Постреквизиттер:
Қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті,педагогикалық шеберлік.
|
Студенттердің өзіндік жұмысы кредиттік технология бойынша сабақ жүргізудің негізі ретінде
Қазақстандық ғылым дамуы жоғарғы кәсіби білім жүйесінің алдында жаңа басымдықтар мен міндеттер қойып отыр. Алдыңғы кезектегі міндет өзіндік ойлау стилі және осы міндеттерді шешуде айрықша ыңғайы бар мамандарды дайындаудың сапалық жаңа деңгейін қалыптастыру болып табылады. Жоғарғы білім берудің мақсатты бағытталған дамуы және жүйелік реформалауы білім берудің халықаралық стандартына сәйкес келетін білім беру процестерін ұйымдастыру және жүзеге асырудың жаңа жолдарын іздестіруін талап етіп отыр.
Жоғарғы білім берудің халықаралық жүйенің өзара әрекетінің тиімді құралы ретінде қазақстандық жоғарғы оқу орындарында білім берудің несиелік жүйесін енгізу мамандарды дайындау сапасын көтеруге бағытталған еді. Оқытудың несиелік жүйесі өзіндік білім алу деңгейін көтеруге және білімдерді шығармашылық игеруге бағытталған, жеке даралық, білім беру траекториясының өзіндік қалыптасуы мен несие түрінде білімдерді есепке алу негізінде жүзеге асырылатын заманауи білім беру жүйесі болып табылады.
Оқытудың кредиттік жүйесі оқу процесінің жеке тұлғалық бағытталған ұйымдастыруды білдіреді, ол студенттердің танымдық қызметінің жоғарғы деңгейін білдіреді де келесі жағдайларды қамтиды: оқу процесін регламентациялау, оқу пәніне деген қызығушылықтың жоғарылануы, оқытудың траекториясын жеке қалыптастыру, танымдық қызметтің жоғарғы деңгейі.
Оқытудың кредиттік технологиясында аудиториялық жұмыс көлемінің қысқаруы студенттердің өзіндік жұмысының мәні мен мәртебесін тікелей арттыратыны белгілі. Сонымен бірге, студенттердің өзіндік жұмысын белсендету оқу материалын кеңейту мен бекітуге, жаңа кәсіби білімдерді алуға, белсенділікті және интерактивтілікті дамытуға, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыс студенттің ғылыми әдебиеттер мен ақпараттық ресурстарды қолданып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқытудың кредиттік жүйесінде өзіндік жұмысты ұйымдастыруда студенттердің өз бетінше оқу мотивациясы ерекше мәнге ие.
Негізінен мотивацияның сыртқы, ішкі және процесуалды түрлерін ажыратады. Еңбек нарығының қазіргі таңдағы дамуында процесуалды инновация кеңінен қолданылады және ол студенттердің орындайтын жұмысының пайдалылығы мен мәнділігін түсінулеріне негізделеді. Сондықтан, студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік мазмұны болашақ маманның білімінің түрлі салаларының құралдарын қолданып, нақты, тәрбиелік проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс. Бұл жағдайда «кейс-стади» технологиясын қолдану мәні ерекше, яғни бұл кешенді технологиялық тапсырмаларды орындау процесінде студент тек академиялық білімдерді ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі емес ыңғайлар мен жаңаша ой көрсете алады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дәстүрлі нысандарына қоса келесідей түрлерін де қолдануға болады: іскерлік ойынға, дебаттарға дайындалу, студенттік жұмыстарды студенттердің өздерінің рецензиялауы, глоссарийлер құру, ғылыми шолулар, мақалалар дайындау мен жазу т.б. Қазіргі педагогикалық менеджмент талап ететін өзіндік жұмыс рөлінің күшеюі, әрине, сәйкес әдістемелік қолдауды қажет етеді. Осылайша мысалы, кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастырғанда СӨЖ, силлабус деп аталатын оқу-әдістемелік кешенде толығымен қарастырылған, мұнда бұл процестің барлық параметрлері, оқуға арналған сұрақтар, әдебиеттер мен Интернет-көздері, бақылау тапсырмалары, СӨЖ бойынша кеңес берулер анықталған. Мұның бәрі, әлбетте, студенттердің танымдық қызметі мен өз бетінші жұмыс істеуін белсендеттіреді.
СӨЖ дұрыс және тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қажет шарттар:
оқу әдістемелік қолдау мен студенттердің өзіндік жұмысына берілетін тапсырмалардың жеке даралығын қамтамасыз ету;
СӨЖ-ң сапалы орындалуын бақылау жүйесін жасау және енгізу;
бақылаудың ағымдағы және шекаралық нысандарын жасау;
«оқытушы - студент» мобильді байланыс жүйесінің қызметін қаматамасыз етуі, СӨЖ бойынша кеңес беру уақытын белгілеу;
Сонымен бірге, талаптар мен жалпы күтімнің нәтижелерін бекіту маңызды болып табылады, яғни силлабуста оқытушы студентке бағдар беруі керек: а) үй тапсырмаларын орындау қабілеттігіне; б) орындалу мерзімдерінен кешікпеуге; в) дайындық пен жауапкершілікке.
Студенттердің өзіндік жұмысының қалған сағаттары тьютор студенттің күнделікті өз бетінше жұмыс істеуін талап ететін тапсырмалармен толықтырылуы керек.
Тьютор сонымен қатар, «әдетте» бір немесе екі мамандық шеңберінде бірінші курстан соңғы курсқа дейін студенттермен жұмыс жүргізеді.
Студенттердің өзіндік жұмысына берілетін тапсырмалардың деңгейі мен қиындық дәрежесі оларды оқыту курсына тәуелді болатынын және СӨЖ –н мақсатты бағытталғандығын айта кеткен жөн. Осылайша, 1-2 курстарда СӨЖ студенттердің лекциялар мен семинарларда алатын білімдер мен дағдыларын кеңейту және бекіту мақсатында болады. Бұл жағдайда СӨЖ-н жүргізудің келесі нысандары ең тиімді болып келеді.
1. Эссе жазу – белгілі бір түсінікті тұжырымдау.
2. Тақырып бойынша шолу – ұсынылған тақырып бйынша басылымдардың қосымша материалдары мен Интернеттің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, 1-2 бетте қысқаша шолу жазу.
3. Глоссарий жазу – берілген тақырып бойынша терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі, сөзжұмбақпен алмастыруға болады.
Жоғарғы курстарда СӨЖ студенттің шығармашылық потенциалын дамытуға және кәсіби дағдыларын қолдануға мүмкіндік беруі керек. Мұндай жағдайда тапсырмалар жеке де, топтық та сипатта болуы мүмкін, себебі нақты кәсіби шарттар көп жағдайда ұжыммен жұмыс істеуге негізделеді:
1. Презентация – студенттің презентацияға белгілі бір тақырыпты таңдап, қарастырылатын сұрақтардың қандайда бір аспектілерін түсіну немесе түсінбеуін, өзінің көзқарасын білдіруі. Презентация уақыты 8-10 мин., презентация тақырыптың қаншалықты дәрежеде толық қарастырылғандығы, тыңдаушылардың қызығушылық дәрежесі, кәсіпқойлық сиықты белгілерге қарай бағаланады.
2. Іскерлік ойын – ролдік немесе командалық, болашақ кәсіби қызметке қажетті дағдылардың қалыптасуына әсер етеді. Кейде үй дайындығын немесе кітапханада аяқтауын қажет етеді.
3. Нақты оқу ситуациясы студенттердің осы жағдай бойынша сұрақтарға жауап беруді немесе проблемаға деген өзіндік көзқарасты жазуды талап етеді.
4. Топтық жоба – топта 4-5 адам болуы керек, әр топ өз жобасын жасайды, мысалы, біздің облысымыздың еркін кәсіпкерлік аймағына қалай айландыруға болады.
Оқытудың несиелік технологиясына өту студенттердің ақпараттық және әдістемелік қолдаудың барлық спектрімен қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік, оқу – ғылыми және ұйымдастырушылық жұмысқа негізделуі керек.
Несиелік технологияның оқытушылары мен администраторларының негізгі күш-жігері жалпы міндетті стандарттарының талаптарын орындауға және СӨЖ –ды сәйкес ұйымдастыруына бағытталуы тиіс және келесі жағдайларды қамтиды.
1. СӨЖ-ры орындауға студенттердің мотивациясына негізделген студенттердің өз бетімен білім алуының жоғарғы дәрежесінің қалыптасуы;
2. Курс пен мамандыққа қарай студенттердің өзіндік жұмысын тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;
3. Оқытушының ынталандырушы және кеңес-әдістемелік ролін күшейту және белсендету.
4. Студенттерді ақпараттық және әдістемелік қолдау, компьютерлік технологиялар және интерактивті әдістерді қолдану;
5. Студенттер арасында сенімдік және серіктестік қатынастарды құру.
1.СӨЖ жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету үшін бекітілген график бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы ОЖСӨЖ нақты жоспарлау мен өткізу тиіс және СӨЖ оқытушының оқу жүктемесінде көрсетіледі. Оқытудың несиелік жүйесі, аудиториялық сабақтардың салыстырмалы қысқаруы кезінде, олардың мазмұндылығын жоғарлатуын, әдістемелік және дидактикалық жабдықталу деңгейін көтеруін, сонымен бірге оқытушының әрдайым жеке тұлғалық және кәсіби өсуінің жоғарғы деңгейін талап етеді. ОЖСӨЖ негізгі мақсаты теориялық мәселелерін жете қарастыру, теориялық білімдерді кеңейту және тереңдету, тәжірибелік ситуацияны талдау жөніндегі дағдыларды дамыту болып табылады.
Оқытушы мен студенттердің өзіндік жұмысының тиімділігі көбіне оның әдістемелік қамтамасыз ету деңгейімен және тапсырмаларды беру және қабылдау графигін қатаң сақтаумен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |