Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


апта. Жастардың байлық туралы көзақарасы. Қарсылықты мәнді құрылым, бірақ, дегенмен, әйтсе де, сөйтсе де, алайда жалғаулықтары



бет24/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

8 апта. Жастардың байлық туралы көзақарасы. Қарсылықты мәнді құрылым, бірақ, дегенмен, әйтсе де, сөйтсе де, алайда жалғаулықтары
Байлық — қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен рухани құндылықтарды білдіретін ұғым. Байлық рухани және материалдық болып ажыратылады. Рухани байлық ұғымы әлемде немесе белгілі бір елде жасалған рухани қазыналардың жиынтығын, сол қазыналарды игеруді мұрат тұтқан жеке адам басындағы сезім, ақыл, парасат, өнер, білім қабілеттерін қамтиды. Ал, материалдық байлық ұғымы адамзат қауымына, жеке мемлекетке не адамға тиесілі материалдық игіліктерді білдіреді.
Дәстүрлі қазақ қоғамында материалдық байлықтан рухани игілікті жоғары қоятын “Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген моральдық ұстаным қалыптасқан.
Байлық! Осы сөз кейбір жандар үшін қалтаның қалыңдығымен шектеледі. Ал, кейбіреулер үшін байлық мүлдем басқа нәрсе. Жастардың дүние танымы әрқалай. Бірі тез баюға, жылдам қызметтік өсуге, жайлы пәтерге қол жеткізуге деген қызығушылығы басым болса ал бірі рухани байлықты жоғары қойып, көрсем-білсем деген ұмтылысы жоғары.


Ақшамен сағат сатып алуға болады,
Алайда уақыттты емес!
Ақшамен шен сатып алуға болады,
Алайда сыйластық емес!
Ақшамен дәрігер сатып алуға болады,
Алайда денсаулық емес!
Ақшамен кітап сатып алуға болады,
Алайда білім емес! - дейді ұлы даналарымыз.


Тапсырмалар:
1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
игілік садаға
ұғым қалыңдығы
қазына танымы
сезім әрқалай
2. Үшінші абзацты орыс орыс тіліне аударыңыз.
3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Байлық туралы өз ойыңызды жазыңыз.
5. Бірақ, әйтсе де, сөйтсе де, алайда жалғаулықтарын қатыстырып, мәтін тақырыбына қатысты қарсылық мәнді үш сөйлем құрастырып жазыңыз.
6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жасаңыз.
7. Байлық туралы қандай мақал білесіз?
8. Мәтінде берілген өлең жолдарыннан түсінгеніңізді жазыңыз.
9-апта. Білім және бәсеке. Ашық рай, дейді моделі, барыс септігіндегі есімше
Ұлы Абайдың: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» - деген сөздері бүгінгі күні ұрпақтын әлемдік ғылыммен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптастыру үрдісінде де өзекті болып отыр. Жастар қоғамға пайдасын тигізіп, алған білімін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз. Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен айқындалмақ. ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандарды даярлаудың міндеттері тұр. Қазақстандағы білім беру жүйесінің жаңа мазмұны - бәсекеге қабілетті, білімді және құзіретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Сондықтан да табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсініп еңбек етуі, қазіргі заманға бейімделген болуы аса маңызды.
Біз оқитын университет «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ миссиясы: «Орталық Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін инновациялық инженерлік білім берудің, ғылыми зерттеулердің және кәсіпкерліктің жоғары сапасын қамтамасыз ету».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет