Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)



бет4/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

3-апта. Студенттік отбасы.
Граматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді құрылым (Сондықтан, сол себепті, өйткені жалғаулықтары)

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.


Студенттік отбасы.
Отбaсы - бұл ғaлымдaрдың пікірінше, қоғaмғa тұрaқтылық беретін және жеке тұлғaны қaлыптaстырудa үлкен рөл aтқaрaтын қоғaмның бaсты институттaрының бірі. Отбaсыны қaлыптaстырудың және оны қоғaмдық бaқылaудың дәстүрлі құрaлы - бұл неке. Қaзіргі уaқыттa отбaсы және неке институты өте жылдaм қaрқынмен өзгеріп келеді. Өйткені отбaсы әлеуметтік институт ретінде өте бір мaңызды функцияны aтқaрaды, бұл ұрпaқтaрды жaңғырту. Бұл функцияны жүзеге aсырaтын негізгі әлеуметтік топ - студент жастар. Мұның себебі отбасылық өмірге және некеге дайындық тұрғысынан студенттердің сезімтал келетінімен байланысты. Ғалым Гилева тұжырымдағандай: «Отбасын құруға дайындық жастардың әлеуметтік жетілуі мен психикалық денсаулығының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады».
Студенттердің жас кезінде отбасын құруына эмоция мен сезімнен басқа да факторлар әсер ететіні анық. Бұл тұлға психологиясымен тығыз байланысты. Көпшілік жағдайда отбасын ерте құруға жастардың балалық шағындағы әсерлері мен отбасылық тәрбиелері, мінсіз ата-ана болу арманы т.б әсер етеді. Әрбір отбасындағы сүйіспеншілікті бағалаудағы айырмашылықтар көбінесе неке алдындағы және отбасылық өмір процесінде сезімдер туралы түсініктерді дұрыс түсінбеуден туындайтынын атап өткен жөн. Қазіргі психология некенің мазмұны махаббатпен, бақытпен, яғни адамдардың үйленіп, бірге тұруымен шектелмейтінін айтады. Некеде ерлі-зайыптылар бірден бір-біріне және өмірдің жаңа жағдайларына бейімделу кезінде қиындықтарға тап болады. Студенттер арасында құрылған отбасылардың ыдырауына да осындай қиындықтар себеп болады. Ересек адамдардан айырмашылығы - студент жастардың уақытша процесстерді қателік деп есептеп, одан құтылудың жолын іздестіретіндерінде. Оның үстіне, психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес студенттерде некеден өзге де стресстік жағдайлар жиі болады. Стресске төзімділік деңгейіне қарай ерлі-зайыптылардың әрекеттері қалыптасады. Олар сол уақытқа дейінгі тәжірибелеріне сүйеніп қана шешім қабылдайды. Міне, студенттік өмірдегі отбасы психологиясының басты қиындығы осында. Демек, студенттік шақта отбасын құру - психологиялық төзімділік пен білімді қажет ететін маңызды қадам. Жастардың бірін-бірі тануы мен түсінуінен бөлек, жеке жауапкершілік қасиеттері мен тұлғалық ерекшеліктері де отбасылық өмірде үлкен маңызға ие. Ең бастысы, өтпелі психологиялық қиындықтардан өткен студент ерлі-зайыптылар кейінгі дағдарыстарға төзімді болады әрі берік некенің, бақытты отбасының үлгісін көрсете алады.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


1.»Отбасы- қоғамның басты институттарының бірі» дегенді қалай түсінесіз?
2. Студент жастар отбасын құруда нені негізге алады?
3. Қазіргі жастар психологиясына орай неке ұғымын түсіндіріңіз?
4. Студенттік шақта отбасын құру қандай психологиялық қасиеттермен шыңдалады?
5. Сіздің ойыңызша, неше жаста отбасын құрған жөн?
6. Өз отбасыңыз жайында әңгімелеп беріңіз.
3-тапсырма. Студенттің тұлға болып қалыптасуын берілген сурет арқылы сипаттаңыз.



4-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» Берілген суреттен таңдап әңгімелеңіз.





5-тапсырма. Берілген ғалымның ой-пікірін өрбітіңіз.


Ғалым Гилева тұжырымдағандай: «Отбасын құруға дайындық жастардың әлеуметтік жетілуі мен психикалық денсаулығының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады».
6- тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді жазыңыз.
Керекті сөздер: жауапкершілік, білімді, отбасылық, тұлғалық, отбасын құру, түсінуінен, маңызды, тануы, төзімділік.
Студенттік шақта ........ .......- психологиялық ......... пен ........ қажет ететін ......... қадам. Жастардың бірін-бірі ...... мен ........... бөлек, жеке .......... қасиеттері мен ........... ерекшеліктері де өмірде үлкен ........... маңызға ие.



7-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерден жалғаулықты себеп-салдар құрмалас сөйлем жасап, жазыңыздар.
Қaзіргі уaқыттa отбaсы және неке институты өте жылдaм қaрқынмен өзгеріп келеді. Отбaсы әлеуметтік институт ретінде өте бір мaңызды функцияны aтқaрaды, бұл ұрпaқтaрды жaңғырту. Бұл функцияны жүзеге aсырaтын негізгі әлеуметтік топ - студент жастар. Отбасылық өмірге және некеге дайындық тұрғысынан студенттердің сезімтал келетіні дәлелденген.

8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. Сыныптастар әңгімесін жалғастырыңыз.


Мектеп түлектері кезекті кездесуде бас қосты. Университеттің 1-курсында оқитын студенттер болашақ мамандықтары туралы әңгіме қозғады. Озат оқушылар жоғары оқу орнына түскеніне қуанышын жасыра алмады. Тіпті университеттерде оқып жүргені туралы армандады. Ал, биыл оқуын колледжде жалғап тезірек еңбекке араласып отбасына көмектескісі келетін балалар да өз ойларын айтып жатты. Олардың арасында тұрмысқа шығып, өз жағдайын жақсартуды мақсат еткен қыз бала үндемей қалды. Оның да арманы таудай, бірақ отбасында ақшаға байланысты күнде туатын айқайдан шаршап кеткені сонша, оқуды емес, ауқатты отбасынан шыққан, өзінен жасы үлкен балалармен достаса бастаған еді. Қалай ойлайсыздар? Қыз бала неліктен осындай әрекетке барады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет