Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Жұмыссыздық және жастар. Туынды етістік жасаушы жұрнақтар



бет22/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

6-апта. Жұмыссыздық және жастар. Туынды етістік жасаушы жұрнақтар
Жастар арасындағы жұмыссыздық экономикаға әсер етуші өткір мәселе болып табылады. Жұмыссыздық – қоғам өміріне тән құбылыс. Әлем елдерінің қайсысын алып қарасаңыз да, тіпті өркениетті елдердің өзінде жұмыссыз жүрген жастар саны аз емес. Жастар арасындағы (15–28 жас) жұмыссыздық біздің елдің ғана емес, дүние жүзі елдерінде қобалжулық туғызып отыр. Бұл ретте орта білімді былай қойғанда,жоғары білімі бола тұра жастардың жұмысқа кіре алмауының себебі неде? -деген сұрақ туындайды. Себебі көп жастарымыз танымал мамандықтарға түскісі келеді. Мамандар көп жерде, бәсеке де жоғары болатынын олар ескермесе керек. Сарапшылар «The Future of Jobs Report 2018» экономикалық форумының есебінде мамандықтарды үшке бөліп қарастырған екен: тұрақты, жаңа және жоғалып кету қаупі бар. Сондай-ақ, сарапшылар 2026 жылы бес-алты жыл бұрынғы өзекті болып тұрған 65 пайыз мамандыққа деген сұраныс тоқтайды. Ал 2030 жылы 800 миллион мамандықты робот қызметі алмастырады. Дәл қазір сұранысқа ие болып тұрған ең танымал мамандықтар 10 жыл бұрын нарықта мүлде жоқ еді дейді.
Жастарымызды жұмыспен қамту үшін бір емес бірнеше бағдарламалар бар. Жұмыс іздеп жүрген жас мамандар «Еңбек» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша өздерінің алғашқы жұмысын таба алады. Мамандарға қойылатын басты талап жас мөлшері 29 жастан аспауы керек. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін жасалып отырған «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резервi», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Қолжетімді баспана-2020» және тағы да басқа бағдарламалар Қазақстан жастарына арналған тамаша мүмкіндік.


Тапсырмалар:
1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
жұмыссыздық сарапшылар
өркениетті сұраныс
өзекті нарық
мамандар мәселе
талап еңбек
2. Сөйлемді орыс тіліне аударыңыз. Жастар арасындағы жұмыссыздық экономикаға әсер етуші өткір мәселе болып табылады.
3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Мәтінді оқып, жұмыссыздық жайлы ойыңызды жазыңыз.
5. Мәтіннен туынды етістіктерді теріп жазыңыз.
6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жасаңыз.
7. Жұмыссыздықтың басқа да қандай себептерін айта аласыз?
8. Жұмыс пен қамтуға арналған қандай бағдарламаларды білесіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет