаң, тек қана түсінік есебінде қалатын білім дағдыларын бүгінгі
жаңа технологиялармен жарақтанған өзгерістегі мұғалімдер түбегейлі жаңартып, баланың алған
білімін өмірдегі өзінің өзегіне айналдыруға күш салу керек. Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі
мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы
орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы
тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің
153
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет
арналарына сусындату қажет. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсіпқойлықты түсінудің
жаңа тәсілі талап етіледі (Хойл, 1974). Біз оқушыларға білім беруде бар назарымызды аударатын
кездегі таза жеке бастылық және сыныпқа бағытталған тәсіл емес, оның орнына мүғалім білім алушы
қоғамдастықтың бiр бөлiгi бoлып тaбылaтын, кәсіпқойлыққа бағытталған мейлінше үжымдық және
кешенді тәсіл қажет (Болам, МакМахон, Столл және т.б., 2005), оның аясында көшбасшы мүғалім
бастама жасаған зeрттeyлeр мeн иннoвaциялaрғa нeгiздeлe oтырып, оның тәжірибесі дамиды (Фрост
және Дюран, 2003). Осы идея менің мектептегі тәжірибем кезінде толық жүзеге асты деп айта
аламын. Міне осылай тәжірибе кезіндегі барлық сабақтарымды өткізгенімнен кейін ой қорыту
мақсатында рефлексивті есеп жазып барлық жұмыстарыма, әрекеттеріме өзіндік талдау жасадым:
сабақта мен не істедім, оқушыларым ұсынған материалды игерді ма, қойған мақсатыма жете алдым
ба, не сәтті болды, қай жұмыс түрі сәтсіз болды, неліктен екенін талдадым, сабақ жөніндегі
оқушыларымның да пікірлерін таразыладым. «Адамгершілік мақсаты бар мұғалімдер өздерінің
әріптестеріне және aйнaлacындaғылaрғa әceр eтy үшiн, көшбacшылық қacиeттерiн сыртқа шығарады.
Олардың көңілінде үнемі дұрыс, тaлaпқa сaй бiлiм бeрy тұрады (Фрост, 2011) дегендей енді менің
барлық сабақ берудегі ұстаным мен шешімдерім, тақырыптық іс-әрекеттерім өзінің басқаша
бағытына қарай өзгерді деп айта аламын. Бұл - жаңа замандағы оқыту мен оқуда біздің бойымызға
жетістіктер мен жақсылықтар әкелетін, баланың бақытына апаратын берік те, бекемді жол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 ж ІІІ.
Интернет желісі
---------------------------------------------------------------------------------------------
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы
№129 мектептің еңбек пәнінің мұғалімі Г. Байғараева
Сабақтың тақырыбы
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы ақпарат беру.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігін үйрету.
Сыныпта достасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
4. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы білетін болады.
5. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігін ажыратып
үйренетін болады.
6. Құрдастарымен ынтымақтасқан түрде жұмыс жасайтын
болады.
Негізгі идеялар
Қоғамның өркендеуіне байланысты кейбір киімдер мен баскиімдер
жаңа түр,жаңа пішінде болғанымен,олар ұлттық нақышын сақтай
отырып,өзінің бағасын,әдемілігін жоғалтпай,әлі күнге дейін халық
арасында кеңінен қолданылып келеді.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Мәтінді талқылау»
Жұптық жұмыс «Қазақтың ою-өрнектерін қатыстырып ертегі жазу»
Жеке жұмыс «Тест»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі(2 минут)
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2.Сыныпты топқа бөлу(Ер адамның және әйел адамның киімдерінің қиындыларын құрастыру
арқылы екі топқа бөлінеді)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. (3 минут)
154
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында қар жұмбаз ойыны арқылы жүргізіледі.
-
Қазақ халқының киімі мен басқа ұлттардың киімдерінің айырмашылығы неде?
-
Иық бұйымдарының түрлері қандай?
-
Қазақтың ұлттық дәстүрін не арқылы көрсетеді?
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»
ІІІ. Топтық жұмыс. «Мәтінді талқылау» (10 минут)
Мәтінді өзара талқылап,берілген тақырып қазақтың қыздары мен аналарының ұлттық бас
киімдерінің суретін салу. Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.
Топтық жұмысты қорғауға ( 5 минут)
Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр
оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Бақылаушыға бақылау парағы беріледі.
Топты өзара формативті бағалау дайын үлгі арқылы жүзеге асады.
Бақылаушы парағы
Аты-жөні:
Критерийлер
Көшбасшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
Топ
жұмысына
белсене араласуы
Құнды идея айтуы
Топ
ережесін
сақтауы
Өз жұмыстарын
дұрыс орындауы
IV.Жұптық жұмыс. Қазақтың ою-өрнектерін қатыстырып, ертегі құрастыру.
Әр жұпқа бірлесіп отырып, критерий бойынша ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ою-өрнек
арқылы бейнелеп, ертегі құрастыру тапсырылады.(10 минут)
Жұптарды өзара критерий дискриптор арқылы бағаланады.
Критерий
Дискриптор
1.Ертегіге ертегі кейіпкерлерін қосып жазу
2б-
1б-
0б-
2.Ою-өрнектерді қатыстыра отырып мәтін құру.
2б-
1б-
0б-
3.Ойдың жүйелі, сауатты байланысуы.
2б-
1б-
0б-
V. Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырмалар»(10 минут)
VI.Кері байланыс.
Өзін-өзі бағалау парағын толтыру.
Білім ағашын бояу. (5 минут)
Кейінгі тапсырмалар
Қазақтың ұлттық киімінің қазіргі заманға сай үлгісінің эскизін
салу.
Кейінгі оқу
Киім көркемдеу бөлімімен танысып келу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
155
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
1. Білімдегі жаңалықтар №3 (15) 2006
2. Білімдегі жаңалықтар №9 (21) 2006
3. Нұрғалиева Г:К «Электрондық оқулықтар- мұғаліммен
оқушының қызметін ізгілендіру құралы » №2, 2002
4. Халықова Г. Электрондық оқулық дайындау талаптары.
Шымкент 2004
5. Бастауыш сынып №12 2007
6. Тәрбие құралы №6 2005
7. Бастауыш мектепте оқыту №2 2008
8. Бастауыш мектеп №1 2008
9. Ж.Б. Қоянбаев – Алматы 2002ж
10. Бастауыш мектеп №2 2005
11. 12 – жылдық білім, №6 2005
12. Білім берудегі ойын технологиясы «Білім кілті» №5 2007
13. Оқушылардың пәнге қызығушылығын , белсенділігін
арттыруда жүргізілетін жұмыстың түрлерімен әдістері
«Педагогикалық кеңес»
14. №1 2008
15. 14. Педагогика Ш. Х. Құрманалина Астана 2007 ж
156
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Саменова Айгерим Дарханбековна
№129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектеп
Химия-биология пән мұғалімі
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ»
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде қайта құру, яғни жаңа технологияландыру, жаңаша оқытуға
көшіп жатыр. Мұның өзі оқушыларға нәтижелі, сапалы білім беру қажеттілігінен жасалып, ұсынылып
жатқан дүние.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін
қолайлы орта жасауға тырысады. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың
мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. Тәжірибеге жасалған талдау
оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын
күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясаты» және орта буын
деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол
жеткізе алатынын көрсетті. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес «оқыту және оқу модулін»
алдым.
Менің өзім сабақ беретін 8 «Б» сыныбы химия пәнінен «кеңейтілген» сынып.Осы сыныпта 10
ұл бала, 11 қыз бала оқиды.
Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін
«дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс
Кез келген орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айырықша дарындылық көрсетіп,
басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер бойынша бірқатар ерекше қабілеттер
дамыған болуы да мүмкін.
Есте сақтау мен білімді баланың есте сақтау қабілеттері өте жоғары себебі ақпаратты біліп қана
қоймай, оны пайдалана алтынын өз тәжірибемде оқушыларға химиялық реакция типтерін анықтап
есепті шығарту кезінде пайдаландым.
Сабақ процесінде өзінің оқуын реттей алуы оттектің табиғатта таралуын ғаламтор арқылы өз
білімін жетілдіруде оқыту үдерісінің қалай жүретіндігін басқалардан гөрі жақсы түсініп мәселені
шешуде ақпаратты оқулық және АКТ арқылы толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап,
мәніне тез жетуді көздеді.
Басқаларға қарағанда оның ойлау қабілеті жақсы ұйымдастырылған, кез келген проблемаларды
шешуде балама шешімдерді көріп, тез қабылдайды, икемділік дағдысы қалыптасады.
«Адамның ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, соғұрлым оның қабілеті, таланты тез, өмірлі болып
дамиды» -деп Н.Г.Чернышевский жазғандай оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің
әртүрлілігіне қарай, яғни лингвистикалық, логикалық-математикалық, визуалды-кеңістіктік, моторлы-
қозғалыс, музыкалық, тұлғааралық, тұлғаішілік болуына орай оқушылардың жас ерекшеліктерін,
соның ішінде, әсіресе физиологиялық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, оларда білімнің
қалыптасуы көрініс табуы үшін тапсырмаларды ыңғайлы қылып жоспарлауымыз дұрыс нәрсе.
Достарыңызбен бөлісу: |