Семинар (практикалық) сабақтарын өткізуге байланысты әдістемелік нұСҚаулар



бет4/5
Дата31.10.2022
өлшемі18,35 Kb.
#46512
түріСеминар
1   2   3   4   5
10-апта.Көркем шығарма табиғаты
Жазушы және автор феноменінің ортақ тұстары мен айырмашылықтары. Авторлық келісім, автор қолжазбасы, авторлық корректура, авторлық түзету, авторлық құқықтың шығармашылық еңбекпен байланысы. А.С.Пушкиннің автор, баспагер, оқырман туралы өлеңіндегі әдеби туындының өмір сүру заңдылықтарына қатысты ой. Лирикалық кейіпкер және автор. Драмалық, прозалық туындылардағы тақырып, тарау, алғы сөз, соңғы сөз, ремаркалардың рөлі. Авторлық баяндау түрлері. Р.Барт және “автор өлімі” жайлы болжам. Жазушы және көркем шығарманы қабылдау ортасы туралы түсінік. Адресаттың әлеуметтік, даралық, өмірбаяндық деректерімен сабақтастық. Архетиптің сана астарларымен тарихи тәжірибемен тамырластығы. Мотив, архетип және образ қырлары. – 1 сағат.


11-апта. Таңбалар жүйесі және әдебиет
Таңба мен тіл туралы ұғымдардың дамуы. Аристотель және заттар мен оның атауындағы байланысты теріске шығару. Орта ғасыр философтарының кісі, зат, құбылыс, атауларының жоғарғы күшпен сабақтастығы жайлы ойлары. Рене Декарт және таным үдерісіндегі таным мен логикалық тұжырымның рөлі. Дж. Локк және сыртқы және ішкі рефлексиялар, “таңба” сөзінің пайда болуы. Ф. Соссюр және синтактика, семантика және прагматика ұғымы. Ч.Пирс және таңбаның үш түрлі қасиеті. Таңба көлемі және концепт. Табиғи, бейнелік, конвенционалдық таңбалар. Таңба және әлеуметтік нышандар. Көркемдік коммуникация үдерісіндегі таңбаның қызметі. Театр, бейнелеу өнері мен әдебиеттегі ишараттық жүйені бейнелеу. Таңба және троп түрлері. – 1 сағат.

12-апта. Көркемдік мекеншақ сипаттары
Өнер түрлері мен көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңістіктің ерекшеліктері. Уақыт пен кеңістіктің тарихилық мәні. Фольклор мен әдебиеттегі көркемдік мекеншақтың айырмашылықтары. Мекеншақ (хронотоп) түрлері. М.Бахтиннің Ф.Достоевский шығармашылығындағы мекеншақ хақындағы ойлары. Көркемдік мекеншақтың шарттылығы және предметтік-бейнелеу жүйесінің мәні. Түзу бағыттағы және ауыспалы (дискретті) сипаттағы мекеншақ. Онейрикалық уақыт пен кеңістіктің көркемдік-эстетикалық мәні. Мекеншақтың әдеби тектер, жанрлармен сабақтастығы. Фантастикалық әдебиеттегі уақыт пен кеңістік. Қазақ поэзиясы мен прозасындағы көркемдік мекеншақтың ұлтты өмірге байланысты ерекшеліктері. – 1 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет