білікті
|
беруші
|
сұранысқа
|
мамандар
|
жұмыс
|
ие
|
кәсіби
|
артады
|
жетік
|
қабілеті
|
сұраныс
|
деңгейде
|
уақыт
|
меңгерген
|
ойлау
|
еншісінде
|
өнеркәсіп
|
қызметкері
|
ауылшаруашылығы
|
саласындағы
|
медицина
|
қауіпсіздік
|
ақпараттық
|
саласында
|
7-тапсырма. Берілген сөйлемді дұрыс құрыңыз.
1. жоғары білікті / Кез келген / мамандар/ сұранысқа ие / әрдайым / мемлекетте.
2. қызметкерлерді / бұл - / мен / мазалайтын сұрақ / жастар / көпшілік.
3. бүгінгі / жарқын болашақ - / ізденістің / пен, / білімнің / нәтижесі / қажырлы еңбек.
8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.
Маринаға анасы 2000 теңге берді. Ол дүкеннен азық-түлік сатып алады. Қанттың бағасы 250 теңге, күріштің бағасы 290 теңге, бір қорап шай 250 теңге, кеспе 210 теңге, нан 85 теңге. Марина 2 келі қант, 1 қорап шай, 1 келі күріш, 2 келі кеспе және 1 нан алды. Марина анасына 355 теңге қалдық ақша әкелді. Қалай ойлайсыз, сатушы қалдық ақшаны дұрыс қайтарды ма?
СӨЖ тапсырмасы: «Жоғары білім беру жүйесіне реформа жүргізу керек пе?» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізу.
5-апта. Бәсекеге қабілеттілік
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Бәсекеге қабiлеттiлік - бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың (қызметтің) бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің астарында оның ішкі және сыртқы нарықта табысын анықтайтын тауардың тұтынушылық, бағалық, сапалық сипаты жатыр. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады. Тауарлық бәсекеге қабілеттілігі әртүрлі факторларға байланысты анықталады. Олардың арасында өнімдердің бағасы мен сапасына әсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табылады. Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттілікте алдыңғы орынға өнімнің баға факторы емес, тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі шығып отыр. Сондықтан да әлемнің көптеген елдері өз тауарларының бәсекеге қабілеттігін инновациялар, жоғары технологиялық өнімдердің есебінен арттырып отыр. Ондай өнімдерді ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай шығару мүмкін емес. Оны бағалау үшін инновацияға кеткен шығынның көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш елдің инновациялық қызметке қабілеттілігін, ғылыми техникалық қамтуға шыққан шығынмен қоса дизаинға, маркетингке жұмсалған қаржы, ғылыми саладағылардың саны, елдің ішінде және шетелдерде алынған патенттер саны, зияткерлік құқықтың қорғалу дәрежесі, білім саласының қаншалықты дамығандығын есепке алады.
Бәсекеге қабілет дегеніміз – ұлттың өзгелермен ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен қатар, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Ал барлығының бастауы білімде.
2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Бәсекеге қабiлеттiлік ұғымына анықтама беріңіз?
Бәсекеге қабiлеттiліктің деңгейлерін атаңыз?
Бәсекеге қабiлеттiліктің тауар сапасына әсері қандай?
Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің сипаты қандай?
Соңғы абзацты толықтырыңыз?
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді жазыңыз.
Бәсекеге қабiлеттiлік - бірнеше деңгейде қарастырылатын ......... категория: тауардың (қызметтің) .......... қабілеттілігі; тауар ......... (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; ........ бәсекеге қабілеттік; ........ бәсекеге қабілеттілігі.
Керекті сөздер: өндірушінің, елдердің, экономикалық, салалық, бәсекелестікке.
4-тапсырма. «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбына болжау жасай, ақпарат жинаңыз. Ақпараттарды анықтап; кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбалар арқылы жинаған мәлемттерді өзара салыстырып бағалаңыз. Шолу жасаңыз, ақпараттың/объектінің кемшілік/артықшылық тұстарын салыстыра отырып, өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
5-тапсырма. Сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.
бәсекеге
|
бағасы
|
экономикалық
|
өндірушінің
|
тауар
|
қабiлеттiлік
|
сыртқы
|
категория
|
өнімдердің
|
нарықта
|
өндіріс
|
жетуге
|
еңбектің
|
әлеуетті
|
жаһанданушы
|
құқықтың
|
ғылыми-техникалық
|
өнімділігі
|
зияткерлік
|
ресурстары
|
еңбек
|
әлемде
|
табысқа
|
шығындары
|
6-тапсырма. «Бәсекелестік» тақырыбына нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз, әрі жалғастырыңыз.
«Маған бәсекелестікке, жеңістерге деген ұмтылыс тән, мен ұтылғанды жек көремін» (Криштиану Роналду).
«Әрқашан ең қиын жолға түсіңіз - ол жолда бәсекелестеріңізді жолықтырмайсыз» (Шарль де Голль).
«Бәсекелестеріңізден гөрі шығындарыңызды көбірек бақылаңыз» (Сэм Уолтон).
«Темірді кеннен ізде, Бақытты терден ізде» (Самет Оқанұлы).
«Орман тамырдан,ақыл сабырдан қуат алады» (Самет Оқанұлы).
7-тапсырма. Берілген сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрастырыңыз.
1.Ұтымды бәсекеге қабілет дегеніміз – ұлттың өзгелермен дүние ұсына алуы.
2.Бұл, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары материалдық өнім ғана емес, сонымен қатар, білім, қызмет болуы мүмкін.
3.Ал бастауы білімде барлығының.
8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.
Сіз топтың басшысысыз. Сіздің тобыңыздан бір студент бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып, аудиторияға спорт киіммен және төсбелгімен келді, алайда спорттық киіммен сабаққа қатысуға рұқсат етілмейтін (дене шынықтыру сабағынан басқа) киім үлгісінің студенттерге арналған өз ережесі бар. Сіз не істер едіңіз?
1. Университет ережесін бұзуына байланысты студенттің киім ауыстырып келуге үйіне жіберемін.
2. Ондай киімде бір күн мектепте жүруіне рұқсат беремін, бірақ бұдан былай олай жасамауын ескертемін.
3. Мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін ақылдасу үшін студентті деканға апарып, ақыл- кеңес беремін.
4. Факультет басшылығы және әріптестерімнен спортшының осындай киімде жүруіне рұқсат беруін сұраймын, себебі ондай образбен ол спортты насихаттайды, патриоттық сезім тудырады, сонымен қатар ол - біздің университетіміздің мақтанышы.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз. Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |