Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Ұлттық танымдағы қара шаңырақ туралы түсінік



бет3/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

2-апта. Ұлттық танымдағы қара шаңырақ туралы түсінік
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Қазақ ҚАРАШАҢЫРАҚ деп атасы мен анасының өле-өлгенше қастарында болып қызмет жасаған, айтқандарын екі етпей, барлық жағдайларын жасап, «жайылып жастық, иіліп төсек» болған, солардың Ата салтын, дәстүрін, ділін, дінін, тілін т.б. барлық шежіре-тарихын санасына тоқыған, бақилық боларда жанында болып, «ақ жуып, арулап жерлеудің» барлық қызметін мойынымен көтеретін сол Ата мен Әкенің шаңырағын ұстап қалған кенже ұлды айтады.
Қарашаңырақ ұлы, негізгі, киелі, байырғы, мұрагер, кәрі шаңырақ, үлкен шаңырақ, бас шаңырақ деген ұғымдарды түгел қамтиды. Мысалы, бір әкенің үш ұлы бар делік. Күндердің күнінде алдыңғы екі ұлды үйлендіріп, еншілерін бөліп беріп, бөлек отау шығарады. Ал, үшінші кенже ұл жоғарыда айтқанымдай, әке-шешесінің қолында қалып, ата мен әкеден қалған бас шаңыраққа ие болады. Ата мен әке шаңырағының мұрагері болғандықтан кенже ұлдың жасы кіші болса да, жолы үлкен болады. Сол шаңырақтан енші алып, отау тігіп бөлек шыққан ұл-қыздары сәлем беріп, төркіндеп, амал айында көрісіп, ата-аналарының шаңырағына келетін болған. Ата-аналары қайтыс болғаннан кейінде, кенже ұлды Атамның шаңырағы деп қадір тұтып, киелі деп санаған.
Қapa шaңыpaқ – үлкен, қaдіpлі, қacтеpлі, қacиетті. Қapa шaңыpaқ – ел қaдіpлейтін не әкенің, не aтaның, не бaбaның дәcтүp бойыншa кенженің еншіcіне тиген үлкен үйі.
Кенже ұл – қарашаңырақ иесі.Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасының тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен көрініс табады.
Атамыз Қазақтың «Тектіден текті туар», «Жақсы да, жаман да тегіне тартады», «Қанына тартпағанның қары сынсын», “Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз”, “Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер” деген сияқты көптеген мақалдары бар. Бұл мақалдарда бізге айтып тұрғаны, бірінші тегіңді біл дейді. Ал, тек дегеніміз бұдан сан ғасырлар бұрын ғұмыр кешкен арғы ата-бабаларымыз. Ал, жеті ата өзіңнен бастап санағандағы тікелей жеті атаң. Мұны әрбір қазақ баласы жатқа біліп әрқашанда дұғасын жолдап отырулары керек.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Қарашаңырақ және кенже ұл ұғымдарын түсіндіріңіз.

  2. Қарашаңырақты неге киелі санаған?

  3. Отбасындағы ұлдың кенжесі неге Қарашаңырақтың иесі аталады?

  4. Қарашаңырақ туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?

  5. Қарашаңырақ туралы қандай шығармалар білесіз? Авторлары кім?

  6. Сіздің отбасыңызда Қарашаңырақ деген ұғым бар ма?

3-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сызыңыз. Асты сызылған сөйлемді сөз құрамына (морфологиялық) талдаңыз.
Халқымыздың салт дәстүріндегі қасиетті ұғымдарының бірі қарашаңырақ. Қара шаңыраққа ие болып қалатын ұл баланы да жастайынан құлағына сіңіріп, жауапкершілікті сезіндіре білген. Атадан қалған асыл мұрамыз қара шаңырақ, үлкен үйді киелі деп айтамыз. Өйткені ол әкеден қалған мұра. Бір үйдің балалары үйленгеннен кейін, отау тігіп, балалары өмірге келгеннен кейін еншілерін алып бөлек кетеді. Әкенің үйін «үлкен үй» деп қастерлесек, қара шаңырақ әкенің әкесінен, тіпті одан да арғы бабалардан қалған мұра болуы мүмкін.

4-тапсырма. Сурет бойынша суреттеу эссесін жазыңыз. Топпен ойталқыға салыңыз.



5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндаңыз. Жалқы есімдерді теріп жазыңыз.


«Ата-әжесімен, әке-шешені асырау, қартайған шағында бағып-қағып, қамқор болу осы кенже ұлдың міндеті болып табылады.Әкесі бар кезінде немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй, яғни «Қарашаңырақ» би, батыр, әулие т.б. сыйлы кісілердің түсетін үйі болса, сол ауылдың адамдары алыс сапарға аттанар алдында немесе алыстан адам келсе, сол үйден ырым қылып дәм татады. Атақты адамдардың қарашаңырағын бірнеше жүз жыл өтсе де ел-жұрт есінен шығармай айтып, оны тәрбие мектебі ретінде пайдаланған, үлгі қылған. Мысалы, Абылай ханның қарашаңырағы Уәліге, одан Шыңғысқа қалған. Атақты Шақшақ Жәнібектің қарашаңырағы кенже ұлы Тоқтамысқа, одан кейін батырдың оныншы ұрпағы Мыңбай ұлы Ғазизге қалған.
6-тапсырма. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңыз.
1.Қарашаңырақ / кенже / иесі / ұл –.
2.«Шаңырағың биік болсын!» / жаңадан / өмірге / отбасын / қол ұстасып / құрып, / жастарға / бата береді / бірге аттанған /деп.
3. Отбасының / бұл –/ тұғыры / мәртебесі / деген сөз / берік, / болсын / құрған / жоғары.
4. Ана / Қазақ / әуелі әке / отбасының / шаңырағында, /ұстазы болмақ / сосын / осы
7-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.
Қapa шaңыpaқ – үлкен, .......,....... ,......... Қapa шaңыpaқ – ел қaдіpлейтін не........, не........, не .......... дәcтүp бойыншa ......... еншіcіне тиген үлкен үйі.
Керекті сөздер: қaдіpлі, әкенің, қacтеpлі, aтaның, қacиетті, кенженің, бaбaның.
8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.
Сіз сабақта «Қарашаңырақ» туралы тақырыпты өтіп жатырсыз және ата-аналар жайлы әңгіме қозғауыңыз керек. Сіздің тобыңызда ата-анасынан айырылған жетім бала оқиды.
Сіздің әрекетіңіз?
1. Мен ештеңе өзгертпей , сабақ жоспарына сай өткізе беремін.
2. Сабақты жалғастыра беремін, түсіндіремін, бірақ балаларға сұрақ қоймаймын.
3. Алдымен сынып контигенттін (құрамын) анықтап алып, әңгімені өзгертемін.
4. Мүлдем ештеңе де айтпаймын. Шығармашылық жұмыс ұсынамын.
5. Ата-ана туралы әңгімені айтамын. Баланы ащы шындыққа дайындаймын.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
СӨЖ тапсырмалары: «Үйлену оңай, үй болу қиын» - монолог құрастыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет