Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)



бет6/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

5-апта. Жұмыс беруші талаптары
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Жұмыс беруші - жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңды немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады.


Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс беруші:
- жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
- қызметкерлермен еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
- өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
- қызметкерлерден еңбек тәртіптемесі ережелерінің және басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
- қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға;
- қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
- еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
- қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге құқылы.
2. Жұмыс беруші:
- еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға;
- жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
- қызметкерге жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
- қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен таныстыруға;
- қызметкерлердің өкілдеріне толық дәйекті ақпарат беруге;
- қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасауға;
- қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
- қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
- жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
- жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;
- еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарын, ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, жағдайларының және еңбекті қорғаудың жай-күйіне мемлекеттік тексеру үшін кедергісіз жіберуге міндетті.
Сіз өз еңбек құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз жергілікті мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жүгінуге құқығыңыз бар.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жұмыс беруші дегеніміз кімдер?

  2. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары қандай?

  3. Жұмыс берушінің негізгі міндеттері қандай?

  4. ҚР Еңбек кодексi 23-бабында қарастырылатын мәселе қандай?

  5. Сіздің мамандығыңыз бойынша жұмысқа тұру үшін өтініш жазыңыз.

3-тапсырма. Төмендегі сілтеме (ссылка) бойынша бейнематериалды тамашалаңыз, керекті деректерді жазыңыз және ой бөлісіңіз.
https://youtu.be/3DwVdM24djg



4-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» тақырыбында ауызша шолу жасаңыз, ақпараттың / объектінің кемшілік тұстарын салыстыра, үстеу тудырушы -лай, лей, -ша, -ше жұрнақтары, мақсат үстеулерін қатыстыра отырып, өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.










5-тапсырма. Сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.

Жұмыс

тұлға

жалдамалы

қабылдау

жеке

шарты

жұмысқа

еңбекті

еңбек

беруші

тәртіптік

тәртіптемесі

еңбек

жаза

жауапкершілікке

орган

еңбек

тарту

еңбек

тәртібі

сынақ

еңбек демалысы

мемлекеттік

мерзімі

ақылы

заңнамасы

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жазыңыздар.


Жұмыс беруші - ....... ......... жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге ............ еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген .......... тіркеуден өткен кез келген ......... және шетелдік заңды немесе ...... ....... (соның ішінде шетелдік ........, елде тұратын ............ жоқ адам және еңбек шарты бойынша ......... қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: жалдамалы, отандық, азаматтығы, тәртіппен, азамат, жұмысқа, жұмыс күшін, жеке тұлға.
7-тапсырма. «Мамандығым - менің болашағым» тақырыбына (10-15 жылдан кейінгі арманыңыздағы қызмет туралы) эссе жазыңыз.

8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.


Сіз бір үлкен мекеме басшысысыз. Сізге жұмысқа тұру жөнінде ұсыныс жасап келген үміткерлерді жұмысқа қабылдауыңыз керек. Сіз үміткерлердің қандай сапалық белгілеріне ерекше көңіл бөлер едіңіз?
Қажетті сөздер: еңбекқор, білімді, білікті, сыпайы, жан-жақты, жауапты.

СӨЖ тапсырмасы: Табысты адамдар туралы ақпарат жинау, табыс формуласын саралап шығару: портфолио дайындау






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет