Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)



бет15/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
2.https://atr.kz/zhanalyqtar/tsifrlyi-tehnologiya-bolasha-a-batyil-adam/


14-апта. Цифрлық технология – заман талабы
Цифрлық технология қазіргі кезде кең қолданысқа ие болған жетістіктердің бірі десек қателеспегеніміз болар. Қазіргі таңда жақсы дамып келе жатқан, болашағы зор сала цифрлық технологиялар саласы екендігі бәріне мәлім. Цифрлық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары көп. Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау, адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Сонымен қатар қазіргі дамыған заманда әрбір адамның цифрлық сауатты болуы өте маңызды. Әрі цифрлы сауаттылық кез келген салада, кез келген технологияда қолданылады. Сол себептен де болар, елімізде цифрландыру арқылы қай салада болмасын, бәсекелестік артып, халықтың өмір сүру сапасы жақсарып келеді. Әсіресе білім беру саласында цифрлы сауаттылықты арттыруға қатысты нақты жұмыстар атқарылып, оқу-тәрбие процесі, ұстаздар мен балаларға, ата-аналарға жүктемелер де біршама азайды. ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Білім саласындағы цифрландырудың ең басты мақсаты білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау болып табылады. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тек білім беруде ғана емес, өмірдің барлық саласында, бағыттарында белсенді қолданыста. Технологиялардың күн сайын дамып, өзгеріп отырғаны белгілі, сол себептен де жаңалықтардан қалмай, барлық білім, ғылым саласындағы тың ізденістер мен технологияларды біліп отыру қажет деп білемін. (260 сөз)
Тапсырмалар:

  1. Мәтіннен он жаңа сөзді теріп жазып, сөз тіркесін құрастырыңыздар.

  2. Өзіңіз құрастырған сөз тіркестерін пайдаланып 6-7 сөйлем құрастырыңыз.

  3. Мәтін бойынша 10 сұрақ , жауап жазыңыз.

  4. Етістік пен қимыл-сын үстеулерін қолданып бірнеше сөйлем жазыңыз. 

  5. «Цифрлық технология –заман талабы» тақырыбына эссе әзірлеңіз.

  6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест құрастырыңыз.

  7. Сөйлемді өз сөзіңізбен толықтырыңыз: Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, .... .... ..... .... ...... .... .... талдай білу.

  8. Мәтінді толық оқып шығып, әңгімелеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет