Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Жастар арасындағы девианттық мінез-құлық



бет9/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

8-апта. Жастар арасындағы девианттық мінез-құлық.
Қарсылықты мәнді құрылым, бірақ, дегенмен, әйтсе де, сөйтсе де, алайда жалғаулықтары


Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі.
Девианттық мінез-құлық бастапқыда дәлелсіз болады. Жастар әдетте қоғамның талаптарына сәйкес болғысы келеді. Бұған олардың албырттығы, қоғамдағы өзінің әлеуметтік орнын жете білмеуі, әлеуметтік бейімделе алмауы, өмірдегі қиыншылықтар, т.б. жағдайлар әсер етеді.
Қазіргі кездегі жастар үшін ең маңызды мәселе ретінде бірнеше кедергілер, қиындықтармен ұшырасып отырады, ол жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесіндегі бастапқы капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуір толғандыратын мәселелер болып табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестік жағдайлары, профессионалдық білімдер мен тәжірбиенің жетіспеуі, осының салдарынан еңбек нарығындағы тұрақты орындарын таба алмай жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың өсуі мен жұмыссыздық мәселесінің бел алуы өз әсерін береді.
Қазақстанда осындай мінез-құлықтың элементтері, мысалы, қылмыс жасау, нашақорлық және суицид (өзін-өзі өлтірушілік), т.б. көптеген ұзақ уақыттар бойы осыларға сәйкес келетін пәндердің аясында зерттеліп келеді.


Тапсырмалар:
1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
мінез-құлық нашақорлық
әлеуметтік қылмыс
албырттығы мәселе
маңызды бәсеке
қалыптасқан сәйкес
2. Сөйлемді аяқтаңыз, орыс тіліне аударыңыз. Девиантты мінез-құлық -.
3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Девиантты мінез-құлыққтың қандай түрлерін білетініңізді жазыңыз.
5. Дегенмен, әйтсе де, сөйтсе де, алайда жалғаулықтарын қатыстырып, мәтін тақырыбына қатысты қарсылық мәнді ұш сөйлем құрастырып жазыңыз.
6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жасаңыз.
7. Қазіргі уақытта жастар бойындағы қандай жақсы қылықтарды айта аласыз?
8. Жастар арасындағы девиантты мінез-құлық туралы ойыңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет